Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 18:45, курсовая работа
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп,дамуының негізі болып табылады.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттін әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің экономикасында көптеген жаңа мәселелер мен қажеттіліктер пайда болды. Олар жаңа мамандар мен жаңа теориялық және тәжірибелік дисциплиналардың,соның ішінде салық салу жүйесін негіздеді.
КІРІСПЕ
1.Салық түрлері, ҚР-ның салық жүйесі
2.Салық төлеушіде басқа да салықтар бойынша қаржылық және салық есебін ұйымдастыру
3.Жер салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу
4. Мүлікке салық салу бойынша бюджетпен. есеп айырысу
5.Көлік құралдарына салық салу бойынша бюджетпен есеп айырысу
6.Басқа да салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысудың бухгалтерлік есебін дамыту жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Егер салық кезеңінің ұзақтығы он екі айдан аз болса, төлеуге жататын мүлік салығы анықталған салық сомасын он екіге бөлу және салық кезеңінде меншік құқығын жүзеге асыру айларының санына көбейту жолымен есептеледі.
Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметке пайдаланылмайтын мүлкіне жылжымайтын мүлікті бағалау және тіркеу органдарымен анықталатын құнына қарай сараланған (дифференциалды) ставкалар бойынша салық салынады.
Сонымен қатар салық органдары ағымдағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей бюджетке төленуге тиіс салық сомасы туралы төлем хабарламасын (извещения) жіберуге тиіс.
Жеке тұлғалар салықты ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлеуге тиіс. Уақытылы төленбеген салық сомасына салық төлеу күнін қоса, өткен әрбір күн үшін ҚР Ұлттық Банкі белгелеген қайта қаржыландыру ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде өсімақы (өсімпұл) алынады. Мысалы, ҰБ белгелеген қайта қаржыландыру ставкасы 16% делік. Бұл жағдайда алынатын өсімақы мөлшері 0,6% (2,5x16%):365 күн) құрайды. Егер 3500 теңге мөлшеріндегі салық 1 қазанда төленбей, 16 қазанда төленген жағдайда, өсімақы сомасы 315 теңгені (3500 тг. x 0,6%) x 15 күн) құрайды.
Меншiк құқығында салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар және меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектiлерi бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi - заңды тұлғалар) көлiк құралы салығын төлеушiлер болып табылады
Мыналар:
- салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар, соларға теңестiрiлетiн адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
- салық салу объектiсi
болып табылатын бiр автокөлiк
құралы бойынша – меншiгiнде
мотоколяскалары мен
- салық салу объектiсi
болып табылатын бiр автокөлiк
құралы бойынша– Кеңес
- ауыл шаруашылығы құралымынан шығу нәтижесiнде пай ретiнде алынған, пайдалану мерзiмi жетi жылдан асқан жүк автомобильдерi бойынша жеке тұлғалар көлiк құралдары салығын төлеушiлер болып табылмайды.
5.Көлік құралдарына салық салу бойынша бюджетпен есеп айырысу
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеуге жататын және (немесе) есепте тұрған тiркемелердi қоспағанда, көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылады.
