Басқа да салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысу есебі» (жер салығы, мүліктер салығы мен көлік салығы)

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 18:45, курсовая работа

Описание работы

Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп,дамуының негізі болып табылады.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттін әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің экономикасында көптеген жаңа мәселелер мен қажеттіліктер пайда болды. Олар жаңа мамандар мен жаңа теориялық және тәжірибелік дисциплиналардың,соның ішінде салық салу жүйесін негіздеді.

Содержание

КІРІСПЕ

1.Салық түрлері, ҚР-ның салық жүйесі
2.Салық төлеушіде басқа да салықтар бойынша қаржылық және салық есебін ұйымдастыру
3.Жер салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу
4. Мүлікке салық салу бойынша бюджетпен. есеп айырысу
5.Көлік құралдарына салық салу бойынша бюджетпен есеп айырысу
6.Басқа да салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысудың бухгалтерлік есебін дамыту жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

АИДА курс.doc

— 918.00 Кб (Скачать)

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ

ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

тақырыбы «Басқа да салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысу есебі»

(жер салығы, мүліктер  салығы мен көлік салығы)

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған :

УА-21к тобының студенті

 

 

 

 

Ғылыми жетекші:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Карағанды 2011ж

 

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ

 

1.Салық түрлері, ҚР-ның  салық жүйесі

2.Салық төлеушіде басқа  да салықтар бойынша қаржылық  және салық есебін ұйымдастыру 

3.Жер салығы бойынша  бюджетпен есеп айырысу

4. Мүлікке салық салу бойынша бюджетпен. есеп айырысу

5.Көлік құралдарына  салық салу бойынша бюджетпен  есеп айырысу

6.Басқа да салықтар  бойынша бюджетпен есеп айырысудың  бухгалтерлік есебін дамыту жолдары

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

ҚОСЫМШАЛАР

 

 
        КІРІСПЕ

  • Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп,дамуының негізі болып табылады.
  • Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттін әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
  • Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің экономикасында көптеген жаңа мәселелер мен қажеттіліктер пайда болды. Олар жаңа мамандар мен жаңа теориялық және тәжірибелік дисциплиналардың,соның ішінде салық салу жүйесін негіздеді.
  • Салық салу жүйесін жекелей алғанда,оны нарықтық қатынастардың жаңалықтарына жатқызуға болмайды,бірақ жаңалық болып тәуелсіз бақылаудың пайда болуы табылады.Ол қоғамдық тәжірибелік қажеттілікті жүзеге асыруды-пайдаланушылар қызығушылығындағы экономикалық субъектілер ісі жөніндегі қаржылық ақпараттардың нақтылығын растауды қамтамасыз етті.
  • Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі қаржы-несие механизмі, ең маңызды реттеушілердің бірі болып табылады. Салық саясаты облысындағы негізгі бағыт: мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынастардың жаңа типін қалыптастыру басты негізде салық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

    Қазақстан Республикасындағы  салық жүйесі он жылдан астам уақыт  бойы әрекет етуде және де осы уақытқа  дейін қатаң сынаудың обьектісі  болуын жалғастырып келеді. Еліміздің  жеке салық қызметінің ұйымдасқан күніне бастағандығы он жыл ішінде біздің тәуелсіз мемлекетіміздің салық жүйесін қалыптастырып және оның, әрі қарай дамуына сәйкес біршама жұмыстар атқарылады.

    Салықтар барлық елдерде  олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы  мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттін әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.

    Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің  экономикасында көптеген жаңа мәселелер мен қажеттіліктер пайда болды.Олар жаңа мамандар мен жаңа теориялық және тәжірибелік дисциплиналардың,соның ішінде салық салу жүйесін негіздеді.

    Салық салу жүйесін жекелей алғанда,оны  нарықтық қатынастардың жаңалықтарына  жатқызуға болмайды,бірақ жаңалық болып тәуелсіз бақылаудың пайда болуы табылады.Ол қоғамдық тәжірибелік қажеттілікті жүзеге асыруды-пайдаланушылар қызығушылығындағы экономикалық субъектілер ісі жөніндегі қаржылық ақпараттардың нақтылығын растауды қамтамасыз етті.

