Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2012 в 12:16, дипломная работа
Салық кодексі салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік катынастарын, сондай–ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының салық зандары Салык кодексінен, сондай–ақ қабылдануы Салық кодексінде көзделген нормативтік құқықтык актілерден тұрады.
КІРІСПЕ.................................................................................................................................................
1 БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бюджетпен есеп айырысудың мәні мен мазмұны................................ ..............
1.2 Бюджетке төленетін міндетті төлемдерді есептеу ерекшіліктері...............
1.3 Салық есептілігі................................ ................................ ................................ ............................
2 «ERK–TRUST» ЖШС–де БЮДЖЕТПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕСЕБІ
2.1 «ERK–TRUST» ЖШС–нің қаржылық–экономикалық сипаттамасы......
2.2 Бюджетпен тікелей салықтар бойынша есеп айырысу есебі.........................
2.3 Бюджетпен жанама салықтар бойынша есеп айырысу есебі.........................
3 «ERK–TRUST» ЖШС-де БЮДЖЕТПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Бюджеттік төлемдерді талдау................................ ................................ ............................
3.2 Бюджетпен қарым-қатынас есебін жетілдіру жолдары................................ ....
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................ ....................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗІ........................................................................
2-кестеде келтірілген мәліметтерде кәсіпорынның мүліктік жағдайын сипаттаушы көрсеткіштер әртүрлі мәндерге ие болып отыр. Бұл үш жылда да мүлік пен негізгі құралдардың коэффициенттері шекті мәнен жоғары. 2009 жылы активтер құнының 85% өндірістік бағыттағы мүліктен құрылады. Негізгі құралдардың нақты құнының, жарамдылық пен негізгі құралдардың тозу коэффициенттері салыстырылған үш жылда да талаптарға жауап береді. Жыл соңында құралдардың нақты құнының коэффициенті 2007 жылы 86% болса, 2009 жылы 82% жетті. Негізгі құралдардың жарамдылық коэффициенті 2008 жылы 74% құраса, 2009 жылы 79% болды. Бұлар кәсіпорынның мүліктік жағдайының оң бағытқа өзгергеніне дәлел бола алады.
Кәсіпорынның авансталған капиталдың құрамы мен құрылымы 3-кестеде келтірілген:
Кесте 3 – Кәсіпорынның авансталған капиталының құрамы мен құрылымы
Капитал көздері | Сомасы, мың тг | Құрылымы, % | Құрылымның өзгерісі, (+;- %-к пункт) | |||||
2007 жыл | 2008 жыл | 2009 жыл | 2007 жыл | 2008 жыл | 2009 жыл | |||
2008–2007 жж. | 2009–2008 жж. | |||||||
Меншікті капитал | 4978,4 | 6487,9 | 6775,6 | 91,9 | 94,9 | 94,2 | +3,03 | -0,84 |
Тартылған капитал | 435,9 | 342,1 | 422,0 | 8,1 | 5,1 | 5,8 | -3,03 | +0,84 |
Барлығы | 5414,3 | 6830,0 | 7197,6 | 100 | 100 | 100 | х | х |
3-кестеде берілген көрсеткіштерді талдай отырып кәсіпорынның үш жылдағы капитал көздерінің басым бөлігін меншікті капитал үлесіне келіп отыр. Әрине бұл субъект үшін оң фактор болып отыр, өйткені кәсіпорын өз міндеттемелерін уақытында толығымен орындауға тырысады. 2008 жылы меншікті капитал сомасы 2007 жылмен салыстырғанда 1509 мың теңгеге артты, 2009 жылғы капитал мөлшері 2008 жылдан 287 мың теңгеге жоғааылады. Өз кезегінде кәсіпорын үшінші жактан қарыздарды алуды азайтты. Бұл кәсіпорынның сыртқы қарыз көздерінен тәуелсіздігін, қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын 4-кестеде келтірілген көрсеткіштер арқылы көруге болады.
