Бухгалетлік есеп және аудит

Автор: x********@yandex.ru, 28 Ноября 2011 в 11:57, курсовая работа

Описание работы

Дәрістің мақсаты: Жалпы этика деген ұғым туралы туралы мағлұмат беру. Адамзат тарихында этика, мораль, имандықы мәселелерінің пайда болуынан хабардар ету. Кәсіби этика түрлері және оның ерекшеліктерін түсіндіру. Бизнес этикасының пайда болуы және даму тенденцияларын айқындау. Қоғамдық даму процестегі бизнес этикасының орнын белгілеу.
Дәрістің жоспары:
1.Бизнес этикасы дегеніміз не?
Жалпы этикамен байланысы, ерекшелігі.
3. Бизнес этикасы пайда болуының алғышарттары

Работа содержит 1 файл

11.docx

— 92.56 Кб (Скачать)

түрткілер пайда болады.

   Басты түрткілер (мотив): қажет сенім

                                        қызығу мұрат

                                        таным талғам

                                        мақсат мүдде (кредо) 

   Адамның сан ғасырлық тарихында адамгершілік пен имандылықтың

қозғаушы  күші – сенім. Сенім адамда біртіндеп  қалыптасады. Сенім өмір көріністерін топшылау – салыстыру- тәжірибе жинақтау – қорыту – сыннан өткізу.

   1. Сенім  - көзқарастар қақтығысында  шыңдалады. Сенім – адамның  ерік-жігер, қажыр-қайраттың қандай  екенін көрсететін, өмір сүру  мақсатына айналған өміршең білім.

Мифтік  сенім халықтың мифтік аңыздары негізінде  дамиды. Мифтік аңыздар халық санасында  тұтастыққа сақталған. Мысалы, қазақтың келіндері қай жаста болмасын, атасынын, әулеттің үлкендерінің есімін ешуақытта атамайды. Олардың өмірде жоқ екендігін біле тұра, естіп  қалады деген сенім берік орныққан, бұл мифтік сана нәтижесі.

   2. Мифтік сенім этикалық денгейде  қалыптасады. Бұл қоғамдық сипат  алуы. Мұндай денгейге жеткен  – дүниежүзінде еврей халқы  екендігіне дау жоқ

   3. Миф –мәңгілік ктегория. Миф- энергия көзі, рухани қуат. Адам мифтік сенім арқылы рухани қуаттанып, болашаққа сенеді.

   4. Мифтік  – атазаманғы уақыт туындысы. Алдымен әр адам өзін бағалап, өзіне сенуі шарт. Ұлт мифтік сенімнен айырылғанда күйреу алдында тұрады.

   Миф халық арасында екі жолмен тарайды: әулие  - алланың жолына түсу, батырлар әрекетіне сай ұрпақ тәрбиелеуге  ұмтылыс тууы.

    XXI ғасыр мифі: - ширығып алысқа  көз тіккен жолбарысқа сендіру,  жолбарыс болып ержетуге ұмтылдындыру, қам жасау.

     Жастардың тарихи санасын қалыптастыруда  олардың тарихи танымдарын дамытуымыз  керек. Тарихты тану кейбіреулердің  ойлағанынындай, тарихи оқиғалар  мен деректерді білу ғана емес, сол 

тарихи  оқиғалар мен деректер арқылы ақиқатқа жету…

   Бұл ойларды профессор Ж.Наурызбаев жан-жақты талдап мәдениетті тұлға  жайында:  « … өз мәдениетіне де тәнтті адам деп танимыз. Төл мәдениетті терең бәлу оған басқа мәдениеттерге қызығушылыққа іргетас қаласа, көп мәдениетті білу өз мәдениетін мақтан тұтуға негіз салады», - деп сипаттама береді.

Шындығында  жан-жақты мәдениет иесі тарихи сана белгілерін мол

менгерген адам. Басқаша, айтқанда тарихи сана-этикалық және жалпы мемлекттік сананың негізі. Ұлттық ой – сана, этностың мындаған жылдық аңыз этнос санасы, бейне-белгілері, наным-сенімдері халықтың тарихын  білу арқылы ғана ерекшеленеді.

