Бюджетпен есеп айырысу есебі және аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2012 в 12:16, дипломная работа

Описание работы

Салық кодексі салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік катынастарын, сондай–ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының салық зандары Салык кодексінен, сондай–ақ қабылдануы Салық кодексінде көзделген нормативтік құқықтык актілерден тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................................................

1 БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бюджетпен есеп айырысудың мәні мен мазмұны................................ ..............
1.2 Бюджетке төленетін міндетті төлемдерді есептеу ерекшіліктері...............
1.3 Салық есептілігі................................ ................................ ................................ ............................

2 «ERK–TRUST» ЖШС–де БЮДЖЕТПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕСЕБІ
2.1 «ERK–TRUST» ЖШС–нің қаржылық–экономикалық сипаттамасы......
2.2 Бюджетпен тікелей салықтар бойынша есеп айырысу есебі.........................
2.3 Бюджетпен жанама салықтар бойынша есеп айырысу есебі.........................

3 «ERK–TRUST» ЖШС-де БЮДЖЕТПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Бюджеттік төлемдерді талдау................................ ................................ ............................
3.2 Бюджетпен қарым-қатынас есебін жетілдіру жолдары................................ ....

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................ ....................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗІ........................................................................

Работа содержит 1 файл

Работа.doc

— 534.00 Кб (Скачать)

Салықта бақылауды жетілдірудің ең негізгі міндеті оның базасы мен саласын кеңейту. Салық салу базасы – Салық кодексі бойынша мемлекеттік орган оның дұрыс есептелінуімен қатар салық салынбай жүрген объектілерді есепке алу.

Егер кәсіпорынның бюджетпен есеп айырысу жағдайы жағынан қарасақ, жыл соңында салық қалдықтары бар екенін көруге болады. Соңғы жылы салық қалдықтарынан қосылған құн салығы, мүлікке салынатын мен әлеуметтік салықтар бойынша қалдық көп болып отыр. Мүлік салығының қалдығы көп болған себебі, кәсіпорында ұзақ мерзімді активтердің ішінен көп бөлігін негізгі құралдар алғаннан. Кәсіпорын қызмет көрсету көлемі жылдан жылға өсіп келе жатқаннан, қызметті орындау үшін негізгі құралдар санын арттырды. Сондықтан салық қалдығының себебі анық.

Кәсіпорында қосылған құн салығы жөнінде қалдықтың бар болуы кәсіпорынға көрсетілген қызметтер сомаларын, құн салығын бухгалтерияда дұрыс есептемегендіктен болуы мүмкін. Салықтың қалдығын азайту мақсатында, сатып алынған тауарлар мен көрсетілген қызметтер бойынша жасалған операциялар жөнінде сомалар мен олардан есептелген қосылған құн салығының сомасын дұрыс қойылғандығын тексеру керек. мердігерлік кәсіпорындармен сәйкестендірулер жасау қажет.

Әлеуметтік салықтың өсуіне себеп болып кәсіпорында жұмыскерлердің санының артуы болып отыр. Ал оның қалдығының артуы әлеуметтік салықтың дұрыс есептелмеуінен қалыптасады. Медициналық сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандырулардың пайыздарын Салық кодексіне сәйкес анықтамағандықтан болу себептері бар.

Талдауда көрсетіген ауытқуларды болдырмау үшін кәсіпорынның көрсететін қызметтерден түсетін табыстарды дұрыс тарату керек. Бюджет алдында салықтық міндеттеме бойынша қарыздарының артуы кәсіпорында басқару есебінің дұрыс ұйымдастырылмағандықтан айтаға болады.

Кәсіпорындарда қазіргі кезде ішкі бақылауы дұрыс жүргізілмеген, ал сырттай оны қадағалайтын органдарға мемлекет тексеруге шектеу койылған. Осының себебінен кәсіпорындарда мемлекет алдында берешектері кейінге қалдырылып, жабылмай жатады. Бұдан мемлекеттің бюджеті жоспарлаған мөлшерінен аз болуының себебіде осыдан.

