Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 18:45, курсовая работа
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп,дамуының негізі болып табылады.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттін әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің экономикасында көптеген жаңа мәселелер мен қажеттіліктер пайда болды. Олар жаңа мамандар мен жаңа теориялық және тәжірибелік дисциплиналардың,соның ішінде салық салу жүйесін негіздеді.
КІРІСПЕ
1.Салық түрлері, ҚР-ның салық жүйесі
2.Салық төлеушіде басқа да салықтар бойынша қаржылық және салық есебін ұйымдастыру
3.Жер салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу
4. Мүлікке салық салу бойынша бюджетпен. есеп айырысу
5.Көлік құралдарына салық салу бойынша бюджетпен есеп айырысу
6.Басқа да салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысудың бухгалтерлік есебін дамыту жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Жалпы алғанда еліміздің
салық жүйесін жетілдірудің негізгі
бағыттары болып мыналар
Соңғы жылдары нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде тікелей салықтарға өте үлкен көңіл бөлінеді, ал жанама салықтарға бағдарлану мынаны куәландырады: яғни әкімшілігінің тікелей салықтарды жинаудаға тиімді салықтық бақылауды ұйымдастырудың қабілетсіздігі.
Яғни бұның негізгі ажыратылмайтын бөлігі салық төлеушілерге уақытында салық заңдарының өзгеруі жөнінде хабарлауы, салықтарды төлеу және есептеу туралы консультациялық қызметтер көрсету болып табылады.
Сонымен бірге айта кету керек, көп мөлшердегі негізгі сомалар салық салудан және салық төлеушілердің әр түрлі банктерде көптеген шоттарды ашу кезіндегі салық органдарының бақылауынан шығады.
Қазақстанда мемлекеттіміздің экономикасын өркендетіп, шаруашылықты дамытатын салық жүйесі керек.
Солардың бірі – салық жүйесінің тұрақтылығы. Салық жүйесінің тұрақтылығы – экономиканың дамуының негізгі кілті болып табылады. Салықтарда тұрақтылық және қозғалмалылық түсініктері бір мезгілде қатар жүреді. Неғұрлым салық салу жүйесі тұрақты болса, соғұрлым кәсіпкер өзін сенімді болып сезінеді. Яғни кәсіпкер қаржылық операциялардың, өткізілген келісімдердің және басқа да шаруашылық шешімдердің жүзеге асыру нәтижесі қандай болатынын алдын-ала және толық нақты түрде есептей алады.
Белгісіздік - кәсіпкерліктің жауы болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет әрқашанда тәуекелдікпен тығыз байланыста болады. Егер тұрақсыз нарықтық конюнктураға салық жүйесінің тұрақсыздығы ставкалардың салық алу шарттарының шексіз түрде өзгеруі қосылса, онда тәуекелдік деңгейі екі есе үлкейеді.
Сонымен қатар алдағы кезеңде салық салудағы ставкалармен шарттардың қандай болатынын нақты білмей, бюджетке түсетін табыстар бөлігі мен кәсіпкерге түсетін пайда мөлшерін анықтау мүмкін емес.
Салық жүйесінің тұрақтылығы салықтар құрамын, ставкаларын, жеңілдіктерін, санкцияларын өмір бойы тұрақтандыруды білдірмейді. Яғни салық жүйесінің бір қалыпта болуы мүмкін емес.
Салық салудың кез келген жүйесі қоғамдық құрылыстың сипатын, мемлекеттік экономикалық жағдайларын, әлеуметтік-саяси жағдайлардың тұрақтылығын, халықтардың өкіметке деген сенімділік деңгейін бейнелеп көрсетеді.
Салық жүйесінің құрамы, яғни салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және тағы басқалары бірнеше жыл ішінде тұрақты болып тұруы керек. Салық салу жүйесін тұрақты деп санауға болады, егер де санкциялар мен жеңілдіктер, салық жүйесінің құрамы, салық салудың принциптері өзгермей кәсіпкерлік қызмет үшін өте қолайлы болса. Осы аталғандардың барлығы салық жүйесін дамытуда өте үлкен рөл атқарады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, курстық жұмысты қорытындылай келе, төмендегі тұжырымдамаға келдік:
1. Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен ажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырады.
2. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса, оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.
3. Мемлекеттік бюджетті қалыптастыру мақсатында салық салу мәселесі әрдайым болған. Бірақ салықтар тек бюджетті ғана толтырмай, экономиканы реттеудің басқа да аспектілерінде көрінуі тиіс.
4. Салықтар тауар-ақша қатынастарынан тыс қолданылады. Натуралды салықтардың мөлшері мен түрі нақты жергілікті жағдайларға бағынған. Мысалы: бір адамнан 1 құндыз терісі немесе 10 пұт тұз және т.б. алынған. Тауар-ақша тауарларының нығаюмен натуралды салықтың рөлі айтарлықтай азайды. Дегенмен, олар соңғы уақытқа дейін пайдаланылды.
Егер екі мемлекет бір-бірімен соғыс жүргізсе, жеңген мемлекет жеңілген мемлекеттің барлық байлығын тонап алады, болмаса белгілі бір мөлшерде салық салып отырған.
5. Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тиым салынады. Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.
