Бухгалтерлик есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 19:32, отчет по практике

Описание работы

Мен Ақтөреева Ақшолпан Жеңісбай қызы өндірістік тәжірибемді «Темір Строй Сервис и Ко» құрылыс компаниясында наурыздың 28 мен маусымның 4 аралығында өттім.Құрылыс компаниясы қоғамында өндірістік тәжірибемді өту себептерімнің бірі – қоғамдағы бухгалтерлік бөлімнің және маманданған бухгалтерлердің болуы, сонымен қатар тәжірибені өтуге керекті ақпараттың жеткілікті болып табылуы.

Работа содержит 1 файл

отчет Шопик)))).docx

— 237.87 Кб (Скачать)

 Үшінші  бөлік сәл басқаша толтырылады. Ордерде алушы банктің коды мен  кредит бойынша сомасын көрсету  қажет (біздің есеп айырысу шотымызда  бұл сома-дебет бойынша, ал банкіде-кредит бойынша өтеді).

 Төлем тапсырмасы - банкіге тиісті қаржыларды жеткізушілер, салық органдары және басқа ұйымдарға аудару туралы тапсырма. Бухгалтер оны «көшіргіш» немесе компьютерде қажетті дана бойынша басады.

 Онда  төлеуші  мен оның банкісінің, алушы  мен оның банкісінің реквизиттері, сомасы мен тағайындалуы көрсетіледі. Банктің қызметкері төлем тапсырмасын  орындауға қабылдап алып оның соңғы  данасына таңба қояды одан соң  ол операцияны есепте бейнелеу үшін бухгалтерге  қайтарып береді. Басылған, бірақ банкіге  өткізілмеген төлем тапсырмасы 10 күн  ішінде жарамды болып саналады.

 Төменгі жақта төлемнің тағайындалуы көрсетіледі, басшы мен бас бухгалтердің қол  таңбаларымен қоса кәсіпорынның мөрі қойылады.

 Төлем тапсырмалары Төлем тапсырмаларын  тіркеу кітабына тіркеледі. Төлем-талап тапсырмас - жеткізушінің жөнелтілген өнімге төлем-талап тапсырмасын рәсімдейді. Оны төлеушіге бағыттайды. Ол танысып, төлем жөнінде шешім қабылдайды. Шешім қабылдағаннан кейін төлеуші оған қол қояды, мөр басады және өзінің банкіне өткізтеді. Төлеушінің банкі ақшаны оның есеп айырысу шотынан есептен шығарады және оны жеткізушіеің шотына есептеу үшін соның банкіне аударады. Есептен шығарылған және есептелген соманың бухгалтерлік жазбалары есеп айырысу шотынан банк беретін көшірменің негізінде жүргізіледі. 1030 шотының айналым ведомосының негізінде журнал ордер-2 мен ведомость-2 толтырылады.ҚОСЫМША.

           

                   Кассадағы ақша қаражаттарының есебі 

 Кәсіпорындар  мен ұйымдардың кассасы жұмысшы - қызметкерлерге есептелінген еңбекақы бойынша есеп айырысу үшін, күнделікті көлік құралдарына қажетті шығындарды (жанар-жағар майға) төлеп отыру үшін, кеңсе тауарларын сатып алу үшін, сондай-ақ үйымның хат және басқа да құжаттарды пошта арқылы жөнелтуі үшін есеп айырысуға арналған. Касса арнайы жабдықталған, яғни дабылдама (дыбыстық белгілер, сигнализация) орнатылған, және ақшаларды сақтайтын сейфі бар бөлмеде орналастыруды қажет етеді. Кассадағы нақты ақшалар касса қызметкерінің мөрі сүргіш (сургуч) арқылы басылып жабылатын сейфте сақталуы тиіс. Бұл сейфтің кілті мен сүргіш (сургуч) басатын мөр касса қызметкерінде, ал кілттің екінші данасы арнайы ыдысқа салынып кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысында сақталады. Касса қызметкері әрбір жұмыс күнінің соңында кассаны жауып күзетшіге тапсыруы тиіс. Кассадағы ақшалардың түгелдігіне касса қызметкері, яғни кассир толық жауап береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарда кассирлік жұмысқа қызметкер орналасқан уақытта, яғни ұйым басшысы касса қызметкерін тағайындау туралы  (жайлы)  бұйрыққа қол қойғаннан кейін кәсіпорынмен касса қызметкері арасында материалдық жауапкершілікке келісімшарт жасалуы қажет. Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің есеп айырысу шотынан нақты ақшаны сол есеп айырысу шоты ашылған банк  мекемесі  берген  чек  кітапшасы  арқылы  ғана  ала алады.  Банк мекемесінен нақты ақша алу үшін кәсіпорынның касса қызметкері чек кітапшасындағы парақты толтырады. Сонымен қатар  банк мекемесінен   алынған   нақты   ақша   сол   алынған   күні кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасына кіріске алынуы керек. Ол үшін кассир кассалық кіріс ордерін толтырып, содан соң оны кассалық кітапқа жазады. Кәсіпорынның кассасына қолма-қол нақты ақшаны кіріске алу, яғни  қабылдау  үшін  бас  бухгалтердің  немесе  ол  сенім білдірген адамның кассалық кіріс ету ордеріне қол қоюы керек және ақша төлеген заңды немесе жеке тұлғаға осы толтырылған кассалық  кіріс  ету  ордерінің  квитанциясы беріледі.   Осы  нақты   ақшаны  кассаға  қабылдау  барысында толтырылатын кассалық кіріс ету ордеріне ұйымның аты, ақша төлеуші занды немесе жеке тұлғаның аты-жөні,   қандай   мақсатқа   және   не   үшін   ақша   төлеп жатқандығы, сол ақшаның төленген уақыты (күні, айы, жылы) жазылып, кассир мен бас бухгалтердің қолдары қойылуы қажет .