Бюджетпен қарым–қатынасының есебінің ерекшеліктерін ескере отырып, серіктестікте барлық салықтық міндеттемелердің дұрыс жүргізілуі мақсатында серіктестікте әрбір есеп кезеңіне арналған жиынтық ведомостарды жүргізу. Бұл жиынтық ведомостар – салықтық декларациялардың мәліметтеріне негізделген ақпараттардың жиынтығы. Жиынтық ведомость пен салықтық декларациялардың мәліметтерін салыстыра өтіп, қандай салықтық міндеттемелердің бар екендігі және әрбір салық түрлері бойынша міндеттемелердің уақытылы төленуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

Қазіргі кезде бухгалтерлік есепті автоматтандыру дербес компьютерлер көмегімен жүзеге асырылады. Серіктестікте есеп «1С: Бухгалтерия 8» бағдарламасына көшуі тиіс. «1С: Бухгалтерия 8» бағдарламасы осы күнгі заманауи  технологиялық платформада құрылған. Осы бағдарламаның функциялары икемді және типтік конфигурациялардың жетілдіруіне байланысты бухгалтерлік есеп пен салық есебін жүргізудің тиімді базасы болып табылады.

«1С: Бухгалтерия 8» бағдарламасы – бухгалтерлік пен салық есебін жүргізудің автоматтандырылған бағдарламасы, оның көмегімен міндетті қаржылық есеп беру формаларын даярлауға мүмкіндік береді. Осы бағдарламаның негізгі артықшылығы – әр түрлі коммерциялық ұйымдарда: көтерме және бөлшек саудада, өндіріс пен қызмет көрсетуші кәсіпорындарда және т.б. есеп беруді автоматтандыруға мүмкіндік береді

«1С: Бухгалтерия 8» бағдарламасы көмегімен көптеген мәселелерді шешуші құрал болып табылады: алғашқы құжаттарды шығару, қызмет көрсету бойынша операциялар есепті жүргізу және т.б. сонымен қоса әр түрлі саудалық және өндірістік қызмет түрлері бойынша әрбір бөлімше қызметкерлері өздеріне қажетті ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

«1С: Бухгалтерия 8» салық есебіне арналған жеке шоттар жоспарын қолданылуы бухгалтерлік есеп пен салық есебінің ақпараттарын сәйкестендіруді жеңілдетіп, бұл 100.0. «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация» мен  200.0. «Жеке табыс салығы бойынша декларация» сияқты салық есептілігін жасауда тиімді, сонымен қатар кейінге қалдырылған салықтық активтер мен корпоративтік табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салық міндеттемелері бойынша есепті жүргізуге мүмкіндік береді.  Қосымша құн салығын есептеуде жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуге: ҚҚС есебін жүргізуде төлеу мерзімін өзгерту мүмкіншілігі, есептеу әдісі арқылы есептелген ҚҚС есебін жүргізу.

«1С: Бухгалтерия 8» типтік операцияларды жүргізуде пайдаланушыға ыңғайлы әр түрлі өзгертулер (настройки) мүмкіншілігі бар, мысалы: жиі пайдаланатын бухгалтерлік жазбалардың топтық енгізілуі – бұл бағдарламаның тиімділігін арттырып, пайдаланушы оңай және оперативті өзгерте алады.

Салық есептілігінінің қайта құрылған, жаңа механизмі пайдаланушыға көптеген салық есептілігінің формаларын: 300.0 «ҚҚС бойынша декларация» және 100.0 «КТС бойынша декларация» сияқты формаларын тиімді, әрі ұтымды жұмыс атқаруға мүмкіндік береді.

Бухгалтерлік есеп пен салық есебінің есеп беру формаларын құру жүйесінің көмегімен есеп берулерді құрумен қатар, оларды қағаз бетіне шығару немесе арнайы файл ретінде сақтап, салық комитетіне беруге мүмкіншілік туғызады. Құрылған есеп беру формаларына қолдан, яғни пайдаланушы өзі түзетулер енгізе алады және «1С: Бухгалтерия 8» бұл өзгерістерді сақтайды. Дайын есеп берулер ақпараттық базада сақталып, оларға кез келген уақытта оңай қол жеткізуге болады және алдыңғы кезеңдердегі есеп берулеріне түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.

Жеткізушілер мен мердігерлердің ҚҚС бойынша есеп айырысу толық автоматтандырылған, сонымен қатар резидент емес тұлғалардың қызметі бойынша ҚҚС есебі автоматтандырылған. ҚҚС–тың есебін жүргізуде ҚҚС–ты есептеудің барабарлық және бөлек есептеу әдістерін қолдануға мүмкіншілік бар. 307 «Салық кезеңі (есептік тоқсан) барысында сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша шот–фактуралар тізілім» формасын толтыру толық автоматтандырылған.

