Бухгалтерлик есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 19:32, отчет по практике

Описание работы

Мен Ақтөреева Ақшолпан Жеңісбай қызы өндірістік тәжірибемді «Темір Строй Сервис и Ко» құрылыс компаниясында наурыздың 28 мен маусымның 4 аралығында өттім.Құрылыс компаниясы қоғамында өндірістік тәжірибемді өту себептерімнің бірі – қоғамдағы бухгалтерлік бөлімнің және маманданған бухгалтерлердің болуы, сонымен қатар тәжірибені өтуге керекті ақпараттың жеткілікті болып табылуы.

Работа содержит 1 файл

отчет Шопик)))).docx

— 237.87 Кб (Скачать)

 2. Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстыц материалдар, қосалқы бөлшектер, кұрылыс материалдары, тағы да басқалар есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй-жайларды жылытуға пайдаланатын материалдардың барлық түрі жатады.

 Материалдарды алып келген тасымалдау көлігінің жолдама  құжаты, темір-жол жүкқұжаты (накладнойы), көліктік жүкқұжаты, жабдықтаушыдан  келген  басқа  да  құжаттар  алдымен  жабдықтау бөліміне табыс етіледі. Бұл жерде, яғни жабдықтау бөлімінде   келген   құжаттар   М-1    түрлі    "келген   жүкті есептеу" журналына тіркеледі. Одан кейін бұл құжаттарды материалды алып келетін экспедиторға береді.  Сонымен қатар   экспедиторға   материалдарды   алу   үшін   сенімхат беріледі. Экспедитор алған жүкқұжаттары мен сенімхатты алғаны үшін М-1 түрлі журналға қол қояды.

 Жабдықтау бөлімі келген материалдарды қабылдап алуды да қадағалап отырады. Ол үшін жоғарыда аталған журналға материалдардың қабылданған уақыты (күні, айы, жылы) мен ол үшін толтырылған құжаттың атын (үлгілі түрі) және нөмірін жазады. Жабдықтаушы мекемеден және жүк  тасымалдаушы ұйымдардан материалдарды  немесе жүктерді алу үшін кәсіпорыннан тағайындалған экспедиторға немесе жүкті алатын басқа адамға үлгілі түрі М-2 немесе М-2А сенімхаты беріледі. Бұл сенімхатты бухгалтерия бір дана етіп жазады. Сенімхатты алған адам оны алғаны үшін хаттың  бухгалтерияда   қалған  түбіршегіне  қол  қояды. Сенімхаттың М-2А түрі жабдықтаушы ұйымдардан белгіленген мерзім ішіндегі материалды тұрақты алып тұратын экспедиторға беріледі. М-2А түрлі "сенімхат" алдын ала нөмірленген барлық парағы арқылы жіп өткізіп тігілген, және  үлгілі түрі  М-3   "берілген  сенімхаттарды  есептеу" журналына тіркелуі керек. Кәсіпорындар мен ұйымдардың экспедиторы   немесе   басқа   да   қызметкері   М-2А   түрлі "сенімхатты"   алғаны   үшін   осы   журналға   қол   қояды. Кейіннен олар осы журналға сенімхатта көрсетілген материалдарды алған уақытын (күні, айы, жылы), кіріс ету құжатының нөмірін жазады. Коймаға қабылданған материалдық қорларға жауапты адам сол күні үлгілі түрі М-4 "кіріс ету" ордерін бір дана етіп толтырады

