Бухгалетлік есеп және аудит

Автор: x********@yandex.ru, 28 Ноября 2011 в 11:57, курсовая работа

Описание работы

Дәрістің мақсаты: Жалпы этика деген ұғым туралы туралы мағлұмат беру. Адамзат тарихында этика, мораль, имандықы мәселелерінің пайда болуынан хабардар ету. Кәсіби этика түрлері және оның ерекшеліктерін түсіндіру. Бизнес этикасының пайда болуы және даму тенденцияларын айқындау. Қоғамдық даму процестегі бизнес этикасының орнын белгілеу.
Дәрістің жоспары:
1.Бизнес этикасы дегеніміз не?
Жалпы этикамен байланысы, ерекшелігі.
3. Бизнес этикасы пайда болуының алғышарттары

Работа содержит 1 файл

11.docx

— 92.56 Кб (Скачать)

ауызекі мәдени-мұралары – ұлттық қадір-қасиет пен өнегелі әдепті ғасырлар бойы жоғалтпай сақтап қалуға үлкен қызмет етті. Асан қайғы, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, Дулат, Шортанбай, т.б. ұлттық әдеп жүйесін заман талаптарына  сәйкес жоғары тұғырға көтере білді. ОГлардың әлеуметтік-этикалық ойлары қазақ халқының әдептік сана-сезімінің 

қалыптасуына, кейінгі ұрпақты адамгершілік және ұлтжандылық рухта тәрбиелеуге  үлкен әсерін тигізді. Қазақстандағы  Ресей империясының отаршылдық саясаты  халықты рухани жағынан күйзеліске ұшыратты, оның дін мен діліне, әдебіне, әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне нұқсан келтірді. Халықтың тәуелсіздіктен айырылып, бодан болуынан ұлттық мінезде ұнамсыз  қылықтар көбейе түсіп, жасқаншықтық, “құлдық психология” 

пайда бола бастады. Қазақ елі осындай  тұйыққа тіреліп, одан қалай шығуды білмей, болашағын ойлап, қабырғасы  қайысқан кезде халқымыздың Шоқан, Ыбырай, Абай сынды асыл перзенттері  ұллтық әдеп жүйесінің күрделі мәселелерін  шешуге ұмтылды. Абай әдеп тақырыбын  қозғағанда иман мәселесіне көп көңіл  аударады және мәселесіне көп көңіл  аударады және оны арлылық пен  ұяттың баламалары ретінде түсіндіреді. Абай өз халқының бойындағы кісілік  қасиеттермен қатар, теріс қылықтарды да қатал сынға алады:

                                     Өсек, өтірік, мақтаншақ,

   Еріншек, бекер мал шашпақ ..., -

   деген өлең жолдарында Абайдың сыни этикасы  көрініс тауып тұр. Хакім 34-ші қара сөзінде “Адам баласына адам баласының  бәрі-дос” –дейді. Абай қазақ этикасының түбегейлі ұстанымы – “Адам болу”  талап-мұратын жоғары деңгейге қойды. Қазақ этикасын кәсіби денгейге көтерген ұлы тұлға – Шәкәрім. Ол өзінің “Үш анық” атты еңбегінде этиканы “ар ілімі” деп атап, әдептанудың көптеген мәселелерін теориялық тұрғыдан талдады. Шәкәрім ар-ождан о дүниеде де бар және осыған сену имандылықтың түп-қазығын құрастырады дейді. “Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман жолы сияқты”- дейді ғұлама. Ал әдеп жолы дегеніміз адам баласына пайда тигізу, жақсылық ету деп түсіндіреді. Ол үшін адам өз бойындағы кемшіліктерден арыла білуі керек, сөйтіп ар-ожданына кір келтірмейтіндей өмір сүруі қажет. Ар-ожданның мазмұнын нысап, қанағат, тәубе, әділет, намыс құрайды деп түсінетінойшыл олардың мазмұнын кісілік қасиеттермен байланыстырады:

      Кісіге адамшылық неге керек,

      Адамдық - өзге айуаннан артық  демек.

 

   Ит  талаған төбеттей қалай дейсің,

   Аямай әл-келгенін жұлып жемек.

