Бюджетпен есеп айырысу есебі және аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2012 в 12:16, дипломная работа

Описание работы

Салық кодексі салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік катынастарын, сондай–ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының салық зандары Салык кодексінен, сондай–ақ қабылдануы Салық кодексінде көзделген нормативтік құқықтык актілерден тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................................................

1 БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бюджетпен есеп айырысудың мәні мен мазмұны................................ ..............
1.2 Бюджетке төленетін міндетті төлемдерді есептеу ерекшіліктері...............
1.3 Салық есептілігі................................ ................................ ................................ ............................

2 «ERK–TRUST» ЖШС–де БЮДЖЕТПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕСЕБІ
2.1 «ERK–TRUST» ЖШС–нің қаржылық–экономикалық сипаттамасы......
2.2 Бюджетпен тікелей салықтар бойынша есеп айырысу есебі.........................
2.3 Бюджетпен жанама салықтар бойынша есеп айырысу есебі.........................

3 «ERK–TRUST» ЖШС-де БЮДЖЕТПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Бюджеттік төлемдерді талдау................................ ................................ ............................
3.2 Бюджетпен қарым-қатынас есебін жетілдіру жолдары................................ ....

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................ ....................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗІ........................................................................

Работа содержит 1 файл

Работа.doc

— 534.00 Кб (Скачать)

Қосылған құнға салынатын салық "Қосылған құнға салынатын салық" шотында есептеледі. Бұл пассивтік шот болғандықтан кредитіне салынған салық сомасы, ал дебитіне бюджетке аударылған және субъектінің жабдықтаушыларға тиісті түрде ресімделген салық шоты бойынша төлеген сомалары жазылады.

Акциз салығы. Акциздік салық дегеніміз - сатылатын тауарлардың бағасына қосылатын, сатып алушы төлейтін салық болып табылады. Акциз салығы Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға салынады. Яғни спирттің барлық түрлері, темекі өнімдері,құрамында  темекісі бар басқа да өнімдер және күнделікті қолданылмайтын басқа да бұйымдар жатады.

Акцизделмейтіндерге мыналар жатады:

–       акцизделген тауарларды сыртқа (экспортқа) сатқан жағдайда;

–       мемлекеттік өкілетті органдармен анықталған квота шегіндегі этил спирттері;

–       медицинаға арналған құрамында спирт бар өнімдер.

Қазақстан Республикасы аумағында акцизделуге жататын тауарларды өндіретін немесе акциздеуге тиісті тауарларды импорттайтын немесе Қазақстан Республикасы аумағында ойын бизнесін жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар акциз салығын төлеушілер болып табылады /15/.

Акциз ставкалары Салық Кодексінің 280-бабында көрсетілген мөлшерлемелерде төленеді. Акцизделетін тауарларға акциз есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 15-нен кешіктірілмей бюджетке аударылуға жатады.

Көлік құралына салынатын салық. Көлік құралына салық төлеуші болып иелігінде салық салынатын объектілері бар жеке тұлғалар және иелігінде салық салынатын объектілері бар, оларға шаруашылық жүргізуге және оларды жедел басқаруға құқылы заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері болып табылады. Көлік құралдарынан түскен салықтар жолды жөндеуге жұмсалады және жер мен мүлік салықтарымен бірге бюджекте түсетін жергілікті салық болып саналады.

Бұл салықты төлеушілердің қатарына жатпайтындарға келесілер табылады:

– Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен көлік құралдарында қажеттілігі бар нормативтерінің межесінде бірыңғай жер салығын төлеушілер;

– ауыл шаруашылық өнімдерің өндірушілер, оның ішінде өз ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру барысында қолданатын арнайы ауыл шаруашылық техникасы бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер. Арнайы мамандандырылған техниканың тізбесі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді;

– мемлекеттік мекемелер;

– Ұлы Отан соғысы ардагерлері және оларға теңдестірілген тұлғалар -салық салынатын объекті болып есептелетін бір көлік құралы бойынша;

– мүгедектер - иеліктеріндегі салық салынатын объекті болып есептелетін бір көлік құралы - мотоколяска немесе автокөлік бойынша;

– Кеңес Одағының Батыры және Социалистік Еңбек Ері, «Халық каһарманы» атағы бар тұлғалар, үш дәрежелі Даңк орденімен, «Отан» орденімен марапатталғандар, «Ардақты ана» атағы бар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар - салық салынатын объекті болып есептелетін бір көлік құралы бойынша;

– жеке тұлғалар – ауыл шарушылық құрылымынан шыққан кезде үлесі ретінде алған жеті жылдан артық пайдалану мерзімі өткен жүк тасымалдайтын автокөліктер бойынша.

