Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2012 в 12:16, дипломная работа
Салық кодексі салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік катынастарын, сондай–ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының салық зандары Салык кодексінен, сондай–ақ қабылдануы Салық кодексінде көзделген нормативтік құқықтык актілерден тұрады.
КІРІСПЕ.................................................................................................................................................
1 БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бюджетпен есеп айырысудың мәні мен мазмұны................................ ..............
1.2 Бюджетке төленетін міндетті төлемдерді есептеу ерекшіліктері...............
1.3 Салық есептілігі................................ ................................ ................................ ............................
2 «ERK–TRUST» ЖШС–де БЮДЖЕТПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕСЕБІ
2.1 «ERK–TRUST» ЖШС–нің қаржылық–экономикалық сипаттамасы......
2.2 Бюджетпен тікелей салықтар бойынша есеп айырысу есебі.........................
2.3 Бюджетпен жанама салықтар бойынша есеп айырысу есебі.........................
3 «ERK–TRUST» ЖШС-де БЮДЖЕТПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Бюджеттік төлемдерді талдау................................ ................................ ............................
3.2 Бюджетпен қарым-қатынас есебін жетілдіру жолдары................................ ....
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................ ....................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗІ........................................................................
Бюджеттен мемлекеттік кірістер мен шығындарының құрылымын көруге болады. Мемлекет бюджет арқылы мынандай төлемдер жасайды:
– ассигнованиялар - кәсіпорындар мен мекемелерге міндеттерін атқаруға берілген ақша қаражаттары;
– субсидиялар – мемлекеттің ақшалай көмегінің бір түрі;
– сувенция – мемлекеттің белгілі бір мақсаттың орындалуына бағытталған ақша қаражаты;
– дотация – зиянды шығындарды жабуға арналған төлемдер.
Нарықтың экономика мен мемлекеттің салық саясатыныц негізгі мақсаты – бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Салық саясатының басты мақсаты — салық жүйесін кұру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизме іске асыру.
Мемлекеттің салық қызметі келесі бағыттардан тұрады:
– мемлекеттің салық жүйесінің қалыптасуы;
– салық салу саласында мемлекет органдарының міндетін анықтау;
– арнайы салық органдарының жүйесін қалыптастыру;
– салық заңын ұйымдастыру және оның сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
Салық жүйесі де өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, біршама қиындықтарды бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынып, қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті /8/.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі реформалаудың үш кезеңінен өтті.
Бірінші кезең – 1991 жылғы 9 шілдедегі Қазақ КСР Президентінің «ҚазКСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы» Жарлығымен ҚазКСР–нің басты мемлекеттік салық инспекциясы құрылды. 16 жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілер пакеті кабылданды.
Екінші кезең – Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдады, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте–бірте халықаралық стандарт салық салу принциптеріне сәйкестендіру көзделген еді. Осыған орай 1995 жылы 24 сәуірде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты. Бұл өз қаржы жүйемізді құруға ықпал етті. Ең бастысы, салық төлеу жүйесі ықшамдалып, салық саны 45–тен 11–ге дейін қысқартылды. Оның ішінде бесеуі мемлекеттік, алтауы жергілікті салықтар.
Үшінші кезең – 2001 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасыньщ Салық кодексі қабылданды.
Салық кодексі салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік катынастарын, сондай–ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының салық зандары Салык кодексінен, сондай–ақ қабылдануы Салық кодексінде көзделген нормативтік құқықтык актілерден тұрады.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі Салық кодексінде көзделмеген міндет ешкімге жүктелуге тиіс емес.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер – Салық кодексінде белгіленген тәртіпте және жағдайларда белгіленеді, енгізіледі, өзгертіледі немесе күшін жояды.
Салық кодексі мен Қазақстан Республикасыньщ басқа да заң актілерінің арасында қайшылыктар болған кезде, салық салу мақсатында Салық кодексінің нормалары қолданылады. Салық кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, салық қатынастарын реттейтін нормаларды салыктық емес зандарға енгізуге тыйым салынады.
Салық зандары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады, сонымен бірге жеке тұлғалар және занды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері қолданады.
Салық бюджетке төленетін міндетті төлем болып саналатын болса, ал салық салу салықтың түрлері бойынша енгізу, бекіту, есептеу және төлеу тәртібіндегі мемлекеттің жалпы ережелерін қарастырады /9/.
Мемлекеттің тиімді салық салу процесін жүзеге асыру үшін бірнеше принциптері бар.
Салықтардың созылымдылық принципі – бұл принциптің мәні мынада, яғни, мемлекет өзінің күнделікті сұранысына байланысты салық ставкасын көтере немесе төмендете алады.
Салық салудың Салық Кодексімен басқару принципі былайша өрнектеледі, яғни салық төлеу бойынша міндетті осы салықтар салық кодексімен қарастырылған жағдайда ғана пайда болады.
