Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2012 в 12:16, дипломная работа
Салық кодексі салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік катынастарын, сондай–ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының салық зандары Салык кодексінен, сондай–ақ қабылдануы Салық кодексінде көзделген нормативтік құқықтык актілерден тұрады.
КІРІСПЕ.................................................................................................................................................
1 БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бюджетпен есеп айырысудың мәні мен мазмұны................................ ..............
1.2 Бюджетке төленетін міндетті төлемдерді есептеу ерекшіліктері...............
1.3 Салық есептілігі................................ ................................ ................................ ............................
2 «ERK–TRUST» ЖШС–де БЮДЖЕТПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕСЕБІ
2.1 «ERK–TRUST» ЖШС–нің қаржылық–экономикалық сипаттамасы......
2.2 Бюджетпен тікелей салықтар бойынша есеп айырысу есебі.........................
2.3 Бюджетпен жанама салықтар бойынша есеп айырысу есебі.........................
3 «ERK–TRUST» ЖШС-де БЮДЖЕТПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Бюджеттік төлемдерді талдау................................ ................................ ............................
3.2 Бюджетпен қарым-қатынас есебін жетілдіру жолдары................................ ....
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................ ....................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗІ........................................................................
Декларацияда көрсетілген деректер есептік құжаттармен расталуы қажет. Заңды тұлғамен есептік құжаттарды сақтау мерзімі салық заңымен белгіленген, қуыну ұзақтығы 5 жыл мерзімге анықталады.
Салық есеп айырысуның мәліметтеріне негізделген құжаттар салық есеп айырысуына негіздейтін және шешетін анықтамалық материалдардың рөлін атқарады. Олар екі түрлі болады:
1) салықты есептеу үшін қажетті құжаттар, мысалы: мүлікке салықтар бойынша – бұл кәсіпорынның мүлкінің орташа жылдық құнының есеп айырысуы;
2) есеп айырысуға сәйкесті (салықтық орган) тікелей есептелетін сомаға әсер етпейтін құжаттар.
Салық тіркелімі салық есебінің еркін нысанын көрсетеді. Олар бухгалтерлік есеп шоттары бойынша бөлінбейтін (көрсетілімі) топтастырылған, есептік кезеңдегі салық есебінің деректерін жүйелеудің еркін нысаны ретінде анықталатын салық есебінің тіркелімінің талдауын өзіне қосады. Белгілі бір салық кезеңінде жүргізілетін операциялар туралы ақпараттарды жиынтықтаудан кейін, салық есебінің тіркелімінен бюджетке енгізілуге тиісті салық сомасы бір уақытта анықталумен бірге салық есебіне ауыстырулыу тиіс.
Салық бойынша есеп айырысу – бұл салық төлеуші салық міндеттемелерінің сомасын есепке алатын және негізгі салықтық есеп айырысу көрсеткіштерін көрсететін арнаулы тұрпатты нысандар. Салықтың әр түрі бойынша салықтық есеп айырысуының соған сәйкесті нысаны болады. Салық бойынша есеп айырысудың нысандарының саны – төленетін салықтар мен алымдардың санына байланысты болады.
Бюджетке төленетін салықтар мен міндетті төлемдер міндетті түрде бухгалтер есебінің тіркелімі мен шоттарында көрсетілуі – салық есебінің арнаулы ерекшеліктері болып табылады. Сондықтан салық есебінің саясатындағы алғашқы бухгалтерлік және алғашқы салықтық құжаттардан бастап, талдаулық және синтетикалық есептің тіркелімімен аяқталғандығы салықтық есептік ақпараттарды өңдеудің барлық реттілігін алдын ала қарастыру қажет /14/.
Салықтық–есептік ақпараттарды өңдеу үдерісі 1–суретте көрсетілген.
Сурет 1 – Салықтық-есептік ақпараттарды өңдеу үдерісі
Салық есебінің негізгі төрт қызметін бөліп алу қажет.
Қазынагерлік қызмет. Салықтық есеп арқылы бюджеттің толығуының мемлекеттік міндетті жүзеге асырылады. Салық төлемдерін алу туралы актілердің көр жағдайы оның принциптеріне құрылған тәртіп белгілейді, ол қажетті ақпараттарды алуда бухгалтерлік есептің соңғы деректерінен тікелей шығатын есеп айырысудың белгілі бір есебін талап етеді.
