Бухгалтерлик есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 19:32, отчет по практике

Описание работы

Мен Ақтөреева Ақшолпан Жеңісбай қызы өндірістік тәжірибемді «Темір Строй Сервис и Ко» құрылыс компаниясында наурыздың 28 мен маусымның 4 аралығында өттім.Құрылыс компаниясы қоғамында өндірістік тәжірибемді өту себептерімнің бірі – қоғамдағы бухгалтерлік бөлімнің және маманданған бухгалтерлердің болуы, сонымен қатар тәжірибені өтуге керекті ақпараттың жеткілікті болып табылуы.

Работа содержит 1 файл

отчет Шопик)))).docx

— 237.87 Кб (Скачать)
 
 
 

 Кассалық  операциялардың есебі  бойынша негізгі  бухгалтерлік проводкалар 

   Шаруашылық  операцияның мазмұны  Дт  Кт
 1  Түсуге тиіс дебиторлық борыш сомасы кәсіпорынның кассасына кіріске алынды.  1010  1210
 2  Еншілес, тәуелді  серіктестіктердің берешек ақшалары кәсіпорынның кассасына келіп түсті.  1010  2120
 
  3
 Есеп беруге тиісті адамдардың бұрын аванс ретінде алған, жұмсалмаған (жұмсалғаннан қалған) ақшалары кәсіпорынның кассасына қайтарылды  1010  1250
 4  Есеп айырысу  шотынан қолма-қол ақша келіп  түсті  1010  1030
 5  Кредиторлық қарыздар жабылды.  1010  3390
 6  Келіп түскен материалдар үшін кассадан ақша төленді  1310  1010
 7  Тұлғарларға есепті негізде ақша беру  1250  1010
 8  Қолма-қол  ақшаны есеп айырысу шотына өткізу  1030  1010
 9  Еңбекақы, әр түрлі төлемақылар төленуі  3350  1010
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 Есептесу  тұлғаларымен есептесу есебі бойынша  жүргізілетін бухгалтерлік проводкалар 

   Шаруашылық  операцияның мазмұны  Дт  Кт
 1  Жұмысшылар  мен қызметкерлерге қызметгегі іссапары және басқа да мақсатгар үшін кассадан берілген сомаларға  1251  1010
 2  Жұмысшылар  мен қызметкерлерге берілген банк несиелері  1251  3010
 3  Жұмысшылар  мен қызметкерлердің ұйымның кассасына бұрын аванс ретінде алған сомаларының жұмсалғаннан қалған артық сомасын төлегеніне  1010  1251
 4  Жұмысшылар  мен қызметкерлерге аванс ретінде берілген соманың жұмсалғаннан қалған бөлігі оларға есептелген еңбекақы сомасынан ұсталды.  3350  1251
 

           
 
 