6. Мемлекетке түсетін салық түсімдерінің сипатты ерекшелігі олардың сан алуан қоғамдық қажеттерге кейін иесіз пайдаланылуы болып табылады. Осынысымен салықтардың мемлекет, сондай-ақ басқа жергілікті органдар белгілейтін түрлі міндетті мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады.
7. Мемлекеттiң орталықтандырылған ақшалай қаражатының қорын жасау және пайдаланумен бапйланысты бюджеттiң қызметi айрықша экономикалық формалар – бюджеттiң кiрiстер мен шығыстары арқылы атқарылады. Осы екi категорияда объективтi және бюджет секiлдi өздерiнiң арнайы қоғамдық мiндеттерi бар. Кiрiстер мемлекеттi қажеттi қаражатпен қамтамасыз етсе, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды тиiсiнше жалпы мемлекеттiк қажеттерге бөледi.
8. Қазiргi кездегi жағдайларға салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің мәнi мен ролi мемлекеттiк органдарды қаржылық ресурстарменқамтамасыз ету шекарасынан шығып отыр.
9. Салықтар, басқа да міндетті төлемдерэкономикалық белсендiлiктi реттей отырып, өндiрiстiк процестерiне де қатты әсер етедi. Бұл әсер жан-жақты болып табылады. Салынатын салықтар мен әрекет ете отырып, мемлекет капиталының қорлануына ықпал етедi. Сондай–ақ, міндетті төлемдер реттеу шаралары, әр түрлi салалардың бәсекелесу мүмкiндiктерiн кеңiнен ынталандыра отырып, капиталдың қорлануына тиiмдi жағдайлар жасап, кәсiпорындардың iс– әрекеттерiнiң әлеуметтiк қажеттiлiктерiне қанағаттандыруға ықпалын тигiзедi.
10. Бюджет жүйесiн реформалау қажеттiлiгi Қазақстанның эволюциялық дамуының сапалық жаңа деңгейге жетуiнiң көрiнiсi. Республикалық халықаралық аренаға шығу үшiн қазiргi кезеңде, ең алдымен заңдылық базасын тиiстi әлемдiк үлгiлерге келтiрудi талап етедi.
11. Қорыта келгенде мiндеттi төлемдер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс жағының негiзгi қайнар көзi ретiнде құрылуы ертеден келе жатқан дәстүрдiң бiрi. Және бұл дәстүр нарық экономикасы жағдайында, нарықтық емес экономика жағдайында да әрекет етедi. Сондықтан, салықтар мен салық салу адамзат цивилизациясыныңайырмасбiр бөлiгi ретiнде қарауға болады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. ҚР Азаматтық Кодексi. Алматы: Қазақстан,1997
2. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы. ҚР кодексі (Салық Кодексі) (есептегі жылдың басына еңгізілген толықтырулар және өзгертулермен)
3. Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы ҚР Заңы 21.06.2009ж № 450-138к
4. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есеп беру туралы. ҚР Заңы 28.02.2007ж № 234
5. Қаржылық есеп берудiң халықаралық стандарттары Москва: Аспери,2006ж
6. ҚР Ұлттық қаржылық есептілік стандарттары. ҚР Қаржы Министірінің бұйрығы 21.06.2007 ж.
7. Типтік бухгалтерлік есеп шоттар жоспары. ҚР Қаржы министрлігінің № 183 бұйрығы 23.05. 2007ж
8. Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелері. ҚР ҚМ бұйрығы 22.06.2008 ж.
9. Бухгалтерлік есеп тіркелімдері. ҚР ҚМ бұйрығы 21.06.ж, №215
10.Бастапқы есеп құжаттарының нысандарын бекіту туралы. ҚР ҚМ бұйрығы 21.06.2007г., № 216
11..Нургалиева Р.Н. Аралық қаржылық есеп. Оқу құралы, І,ІІ бөлім., 2005
12.Тасмаганбетов Т.А.,Омаров А.Ш., Әлібекова Б.А.,Рабатов О., Байболтаева Н.Э., Радостовец В.К. Қаржы есебі. - Алматы: Дәуір,2009ж.
13. Тулешова Г.К. «Финансовый учет в соответствии с международными стандартами» (часть 1, 2) Алматы, 2003 г.
14 Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет». Алматы «Экономика», 2008.
Нургазиева А.А. Бухгалтерский учет операций в иностранной валюте: Учебное пособие. Алматы, Экономика, 2010г.
15. Толпаков Ж.С. Бухгалтерский учет . Караганда , 2004.
16. Толпаков Ж.С. Бухгалтерский учет основных средств. -Караганда,2009.
17. Энтони Р., Рис Д.Ж. Учет: ситуации и примеры. М.,2007
18. Энтони Р. Основы бухгалтерского учета – пер. с англ. М.: Финансы и статистика, 2008, 496с.
19. Назарова В.Л. «Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов». Учебник. Алматы, 2006.
20. Энтони Р., Рис Д.Ж. Учет: ситуации и примеры. М., 2009.
21. Kieso D.E. Weygandt I.I.Inter-mediate Accounting 7-th ed.2009.
22. Ряжнова О.В. Международнеые стандарты бухгалтерского
учета и финансовой отчетности. М.: ЭКЗАМЕН, 2009.
23. Бухгалтерское дело: Учеб. пособиедля вузов /Под ред. проф. Л.Т. Гиляровской. - М: ЮНИТИ-ДАНА, 2003. - 382 б.
ҚОСЫМШАЛАР