 Жабдықтаушы ұйым тауарлық-материалдық қорларды автомобиль көлігі арқылы жеткізіп беретін  жағдайда жіберілетін материалдарға 4 (төрт) дана етіліп "тауар-көлік  жүкқұжаты" (накладной) толтырылады. Оның бірінші данасы жіберілген материалдарды есептен шығару үшін материалдарды жіберушіде қалдырылады: екінші, үшінші және төртінші даналары материалдарды жіберуші (босатушы) ұйымның мөрі (мөртаңбасы) және лауазымды адамдардың қолмен расталып, сондай-ақ жүкті қабылдап алғаны жайлы көлікті жүргізушінің қолы қойылып жүргізушіге тапсырылады.Егер келіп түскен материалдардың нақты саны, көлемі, сапасы онымен келген құжаттағы дерекке сәйкес келмесе үлгілі түрі М-7 "қабылдау актісі"             жасалынады. Сонымен қатар үлгілі түрлі М-7 "қабылдау актісі" жіберу құжатынсыз келген материалдарға да толтырылады. Бұл акт екі дана етіліп міндетті түрде материалдарды қабылдап алған кісінің және материалдарды жіберген жабдықтаушы кәсіпорын өкілінің қатысуымен, егер де жабдықтаушы ұйымның өкілі болмаған (келмеген) жағдайда бұл ұйымға ешқандай қатысы (мүдделілігі) жоқ ұйым өкілінің (адамның) қатысуымен жасалады. Материалдарды қабылдап болғаннан кейін бұл актінің бір данасы материалдармен бірге келген жөнелтпе құжатымен бірге қабылданған материалдарды есепке алу үшін ұйымның бухгалтериясына, ал екінші данасы кәсіпорынның жабдықтау бөліміне келіп түскен материалдардың жетіспейтіндігін жабдықтаушы ұйымға хабарлау үшін табыс етеді. Кәсіпорындар мен ұйымдарға жаңылыс келіп түскен немссе ұйымның алудан бас тартқан материалдары уақытша қабылданып, бөлек жиналады. Ондай материалдар үлгілі түрі М-4 "кіріс ету ордері" бойынша қабылданып, баланс сыртындағы "Уақытша сақтауда тұрған материалдық қорлар" деп аталатын шотта есептелінеді.Материалдарды есептен шығару актісі іске жарамайтын материалддық құндылықтың іске жарамсыздығын көсетеді. Материалдар кәсіпорындар мен ұйымдардың ішіндегі цехтарына, бөлімшелеріне, өзінің аумағы (территориясы) сыртындағы шаруашылықтарына, сондай-ақ басқа ұйымдарға үлгілі түрі М-15А материалдарды босату (ішкі ауыстыруды) "талап ету жүк құжаты" бойынша босатылады.

 Кәсіпорындар  мен ұйымдардың өндірісінде жиі  пайдаланылатын материалдық құндылықтар  үшін толтырылатын талап ету қағаздарының санын кемітіп, есеп жұмысын   жеңілдету   үшін   және   материалдарды   өндіріске босату лимитінің сақталуына ағымдағы бақылау жүргізу үшін лимиттік-заборлық  (шектеу карталары)  карталарды қолдануға болады.есептесу есебі. ҚОСЫМША. 

    Тауарлы-материалдық қорларды бағалау 

   2 ҚЕБХС (есеп берудің халықаралық стандарттары) сәйкес қорлар екі өлшемнің ең кішісімен өзіндік құнның және өткізудің таза құнымен бағалануы тиіс.

   Қорлардың өзіндік құнына қорларды қазіргі тұрған жеріне дейін жеткізуге кеткен шығындар мен өңдеуге, алуға жұмсалған шығындар кіреді. «Тауарлы-материалдық қорлар» есебі бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес алуға кеткен шығындарға сатып алу бағасы, шеттен әкелу бажы, жабдықтаушы ұйымдар төлеген делдалдық сыйақылар, көліктік-дайындау шығындары мен қорларды алуға тікелей байланысты басқа да шығындар кіреді.  7 БЕС 4 т. сәйкес тауарлы-материалдық қорларды өткізудің таза құны әдеттегі іс-әрекет барысында көзделетін сатуы алым бағасына тең минус  сатуды ұйымдастыру мен жинақтап, құрастыру шығындары алынады. Басқаша айтсақ, егер қорлардың өзіндік құны өтелмейтіндей болса, өйткені қорлар бүлінген, толық немесе қарым-жартылай ескірген және соған сәйкес бағасы да төмендеген, сондай-ақ сатылым алдындағы әзірлік немесе өткізуді іске асыруға арналып бағаланған шығындар өсуі мүмкін болса, материалдар өткізудің таза құны бойынша бағаланады. Мұндай жағдайда қорлардың баланстық құны өткізуден немесе матариалдық қорларды қолданудан алу күтілетін сомадан артпайды.

   БЕС – 7нің 6 т. сәйкес «Тауарлы-материалдық  қорлардың  өзіндік құнына: қорларды  алуға жұмсалған шығындар, оларды  қазіргі тұратын орнына жеткізуге  байланысты көліктік-дайындау шығындары   кіреді».

      Өндіріс босатылған материалдар  құнын анықтаған кезде «Тауарлық-материалдық  қорлар есебі» 7 БЕС мен ҚЕБХС  2 «Қорлар» ұсынған бағалау тәсілдері  қолданылуы мүмкін:

- Орташа өлшемді құн бойыншаесепті кезеңде қозғалысы болған әрбір түрдің, есепті кезең соңында қолданылмағандардың  да, өндіріске босатылғандардың да бірлік орташа құнын есептеулер мен анықтауларды қолдануға негізделген.