          1.3. Негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтер есебі 

 Кәсіпорының қалыпты өндірістік- шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін негізгі құралдар қажет. Әрбір өндіріс бойынша олардың саны еңбек құралдарын тиімді пайдалану өндірісін ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті нысандарын есепке алумен олардың жоспарлық тапсырмалары мен анықталады. Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметіне бірнеше жыл бойы қызмет көрсететін басқа мүліктің бағасы мен еңбек құралдарының бағасы экономикалық ұғымды «негізгі құралды» құрайды.  
Ұзақ пайдалану процесінде негізгі құралдардың құрамы өзгереді: олар кәсіпорынға келіп түседі және пайдалануға беріледі, пайдалану процесінде тозады, жөндеу жолымен қалпына келтіріледі, кәсіпорын ішіне өтеді, ескіру немесе одан әрі пайдаланудың мақсатсыздығы нәтижесінде шығарылып тасталады, сондай-ақ басқа кәсіпорындарға беру. Барлық аталған өзгерістер бухгалтерлік есепте көрініс табады.  
Негізгі құралдар- материалдық активтер олар:  
1. компания немесе қорларды жабдықтау және қызмет атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданылатын;  
2. әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды.  
Негізгі құралдардың есебінде 4 ең маңызды әрекеттері бар:  
- негізгі құралдардың алынған мерзімдегі тіркелген сомасы;  
- негізгі құралдардың пайдалану мерзімінде есептейтін тозу ставкасы;  
- қабылдап алынғаннан кейін негізгі құралдардың өзгеріп отырған құндары шоттарда қалай көрсетілетінділігі;  
- негізгі құралдардың шығарылынуындағы тіркелуі.  
Негіізгі құралдар дегеніміз - ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер.  
Негізгі құралдар ХҚЕС №16 «Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар» сәйкес жіктеледі:  
-салалар бойынша;  
-бағыты бойынша:  
1. Өндірістік – бұл өндірістік процеске тікелей қатысатын немесе өндірістің негізін құрайтын негізгі құралдар.  
2. Өндірістік емес – бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар.  
- пайдалану бағыты бойынша түрлер мен түр топтарына:  
1. Жер- субъектінің меншік құқығымен алынған жерінің саны мен бағасы.  
2. Үйлер- еңбек етуге, тұруға, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету және қорларды сақтауға жағдай жасау үшін белгіленген архитектуралық-құрылыс объектілері. Әрбір жеке тұрған үй түгендеу объектісі болып саналады.  
3. Ғимараттар- іс-қызмет аясын атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыстық объектілер.  
4. Машиналар мен жабдықтар- әрбір машина егер ол басқа мүліктік объектінің бөлігі болмаса, құрамындағы тетік, құрал-аспаптармен, қоршаулармен, тірек-тұғырымен мүліктік объект болып табылады.  
5. Табыстау қондырғылары- электр, механикалық және жылу энергиясы (электр беру желісі, тұрба құбыры) қондырғылары.  
6. Көлік құралдары- адамдарды, жүктерді тасуға арналған (теміржол, су, әуе автомобиль көлігі, арба көлігі) тасымал құралдары.  
7. Басқа да негізгі құралдар: аспап, өндіріс мүлік пен олардың керек-жарақтары, шаруашылық мүлкі, жұмыс малы және өсімтал мал, көпжылдық көшет егістері, жерді жақсарту жөніндегі күрделі шығындар.  
8. Бітпеген құрылыс.  
-иелігі бойынша: меншікті, жалға алынған, уақытша пайдалануда.  
-пайдалану мерзімі бойынша: әрекетті, әрекетсіз, қордағы.  
- мүліктік құрамы бойынша: инвентарлық, инвентарсыз.  
- салықтық нысандар бойынша: топталған, әр топқа өзі шектелген норма белгіленеді.  
Негізгі құралдар есебі бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 2400 «Негізгі құралдар» шотында жүргізіледі. Иелігіне байланысты негізгі құралдар меншікті және жалданған болып бөлінеді: Меншікті негізгі құралдар –сол кәсіпорын ие болатын және баланстық есепте ескерілетін негізгі құралдар. Жалданған негізгі құралдар- бұл басқа ұйым немесе кәсіпорын ие болып, басқа бір ұйымда жалға алу шарты бойынша уақытша пайдаланған негізгі құралдар. Бұл құралдар жалға алушыда баланстан тыс шоттарда есептеледі. Сонымен негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойына пайдалынылады, қасиетімен нысанын сақтай отырып, жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.  
Қабылданып алынған объект актив ретінде мойындалады , егер  
- одан кәсіпорын келешекте экономикалық пайда ала алса;  
- егер активтің өзіндік құнының бағалануы кәсіпорынға сенімді болса.  
Негізгі құралдар активтердің ең көп көлем мөлшерін құрайды, сондықтан кәсіпорынның қаржылық жағдайын көрсетеді. Қосымша.
 