   Қазақ этикасы кеңес үкіметі тұсында  қайшылықты жағдайда дамыды. Социалистік  құрылыс қазақы әдеп пен мінез-құлық  жүйесіне теріс әсерлерін тигізді. Кең байтақ жерді иемденіп келген көшпелілер

табиғатынан ер мінезді, бостандық пен еркіндікті қастерлеген, өр-тұлғалы қайсар халық  еді. Тоталитарлық жүйе “жылқы мінезді” халықты момын “қой мінездіге” айналдырды. Шолақ белсенділер, “пысықтар”, “шаш ал десе, бас алуға” дайын тұратындар пайда болды. “Адам – адамға дос, бауыр”, “Барлық адам тең құқықты”деп  ұрандатқанымен, қолында билігі барлардың  арасындаекіжүзділік, озбырлық, тамыр-таныстық, жүгенсіздік, парақорлық өріс алды. “Ортақ мүдде жеке адам мүддесінен жоғары”  деген 

ұран  адам еріктілігіне нұқсан келтірді, “қуыршақ адамдарды” көбейтті. Әкімшіл-әміршіл  жүйе ескінің қалдықтарымен күресуді желеу етіп, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан әдеп құндылықтарын  жойып жіберуге барынша тырысты. “Малым – жанымның садағасы, жаным  – арымның садағасы” деп келген халықтың ішінен сан мыңдаған мәңгүрттер шықты. Әрине, бұл заманда  қазақ  этикасы құлдыраужағдайында болды  деу сыңаржақтылық болар еді  Жалпы сауаттылықтың артуы, қалалардың өсуі, орыс тілі арқылы әлемдік рухани мұрамен таныса бастау әмбебап әдептілік  жүйесін қалыптастыра бастады. Қазақстанда  кәсіби философтарды дайындау ісі де жүргізілді. Бұл қазақ этикасын зерделеген кәсіби мамандардың пайда болуына  оң ықпалын тигізді. Қазақстан әдептанушылары мораль философиясы және қазақ этикасының тарихи мыселелерімен шұғылданады (Ғ.Ғ.Ақмамбетов, А.Оразбеков, М.С.Бурабаев және т.б.).

         Қазақстан тәуелсіздік алғаннан  кейін қазақтың дәстүрлі әдеп  жүйесін жаңғырту мәселесі алдыңғы  қатарға шықты. Қазақ философиясы  мен мәдениеті, тарихын зерттеуге  арналған еңбектерде (А.Х.Қасымжанов, А.Қасабек, Ғ.Есім, М.С.Орынбеков,  О.А.Сегізбаев, Ж.Алтаев, С.Ақатай, С.Нұрмұратов  және т.б.) қазақ этикасының ауқымды  мәселелері көтерілді. Қазақ этикасының  басты мәселері ретінде ұлттық  әдеп жүйесін диахрондық  және  синхрондық талдау, ондағы дәстүр  мен жаңашылдық арасалмағын айқындау, өтпелі қоғам мен ғаламдану  жағдайындағы әдептік реттеу  тетіктерін айқындау, нарық пен  моральдың, табыс пен ізгіліктің  арақатынасын айқындау, діни әдеп  жүйесінің ерекшеліктерін сараптау, т.б.белгіленді. Қ.Ш.Нұрланова қазақ  этикасына тән әсемдік пен  ізгіліктің синкретті бірлігіне  назар аударып, қазақтың ұлттық  идеясы ретінде Жарық дүниедегі  адами іштесуді атап өтеді.  Ғ.Ғ.Ақмамбетов қазіргі өркениеттегі  индивидуалистік ұстанымдардыңмаңыздылығына  назар аударады. 

   Т.Ғабитов  этиканың жақсылық  пен жамандық , әдеттілік, ар, бақыт сияқты категорияларына  философиялық талдау бередіжәне әдептік  мәдени типтерге назар аударады. С.Мырзалы  өз зерттеулерінде өтпелі қоғамдағы  саясат пен моральдың арақатынасын зерделейді. Мектептерде “Әдептану” пәнінің енгізілуі  арнаулы оқу  құралдарын қажет етті. Бұл пәнге 

байланысты  қазақ тілінде алғашқы оқу  құралдары жарияланды.(Қ.Жарықбаев, Т.Ғабитов, Ж.Базарбаев, К.Оразбекова,т.б.). Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарды енгізу мен азаматтық- құқықтық қоғам құру міндеттеріне байланысты кәсіптік этикалық алғашқы зерттеулер жарияланды.( Т.Ғабитов, Т.Нұрахметов, Қ.Кемелбеков, А.Қанағатов, т.б.). Бұл еңбектерде еліміздегі моральдық ахуалға ғылыми талдау беріліп, өтпелі қоғамға тән ауытқушыл  қылықтың өрістеп кетуінің себептері  мен халықтың әдеп мәдениетінжоғарғы  деңгейге

көтерудің жолдары қарастырылды.