Салық ставкалары. Салықты
есептеу айлық есептік
Кесте 5. Салықты есептеудің ставкалары
Рет № |
Салық салу объектiсi |
Салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш) |
1 |
2 |
3 |
Двигателінің көлемi мынадай жеңiл автомобильдер (текше см.): 1100-ге дейiн қоса алғанда 1100-ден жоғары 1500-ді қоса алғанда 1500-ден жоғары 2000-ды қоса алғанда 2000-нан жоғары 2500-ді қоса алғанда 2500-ден жоғары 3000-ды қоса алғанда 3000-нан жоғары 4000-ды қоса алғанда 4000-нан жоғары |
1 2 3 5 8 15 117 | |
Жүк көтергiштiгі мынадай жүк таситын арнаулы автомобильдер (тiркемелердi есептемегенде): 1 тоннаға дейiн қоса алғанда 1 тоннадан жоғары - 1,5 тоннаны қоса алғанда 1,5 тоннадан жоғары - 5 тоннаны қоса алғанда 5 тоннадан жоғары |
3 5 7 9 | |
Шынжыр табанды машиналар мен механизмдердi қоспағанда, өздiгiнен жүретiн машиналар мен пневматикалық жүрiстегi механизмдер |
3 | |
Автобустар: отыратын 12 орынға дейiн қоса алғанда отыратын 12-ден жоғары - 25 орынды қоса алғанда отыратын 25 орыннан жоғары |
9 14 20 | |
Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, двигателінің қуаты 55 кВт-дан аспайтын көлемi шағын кемелер Двигателінің қуаты 55 кВт-дан жоғары мотоциклдер |
1
10 | |
Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар (двигателінің қуаты мынадай ат күшiне тең): 160-қа дейiн қоса алғанда 160-тан жоғары 500-ді қоса алғанда 500-ден жоғары 1000-ды қоса алғанда 1000-нан жоғары |
6 18 32 55 | |
Ұшу аппараттары |
әрбір киловатт қуаттан айлық есептiк көрсеткiштiң 4,0 процентi |
Жеңіл автомобильдердің үш айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 1500-ден жоғары -2000 текше сантиметрді қоса алғандағы, бес айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2000-нан жоғары - 2500 текше сантиметрді қоса алғандағы, сегіз айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2500-ден жоғары - 3000 текше сантиметрді қоса алғандағы және он бес айлық есептік көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын двигателiнiң көлемi 3000-нан жоғары - 4000 текше сантиметрдi қоса алғандағы көлемде болған кезде салық сомасы двигательдiң аталған көлемiнен асып түскен әрбiр бiрлiк үшiн 7 теңгеге ұлғайтылады.
Көлік құралы салығы бойынша есептеу мысалы:
жеңіл автокөліктер бойыша
ВАЗ-21060 маркалы автокөлік 2003жылы шыққан двигатель көлемі 1600 шар. см
салық есептеу: 1273(АЕК)*3(салық ставкасы)=3819тг. 1600 шар.см.-1500 шар.см.=100 шар.см.* 7 теңге =700 тг.+ 3819 тг.=салық сомасы 4519тг.;
NISSAN X-TRAIL маркалы автокөлік 2005 ш.ж. двигатель көлемі 2500 шаршы см.
салық есептелуі: 1273(АЕК)* 5(ставкасы)=6365тг.
2000 шар.см.-2500 шар.см.=500шар.см.* 7тг.=3500тг.
6365+3500=салық сомасы 9865тг.
Жүк көтергіш автокөліктері бойынша:
ГАЗ 33021 маркалы авокөлік 2001ж.ш. жүк көтергіштігі 1,5 тонна
Салық есетпелуі 1273(АЕК)*5(ставкасы)= салық сомасы 6365тг.
Салық төлеуші салық салу объектiлерiн, әрбiр көлiк құралы бойынша салық ставкасын негiзге ала отырып, салық кезеңi үшiн салық сомасын дербес есептейдi.
Көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында салық кезеңiнен аз уақыт болған жағдайда, салық сомасы көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында іс жүзінде болған кезең үшiн салықтың жылдық сомасын он екіге бөлу және көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында iс жүзiнде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледi. Салық кезеңi iшiнде дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғалар салық салу объектiлерiне меншiк құқығын берген кезде салық сомасы мынадай тәртiппен есептеледi:
Көлiк құралына
меншiк құқығын дара
Сатып алу кезiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлiк құралын сатып алған кезде салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың бірінші күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi кезең үшiн есептеледi.