Бағдарлама салық салудың жалпы жүйесіне негізделген. Салық есебін жүргізу мақсатында бағдарламаға арнайы салықтық шоттар жоспары енгізілген. Бұл бухгалтерлік есеп пен салық есеп бойынша мәліметтерін 12 ХҚЕС стандарты бойынша сәйкестендіруге  мүмкіншілік туғызады.

Салық есебінің мәліметтері бойынша автоматты түрде салықтық реестрлер құрылып және декларацияны толтыру үшін салықтар бойынша ақпарат жинақталады.

Компьютерлік технологиялардың озық жүйелерін қолдану арқылы есепті тиімді жүргізумен қатар серіктестіктің жоспарлауына да үлкен әсерін тигізеді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ҚОРЫТЫНДЫ

 

Бюджеттің қайнар көзі – салықтар саналады. Салық – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан түсетін міндетті төлемдері.

Салық жүйесі экономиканың ең басты салаларына, яғни ауылшаруашылық саласына, жеңіл және ауыр өнеркәсіп саласына, шағын және орта бизнес саласына оңтайландырылған жеңілдетілген, әрі тиімді етіп құруда бірнеше кезеңнен өтті. Салық жүйесінің өзгерістерге ұшырауының себебі, нарықтық экономика бізге жеке кәсіпкерлік пен өндіріс саласын дамыту арқылы ғана экономиканың тұрақты дамуына, жалпы ішкі өнімнің өсуіне, халықаралық сауда қатынастарына түсуге, тәуелсіз дамыған мемлекеттер қатарына қосылуға негізгі жол екендігін көрсетті. Сондықтан қазіргі салық жүйесі келесі принциптерге негізделгені дұрыс болып саналады:

–       салықты жинау жүйесі өте ықшам, оған жұмсалатын шығындар мүмкін болғанша төмен, ал тиімділігі жоғары болуы қажет;

–       салықты төлеу процедурасы төлеушілер үшін ыңғайлы, көп уақыт алмайтыны болғаны дұрыс;

–       салықтың салмағын шамадан тыс арттырып, кәсіпкерлердің белсенділігіне нұқсан келтірмеуге тырысу керек;

–       салық салу принципі өндіріс шығындарын арттырып, өндіріс көлемінің өсуіне, өнімнің ішкі және сыртқы нарықтың өтімділігіне кедергі болмауы өте маңызды;

–       салықты салу процесі конъюктуралық және жұмыстылық саясатының іске асырылуына сәйкес ұйымдастырылуы қажет;

–       салықтарды алу принциптері, сонымен бірге, табыстың мүмкін болғанша әділетті болу принципіне жақын болғаны дұрыс;

–       құрамындағы әрбір салықтың мақсаты нақты анықталған біртұтас салық жүйесін қалыптастыру өте маңызды.

Салық салу жүйесін оңтайландыруда биылғы жылы салық жүйесіне біршама өзгерістер еңгізілді. Бұл өзгерістерді еңгізудің себептері болып салық төлеуден жалтарушыларды көлеңкеден шығару, шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау, салықтық түсімдердің уақытында бюджетке түсуіне жол ашу, салық ауыртпашылықтарын жеңілдету.

Жыл сайын салық жүйесін жаңадан құру әр мемлекетте болатын күрделі процесс. Оның күрделі процесс болуына қарамастан ол өзгеріп отырады және өзгеріп отыруға тиісті.

Мемлекетте салық жүйесін жетілдіргеннен бері жеке кәсіпкерлік дамып, заңды тұлғалар көбейіп келеді. Бұның салдарынан жұмыссыздық азайды.

Зерттеу жұмысының мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бюджетпен есеп айырысу бойынша салықтық міндеттемелерді өтеу жағдайын нақты кәсіпорының мәліметтері негізінде талдау жасау.