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақ этикасының қалыптасу тарихы.
  2. Ұлттық этиканың даму деңгейі.
  3. Қазақстандық мәденитанушылардың этикалық ойлары.
 

Әдебиеттер:

  1. А.Тулегенова., М.А.Тулегенова  Бизнес этикасы: Оқу құралы.- Қарағанды; ҚарМУ баспасы, 2006. -137бет

2. . М. Х. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури. Основы менеджмента. Москва, "Дело", 1992

3. Ф. Котлер. Основы маркетинга. Москва, "Прогресс", 1992

4. В. Хойер. Как делать бизнес в Европе. Москва, "Прогресс", 1990

 
 

№11 Қазақ ғұламаларының  этикалық ойлары.

 

Дәрістің  мақсаты: этикалық ойлардың даму жүйелілігіндегі сабақтастықты дала ғұламаларының еңбегіне сүйеніп ұғындыру.

Дәрістің  жоспары:

  1. VI-VIII ғ.ғ. дала ғұламалары

    2.XI-XIV ғ.ғ. ғұламалары

  1. XV-XVII ғ.ғ. ақын-жыраулары
  2. XIX ғасырдағы қазақ ғұламалары
  3. XX ғасырдың 1-ші жартысындағы қоғам қайраткерлері
  4. XX ғасырдың 2-ші жартысындағы қоғам қайраткерлері

    Дәріс  мазмұны:

  1. Қазақ даласы ойшылдарының мұраларынан кісілік, адамның рухани әлемі турасында мол мағұлмат аламыз. Өзге саясат пен бодандық

нәтижесінде қыспаққа ұшыраған халық ұлттық қалпын өзгертті. Өзгеше тірлік дүниетанымын ұлт санасын улады, болмыс-бітіміне елеулі өзгеріс енгізді, бұлар тарихи шындық.

     Қорқыт ата мұрасы тарихи тәжірибенің  өзіндік ерекшелігіне негізделген,  ол түрік қоғамының рухани  өмірі мен оның өзіндік болмысын, өзіне тән қалыптарын айқын  көрсетуімен құнды.

     Қорқыттың ой-пікірін философиялық  тұрғыдан, тұжырымдайтын ғақлия  сөздер, өсиет-нақылдар, қанағат сөз  тіркестері жиі ұшырасады. 

   Қорқыт  атаның нақыл сөздері, қағидалары екшелген  ойлардың нәтижесі. Мысалы «Анадан  өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай  бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге жарамайды. Ананың көңілі балада. Ұлың өсіп жетілсе, ол-отбасының мерейі, бас көзі ».

   Қорқыттың қоғамдық ойларын, шешендігін білдіретін мақалдарда ата 

мен бала, ер мен ел, жақсы мен жаман, салт сана сөз болады. Бұл қазақ мақалдарына  ұқсас, одан көшпелі салт, табиғат  иісі есіп тұрады. Қорқыт шығармаларында отбасындағы әйел-ананың орны туралы сөз болады. Ол әйел төрт түрлі болады, оның басы құт әйел, соңы қанағат  жоқ жұт әйел, одан қалса ығыр қылатын кесір әйел, тірлігін ұқсатпайтын  салақ әйел. Жақсы әйел – ерінің бар-жоғын білдірмей, елге аға болады дейді. Әйел ерге қорған, отбасының  тірегі болса, ол көшпелі өмір салты.

   Қорқыт  ата нақылдарында имандылық, кісілік, қанағатшылдық 

туралы  ой: «Тәніріне сиынбаған адамның  тілегі қабыл болмайды. Жігіт тірісінде  бір күн тыныштық көрмей, дүние  жияды, байиды. Бірақ соның ішінен өзіне тиесілі үлесін ғана алады. Менмен, тәккапар адамды тағдыр сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған  адамға тәңірі бақ бермейді»

   Дана  ойшылдың ата-ананы сыйлап, құрметтеу, үй-ішілік жарасымды қарым-қатынас, ұл мен қыз тәрбиесі, адамның әртүрлі  мінез-құлқы сипаттары жайында  айтқан тағылымдры өміршеңдігін жойған жоқ.