Салық салудың шындық принципі – болып салық салудың экономикалық принципі табылады. Салық салудың шындық принципіне сәйкес, әрбір адам өз табысына сай мемлекетті қолдауға қатысуы қажет.
Салық салудың үнемділік – прuнципіне сәйкес, салық жинау ең төменгі шығындарда жүргізілуі қажет.
Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелері Салық Кодексінде белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келмеуі тиіс.
Қазакстан Республикасының салык заңдары салық салудың бірнеше принциптеріне негізделеді, атап айтқанда:
– бірінші, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі;
– екінші, салық салудың айқындығы;
– үшінші, салық салудың әділдігі;
– төртінші, салық жүйесінің біртұтастығы;
– бесінші, салық заңдарының жариялылығы принциптері.
Ал, енді осы принциптерге жеке–жеке тоқталып өтетін болсақ:
1) салық салудың міндеттілік принципі – салық төлеушілер салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетгі болуы тиіс. Бұл әрбір Қазақстандық азаматтың негізі борышы, парызы болып саналады;
2) салық салудың айқындық принципі – Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері әрбір салық төлеуші үшін айқын болуы тиіс. Салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібі салық заңдарында белгіленген;
3) салық салудың әділдік принципі – Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Кез келген салық төлеуші үшін салық салу жүйесі әділетті түрде шешілуі қажет. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады;
4) салық жүйесінің біртұтастық принципі – Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты біртұтас болып табылады;
5) салық заңдарының жариялылық принципі – салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға тиіс.
Бұл принциптердің қолданылуы салық салудағы кедергілерді жойып, салық салу жүйесін ретке келтіреді /10/.
Табыс — ұлттық табысты бөлу барысында мемлекетке, кәсіпорынға, мекемеге немесе жеке тұлғаға түсетін ақшалай немесе материалдық ресурстар.
Салық төлеушілердің, яғни жеке және заңды тұлғалардың салық төлеу көздерінің айырмашылықтары бар.
Салық төлеушілердің табыстары, бұл кімнің табысы болып саналатынына байланысты болады және бірнеше нысандары бар:
– дивидендтер, рента;
– сыйақы, ұтыстар, роялти;
– жалақы, зейнетакы, стипендия, сақтандыру.
Қор – мемлекеттің, кәсіпорынның немесе жеке тұлғаның әлде бір мақсатқа арналған ақша қаражаты немесе материалдык құндылықтар.
Жинақ – кәсіпорынның немесе жеке тұлғалардың банкілерге және жинақ мекемелеріне салған, әдетте, талап ету мерзімі көрсетілмеген ақшалай каражаттар.
Айналым қаражаттары – өнім өндіру мен өткізудің жоспарлы және үздіксіз процесін қамтамасыз ететін өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құру үшін бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға авансыланған ақшалай қаражаттың жиынтығы.
Қарыз қаражаттары – бір жақ (қарыз беруші) екінші жаққа (қарыз алушыға) меншікті немесе оперативті басқаруды, ақшаны немесе түр–түсі белгіленген заттарды табыстайтын, ал қарыз алушы сол тектес және сапасы сондай затты немесе ақшаны кайтаруға міндеттенетін шартқа сәйкес берілетін каражаттар.
Рента – алушыдан кәсіпкерлік кызметті талап етпейтін капиталдан, мүліктен немесе жерден ұдайы алынып отыратын табыс; көптеген капиталистік елдерде – меншік иесінің мемлекеттік заем облигациялары бойынша алатын табысы.
Жалақы – біріншіден, әрбір кызметкер жұмсаған еңбектің саны мен сапасына қарай бөлініп, олардың жеке тұтынуына берілетін ұлттық табыстың ақша түріндегі табысы; екіншіден, еңбек үшін сыйақы.
Салық мөлшері — салық төлеушінің табысына карай алынатын салық сомасын білдіреді және ол шекті, жеңілдікпен, орташа, нөлдік болып бөлінеді.
Салықтың шекті мөлшері – табыстың әр қосымша бірлігінен түсетін үстеме салықты білдіреді, мәселен жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, жеке тұлғалардың мүлік салығы.
Салықтың жеңілдік мөлшері болады, оны мемлекет өз тарапынан белгілі бір салық төлеушілерге әлеуметтік жағдайьн ескере отырып, салық ставкалары бойынша жеңілдік жасайды (мәселен, салықты төлеу мерзімін ұзартады, мүгедектерге немесе жалғыз басты азаматтарға, көп балалы аналарға, мемлекетке еңбек сіңірген азаматтарға және басқа да).
Салықтың орташа мөлшері деп салық төлеушінің табыстарын орта есеппен алады да, сол сомадан салық төлейді. Мысал ретінде патентті алуға болады. Бюджетке түсетін салық түсімдерін есептеу үшін салықтың орташа мөлшері қолданылады.
Ал, нөлдік салық мөлшері, бұл салық төлеуден босатылады (мысалы, қосылған құн салығында нөлдік ставка бойынша салық төлеушілер бар).