Кесте 6. 2010 жылға жеңіл автокөліктері үшін салық есептеу
Двигателінің көлемi мынадай жеңiл автомобильдер (текше см.): үшін |
Салық сомасы
|
1100-ге дейін қоса алғанда |
1273 |
1200-1500-ге дейін қоса алғанда |
2546 |
1600 |
4519 |
1700 |
5219 |
1800 |
5919 |
1900 |
6619 |
2000 |
7319 |
2100 |
7065 |
2200 |
7765 |
2300 |
8465 |
2400 |
9165 |
2500 |
9865 |
2600 |
10884 |
2700 |
11584 |
2800 |
12284 |
2900 |
12984 |
3000 |
13684 |
3100 |
19795 |
3200 |
20495 |
3300 |
21195 |
3400 |
21895 |
3500 |
22595 |
3600 |
23295 |
3700 |
23995 |
3800 |
24695 |
3900 |
25395 |
4000 |
26095 |
4000-нан жоғары |
148941 |
Иелерінен айдап әкетілген және (немесе) ұрланған деп саналған көлік құралдарын тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органда көлік құралын есептен шығару кезінде көлік құралына іздеу салу кезеңінде салық төлеуден босату үшін осы негіз бойынша көлік құралын есептен шығарылғанын растайтын құжат негіз болып табылады. Салық міндеттемесін орындау іздеу салынған көлік құралының иесіне қайтарылған кезден бастап, осы Кодекстің 51-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Салық төлеу мерзiмдерi. Жеке тұлғалар меншiк құқығында 1 қазанға дейiн болған көлiк құралдары бойынша бюджетке салық төлеуді салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық кезеңінің 1 қазанынан кешіктірмей жүргізеді.
Көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңiнiң 1 қазанынан кейiн алған жағдайда, бюджетке салық төлеу көлiк құралын мемлекеттiк тiркеуге дейiн немесе тiркеу кезiнде жүргiзiледi. Көлiк құралының меншiк иесi атынан меншiктi сенiмгерлiк басқару құқығымен көлiк құралын иеленушi тұлғаның көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
Жүк көтергiштiгі мынадай жүк таситын арнаулы автомобильдер (тiркемелердi есептемегенде): |
Салық сомасы |
1 тоннаға дейiн қоса алғанда |
3819 |
1 тоннадан жоғары - 1,5 тоннаны қоса алғанда |
6365 |
1,5 тоннадан жоғары - 5 тоннаны қоса алғанда |
8911 |
5 тоннадан жоғары |
11457 |
Кесте 8. 2010 жылға автобустар.
Жолаушы тасымалдаушы көлік құралдары үшін |
Салық сомасы |
отыратын 12 орынға дейiн қоса алғанда |
11457 |
отыратын 12-ден жоғары - 25 орынды қоса алғанда |
17822 |
отыратын 25 орыннан жоғары |
25460 |
Шағын кемелер |
Салық сомасы |
двигатель қуаты 75 ат күшіне тең |
1273 |
двигатель қуаты 75-тен 160 ат күшіне дейін қоса алғанда |
7638 |
160-тан 500-ге дейін |
22914 |
Мүліктік және автокөліктік салықтардың бухгалтерлік есебі өндіріс процесіне және тауардың (жұмыстың, қызметтердің) айналысына косылған, сату айналысына салынатын құн бөлігінің бюджетке аударылатын, қосылған құны салығы болып табылады, сондай-ақ Қазакстан Республикасының аумағына тауарларды импорттау кезінде жасалатын аударымдар. Бюджетке төлеуге жататын (тиісті) қосылған құн салығы тауар айналымына қосылған кұннан, орындалған жұмыстан, көрсетілген қызметтеи ұсталынады.
Қосылған құнға салынатын салық объектілері болып, салық салынатын айналым және салық салынатын импорт болып табылады.
Сондай-ак, еңбек ақы заттай түрде төленген жағдайда берілетін тауарлардың құнына қосылған құнға салынатын салық енгізіледі.
Салықтан босатылған тауарлардан басқа, сырттан әкелінетін тауарларға салық салынады.