- ФИФОесепті кезең соңында  есепте тұрған материалдардың құнын ескеріп есепті кезеңде алғашқы сатып алудың өзіндік құны бойынша материалдарды есептен шығаруды болжайды. Яғни, алдымен есепті кезең соңында пайланылмаған өзіндік құн анықталады.

- Ерекше теңестіру (идентификация), ұқсастыруәдетте өзара бірін-бірі ауыстырмайтын және арнайы жобалар, тапсырыстарға арналған тауарлы-материалдық қорлар бірлігінің өзіндік құны есептеледі 

   Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары ұсынған ТМҚ есептеу жүйесі 

 Мерзімдік есептеу. Бұл жүйеде ТМҚ  жыл ішіндегі егжей-тегжейлі есептеу жүргізілмейді. Олардың нақтылай бар-жоғы оқтын-оқтын өткізілетін, қалған қаржылары түгендеу қорытындылары бойынша анықталады. Өткізілген қорлардың өзіндік құны тек түгендеу аяқталған соң және мынадай формула бойынша: есепті кезең басындағы қор қалдығы қосу есепті кезең соңындағы  ТМҚ қалдығы талдау жүргізілген қорлардың өзіндік құнын.

 Үздіксіз  есеп. Үздіксіз есеп жүйесін қолданғанда баланстық есепте тауарлы-материалдық қорлардың түсуі мен жұмсалуы толық көрсетіледі. Мерзімді есепте қолданылатын шығыстардың уақытша шоты бұл жүйеде пайдаланылмайды. Барлық есепті кезең ішіндегі нәтижелер белгілі және қорлардың белгілі бір түрлерінің  бар-жоқтығы  мен өткізу шамасына қарай өткізілгендерінің өзіндік 7010 «Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» шотында көрсетіледі. 

 Тауарлы-материалдық  қорларды түгендеу 

 ТМҚ-ны түгендеу олардың орын-орындарында  және барлық қозғалыс кезеңдерінде сақталуын  тексеруге, оларды өндіріске қолдануды  бақылауға , өткізу үшін қажетсіз және артық материалдарды уақытылы анықтауға  саяды.

   Түгендеу материалдарға жауапты  адамдардың қатысуымен, міндетті  түрде қайта есептеу, қайта  өлшеу, өлшеу жолымен жіргізіледі.  Іс жүзінде тексермей, материалды  жауапты айтуымен түгендеу тізімдемесіне  жазуға болмайды.

   Жеке бөлімшелерде жүйелі өткізілген  түгендеуден кейін оларға кіруге  болмайтындай жабылып, мөрленеді.  Егер түгендеуді өткізу комиссиясының  қатысуымен қабылдайды және түгендеуден  кейін тізілім немесе материалдық  есеп бойынша кіріске алады.  Мұндай құндылықтарға түскен  ай күніне  сілтеме жасалып,  түгендеу комиссиясының төрағасы  қолы қойылып, «Түгендеу кезінде  тускен ТМҚ» атты арнайы тізімдемесі  (опись) жасалады.

 Басқа субъектілерде сақталып тұрған тауарлы-материалдық  қорлар оларды жауапты сақтауға тапсыруды  растайтын құжаттар негізінде түгендеу тізімдемелеріне жазылады. Басқа  субъектілерде қайта өңделу үшін тұрған тауарлы-материалдық қорлар бойынша негізіне сүйеніп, қайта  өңдеуге берілген құжаттарға сілтеме  жасалып, жеке тізімдеме жасалады.  Жолдағы, бірақ сатып алушылар мерзімінде төлемеген тауарлы-материалдық қорлар да жеке түгендеу тізімдемесіне енгізіледі. Комиссия белгілі бір шоттарда есептелетін  соманың негізділігін тексеруге  тиіс. Шоттарда тиісті ресімделген  құжаттармен жолдағысы – жабдақтаушылардың  есеп құжаттарымен; тиелгендері –  сатып алушылар ұсынған құжат  көшірмелермен; төлем мерзімі өткен  құжаттар бойынша – банк мекемесінің  міндетті түрде растауымен; басқа  субъектілердің  қоймаларында тұрғандары бойынша түгендеу, өткізілген күнге  таяу ай-күнмен қайта ресімделген, сақталған  қолхатпен расталған сомалар  ғана қалады.

