Бухгалетлік есеп және аудит

Автор: x********@yandex.ru, 28 Ноября 2011 в 11:57, курсовая работа

Описание работы

Дәрістің мақсаты: Жалпы этика деген ұғым туралы туралы мағлұмат беру. Адамзат тарихында этика, мораль, имандықы мәселелерінің пайда болуынан хабардар ету. Кәсіби этика түрлері және оның ерекшеліктерін түсіндіру. Бизнес этикасының пайда болуы және даму тенденцияларын айқындау. Қоғамдық даму процестегі бизнес этикасының орнын белгілеу.
Дәрістің жоспары:
1.Бизнес этикасы дегеніміз не?
Жалпы этикамен байланысы, ерекшелігі.
3. Бизнес этикасы пайда болуының алғышарттары

Работа содержит 1 файл

11.docx

— 92.56 Кб (Скачать)

№ 1.  Бизнес этикасы туралы түсінік және оның пайда болуы. 

Дәрістің  мақсаты: Жалпы этика деген ұғым туралы туралы мағлұмат беру. Адамзат тарихында этика, мораль, имандықы мәселелерінің пайда болуынан хабардар ету. Кәсіби этика түрлері және оның ерекшеліктерін түсіндіру. Бизнес этикасының пайда болуы және даму тенденцияларын айқындау. Қоғамдық даму процестегі бизнес этикасының орнын белгілеу.

Дәрістің  жоспары:

       1.Бизнес этикасы дегеніміз не?

  1. Жалпы этикамен байланысы, ерекшелігі.

       3. Бизнес этикасы пайда болуының  алғышарттары 

Дәріс  мазмұны: Этика дегеніміз мораль жайындағы ғылым. Сонымен қатар ол оның даму ерекшеліктерін айшықтайды. Грек тілінің салт, әдет, әдеп деген мағынаны білдіретін этика сөзі бүгінде ғылыми термин ретінде қолданылып келеді. Этика – шын мәнінде нормалық ғылым болып табылады және оны кейде мораль философиясы деп те атайды.   
Этиканың мақсатының өзі адамдарға мораль жайындағы білімді таратумен қатар оған ар ұжданы биік игілікті істерді жасайтын әдетті қалыптастыруға бағыттайды. Этиканың негізгі функциясы адамның өзін өзі ұстауы мен алып жүру норманы қалыптастыруға бағытталады.  Этика қоғамдық моральды тудыруға оны дамытуға басты назар аударады. Белгілі бір ұйым, мекеме өз қызметкерлерінің моралін дамытпайынша қызмет көрсету орындары өз істерінде ғылыми техникалық прогресті енгізуі мүмкін емес.  

    Этиканың  қарапайым нормасы деген бір  ұғым бар. Алайда мұндағы «қарапайым»  деген сөз этикалық моральдық  норманың маңыздылығын төмендетпесе керек.  Керісінше,  жеке тұлғаның күнделікті мінез-құлқын жалпылама түрде үйлестіретіндей  практикада жиі қолданылатындығын  білдіреді. Олай болса, әсіресе, адаммен  тікелей қатысты іс әрекет жүргізетін қызметкерлер үшін бұл жайында біліп, оны басшылыққа алғаны абзал. Моральдық  қарапайым  нормалар әртүрлі формада көрініс табады.  Айталық, әділ адал, бауырмал, адамға көмектесуге даяр тұратын, қарттарды сыйлайтын т.с.с.  

    Әлем  халықтарының барлығының моральдық  заңдылықтарында жағымпаздықты, дүниеқоңыздықты, сараңдықты, анайылықты, жемқорлықты, қатыгездікті айыптайды.