   Халықтың  ұлттық ерекшелігін өткен ғасырдың екінші жартысында

қазақ даласында болып, халықтың салт-дәстүрі  мен әдет-ғұрпын терең зерттеген, өзінің «Из Сибири» деген еңбегінің  жазған неміс оқымыстысы, академик В.В.Радлов (1837-1918) атап өтуге болады.

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Жеке адам, тұлға, индивид ұғымдарына түсінік беріңіз.
  2. Қоғамдағы жеке адамның, тұлғаның қалыптасу заңдылығы.
  3. Тұлға бойындағы адами қасиеттер.

Әдебиеттер:

  1. А.Тулегенова., М.А.Тулегенова  Бизнес этикасы: Оқу құралы.- Қарағанды; ҚарМУ баспасы, 2006. -137бет

2. . М. Х. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури. Основы менеджмента. Москва, "Дело", 1992

3. Ф. Котлер. Основы маркетинга. Москва, "Прогресс", 1992

4. В. Хойер. Как делать бизнес в Европе. Москва, "Прогресс", 1990

 

№9 Моральдың ұлттық сипаты.

 

Дәрістің  мақсаты: халықтық және ұлттық моральдың ерекшелігіні ұғындыру, сана ұғымын ғылыми тұрғыда жан-жақты талдау.

Дәрістің  жоспары:

    1.Моральдық  сананың құрылымы туралы түсінік.

    2.Мораль – сананың бір формасы.

    1. Мораль және дін.

Дәріс  мазмұны:

   Жер бетіндегі тіршілік эволюцияның  қолы жеткен ең жоғары жетістігі –  ойлай білетін адамның дүниеге  келуі. Адам санасының қалай пайда  болғандығын ғылыми тұрғыдан бірден-бір  дұрыс түсіндіреген марксизм-ленинизм классиктері болды. Ғылыми психологиялық  сананың бақылауынан тысқары  тқратын психологиялық құбылыстар болатындығын жоққа шығармайды.

     Психолог- талдаушы, антрополог, Штайннің пікірінше:  «Этникалық тамыр табиғатта емес, адамдар санасында». Австрия психологы   З.Фрейд тұңғыш рет ғылымға  сана ұғымын енгізген.

     Ғылыми тұжырым: саналы және санадан тыс құбылыстар болатындығы.

   Жаңаша  ойлау бүкіл адамзатты нәсіліне, дініне шыққан тегіне қарамай 

ортақ түсінікке мәмілеге шақыру.

     Біздің ойлау жүйемізде  әлі  күнге дейін еркін ойлауға  жібермейтін тосқауыл бар. Ол -санамыздағы  идеологиялық  сірі түсінік (стереотип). Бұл

   әу  баста «ақ» пен «қараға» құрылған.

   Сана  дегеніміз – ең таяу ортаны тану және өзін түсіне бастаған индивидтен тыс басқа адамдармен және заттармен  арадағы шектеулі байланысты тану.

     Сана әр адамға тән дара  қасиет. Адамға – тән жеке сана - өзіндік – 

самосознание  – қоғамдық сана жеке санаға қоғамдық сана ықпал жасасйды. Екеуіне тән  ортақ нәрсе – қоғамдық болмыс.

   Тұжырым: адам сыртқы дүниені таниды, өзінің ақыл-ойын дамытады.

   Адам  санасы өте күрделі. Адам санасы қскен  орта, қоғамға, ұлттық ерекшелікке  байланысты. Сананың көрсеткіші: өзіндік  «мен» жалпы «мендер».

     Сана белгісі-алдына нақты мақсат  қою – орындауға кірісу –  себеп-салдарын түсіну – қателіктерін  түсіну – нәтиже.

   Өзіндік сана

   Сана  философиясындағы XXI ғасырдағы проблема: ғылым – ілім –дін.