 Кәсіпорындар  мен ұйымдардың кассасыннан нақты  ақша кассалық шығыс ету ордері  немесе тиісті үлгілі түрде дайындалған басқа да ақша төлеу тізімдемелері, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысы мен бас бухгалтерінің қолдары қойылған ақша алу үшін жазылған өтініштер, шоттар тағы да басқа құжаттар бойынша беріледі. Бұл құжаттарға кассалық ордердің деректемесі (реквизиті) көрсетілген мөртаңба (штамп) басылуы керек. Егер кассалық шығыс ету ордеріне қоса тіркелген құжаттарда кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысының "рұқсат етемін" деген жазуы және қолы қойылған болса, онда кассалық шығыс ету ордеріне оның қол қоюы аса қажет болып саналмайды. Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасынан адамдарға кассалық шығыс ету ордері бойынша ақша берген кезде касса қызметкері нақты ақша алушы адамның төл құжатын немесе өзін куәландыратын басқа да құжаттарын көрсетуді талап етуі керек. Сонымен қатар касса қызметкері осы көрсетілген құжаттарда жазылған деректерді, яғни ақша алушы адамның аты-жөнін, құжатының нөмірін және ол құжатты кім бергендігін, қай уақытта берілгендігін кассалық шығыс ету ордеріне жазуы тиіс. Кассадан нақты ақша алушы адамдар кассалық шығыс ету ордеріне алып жатқан сомының теңгедегі бөлігін жазумен, ал тиынын сандармен көрсетеді. Бұл құжаттарды өзгертуге олардағы сандармен әріптерді түзетуге, өшіруге ешқандай рұқсат етілмейді. Кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлерін немесе олардың орнына жүретін құжаттарды кассаға берместен бұрын бухгалтерия қызметкерлері тіркеу журналына  тіркеп жазады.

 Кәсіпорындар  мен ұйымдарда жұмысшылар мен  қызметкерлерге жәрдемақы,  сыйақы,  еңбекақы төлеу үшін төлеу тізімдемелері қолданылады. Бұл тізімдемелер тіркеу журналына еңбекақы, жәрдемақы және сыйақыларды төлеп, үлестіріп болғаннан кейін ғана тіркеледі. Кассалық кіріс ету немесе кассалық шығыс ету ордерлері, сондай-ақ олардың орнына жүретін құжаттар бойынша кассаға ақша қабылдауға және кассадан ақша төлеуге тек қана осы құжаттар толтырылған  күні  ғана рұқсат  етіледі.  