    Моральдық қарапайым нормалар адамдар арасындағы қарым-қатынасты оңайлатуға бағытталған  мінез құлықтың қолайлы базасы бола алады. Моральдық қарапайым нормалардың  қатарына Інжілдің 10 қағидасын жатқызуға  болады. Сонымен қатар моральдық  қарапайым нормалар туралы ұлы ойшылдар да өз кезегінде айтып кеткен. Мысалы,  
- "Моральды кірлету – оны жөнге келтіруден әлде қайда оңай " (Л. Вовенарг ) 
«Кез келген адамның моральдық тәрбиесі этиканы жақсартудан емес, керісінше, ой мен санасын өзгертеуден басталады» (И. Кант) 
«Моральды көтеру арқылы шешуге болатын дүниелерді заңмен қарастырудың қажеті жоқ» (Ш. Монтескье).  

    Моральдық қарапайым нормаларды қалыптастыру дегеніміз әрбір адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына маңызды  кепілдік болып табылады. Мұндай нормаларды бала кезінен қалыптастырып, дұрыс  тәрбиелемесе кейін «мінезі жаман» немесе «қиын адам» деген атпен  топ ортадан шеттетілетін болады. Мінез құлқы жайсыз қызметкер  қоғамдық қарым қатынаста қолайлы  аура тудырмайды. Еңбек ұжымы ішінде дау дамай тудыруы мүмкін. Ал, бизнес пен қызмет көрсету саласында  ондай адамдардың табысқа жетуі  мүлде неғайбыл жағдай.  

Бақылау сұрақтары:

        1.Бизнес этикасы дегеніміз не?

    2.Жалпы этикамен  байланысы, ерекшелігі.

       3. Бизнес этикасы пайда болуының  алғышарттары 

Әдебиеттер:

  1. А.Тулегенова., М.А.Тулегенова  Бизнес этикасы: Оқу құралы.- Қарағанды; ҚарМУ баспасы, 2006. -137бет

2. . М. Х. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури. Основы менеджмента. Москва, "Дело", 1992

3. Ф. Котлер. Основы маркетинга. Москва, "Прогресс", 1992

4. В. Хойер. Как делать бизнес в Европе. Москва, "Прогресс", 1990  
 

      №2 Этика ұғымы және оның заты. 

Дәріс мақсаты:  Этика ұғымының  пайда болу кезеңін анықтап білу.

    Дәрістің  жоспары:

    1.Этика  түсінігі.

    2.Этиканың  қалыптасуы мен даму кезендері.

    3. Қазіргі  этика теориялары. 

    Дәріс  мазмұны:

      Этика қатынас этикасы адам мен қоғам мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылатын адамдардың ішкі қатынастарының пайда болу процесін реттейтін өзін - өзі ұстау ережелерінің жиынтығы.

    Этика адамның сыртқы келбетінің элементі ретінде ішкі мәнімен сәйкес бола бермейді, бала күнінен дипломатиялық  қатынастардың даналығын сіңіріп  өскен адам өнегесіз, адамгершіліксіз, менменшіл болып қалуы мүмкін. Бірақта осындай адамның мәдениетті, тәрбиелі болуы екіталай. Өзге адамдарға  деген шынайы силастықтың сыртқы көрінісінде, адамның өзіндік абыройына, көмекке әзірлігі, қолдаушылық сияқты мінез – құлықтық мазмұнға ие болғанда өзін - өзі ұстаудың сыртқы нысаны шынайы мәдениеттің элементі мен көрсеткіші болып табылады.

    Адамның өзін - өзі ұстауында сыртқы және ішкі бірлігі екі жарым мың  жыл бұрын «мінез – құлықтың алтын  ережесінде», «Басқалардың өзіңе қандай қарым – қатынаста болсын десең, басқаларға да сондай қарым – қатынаста  бол» дегенді білдіреді. Біз бұл  қағиданы Конфуцидің ілімінде, ежелгі индия эпосы «Махабхараттан»  және Библиядан да кездестіреміз. Өзіндік  абыройын сезіну адамның өзін - өзі  бағалауын бекітетін этиканың негізі болып табылады. Адамдарға қатысты  әдептілік, шынайылылық, табиғилық, ілтипаттылық (этиканың маңызды кредосы) қарым  – қатынастағы мәнерлілік пен  жалғандылықты айыптайтын этиканың маңызды кредосы.