   Саналық ілім дегеніміз  - адамға құпия болып  келген тылсым дүниені тану. Бір  өркениет мөлшері – 11-12 мың жыл.

     Рух

 
 
 
 

   әл-қуат               материя

 
 

   Адамның санамен тілдесуі. Эволюциялық процесті білмей тұрып, әлемді түзеу мүмкін емес. Шежіре айналымға түсетін рухани әлем. Тарихи сана өз жолында мына баспалдақтардан  өтеді: өмір-өлім, ұғымтал-ұмытшақ, ізігілік-зұлымдық, өсу-өшу. Бұл баспалдақтардан өту  пендеге борыш, парыз.

   Негізгі ұғымдар: халықтық талғам, ұлттық мораль, халықтық мораль, жалпыадамзаттық мораль.

   Моральдың ұлттық жүйесін ұғыну оңай шаруа  емес, оны әрбір ұлттың түпкі негізіне талдау жасау арқылы ғана жүзеге асыру  мүмкін. Жалпыадамзаттық және ұлттық моральдың бір-бірімен байланысы  өте тереңде, әрі жалпыға ортақ  ұғымдар баршылық. Мораль қасиеттері: мораль бәріне ортақ ізгілік, тұлғаны  бағалау, кісілікті құрметтеу.

   - барлық құбылыс жиынтығы мораль, мораль, этика ақиқатын ашады.  Мысалы, жаман адам болмайды, оның  қылығы мен пиғылы ғана жаман 

 

   болуы мүмкін.

   - ұлттық ерекшелікке тән жіктеушілік  бұл моральдың барлығына ортақ,  барлығының ізгілік алдында тең  екендігін дәлелдейді.

   - мораль талабы жалпыға ортақ.

   -  ұлттық мораль – тәртіптің  сыртқы формасы, ал жалпыадамзаттық  – ішкі көрініс алуы.

   Мыңдаған  ұлттар мен ұлыстардың талғам түсінігін , мәдени-рухани мұрасын саралау  арқылы әр ұлт өзіндік дүние екендігін  пайымдау қиын емес.

   Қоғамның  әр кезеңінде адамзат баласы небір  моральдық-этикалық талғамдарды бастан кешірді. Мысалы, бір ұлт үшін әйелдің  некелік адалдықты бұзуы сорақылық  болса, екінші бір ұлт үшін керісінше, «іскерлік» т.б. тарихи дерек: Палестинаны  басып алған рыцарлар арабтардың көп әйел алатындығына шошына қараса, ал арабтар француз әйелінің бетін  ашып жүруін нағыз әдепсіздік санаған.

   Тұжырым: әрбір ел, ұлт өзінің қылық қасиетін, ұғым түсінігін ең озық, ең адамгершілік деп есептеген.

   2. мораль, мәдениет түсінігі көп  жағдайда этика, талғам ұғымдарына  тәуелді. Көшпелі тұрмыста өмір  сүрген қазақ халқында өзіндік  ұлттық ерекшелік болған.

   Адамзат дамуы ХІХ ғасырдың ғылыми-техникалық жетістіктерін меңгергенге дейін  әр елдің өмір сүруіне лайықталған  салты, мәдениеті, моральдық-этикалық қарым-қатынасы қалыптасты. Жалпыадамзаттық  мәдениет үшін ұлттардың өзіндік  болмыс-бітімін бір-біріне таңу әбестік.

   Этнография  ғылыми халықтың этникалық тегін, рухани болмысын, мәдени талғамын, моральдық-этикалық қалыптарын саралайды. Мысалы, дәстүрдің  озығы бар, тозығы бар.  

 

Бақылау сұрақтары:

    1. Мораль этикалық категория.
    2. Қоғамдық сана құрылымы.
    3. Моральдың ұлттық сипаты.
 