Салық салынатын объектілері деп мемлекеттік тіркеуге жататын және Қазақстан Республикасында есепте тұратын көлік тіркемелерінен басқа көлік құралы болып танылады.

Жер салығы. Жер салығы – жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органға әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері негізінде меншік құқығын, тұтарқы жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттарға сәйкес есептеледі.

Жер салығын төлеушілер болып келесі аталғандар табылады:

–       жеке меншік құқығындағы салық салу объектілері бар заңды және жеке тұлғалар;

–       тұрақты жер пайдалану құқығындағы салық салу объектілері бар тұлғалар;

–       бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектілері бар тұлғалар.

Жердің қандай да болсын санатқа тиесілігі Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленеді. Елді мекендер жерлері салық салу мақсаты үшін мынадай екі топқа бөлінген:

–       тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда, елді мекендер жерлері;

–       тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.

Жердің мынадай санаттарына салық салынбайды:

–       ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;

–       орман қорының жерлері;

–       су қорының жерлері;

–       босалқы жерлер.

Аталған жерлер, запастағы жерлерді қоспағанда тұрақты жер пайдалануға немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалануға берілген жағдайда, жер салығында белгіденген тәртіппен салық салуға жатады.

Мүлікке салынатын салық. Мүлік салығы - Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар, жеке кәспкерлер және жеке тұлғалар төлейтін салық түрі.

Мүлік салығын төлеушілер болып төмендегі аталғандар табылады:

1)    Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар;

2)    Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке тұлғалар;

3)    Қазіргі уақытта мүлік салығын төлеуден босатылғандар қатарына:

4)    өз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланатын, меншік құқығында бар салық салу объектілері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер;

5)    мемлекеттік мекемелер;

6)    уәкілетті мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;

7)    діни бірлестіктер.

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін негізгі құралдар (оның ішінде тұрғын үй қорының құрамында тұрған объектілер) мен материалдық емес активтер салық салу объектісі болып табылады.

Бухгалтерлік есептің деректері бойынша анықталатын салық салу объектілерінің орташа жылдық қалдық құны заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің салық салу объектілері бойынша салық базасы болып табылады.

Салық Кодексінде қарастырылатын салықтардан басқа заңды тұлғаларға өз қызметін жүзеге асыру үшін алымдар мен төлемдер анықталған.

Алымдар – салық төлеушілерге белгілі бір құқықтық мәртебе берілгенде немесе белгілі бір қызмет түрін бастар алдында төленеді. Алымдардың түрлеріне мына аталғандар жатады:

–       заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін;

–       жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін;

–       жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;

–       жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін;

–       радиоэлектрондық құралдар  мен жоғары жиіліктегі құрылғыларды;

–       көлік құралдарын, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін;

–       дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;

–       туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алымдар.

Ал төлемақы – мемлекет меншігіндегі объектілерді пайдаланған кезде төленетін төлем. Төлемақының қазіргі күні 9 түрі қолданылады:

–       жер учаскелерін пайдаланғаны үшін;

–       жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем;

–       қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы;

–       жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін;

–       орманды пайдаланғаны үшін төлемақы;

–       ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін;

–       радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін;

–       кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін;

–       сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы.

Салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын салықтар мен төлемдерді «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің талаптарын сақтаумен сәйкес аударып төлейді. Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және баска да міндетті төлемдерді белгілейтін, Қазақстан Республикасы зандарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселерін коспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды кұжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың   негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды. Жоғарыда келтілірген кестелерде жылдан жылға салық мөлшерлемелерінің азайғандығы көрінеді. Бұл еліміздің экономикасын жоғарлату, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жасалынып отырады.

 

 


1.3  Салық есептілігі

 

Салық есебі – бұл Салық Кодексімен қарастырылған, топтастырылған тәртіпке сәйкес алғашқы құжаттар деректері негізінде салық бойынша салық базасын анықтау үшін ақпараттарды қорытындылау жүйесі. Кең мағынада алғанда салық есебі  бюджетке енгізілуге қажетті салықты анықтау мақсатында, салық төлеушінің мүлігін, олармен жүргізілетін операцияларын және оның нәтижелерін анықтау үдірісі түрінде көрінеді.