Кесте 4 – Кәсіпорынның 2007-2009 жж. қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштері
Көрсеткіштер | Мәні | Шекті мәні | ||
2007 жыл | 2008 жыл | 2009 жыл | ||
Қаржылық тәуелсіздік коэффициенті | 0,92 | 0,95 | 0,94 | >0,5 |
Қаржылық тәуелділік коэффициенті | 0,08 | 0,05 | 0,06 | <0,5 |
Қаржыландару коэффициенті | 11,4 | 18,9 | 16,0 | >1 |
Қаржылық тәуекел коэффициенті | 0,09 | 0,05 | 0,06 | <1 |
Қаржылық тұрақтылық коэффициенті | 0,92 | 0,95 | 0,94 | >0,9 |
Маневрлік коэффициенті | 0,06 | 0,04 | 0,04 | >0,5 |
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының жағдайы қаржылық коэффиценттері жүйесімен сипатталады. 4-кестедегі талдау мәліметтері бойынша кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы жоғары деуге болады.
Меншікті және тартылған капитал қатынасы 2007 мен 2008 жылдары кәсіпорынның меншікті қаражаттары қарыз капиталынан 11,4 және 18,9 есе, ал 2009 жылы ол 16 есе артық екенін көрсетеді.
Кәсіпорынның болашақта күтілетін төлем қабілеттілігіне сипаттама беру үшін баланс негізінде активтердің өтімділігіне талдау жасау қажет. Активтердің өтімділігі – ол активтердің ақша қаражаттарына айналу мүмкіндігі мен жылдамдығы. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудың басты көрсеткштерінің бірі оның төлем қабілеттілігі. Болашақта күтілетін төлем қабілетіне сипаттама беру үшін баланс негізінде активтердің өтімділігіне талдау жасау қажет. Активтердің өтімділігі ол активтердің ақша қаражаттарына айналу мүмкіндігі мен жылдамдығы, ал кәсіпорын өтімділігі оның өз міндеттемелерінің уақытында өтеу мүмкіншілігі.
Өтімділік көрсеткіштерінің деңгейі мен динамикасын 5-кесте мәліметтерінен көруге болады.
Кесте 5 – Серіктестіктің төлем қабілеттілігінің көрсеткіштері
Көрсеткіштер | Мәні | Шекті мәні | ||
2007 жыл | 2008 жыл | 2008 жыл | ||
Абсолютті өтімділік коэффициент | 0,06 | 0,03 | 0,02 | >0,2 |
Жылдам өтімділік коэффициенті | 1,13 | 0,97 | 1,08 | >1 |
Ағымдағы өтімділік коэффициенті | 1,65 | 1,77 | 1,73 | >2 |
Жалпы өтімділік коэффициенті | 0,89 | 1,23 | 1,12 | >0,9 |
5-кестедегі мәліметтер бойынша абсолютті өтімді активтер ең жедел міндеттемелерді жаба алмайды. Ең өтімді активтердің үш жылда да жетіспеушілігі байқалады. Қысқа мерзімді дебиторлық берешектер мен қысқа мерзімі қарыздар талапқа сай келіп отыр. Кәсіпорынның дебиторлық қазырдары оның қысқа мерзімді несиелер бойынша қарыздарды толығымен жаба алатынын көруге болады.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілік деңгейі жыл сайын өзгеріске ұшырап отырғанын көруге болады.
Берілген көрсеткіштер тек кәсіпорын өзіне ғана емес, сыртқы талдау субъектілері үшін де қызығушылық туғызады. Абсолютті өтімділік коэффициенті мердігерлер мен жабдықтаушылар үшін, жылдам өтімділік коэффициенті бактен үшін, ал ағымдағы өтімділік коэффициент болашақ инвесторлар үшін маңызды.
2.2 Бюджетпен тікелей салықтар бойынша есеп айырысу есебі
Қазақстан Республикасының Салық заңнамалары салықтарды бірнеше белгілер бойынша жіктейді. Салықтар салық салу объектісі немесе өндіріп алу тәсілі бойынша тікелей және жанама болып бөледі.
Тікелей салық – тікелей табыс немесе меншік иеленушілерден алынады, яғни, салықтар төлем қабілеттігіне тікелей пропорционалды болады. Оған жататындар: корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары, әлеуметтік салық, жер мен көлік құралдарына салық.
Тікелей салықтың өзі нақты және дербес салықтар болып бөлінеді. Нақты салық – мүлікке салынатын салықты айтады. Нақты салықтарда мүмкіндіктер сыртқы белгілеріне қарап, алынады, яғни салық салуда салық объектісі назарға алынады. Бұл салықтарға мүлікке, көлік құралдарына және жерге салық қатысты.