   Пайдаланып журген тауарлы-материалдық  қорлар – тұрған орны мен  материалды жауапты адамдар бойынша;  субъект қызметкерлерінің  жеке  қолданылуына берілгендері тізімдемеде  қолхаттары бар, ашылған жеке  карточкалары жазылған жауапты  адамдар бойынша түгенделеді.

   Қоймадағы тауарлы-материалдық қорларға  жоспарлы түгендеу жылына 1 рет  қаңтарда жургізіледі. Түгендеуді  жүргізу үшін басшының бұйрығымен  комиссия тағайындалады. Сонымен  қатар әрбір цех, бөлімше бойынша  жергілікті түгендеу комиссиясы  құрылады. Оның жұмысын орталық  комиссия  ұйымдастырып және басқарып отырады.

   Түгендеу комиссиясы материалдың  қалдығын өлшеу арқылы олардың  сақталып тұрған жерлері бойынша  түгендеу тізіміне комиссияның  барлық мүшелері қол қоюға  тиіс.

 Ұйым  бойынша түгендеу нәтижесін анықтау  үшін салыстыру тізімдемесі жасалады.

 Салыстыру тізімдемесі түгендеу кезінде анықталған нақты қалдығы оның бухгалтерлік есеп қалдығына сәйкес келмейтінін  ТМҚ-ры бойынша жасалады. Салыстыру  тізімдемесіне артық немесе кем  шыққан материалдық құндылықтар  бухгалтерлік есепте көрсетілген бағасымен  есептеледі. Түгендеу комиссиясы барлық артық немесе кем шыққан материалдар  жөнінде оларға жауапты тиісті адамдардан жазбаша тусінік алуға тиіс. Ол жазбаша тусінік кезінде түгендеу комиссиясы кем шыққан, жоғалған, бұзылған материалдың қандай себептен болғанын анықтайды және келешекте  осындай  жағдай қайталанбас үшін тиісті шара қолданады. Ал артық шыққан материалдар  кәсіпорынның кірісіне алынады:

                        Дт 1300-1350             Кт 6280

   Материалдық қорлар кем шыққан  жағдайда кінәлі тұлғалар табылмас,     материалға жауапты тұлғаның  шығынына жатқызылады:

                        Дт 1600                       Кт 1300-1350

                        Дт 7210                       Кт 1600

 Нақты кінәлілар табылған жағдайда:

                       Дт 1254                        Кт 1300-1350

       Кем шыққан материалдық құндылықтарды  саудалық құнмен өтейді, бірақ  өзіндік құннан кем емес болуы  шарт.

      Жоспарсыз тугендеу материалға  жауапты тұлға ауысқанда немесе  салық және басқа да тексеруге  құқығы бар органдар тексергенде  жүргізіледі.

 Әкімшілік және ортақ шығындарға кеткен материалдардың өзіндік құны есептен шығарылады:

                       Дт 7210                        Кт 1300-1350

 Тегін берілген немесе ұйымды жарнамалауға кеткен материалдардың шығындары өзіндік  құннан кем болмауы тиіс. 
 

   Шаруашылық  операциялардың мазмұны  Дт  Кт
 1  Жабдықтаушылардан шикізаттар келіп түсті  1310  3310
 2  Келіп түскен шикізаттар негізгі өндіріске босатылды  8110  1310
 3  Негізгі өндірістен шыққан дайын өнім кірістелді  1320  8110
 4  Сатып алушыларға дайын өнім жөнелтілді  1210  1320
 5  Шот-фактура  ұсынылды  1210  6010
 6  Оның ішінде ҚҚС 12 %  1210  1420
 7  Сатып алушылардан  банктегі есеп шотқа ақша қаражаты келіп түсті  1030  1210
 8  Жабдықтаушылармен есеп айырыстық  3310  1030
 9  Бюджетке  ҚҚС аударылды  3130  1030
 10  Сатылып алынған  материалдардың құны кассадан (қолма-қол  ақшамен) төленді.  1310  1010
 11  Есеп беруге тиісті тұлғалар арқылы сатылып алынған  материалдық құндылықтардың құны  1310  1250
 12  Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан өтеусіз (тегін) келіп түскен материал  1310  6220
 13  Кәсіпорындар  мен ұйымдардың өз өндірісінде өндіріліп, дайындалып өз қажетіне пайдалануға  арналған материалдарды кіріске  алу  1310  8110
 14  Материалдық құндылықтарды дайындайтын жұмыскерлерге  есептелінген еңбекақы  1310  3350

Информация о работе Бухгалтерлик есеп