Әдебиеттер:

  1. А.Тулегенова., М.А.Тулегенова  Бизнес этикасы: Оқу құралы.- Қарағанды; ҚарМУ баспасы, 2006. -137бет

2. . М. Х. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури. Основы менеджмента. Москва, "Дело", 1992

3. Ф. Котлер. Основы маркетинга. Москва, "Прогресс", 1992

4. В. Хойер. Как делать бизнес в Европе. Москва, "Прогресс", 1990

 
 
 
 

№10 Қазақ этикасының қалыптасуы.

 

Дәрістің  мақсаты: қазақ халқының этикалық ойларының қалыптасу кезеңдерінен хабардар ету.

Дәрістің  жоспары:

    1.Қазақ халқының  этикасы.

    2.Дала ғұламаларының  этикалық ойлары.

  1. Қазақ этикасының зерттелуі.

Дәріс  мазмұны:

   Қазақ этикасы – қазақ халқының ұлттық әдеп жүйесін, моральды, адамгершілікті  зерттейтін философиялық пән. Этика термині ежелгі грек тілінде “бірлесе өмір сүруші адамдар тобының мекен-жайы” дегенді білдірді, кейін әдеп туралы ілім мағынасында ие болды. Әдеп термині түрік халықтарының тіліне орта ғасырлардағы араб-мұсылман

мәдениетінің  ықпалымен енген. Көптеген мамандар этиканы әдептану деп аударып  жүр. Этика ұлттық сипаты айқындалған  ілімдер қатарына жатады .Өйткені  әр халықтың орналасу аймағына, тіршілік салтына өмір сүру дағдыларына байланысты ортақ мінез- құлық ережелері  жүріс- тұрысы, тыныс- тіршілігі қалыптасады. Қазақ этикасы өзінің көл- көсір  молдығымен де, адамгершілік қуат-тегеурінімен де, тарихи айқындылығымен де халықтың рухани өмірінде ерекше орын алды. Қазақ  этикасының ежелгі бастау қайнар көздері  үш мың жылдар Еуразияның Ұлы даласында  өркендеген  скиф-сақ, ғұн, үйсін, қаңлы  мен түрік бірлестіктерінің мол  мәдениетінен нәр алады. Осыдан 260 жыл  бұрын өмір сүрген скиф-сақ ойшылы, “ұлы жеті ғұламаның бірі Анархсис (Анарыс) өзінің әдеп және адамгершілік туралы терең пікірлерін айтқан. Мысалы, маскүнемдік туралы ол былай деген: “Бірінші тостақты, әдетте, денсаулық  үшін, екіншісін – рахатқабату  үшін, үшіншісін- ардан таза болу үшін, төртіншісін – ақылдан алжасу үшін ішеді”. Кіндік Азиядан табылған түріктердің атақты Құлтегін, Тоныкөк  жазуларында татулық, бақыт, дәулет секілді әдеп ұғымдары кездеседі. Қазақ  этикасының қалыптасуына Қорқыт ата  үлкен үлес қосты. Оның үлгі-өнеге, өсиет-нақыл  сөздері қазақтармен қатар түрік  халықтарында кең таралған. Қазақ  топырағың әдептануды арнаулы ілім ретінде қарастырған ғұлама- философ, әмбебап ғалым - Әбу Насыр әл-Фараби. Ол этиканы жақсылық пен жамандықты айыруға мүмкіндік беретін ғылым  деп қарастырады. Оның түсінігінше, адам жаратылыста ең қасиетті жан. Сондықтан  үлкен құрметпен қарау керек. Жақсылық дегеніміз білім, мейірбанды, сұлулық бірлігінде жатыр. “Бақытқа жол сілтеу” трактатында  ойшыл  баянды тіршіліктегі адами бақыт  туралыз сөз қозғайды. Түрлі халықтарының этикасын дамытуға үлкен үлес қосқан ғұламалар қатарына Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Қожа Ахмет Иасауи, Ахмет Иүгінеки, Сүлеймен Бқырғани және т.б. жатады. Қазақ хандығы қалыптасқан  кезден бастап қазақ этикасы негізінен  ақын-жырауларды даналық насихат  жырларында дамыды. Олардың 

Информация о работе Бухгалетлік есеп және аудит