       Негізгі құралдардың амортизациясы бойынша есебі мен түгендеу 

 Негізгі құралдар ұзақ уақыттық кезеңі ішінде шаруашылық қызмет процесінде бола отырып, бірте-бірте  тозады. Тозу- бұл физикалық және моральдық мінездемелерінен айырылу. Физикалық тозу негізгі құралдарды пайдалану және сыртқы факторлардың әсер ету нәтижесі болып саналады.  
Моральдық тозу соның нәтижесінде активтер ғылым мен техниканың қазіргі даму талаптарына сәйкес келмеу нәтижесіндегі процесті білдіреді.  
Негізгі құралдарды моральды тоздыратын факторлар:  
1.Өндірістегі жабдықтар мен жабдықтардың жаңаруы (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімділеуіне ауыстыру);  
2.Технологиялық процестің жетілуі (жаңа технология кезінде қолданыстағы машиналар мен жабдықтарды пайдалану мүмкін емес);  
3. Шығарылған өнім номенклатурасының жаңаруы мен өзгеруі (бұл орайда ескі машиналар мен жабдықтар жаңа өнім шығаруға жарамсыз);  
4. Тауар өндіруге арналған машиналар мен жабдықтардың санын азайтуға субъектіден талап ететін, кейбір тауалар сұраныстың азаюы;  
5. Жұмыс күшінің, білікті қызметкерлердің еңбекпен қамтылуындағы, өндірістің географиялық орналасуындағы өзгерістер.Олар өндіріс көлемін, пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың санын азайтуға талап етуі мүмкін;  
6. Өнеркәсіптің өңдеуші салаларындағы шикізат құрамының жиынтығындағы өзгеріс, өнімнің жекелеген түрлерін өндіру қажеттілігі. Бұлар өнеркәсіптің өндіруші салаларындағы өндіріс көлемінің қысқаруына әкеп соқтыруы мүмкін. Моральды тозудың нәтижесінде физикалық тозу басталғанға дейін негізгі құрал объектілерін жаңасына, неғұрлым үнемдісіне ауыстырады. Моральды тозуды болдырмас үшін негізгі құрал объектілерін қайта құрады және жаңғыртады. Мұражай және қылқалам құндылықтарынан кітаптардан, фундаментальді кітапханалардан, фильмдер қорынан, сәулет пен өнердің ескерткіші болып табылатын үйлер мен ғимараттардан басқа негізгі құралдардың барлығы моральды тозуға бейім.  
Амортизация – бұл қызмет мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түрінде тозудың құнмен көрсетілуі, басқалай айтсақ, есептелген амортизация сомасы белгілі бір кезең ішінде пайдаланған немесе тұтынған негізгі құралдардың құнын көрсетеді. Амортизацияланатын құн пайдалы қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін сыныққа, қалдықтарға айналатын қосалқы бөлшектердің болжанатын құны ретінде негізгі құралдардың түсуі кезінде анықталатын бастапқы құн мен жою құны арасындағы айырманы білдіреді. Амортизациялық жарналар (аударымдар) әрбір есепті кезең үшін өнімдердің тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің элементі және шығысы ретінде танылады. Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалынады. Амортизация нормасы- бұл амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы. Негізгі құралдарға амортизация (тозуын) есептеудің басты мақсаты олардың құнын өтеу көзін таба білуден тұрады. Бұл көз амортизацияны шығыстарға, шығындарға қосу есебінен жасалады. Амортизациялық жарналардың сомасын көбейту немесе азайту шығыстарды бұрмалауға алып келеді, мұнан жиынтық жылдық кірістің көлемін, кірістерді бұрмалау орын алады, демек, салық салудағы дәлсіздіктерге әкеліп соғады.  
Жұмыс істеген бүкіл кезең ішіндегі амортизациялық жарналардың жалпы мөлшері амортизацияланатын құнға немесе бастапқы және тарату құндары арасындағы айырмаға теңестірілуі тиіс.

 Амортизацияның  әдістері. Амортизация кәсіпорында ай басында бар негізгі құралдарға есептеледі. Кіріске алынған негізгі құралдар келесі айдың бірінен басталып есептеледі, ал шығысқа шығарылған негізгі құралдар келесі айдан бастап есептеуі тоқтатылады.  
Ол бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 2420 «Негізгі құралдардың құнсыздануы мен амортизациясы» шотында жүргізіледі.  
№ 16 ХҚЕС талаптарына сәйкес амортизацияның 4 әдісі бар:  
-құнды біркелкі есептеп шығару әдісі;  
-өндірістік әдіс;  
-кумулятивтік әдіс;  
-кемімелі-қалдық әдісі.  
1. Құнды біркелкі есептеп шығару әдісі.  
Құнды біркелкі есептеп шығару әдісі неғұрлым қарапайым әдіс болып саналады. Осы әдіс бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша, яғни құнды біркелкі есептен шығару әдісі қолданылғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі. әдіс бойынша амортизациялық аударым:

 2.Өндірістік әдіс.  
Бұл әдіс объектінің пайдаланылатын уақытына емес, оны пайдалану нәтижесіне негізделген.