   2. XI-XIV ғасыр ғұламаларының психологиялық идеяларымен таныса отырып, Ж.Баласағұнидың «Құтты білік» еңбегінде : «адамдарды тәрбиелеу - мемлекет көздейтін негізгі шаралардың бірі, адамдар арасындағы зұлымдық атаулыны оқу-тәрбие арқылы жоюға болады. Адамдардың жақсы қылықтары мен қасиеттерін жетілдірсе, қоғамда, мемлекетте түзеледі» - деген идея аңғарылады.

   Дастанда  көтерілген тәлімдік маңызы зор келесі бір мәселе – адамның мінез-құлқы, оның қоғамдағы орны туралы еді. Жоғарыда аталған ғасырларда адамның қоғамдағы  орнына әлеуметтік тұрғыдан қарағандығын аңғару қиын емес.

   Ж. Баласағұн «Құтты білік» дастанын 1069 жылы Қашқар қаласында 

   жазған. Баласағұн ақиқатқа жету жолын адам мен әлемнің, ұлы адам ғалам, төрт құдірет – от, су. Ауа, жер жайлы  антикалық мұратқа сүйене отырып, ойшыл әлем осы ұштағанның араласуынан  жаралды, ал өмір солардың өзара қатыстылығының әрекеттесуі деп түсіндірді.

   Ғұламаның тектілік, адамгершілік қасиеттің туа  бітетіндігі мен қалыптасатыны  жайлы толғаныстары да аса маңызды. Ойшыл әр адамға тән туа біткен қайырымдылық пен зұлымдықты, яғни тумасынан қайтымды немесе зұлым  адамдарды, сондай – ақ тәрбие мен  өмір барысында пайда болатын, жастық шақта қабылданған қайырымдылық пен зұлымдықтың аражігін ажыратуды  сөз етеді.

   Баласағұн қайырымдылық әміршілердің туа біткен қасиеті деп біледі, әйтпесе дүние  быт-шыт болып, оның бір бөлігін  қайғы басқан болар еді деген  тұжырымға келді.

   Азғындап  туған адамдарды биологиялық  ауытқудың, табиғат қатесінің 

нәтижесі  деп білді. Философ бақыт пен  қайырымдылық ұғымына тоқтала келіп, «адам шапағаты арттағы ұрпақтарға тисе, мұра болып қалса, оның рухани өлмейтіндігі сөзсіз» деген тұжырым  жасайды.

   Адам  өмір мәніне жету үшін дұрыс тәрбиеленуі  керек. Ата-ана баласына шаңырақ  иесі, бабалар ісін жалғастырушы екендігін  ұғындыруы тиіс. Баланың дұрыс  адам блуы әке-шешенің парызы. Ұлы  ойшының дегдарлар тәрбиесін  көкпен теңеуі бекер емес. «Хақ (тәңірі) иесі - жанды –жансық ғаламның құлы соның бәрі жақсы-жаманның, ұл мен  қыздың өнегесі ата-ана бәрі бізден дұрыс па әлде қате ме» Ата-ананың ең басты парызы –баланы өткенге  парасатпен, терең сезім, құрметпен  қарауға тәрбиелеп, ата-баба аруағын  ардақтауға, салт-дәстүрлік киелі  нәрселерді құрметтеуге, отбасылық, қоғамдық дәстүрлер мен салт-жоралардың күрделі  жүйесін түйсіну сезіміне баулу. Ата-ана үйдегі, түздегі іс-әрекетімен, тұрмыс пен қоғамдық  орындарға  мінез-құлық этикасымен үлгі болуы  керек. Өсер ұрпаққа тұрмыстың қағидалық  қалыптары мен дәстүрлерінен  тағылым беруге тиіс. Балалардың  көз алдында өтіп жатқан әрекеттер  мен жағдайлардың күрделі жүйесі күнделікті өмірде қолданылатын мінез-құлық  үлгісін,дағды нұсқаларын береді. Бұл  әлеуметтік тіршілік әрекеттердің біліктілік пен болмыстық моральдың біртұтас ықпалын туғызады, дәстүрлі этиканы  түйсінуге жағдай жасайды.

Информация о работе Бухгалетлік есеп және аудит