Осы аталған мақсатқа қол жеткізу үшін зерттеу барысында төмендегідей міндеттер алға қойылды:

–       салық салудың теориялық және әдістемелік негіздерін талдай отырып, жалпы салық жүйесінде салықтардың рөлі мен маңызын анықтау;

–       қолданыстағы заңды және жеке тұлғаларға салынатын салықтарының мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы ықпалын анықтау;

–       кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау  жасау;

–       тікелей мен жанама салықтар бойынша есебінің дұрыс ұйымдастырылғаны мен Салық кодексіне сәйкестігін тексеру;

–       Қазақстан Республикасының салық салу жүйесін жетілдіру бойынша негізделген тәжірибелік ұсыныстар беру.

Орындалған жұмыстың объектісі болып Астана қ. «ERK–TRUST» ЖШС табылады.

Зеттеру барысында кәсіпорынның толық өндірістік-ұйымдастырушылық сипаттамасы, қызметіне қаржылық және салықтар бойынша жыл бойы есептелген және бюджетке төленген салықтарға, олардың жыл соңында қалған қалдықтарына талдауы жасалды.

«ERK–TRUST» ЖШС  активтері әр жылы артып жатыр. Бұл өсім ұзақ мерзімді активтерінің өзгерісінен болып отыр. Ұзақ мерзімді активтердегі өзгеріс негізгі құралдардың құнының артуымен түсіндіріледі. Негізгі құралдар құнының артуынын себебі, кәсіпорын тұрғын үйлер, әлеуметтік саладағы ғимараттарға қызмет көрсету барысында жыл сайын құралдар, техникалық көліктер сатып алынып отыр.

Кәсіпорынның мүліктік жағдайын сипаттаушы көрсеткіштер әртүрлі мәндерге ие болып отыр. Бұл үш жылда да мүлік пен негізгі құралдардың коэффициенттері шекті мәнен жоғары. 2009 жылы активтер құнының 85% өндірістік бағыттағы мүліктен құрылады. Негізгі құралдардың нақты құнының, жарамдылық пен негізгі құралдардың тозу коэффициенттері салыстырылған үш жылда да талаптарға жауап береді.

«ERK–TRUST» ЖШС-нің капитал көздерінің басым бөлігін меншікті капитал үлесін алып жатыр. Әрине бұл субъект үшін оң фактор болып отыр, өйткені кәсіпорын өз міндеттемелерін уақытында толығымен орындауға тырысады. Меншікті капитал құнын арттыру мақсатында жарғылық капиталға салымдар көбейді. Өз кезегінде кәсіпорын үшінші жақтан қарыздарды алуды азайтты, бірақ соңғы жылы, кәсіпорынға қызметін толық көлемде орындау үшін қаражат жетіспегендіктен сыртқы көздерден қарыз алып, бюджет алдында да міндеттемесі пайда болды, тартылған капит ал сомасы көбейді.

Серіктестік төлеген салықтардың сомасы да жылдан жылға артып келеді. Бұл салық ставкаларының төмендеуіне қарамастан артуда, яғни кәсіпкерліктің дамуы біршама болса да байқалады.

Дипломдық жұмыстың соңғы бөлімінде кәсіпорынның бюджетпен қарым-қатынасы талданған. Әрбір салық түрі бойынша есептелген мен бюджетке төлегне сомалардың арасындағы айырмасы мен жыл соңында салықтар бойынша қалдықтар көрсетілген.

Сонымен қоса, бюджетке түсетін салықтар мөлшерінің артуы және ол кәсіпорынның жағдайына әсері тимейтіндей естіп салық жүйесін жасауды ұсынылған. Салық жүйесін дамыту әлі бірнеше кезеннен өтеді және ол болшашақта заңды тұлғалардың табыстарына қоғам дамыған сайын тиімді болады.

Жұмыста талданған мәліметтерді есекере отырып, мынандай ұсыныстар жасауға болады:

–       кәсіпорын ішінде ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру;

–       басқару есебіне көбірек көңіл бөле отырып, табыстарды бөлу жоспарын келтіру;

–       салық кодексінің шеңберінде  кәсіпорын төлеп жатқан қосылған құн салығын төмендету;

–       әлеуметтік салығы бойынша медициналық сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру мөлшерлерін дұрыс есптей отырып, салық сомасын төмендету;

–       несиелер мен қарыздарды мүмкіндігінше уақытында өтеу мен көлемін азайту.

 

 

 

 

 

 

 


ҚОЛДАНЫЛҒAH ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗІ

 

1.   «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Информация о работе Бюджетпен есеп айырысу есебі және аудиті