 3.Кумулятивті әдіс.  
Кумулятивті әдіс- латынтілінен аударғанда өсу, жиналу деген мағынаны білдіреді. Кумулятивті әдіс деп айтылуының себебі осы әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым сомасын есептейтін формуланың алымы негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің қалған жылдар санына тең болып, ал бөлімі ол активтің пайдаланатын барлық жылдар мерзімі сандарының қосындысына тең болуына байанысты. Бұл формула мына түрде жазылады:  
АА = Қалған жылдар саны * (бастапқы құн – қалдық құн)  
4. Кемімелі – қалдық әдісі.  
Бұл әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу алдымен құнды біркелкі есептен шығару әдісімен жүргізіледі. Ол үшін негізгі құралдардың бастапқы құны онығ жұмыс істейтін мерзімінің, яғни пайдаланатын уақыт жылы санына бөлініп, әр есепті жылға тиісті амортизацияның пайызы анықталады. Бұл жерде бастапқы құнын 100% деп аламыз. Одан кейін табылған пайыз мөлшері (100% бөлінген пайдаланатын жылы) екі еселеніп, негізгі құралдардың бастапқы құнына емес, әр есепті жыл басындағы әлі амортизацияланбаған қалдық құнына, яғни баланстық құнына көбейтіледі.

 Негізгі құралдарды жөңдеу. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөңдеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай (немесе оны ағымдағы деп те атайды) және күрделі деп аталатын екі түрге бөлінеді.

 Жай жөндеу дегеніміз негізгі құралдардың тозып, істен шыққан бөлшегін жұмыс үдерісі барысында ауыстыру немесе оны қалпына келтіру болып табылады. Бұл жөндеуге майлау, сырлау тағы да басқа жөндеу жұмыстары жатады.

   Күрделі жөндеу дегеніміз алдын ала жоспарланып, сапалық және табиғи тозған негізгі құралдардың бөлшектерін толығымен ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды айтады. Егер негізгі құралдарды кәсіпрорын өз күшімен жөндейтін болса, бұл шаруашылық тәсілімен жүргізілген жөндеу болып табылады. Ал, кәсіпорындар өзінің негізгі құралдарын жөндеуге арнайы жабдықталған, яғни осындай мақсатқа арналған ұйымдарды қарастыратын болса, бұл жөндеудің мердігерлік әдісі болып есептеледі. Жөндеу жүргізілген негізгі құралдарды кәсіпорындағы тағайындалған комиссия мүшелерінің шешімімен қабылдап алады. Ондай негізгі құралдарды қабылдау барысында үлгі түрі НҚ-2-ші "Жөнделген, қайта құрылған және жаңартылған объектілерді қабылдау-тапсыру актісі" толтырылады.

 Бухгалтерлік  есеп пен есеп беру тәртібі (ережесі) бойынша барлық кәсіпорындар бухгалтерлік есеп мәліметтерінің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ ұйымдағы негізгі  құралдардың нақтылы бар-жоқтығын анықтап және де олардың іске жарамдылығын бақылау мақсатында жылына бір рет  өзінің мүліктеріне түгендеу жұмысын  жүргізіп тұрулары қажет. Ұйымдарда  негізгі құралдарды түгендеу жылдық қорытынды есеп беретін уақыт  алдында қараша айының бірінен кейін  жүргізілуікерек. Үйлерді, ғимараттарды тағы да басқа жылжымайтын мүліктерді екі жылда бір рет, ал кітапхана  қорларын бес жылда бір рет  түгендеуге болады.Негізгі құралдарды жоғарыда көрсетіліп жазылған мерзімдерден бұрын, яғни жиі түгендеу мынадай жағдайларда жүргізіледі:

 - негізгі    құралдарға    жауапты    адам    қызметінен ауысқанда;

 - негізгі  құралдар ұрланған, жоғалған жағдайда;

 -өрт немесе басқа да кенеттен болған табиғи апат жағдайларына байланысты;

 - ұйым  бір бағынышты органнан екінші  орган қарамағына ауыстырылғанда  және тағы да басқа жағдайларда.Кәсіпорындарда  негізгі құралдарға түгендеу  жұмысын жүргізу үшін тағайындалған  комиссия жұмыс жүргізуден бұрын  мыналарды толық тексеріп алулары  қажет:

Информация о работе Бухгалтерлик есеп