Салық жеңілдіктері – төлем қабілетін, қоғамдық өндіріске қатысу және баска да факторларды ескеріп заңмен қарастырылған жалпы ережеден шығару.
Салық жеңілдіктері – заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату.
Қазіргі кезде кең таралған салық жеңілдіктерінің түрлерін С.Г.Пепеляев ұсынған еді, яғни олар 3 топқа бөлінеді:
алып тастау;
жеңілдіктер;
босату.
Алып тастау – салық салудың жекелеген обьектілері салық салудан алынып тасталады.
Жеңілдіктер – салық базасын қысқарту.
Босату – салық ставкаларын төмендетуге бағытталған жеңілдіктер /11/.
Салық экономикалық категория ретінде және өзінің қалыптасуы барысында мынадай үш қызметті атқарады.
Ең бірінші кезектегі атқаратын қызметі, бұл — қазыналық.
Мемлекет өз қазынасын толықтыру мақсатында табыс көздерін жасайды. Салық төлеушілерге нормативтік кұкықтық актілер негізінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептейді, салық ставкалары мен төлеу мерзімін белгілейді. Салықтардың казыналық қызметі–түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет пайдасына өтеді. Салықтың қазыналық қызметі арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі құралып, салықтың қоғамдық міндеті артады. Қорыта айтқанда, мемлекеттің бюджет саясаты жүзеге асырылады.
Салықтың келесі қызметтерінің бірі – бақылау (реттеу).
Мемлекет экономиканы дамыту жолында салықтық реттеу процесі арқылы экономиканың кейбір салаларын дамытуды ынталандырады және қажет жағдайда тежеп отырады (салық жеңілдіктері жасалады, салық ставкаларын төмендетеді). Бюджетке түскен салық түсімдерін реттейді және бақылап отырады. Кез келген қызмет түріне бақылау жасау қажет. Ал енді салық түсімдеріне бақылау өте қажет екені даусыз. Мемлекет бюджеттің кірісі мен шығысын есептейді, соған сәйкес өз қызметін атқарады.
Салықтардың бақылау қызметінің арқасында салық жүйесінің тиімділігі бағаланады, қаржы ағымдары мен қызмет түрлеріне бақылау қамтамасыз етіледі.
Салықтың келесі атқаратын қызметтерінің бірі — қайта бөлу.
Бюджетке түскен салық түсімдерін қаржыландыруды қажет ететін бағдарламалар жобасына сәйкес және әр салаларға мақсатқа сай бөлінуін қарастырады. Салық түсімдерінің мақсатқа сай және өз уақтысында жұмсалуына қадағалау жасайды.
Салықтың қайта бөлу қызметі мемлекетке салықты қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік процестерге әсер ету құралы ретінде колдануға мүмкіндік береді.
Салықтардың қайта бөлу қызметінің көмегімен бюджетте ақша қаражаттары жиналады, осыдан кейін жалпы мемлекеттік мәселелерді шешуге бағытталады, әлеуметтік топтардың табыстары арасындағы қатынастарды өзгерту жолымен әлеуметтік тепе–теңдікті ұстап тұрады.
Салық – бірінші кезекте, бюджет саясатын жүзеге асыра отырып, мемлекеттік бюджетті толықтыруды көздейді. Осы бюджетке түскен салық түсімдеріне «қайдан келеді және қайда кетеді» жөнінде бақылау жасайды. Ал енді осы қызметтердің қорытындысы ретінде бюджетке түскен салық және салықтық емес түсімдерге қайта бөлу жасалады.
Мұның мақсаты – мемлекет әділетті түрде өз шығындарын да жаба отырып, елдің әлеуметтік топтарына да қолдау көрсетіп, басқа да шығыстарды жаба білу.
Көптеген экономикалық әдебиеттерде салықтардың бірнеше қызметтері атап көрсетілген. Мәселен, ынталандырушы. Салықтардың ынталандырушы қызметінің көмегімен мемлекет өндірістің және басқа да шаруашылық субъектілерінің дамуын ынталандырады. Сонымен қатар салық жеңілдіктерін, төмен пайызды салық ставкаларын енгізеді.
Салықтардың ынталандырмайтын қызметі оларды басу мақсатында әрекеттің қандай да бір түріне арнайы салықты енгізу жолымен жүзеге асырылады.
Салықтардың тұрақтандырушы қызметі экономикалық өсу, техникалық жаңару, халық санының өсуі үшін әр түрлі шаралар жасайды.
Салықтардыц шектеу қызметі. Мемлекетке кейде бірсыпыра өндіріс түрлерін дамыту тиімсіз болады. Салық саясаты арқылы мемлекет өндіріс түрлерінің дамуын шектейді немесе тоқтатады, Қазақстан Республикасында бұл қызмет әртүрлі пайыздық салық ставкаларымен қатар және нөл пайыздық салық ставкалары арқылы жүзеге асуда /12/.
Информация о работе Бюджетпен есеп айырысу есебі және аудиті