Кәсіпорын өнім өндірісі мен оны өткізуге байланысты барлық шығындарды өнімнің өзіндік құнына жатқызуға тиісті. Өнімнің өзіндік құны туралы деректер бухгалтерлік есептің нәтижесінде қалыптасады. Бірақ мемлекет белгілі бір кезеңдегі өзінің қазынагерлік мүдде мен салық саясаты тұрғысынан, салық есебі арқылы салық салымы мақсатындағы қосылған өзіндік құнды, мөлшер мен сол немесе басқа шығындарды шектеуі мүмкін немесе оны келесі салықтық кезеңге ауыстырады. Осыған байланысты профессор Бакаев А.С. былай деп тұжырымдайды: «Мұндай жағдайда бухгалтерлік есеп шотының көмегімен салық салу үшін ақпараттарды қалыптастыруды ұйымдастыру жасандылық және бухгалтерлік есептің базалық ережелері және қағидаларымен тоғыспайды».
Бақылау қызметі. Қазіргі заманғы салық салымы, салық салымының объектісі, салық салымының базасы, жеңілдіктер және т.б. тәрізді салық көрсеткіштеріне сәйкесті жеткілікті күрделі есеп айырысу үдерісін көрсетеді, сонымен қатар есептік–бухгалтерлік нысандар көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар үшін салық салымы бірінші кезектегі мәселе болмайтан кезеңдегі қалыптасқан үдерісті көрсетеді. Салық есебі салық органдарына белгіленген салықтық–есептік нысандары арқылы салық төлеушілердің өздерінің салықтық міндеттемелерінің тиімді бақылау мен қадағалауды жүргізуге мүмкіндік береді.
Бухгалтерлік есеп жүйесіне араласпау қызметі. Іс жүзінде заңға сәйкес, бухгалтерлік есептің негізгі міндеті – бухгалтерлік есеп беру, ішкі пайдаланушылар үшін қажетті ұйымның қызметі мен оның мүліктік жағдайы туралы толық, нақты ақпараттар қалыптастыру, ішкі шаруашылық резервтерінің қаржылық тұрақтылығын анықтау үшін және шаруашылық қызметін ұйымдыстырудағы кері нәтижелерді болдырмау үшін материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды белгіленген мөлшерде, ресурс нормативтеріне, сметаға сәйкес пайдалануын, сондай–ақ шаруашылқ операцияларын ұйымдастыруды жүзеге асырудағы және олардың мақсаттылығы, міндеттемелердің және мүліктің қозғалыстары мен олардың барлығын ҚР заңына сай бақылау үшін ішкі пайдаланушылар үшін қажетті бухгалтерлік есеп туралы ақпаратпен қамтамасыз ету, бухгалтерлік есепті ішкі және сыртқы пайдаланушылар үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету. Бірақ бухгалтерлік есепті салық салу үшін пайдалану кәсіпорынның белгілі бір сатыда өзінің міндеттемелерін орындамауына алып келеді. Салықтық есепті енгізу бухгалтерлік есептің негізгі принциптерін сақтауға мүмкіндік береді, оның негізгі міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттің қаржылық саясатына сәйкес, кәсіпорын нақты қаржылық жағдайы туралы төмендетілген деректерді беруді тоқтатады.
Салықтардың есептеу үдерісін ақпараттық қамтамасыз ету бойынша қызметі. Бухгалтерлік есеп және сеп беру туралы іс жүзінде заңдарға сәйкес заңды тұлға үшін есепті жүргізу тәртібін реттейді, бірақ бухгалтерлік есеп жүргізуге міндетті салық төлеуші субъекті мен субъектінің құрамы бір–біріне үйлеспейді. Сонымен бірге салық есебі іс жүзіндегі заңға сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуге міндетті емес жеке адам үшін салық міндеттемесін дұрыс есептеу мақсатында қажетті салық ақпаратын өңдеуге және жинақтауға мүмкіндік береді.
2 «ERK–TRUST» ЖШС–де БЮДЖЕТПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕСЕБІ
2.1 «ERK–TRUST» ЖШС–нің қаржылық–экономикалық сипаттамасы
Кәсіпорын мүлкін, оның балансындағы негізгі қор мен айналымдағы қаражаттар мен қаржылық ресурстары құрайды.
Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша иелігіндегі барлық мүліктерімен жауап берді. Ол меншік иесінің міндеттемелеріне жауапкершілік алмайды.
Бухгалтерлік есепті енгізу мен ұйымдастыру және қаржылық есепті дайындау жауапты тұлға – бас бухгалтер.
Кәсіпорын басшылығы бас бухгалтерге қаржылық есептітің көрсеткіштерін құру жөніндегі сұрақтар бойынша, сонымен қатар есептің элементтерін классификациялау, мойындау, бағалау сұрақтары бойынша есеп саясатында аталып кеткен ережелер негізінде жеке шешім қабылдауға құқық берілген.
Бас бухгалтер бухгалтерияда болған барлық операцияларға жауапты болады. Бухгалтерлік есептің жалпы сұрақтарына, ішкі бақылауды ұйымдастыруына, бас кітапта жазбаларды енгізу, сондай-ақ қаржылық, салықтық және статистикалық есепті құрастыруына жауапты. Есеп айырысудың бақылауын жасайды, келісім шарттарды орындау, жетіспеушілікті алдын алу бойынша шараларды қолданады. Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етету бойынша жұмыстар жүргізеді, бухгалтерия қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын дайындайды, есеп, экономикалық талдау сұрақтары бойынша әдістемелік көмек көрсетеді.
Қандай да кәсіпкерлік қызметтің нәтижесі қаржылық ресурстардың бар болуы мен пайдалану тиімділігіне тәуелді. Сондықтан қаржылық талдаудың маңызы зор. Талдау арқылы кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оны анықтаушы факторларды толық, жүйелі түрде ашып көрсетуге мүмкіндік алуға болады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігімен сипатталады.
Қаржылық тұрақтылық – кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүргізуге жектілікті қаржылық қамтамасыз ету, ұдайы өндірісті қаржыландыру мүмкіншілігі. Қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі кәсіпорынның төлем қабілеттілігі болады. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі – субъектінің өз міндеттемелерін уақытында төлеу мүмкіншілігі.
Қаржылық жағдайдының негізгі ақпарат көзі - бухгалтерлің баланс. Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайын жыл басы мен жыл аяғына бейнелейді. Ол субъектінің мүліктік жағдайын көрсетеді, оның мәліметтерін ішкі және сыртықы ақпаратты пайдаланушылар қолданады.
Баланс мәліметтері негізінде сыртқы пайдаланушылар осы кәсіпорынмен серіктес болу не болмауды қарастырады, өз салымдарының тәуекелін анықтайды, субъектінің құнды қағаздарын сатып алу не сатып алмау туралы шешім қабылдайды. Сондықтан кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдағанда балансты талдаудан бастайды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның тұрақтылығы белгілі деңгейде кәсіпорынның капиталы қандай активтерге салынғаннан, олар қандай табыс әкелетіндігінен тәуелді. «ERK–TRUST» ЖШС–нің мәліметтері негізінде активтердің орналасуын 1-кестеде көруге болады.