Салық есебі салық салымы үшін қажетті салық кезеңі ішінде өткізілетін, шаруашылық операцияларының есебінің тәртібі туралы толық және нақты ақпараттарды қалыптастыру мақсатында, сондай–ақ бюджетке салық төлемін дұрыс,толық және уақытында есептелуін бақылау үшін ішкі және сыртқы  пайдаланушыларды ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Салық есебінің жүйесі салық есебінің ережесі мен мөлшерін ретті қолдану қағидасынан шыға отырып, яғни бір салықтық кезеңнен екіншісіне реттілікпен шығу арқылы өз бетімен қалыптасады.

Салық төлеушілер салық базасын салықтың әрбір есептік кезенінің қорытындысы бойынша салықтық есептің деректері негізінде есептейді. Осы салық есебінің алғашқы есептік құжаттар салық себінің талдаулық тіркелімі, салықтық базаның есеп айырысуды растайды /18/.

Осы салық есебінің (оның ішінде алғашқы құжаттар деректерінің) мазмұны – салық құпиясы болып табылады. Салық есебінің деректері бар ақпаратқа рұқсат алған адам салық құпиясы сақтауға міндетті. Оны жариялағандар жауапкершіліке тартылады.

Салық деректері салық салу объектілері туралы топталған ақпараттарда, әзірленген кестелерде, бухгалтер анықтамасында және басқа да құжаттарда есептеледі.

Салық есебінің деректері есеп объектісіне үздіксіз, хронологиялық тәртіпте салық салу (оның ішінде, нәтижелері бірнеше есептік кезеңдегісі есептелетін немесе бірнеше бірнеше жылға ауыстырылатын) мақсаты үшін көрсетілуі тиіс. Сонымен бірге деректерді талдау есебі алғашқы құжаттардың ақпараттарын жинақтап, жүйелендіру және салық базасының қалптастыру тәртібінің ашық болуын ұтымды ұйымдастыруды тиісті.

Салық есебінің жеті негізгі әдістерін бөліп алуға болады:

1) бухгалтерлік есептің деректеріне негізделген және тек салық салу мақсатында пайдаланатын арнаулы есептік–салықтық көрсеткіштерді және түсініктерді енгізу;

2) бухгалтерлік есептік–қаржылық  арнаулы ереже мен әдістерден ерекшелігі бар есептік–салық көрсеткіштерінің қалыптасуының арнаулы ережесін белгілеу;

3)  салық салымы базасы есебін қалыптастыру әдісі;

4) тек салық салу мақсаты үшін кейбір жалпы қабылданған ережелер мен түсініктерін ашып түсіндіру;

5) салық дисконтын белгілеу (салық салу мақсатындағы «жалған» табыс);

6)  салық кезеңдегі әрбір салық түрі үшін анықтау;

7)  арнаулы салық тіркелімін және басқа да салық құжаттарын белгілеу.

Арнаулы салық құжаттарын енгізу салық есебі әдіснамасының нысанды–техникалық тәсілі болып табылады. Салық  құжаттары құжаттартардың үш түрінен тұрады:

– салықтық есеп айырысу;

– салық есеп айырысуының көрсеткіштерін негіздеуші құжаттар;

– салықтық тіркелімдер.

Салықтық құжаттардың ерекшелігі оның құрамында мамандандырылған «салықтық», алғашқы құжаттар болмайды, өйткені салық есебін енгізу үшін жүргізілген шаруашылық операцияларының факт екендігін көрсететін алғашқы бухгалтерлік есептік құжаттар қажет болады.

Салықтық есеп айырысулар салық төлеушінің негізгі салықтық есеп айырысу көрсеткіштерін көрсететін және салық міндеттемесін (есеп айырысу, декларация, кейбір салық түрлері бойынша арнаулы есп айырысулар) сомасына сүйенетінін көрсетеді. Тәжірибе жүзінде, әрбір салық түрі бойынша заңмен белгіленген тәртіпте, салық органдарына берілетін бірден–біресеп айырысу құжаты. Әрбір нақты жағдайда салықтық есеп айырысулардың өзінің атауы болуы мүмкін.

Информация о работе Бюджетпен есеп айырысу есебі және аудиті