Дербес салық – салық төлеушілердің табыстарына салынатын салықтарды атауға болады. Дербес салықтарда тек табыс қана емес, сонымен бірге салық төлеушінің қаржылық жағдайы да ескеріледі.
Қазақстан Республикасында дербес салықтарға келесі салық түрлері жатады:
– корпоративтік табыс салығы;
– жеке табыс салығы;
– әлеуметтік салық.
Дербес салықтың нақты салықтан айырмашылығы салық төлеушілердің нақты төлем қабілеттілігін көрсетеді, яғни салық төлеудің көзі болып олардың алған табысы саналады. Сондай-ақ, дербес салықтар салық төлеушілердің табыстылығын есептеуде де көмектеседі. Бірақ бұл жерде салық төлеушілердің салық салынатын объектілерінен алынатын табыстарының орта есебі алынады.
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда арнайы бағдарлама қабылданып электронды үкімет жүйесі қарқынды дамып жатыр. Жылдық және тоқсандық салық есептілікті салық қызмет органдарына тапсыру үшін арнайы «Салық салушының Кабинеті» деген бағдарлама арқылы интернет желісін қолданады. «ERK–TRUST» ЖШС–де салықтық есептілікті ұсыну үшін Салық есетілігін өңдеу (СОНО) жүйесі қолданылады.
Ал салықтарды бухгалтерлік регистрлер негізінде жасалған салық есептілігін қолдана отырып, кәсіпорынға қызмет көрсететін банкке электронды талап тапсырмасын жіберіп, банк ағымдағы шоттан салық органының банкісіне ақша аударады.
Корпоративтік табыс салығы.
Корпоративтік табыс салығын салу объектілері мыналар болып табылады:
1) салық салынатын табыс;
2) төлем көзінен салық салынатын табыс;
3) Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы.
Салық салынатын табыс Салық Кодекстің 99–бабында көзделген түзетулерді ескере отырып жылдық жиынтық табыс пен көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.
2010 жылы салық төлеушiнiң Салық Кодекстiң 133–бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына және Салық Кодекстiң 137–бабында белгiленген тәртiппен ауыстырылатын залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 20 проценттiк ставка бойынша салық салуға жатады. Ал 2008 және 2007 жылдары корпоративтік табыс салығының мөлшері 30 пайызды құрады.
Корпоративтік табыс салығы үшiн 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салық кезеңi болып табылады.
Кәсіпорынның жылдық табысы Қазақстан Республикасында алынуға жататын табыстардан тұрады.
Кәсіпорынның жылдық жиынтық табысына: жөнелтілген өнімдер, атқарылған жұмыстар, көрсетілген қызметтер және басқа да операциялар үшін, салық төлеушінің алуына жататын ақшалай немесе басқа қаражаттар, өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберілген, тікелей не жанама түрінде шығындарды өтеуге жіберілген қаражаттар кіреді. Кәсіпкерлік қызметтерден түсетін кірістерге: өнімді сатқаннан, қызмет көрсеткеннен түсетін кірістер; ғимараттарды, қондырғыларды сату кезінде құнының өсуінен, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерден инфляцияға байланысты олардың құндарына түзетулерді есепке алу барысында түскен кірістер; басқа да сатудан түскен тыс кірістер, соның ішінде: проценттер бойынша кіріс; дивиденттер; ақысыз алынған мүліктер мен ақша каражаттары; мүліктерді жалға беруден түсетін кірістер; роялити; мемлекеттен және басқа да занды тұлғалардан алынған жәрдем ақшалар; кәсіпкерлік кызметтен немесе оның қызметін шектеуден алынған кірістер; қарыздарды есептен шығарудан түскен кірістер жатады.
Кәсіпорынның табысты алу мақсатында жасалған қызметпен байланысты шығындар салық салынатын табысты анықтаған кезде шегеріледі.
Шегерімдер табыс алуға бағытталған қызметтерден нақты шығындарды дәлелдейтін кәсіпорынның бухгалтерлік есепте көрсетілетін құжаттар негізінде жасалады. Нақты шығындар пайда болған салық кезеңінде ғана шегеріледі.
Информация о работе Бюджетпен есеп айырысу есебі және аудиті