Кесте 1 – «ERK–TRUST» ЖШС 2007-2009 жж. баланс активтерінің құрамы мен құрылымы
Мүлік түрлері | 2007 жыл | 2008 жыл | 2009 жыл | Ауытқу, (+;- тг) | ||||
теңге | % | теңге | % | теңге | % | 2008- 2007 жж. | 2009/ 2008 жж. | |
Негізгі құралдар | 4686192 | 99,8 | 5790110 | 93,1 | 5922762 | 91,6 | +1103,9 | +132,6 |
Материалдық емес активтер | 7229 | 0,2 | 26047 | 0,4 | 23809 | 0,4 | +18818 | -2238 |
Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек | - | - | 304566 | 4,8 | 172331 | 2,7 | +304566 | -132235 |
Басқа да ұзақ мерзімді активтер | - | - | 101847 | 1,6 | 349995 | 5,4 | - | +221,8 |
Ұзақ мерзімді активтердің барлығы | 4693421 | 86,7 | 6222570 | 91,1 | 6468897 | 89,9 | +1529,1 | +246,3 |
Тауарлы-материалдық қорлар | 227120 | 31,5 | 211332 | 34,7 | 231072 | 31,7 | -15788 | +19740 |
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек | 468207 | 64,9 | 322630 | 53 | 449479 | 61,7 | -145,6 | +126,8 |
Ақша қаражаттары | 25532 | 3,5 | 9228 | 1,5 | 7161 | 0,9 | -16304 | -2067 |
Басқа да қысқа мерзімді активтер | - | - | 65112 | 0,9 | 40927 | 5,6 | - | +65112 |
Қысқа мерзімді активтердің барлығы | 720859 | 13,3 | 608302 | 8,9 | 728639 | 10,1 | -112,6 | +120,3 |
Активтердің барлығы | 5414280 | 100 | 6830872 | 100 | 7197536 | 100 | +1416,6 | +366,7 |
Берілген кесте мәліметтері негізінде «ERK–TRUST» ЖШС-нің баланс активтерінің құны жылдан жылға артуда. 2008 жылдағы активтер құнын алдыңғы 2007 жылмен салыстырғанда 26%-ға яғни 1416592 тг. артқан, ал 2009 жыл 2008 пен салыстырғанда 366664 тг. өсті. Бұл өсім ұзақ мерзімді активтерінің өзгерісінен болып отыр. Ұзақ мерзімді активтердегі өзгеріс материалдық емес активтердің кемуі мен негізгі құралдардың артуымен түсіндіріледі. Негізгі құралдар 2008 жылы құны 1,2 есеге артқан, ал 2009 жылы оның құны тек 132652 тг. ғана өскен.
Мұндай оң аутықу негізгі құралдар санының өсімінен болып отыр. Жыл сайын Астана қаласында жаңа тұрғын үй кешендері, басқарма, әлеуметтік ғимараттар салынып жатыр.
Активтердің құрылымын қарастыратын болсақ, кәсіпорын мүлкінің көп бөлігін ұзақ мерзімді активтерге келеді. 2007 жылы ұзақ мерзімді активтер барлық активтер құнының 86,7% құраса, 2008 жылы 91,1% құрап, 4,4 пайыздық пунктіге артып, келесі жылы сол деңгейде қалып.
Кәсіпорын мүлкінің көлемінің артуы немесе кемуінің себебі оның құрылу көздерінің құрамындағы өзгерістерді зерттеу арқылы анықталады. Кәсіпорын мүлкін сатып алу, құру меншік және тартылған капитал есебінен жүргізілуі мүмкін, олардың арақатынасы кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен тұрақтылығы тәуелді. Сол себептен капиталдың құрамын, құралу көздерін және орналасуын талдау үлкен мәнге ие.
Кәсіпорынның мүліктік жағдайына баға 2-кестеде берілген.
Кесте 2 – «ERK–TRUST» ЖШС 2007-2009 жж мүліктік жағдайының көрсеткіштері
Көрсеткіштер | Есептеу формуласы | Мәні | Шекті мәні | ||
2007 жыл | 2008 жыл | 2009 жыл | |||
Өндірістік бағыттағы мүлік коэффициенті | (Нег.құр.+қор+аяқ.өнд)/ Баланс валютасы | 1,225 | 0,878 | 0,855 | >0,5 |
Активтердің мобильділігінің коэффициенті | Ағымдағы активтер/ Баланс валютасы | 0,133 | 0,089 | 0,101 | >0,5 |
Мобильді және иммобильді қаражаттарының қатынасының коэффициенті | Ағымдағы активтер/ Ұзақ мерзімді активтер | 0,153 | 0,098 | 0,113 | >0,5 |
Негізгі құралдардың нақты құнының коэффициенті | Нег.құр.қалдық құны/ Баланс валютасы | 0,865 | 0,847 | 0,823 | >0,5 |
Негізгі құралдардың жарамдылың коэффициенті | Нег.құр.қалдық құны/ Нег.құр.бастапқы құны | 0,731 | 0,743 | 0,797 | >0,5 |
Негізгі құралдардың тозу коэффициенті | Нег.құр.тозу құны/ Нег.құр.бастапқы құны | 0,268 | 0,257 | 0,286 | <0,5 |
Информация о работе Бюджетпен есеп айырысу есебі және аудиті