    Көбінесе  қазіргі заманғы этиканың мінез  – құлықтық шарттастығы жақсы  мәнер мен өзін - өзі ұстау ережелерін зеріккен мырзалар немесе әлеуметтік топтардың назымен қалыптасқан  жоқ, ал адамдардың объективті қажеттіліктерін  реттеп, жоғарылатудың күшімен, өзін - өзі құрметтеуге, басқа адамдардың қадірлеуі мен тануы, қарым –  қатынас пен бауырмалдылықты  әлеуметтік қамсыздандырып, оларды жылы және адами ету болып табылады. Әсіресе, бізге бұл қажеттілік қазір  қоғамымызды менмендік пен бөлектенушілік меңзегенде аса қажет, ал альтруизм  ұғымы келмеске кеткен сияқты.

    Қазіргі заманғы жеке әлеуметтік топтардың  кәсіби ерекшеліктері мен қоғамның кейбір өмірлік қызметінің аясындағы  кәсібилік сияқты өмірлік жағдайлардың ерекшелікреімен айқындалатын этикеттің  әртүрлі нысандары. Сондықтан, бүгінгі  күні этикетті кәсіби, қызметтік, ғылыми, медициналық, дипломатиялық және т.б. түрлерге бөледі.

    Этика – Мораль және адамгершілік туралы ғылым. Іскерлік қатынас этика терминін философияға алғаш енгізген адамзаттың Ұлы ұстаздарының бірі – Аристотель.

     Іскерлік  қатынас этикасы деп – этикалық ізгіліктерді зерттейтін ғылымды айтқан.Ол бойынша адам бойындағы ізгіліктер екі негізгі түрден тұрады:

     1.Этикалық  ізгіліктер.

     2.Дианоэтикалық  ізгіліктер.

     Этикалық  ізгіліктер адамның мінез-құлқына, күш-қуатына байланысты болады. Олар мыналар: жомарттық,батылдық,шыншылдық.

     Ал  Дианоэтикалық ізгіліктер адамның  ақыл парасатына байланысты дүниелер. Олар мыналар болып есептеледі:Ақыл мен парасат.

       Этиканың негізгі зерттейтін  пәні  Мораль болып табылады.Ол  адамзатпен бірге бірігіп этиканы  құрайды.

     Адамгершілік – адамгершілік құлық жеке адамның қоғамда өмір сүре алатын басқалармен қарым – қатынаста болатын қабілеті.Ол адамдардың ішкі дүниесінің көрінісі.

         Ал мораль өзінің мәні жағынан  жеке тұлғамен қауымның  адам  мен азаматтың арасындағы ізгілік  ережелерінің жиынтығы.

Этиканың қалыптасуы мен даму кезендері.

       Этика ғылым ретінде ежелгі  Грецияда қалыптасқан.Этиканың негізгі  элементтері Платонның, Аристотельдің  еңбектерінде кездеседі. Этика  Грек тілінен аударғанда  «Әдеп»  дегенді білдіреді. 

     Этика Ежелгі Грецияда философиялық ғылым  ретінде пайда болған екен. Ежелгі Греция құл иеленушілік мемлекет болған еді.Сондықтан ол  Ежелгі Грецияда орнаған әлеуметтік теңсіздікті  қалыпты жағдай екендігіне сенімді  болды.Мысалы:Аристотель әрбір осы  Ежелгі Грециядағы адам белгілі бір  Полистің мүшесі болу керек деп білді.

     Полистің  мүшесі емес құлдарды ол адам қатарына қосқан жоқ еді.

     Аристотель  Этикасында «Құбатөбел», немесе «Алтын орта» ұстанымы ізгіліктерді анықтаушы  маңызға ие болды.Өиткені Аристотельдің  айтуынша екі шеткі күйлердің  ортасын таба білгенде ғана адам ізгілікке  жетеді – деген екен.