 Бұл операциялар орындалғаннан кейін құжаттардың тиісті жеріне касса  қызметкері  өз  қолын  қоюы  керек.   Касса  операцияларының есебі  кассалық  кітапқа тіркеліп  отырылуы тиіс. Бұл кітапты касса қызметкері жүргізеді.  Кассалық кітаптың беттері (парақтары) нөмірленіп және оған жіп өткізіліп, кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтері қолдарын қойып, куәландыруы керек. Кәсіпорынның кассасына келіп түскен, кірістелген немесе кәсіпорынның кассасынан төленген, яғни шығыс етілген ақшалардың кімнен келіп түскендігін немесе кімге не үшін төленгендігін білу үшін ол операцияларға толтырылған құжаттардың нөмірі және бухгалтерлік   жазулар,   сонымен   қатар   кіріске   алынған, сондай-ақ шығыс етілген сомалар кассалық кітапқа жазылуы тиіс. Күн сайын кәсіпорынның касса қызметкері кассадағы нақты ақшалардың қалдығын жұмыс  күнінің соңында  санап,  және  оның  сомасын  кассалық  кітапқа жазады. Бұл кассалық кітаптағы деректерге өзгеріс енгізуге,  өшіруге,  түзетуге жол берілмейді және  касса  операциялары мен ондағы жүргізілетін, толтырылатын құжаттардың  дұрыстығына  ұйымның  бас   бухгалтері   бақылау жасап отыруы керек. Кәсіпорынның кассадағы шетелдік валюта   түріндегі   нақты   ақшаларының   есебі   үшін   өз алдына кассалық кітап ашылады. Сонымен қатар бұл жағдайда кассалық операциялар бойынша толтырылатын барлық құжаттарда кіріске алынған яғни келіп түскен және шығыс етілген, кассадан төленген ақшалардың сомасы шетел валютасымен және сол күнгі бағам (курс) бойынша ұлттық валютаға (теңгеге) айналдырылып жазылады.

 1010 шотының айналым ведомосының  негізінде журнал ордер-1 мен ведомость-1 толтырылады.

 Құрылыс компанияда ақша қаражаттарының есебі  кассалық кітапқа енгізіліп отырады.Оган кунделікті барлық ақша шығыны  операциялары жазылад.Жұмыс уакттысының бітісімен кассир ақша қаражаттарын есептеп қалдықтарды келесі кунге шыгарады.Қосымша.

   Есептесу тұлғаларымен есептеу есебі

 Шаруашылық  қызмет барысында кәсіпоырн өз қызметкерлерін қызмет бабымен іс-сапарға жібереді, дүкендерден кеңсе жабдықтарын  сатып алады, почта арқылы жіберілген ақшаларды және басқа шығындарды төлейді. Сондықтан қызметкерлерге қолма-қол ақша беріледі және олар сол  алған ақшасына есеп беруі тиіс.Аванс  тек басшының жарлығымен және нақты  қажеттілік жеткен кезде есеп беруге тиісті адамдарға және қызмет бабымен  жіберілетін тұлғаларға беріледі. Есеп беруі тиісті адамдарға берілген сомалар оны қуаттайтын құжаттардың  негізінде жұмсалады және белгіленген  мерзімде бухгалтерияға тапсырады. Аванс есептерін бухгалтерия  тексереді, сосын оларды субъектінің  басшысы бекітеді. Дұрыс рәсімделген  аванс есептері және оларға қоса тіркелген  құжаттар қайта рәсімдеу үшін есеп беруші адамдарға қайтарылады.Есеп беруге тиісті адамдар өздеріне берілген аванстарды толық қайтармаса, онда олардың сомасы жалақысынан ұсталынады. Аванс құжаттар бойынша артық  жұмсалған сома еңбеккерлерге кассадан беріледі.                    

  Іс-сапар шығыстарының есебі.

 ҚР-ның  аясында іс сапарда жүргендерге  екі ең төменгі есептік көрсеткіштер деңгейінде тәулік ақысы төленеді, демалыс және мейрам, сондай-ақ жолда  болған күндері де қоса есептелінеді.

 Нақты іс-сапар орнына барған және сол  жерден шыққан күндері бойынша іссапар  куәлігіне белгі соғады. Іссапар  мерзімі жолда жүрген уақытын  есептемегенде 40 күннен аспауы керек.

 Іс-сапардан оралғаннан кейін бас бухгалтердің көмекшісі алған аванстары бойынша  оларды растайтын құжаттармен бірге  нақты  жұмсалған шығындары бойынша  есеп береді.

 1250 шотының айналым ведомосының  негізінде журнал ордер-7 мен толтырылады.  

   Басқа да субъектілермен есептесу есебі

 Несиелер  бойынша есептеулер есебі. Несие дегеніміз - бір тұлға басқа тұлғаға құнды натуралды немесе ақшалай нысанмен қайтару талабымен және әдетте % төлеумен уақытша пайдалануға табыстаған кезде қалыптасатын экономикалық қатынастардың сомасын білдіреді.Банк несиесі есебі қысқа және ұзақ мерзімді несие беру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі бекітетін "қысқа және ұзақ мерзімді несие беру ережелеріне" сай жүргізіледі. Қысқа мерзімді несие ұйымның айналым қаржысын құрайтын көздердің бірі болып саналады.