     Мысалы: Жомарттық малшашпақ пен дүниеқоңыздықтың орта шені,Батылдық, Көзсіз батылдықпен  Қоянжүрек қорқақтықтың дәл ортасы.

     Жалпы Антикалық этикаға байланысты оған тиесілі ең негізгі 3-мұрат бар.

     1.Адам  мен Полис бірлігі.

     2.Адамның  құдіретіне өзін-өзі жетілдіру  қабілетіне мейліншесену.

     3.Эвдомоманы  яғни бақытты адам мұраттарының  ең биік шыңы деп тану.

     Қазіргі этика теориялары.

       Қазіргі этика адамзат тарихының  ежелгі кезеңімен өте тыгыз  байланысты. Қазіргі кезде этиканың  ең басты пәні Мораль.Ол күнделікті  этикетпен тығыз байланысты.

     Коптеген  философиялық,теориялық пәндермен  салыстырғанда этиканың категориялары  күнделікті тілде кең пайдаланылатын сөздерден тұрады.Олар: Достық,Махабат,Жомарттық, ізгілікпен пен зұлымдық,ұят,абырой,парыз, Әділеттілік бақыт.

     Қазіргі нарықтық эканомика жағдайында іскерлік қажетті қасиеттердің біріне айналып отыр. Іскер деп – нарық экономикасына әбден бейімделген өз ісін жетік білетін адамды айтады. Іскерліктің маңызды ұстанымына Сенім жатады.Әріптес адамдар арасында сенім болмай іс оңға баспайды.

     Жалпы сенім -  адамдардың қарым-қатынасын  мүмкін ететін фактор.

     Әдеп  – қазіргі этиканың маңызды ұстанымы болып табылады. Әдеп амандасудан  басталады.Қазіргі кездегі этика  халықаралық қарым-қатынаста ереже  ретінде кең қолданылады.Мысалы Мемлекет және Үкімет басшылары,Министрлер,Елшілер  кездесу өткізгенде белгілі-бір  әдеп ережелерін сақтай отырып кездесу  жүргізеді. Қазіргі кезде дін,құқық, өнер сияқты Моральда қоғамдық сананың  бір формасына айналды.Көптеген ерекшеліктермен қатар Мораль басқа  қоғамдық сана формасымен тығыз байланыста дамиды.

           Қазіргі біздің қоғамда Этика  дін мен де тығыз байланысты.Мысалы: Исламның этикалық тұрғыдан қарастырған  өлшемдері Мораль нормаларына  да қатысы бар. Өйткені Ислам  діні қазіргі кезде әділеттілікті,бейбітшілікті  кеңінен марапаттайды.

          Қазіргі этика күнделікті адамдар  арасында кеңінен этикет түрінде  қолданылады.

     Мысалы: Бақыт дегеніміз бұқара санасында  бақытқа мынадай 4 түсініктеме берілген.

     1. Бақыт дегеніміз – жолы болып  жұлдызы жаңғандық.

     2. Бақыт дегеніміз – Қуаныш, Ләззат  және жан қызығы.

     3. Бақыт дегеніміз – Ең жоғарғы  ізгілікке қол жеткізу.

     4. Бақыт дегеніміз - өз-өзіңе,жалпы  өмірге көңілі толған төрт  құбылаң түгелдік күйі. 

     Бақылау сұрақтары:

  1. Этикадегеніміз не?
  2. Этика бойынша ізгіліктің қандай түрлері бар?
  3. Антикалық этикада неше мұрат анықталған?
  4. Әдеп дегеніміз не?
 

    Әдебиеттер:

  1. 1. А.Тулегенова., М.А.Тулегенова  Бизнес этикасы: Оқу құралы.- Қарағанды; ҚарМУ баспасы, 2006. -137бет

2. . М. Х. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури. Основы менеджмента. Москва, "Дело", 1992

Информация о работе Бухгалетлік есеп және аудит