 Несиелер  қайтарымдылық, төлем және мерзімділік  шарттары бойынша келісіп, коммерциялық негізде беріледі.

 Несие алу үшін кәсіпорындар банк мекемесі басшысының атына өтініш береді. Бұл өтінішке қосымша өзіне қажетті несие сомасы мөлшерін, оның жұмсалатын мақсаты мен бағытын, өтелу яғни қайтару мерзімін, сонымен қатар осы несие сомасы арқылы орындалатын операциялар үшін жасалған бизнес-жоспар, тағы да басқадай құжаттар табыс етуі тиіс. Кәсіпорындар мен ұйымдар банктен бірінші рет несие алуы барысында жоғарыда аталған құжаттармен қоса банкке өздерінің жарғысын, құрылтайлық құжаттарының көшірмесін, тіркелу куәліктерін және тағы да басқа құжаттарды табыс етуі керек.

 Жалпы кәсіпорындарға берілетін несие  сомасы, банк мекемесінің жауапты мамандары ұйымның өткізген құжаттарын тексеріп болғаннан кейін, несие бойынша борышты және пайызды (процентті) қайтару, өтеу үшін кепілдікке салынған меншік туралы келісімшарттың орындалуына сәйкес беріледі.

 Банк  мекемесі мен несие алушы кәсіпорын  арасындағы несиелік қызмет көрсету бойынша келісімшарт бір жылға немесе одан да ұзақ мерзімге жасалады. Егер келісімшарт бір жылдан артық уақытқа жасалған жағдайда несие жыл сайын бекітілетін несиелік келісімшарт негізінде беріледі. Несиелік келісімшарт банк мекемесімен әр-бір несие алушы ұйым (клиент) үшін жеке-жеке жасалады. Қысқа мерзімді банк несиелері 1 (бір) жылдан аспайтын уақытқа беріледі (яғни 12 (он екі) айдан артық емес уақытқа). Кейбір жағдайларда түрлі себептерге байланысты бұндай несиенің мерзімі ұзартылуы мүмкін. Бірақ ұзартылған мерзімін қоса есептегенде оның мерзімі екі жылдан аспауы керек.

 Банк  несиесі кәсіпорынның, яғни несие  алушының есеп айырысу шоттарындағы қаражаттарының мөлшеріне (көлеміне) қарамай-ақ беріледі және қолма-қол емес тәртіппен несие алушының қарыз шотынан оның есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі. Несиелік борышты өтеу тәртібі, нақты мерзімі, әдістері несиелік келісімшартта қарастырылады. Егер несие алушы келісімшартта белгіленіп көрсетілген мерзімінде несиелік борышын өтей алмайтын болса, банк мекемесі алдын ала несие алушының рұқсатынсыз кепілдік берушінің шотынан қарыз сомасын қайтару жайлы талап қояды.

 Кәсіпорын банк мекемесінен несие алған  уақытында:

 Дт:  1010,1030,3310және тағы да басқа шоттар,

 Кт:  3010,4010

 Ал  бұл алынған несие қайтарылған  уақытта:

 Дт:  3010

 Кт:  1010,1030. 

 1030 «Ағымдағы банкітік  шоттардағы теңгемен  ақша қаражаттары»  шоты бойынша бухгалтерлік  проводкалар: 

   Шаруашылық  операцияның мазмұны  Дт  Кт
 1  Кассадан  есеп айырысу шотына ақша келіп түсті  1030  1010
 2  Сатып алушылардан  ақшаның келіп түсуі  1030  1210
 3  Дебиторлық  қарыздар есебінен ақшалардың келіп  түсуі  1030  1250
 4  Банктен қарыз  алынды  1030  3010
 5  Тапсырыс  берушілерден аванстың келіп түсі  1030  3510
 6  Кредиторлық қарыздар есебінен ақшалардың келуі  1030  3390
 7  Кассаға есеп айырысу шотынан ақша келіптүсті  1010  1030
 8  Материалдар жеткізу үшін аванстар берілді  1610  1030
 9  Алынған қарызды  қайтару  3010  1030
  10  Бюджетке  төлемдер жасалды  3110-3170  1030
 11  Алынған тауарлар мен қызметтердің ақысы төленді  3310  1030
 12  Жинақтаушы  зейнетақы қорына ақшалар аударылды  3220  1030
 13  Бюджеттен тыс  қорларға ақша аударылды  3210  1030

Информация о работе Бухгалтерлик есеп