    Бұл курстық жұмысты жазудағы мақсат бюджетке төленетін басқа да салықтардың мәнін ашып көрсету, салықтардың қалыптасуы мен дамуы туралы ақпаратты енгізу, аудиттің негізгі мақсаттары мен міндеттерін айқындап көрсету. Яғни осы курстық жұмыста жазылған мәліметтер салықтар жөнінде жалпы мағлұмат береді.

     

    1.Салық түрлері, ҚР-ның  салық жүйесі

     

     

    Қазіргі нарықтық экономика  жүйесінде салықтардың алатын орны өте зор. Салықтар мемлекеттік бюджеттің негізгі бөлігі. Бүгінгі күнде салықтар әлеуметтік сферада және экономикалық реттеуде негізгі инструмент ретінде көрініс табады, өйткені мемлекет салық жүйесінің көмегімен ұлттық табысты қайта бөлу кезінде өзінің әсерін тигізе алады.

    Ұйымдық-құқықтық жағынан  салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер болып табылады.

    Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды  және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.

    Адамзат дамуының бүкіл  тарихы бойына салық нысандары мен  әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің  қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олар –  дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.

    Салық салудың мынадай  принциптері бар:

    - салық бар игіліктерге  пропорционалды түрде қоғам мүддесіне  сай алынады; 

    - салық табыс мөлшері мен әлауқаттылық деңгейіне тәуелді болады.

    Сонымен, салықтар дегеніміз мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер болып табылады. [2]

    Қандай да бір механизмнің  құрамында бірнеше тетіктер мен элементтер болады. Сол сияқты салық механизмі де белгілі бір салық элементтерінен тұрады. Салық салу элементтері мыналар: субъект, объект , салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі, салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері, салық төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары. Осы элементтерге жеке-жеке тоқталатын болсақ:

    Салық төлеуші (субъект) - салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі заңды міндеті бар тұлға. Қазақстан Республикасының салық төлеушілері:

    1) резидент және резидент емес заңды тұлғалар;

    2) Қазақстан Республикасының  азаматтары, шетел азаматтары және  азаматтығы жоқ адамдар болып  жіктеледі. 

    Салық объектісі – заң жүзінде негізделген салық салуға негіз болатын табыс, мүлік, қызмет көрсету, ақшалай операциялар және тағы да басқа көптеген тауарлық – материалдық игіліктер.

    Салық көзі – салық  салынатын табыс. Салық салынатын  табыс жылдық жиынтық табыс пен шегерімдердің айырмасы ретінде анықталады.

    Салық ставкасы – бір  өлшем бірлігінен алынатын салық  мөлшері. Ставкалар тұрақты немесе пайыз нысанында белгіленеді. Пайыздық салық ставкасы прогрессивтік, регрессивтік және пропорционалдық (тұрақты) болып  бөлінеді.

    Салықты төлеу мерзімі  – салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке төлену уақыты.

    Салық төлеу тәртібі  – белгіленген мерзімде салықты  төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезіндегі белгілі  бір дәйектілікті белгілейді.

    Салықты төлеуді бақылау  – салық заңдарының орындалуын, мемлекетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді есептеу дұрыстығын және олардың уақытылы төлену мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғаларды тексеру. Салықты төлеуді басқаруды тек қана салық қызметі органдары жүзеге асырады.[3]

    Алғашқы салық жүйесінің  көптеген кемшіліктері де болды. Атап айтқанда, басқа елдерге қарағанда біздің салық жүйеміздің жинақталған ғылыми және практикалық тәжірибелерінің жеткіліксіздігі, салық түрлерінің көптігі, халықаралық салық салу қағидаларының назардан тыс қалуы, айналымды анықтаудың қиындығы, дәлелсіз берілген жеңілдіктердің көптігі және тағы да басқалары. Осыдан келіп еліміздің салық жүйесін реформалаудың қажеттігі туындады.[5, 38б]

  • Салық салу жүйесін жекелей алғанда,оны нарықтық қатынастардың жаңалықтарына жатқызуға болмайды,бірақ жаңалық болып тәуелсіз бақылаудың пайда болуы табылады.Ол қоғамдық тәжірибелік қажеттілікті жүзеге асыруды-пайдаланушылар қызығушылығындағы экономикалық субъектілер ісі жөніндегі қаржылық ақпараттардың нақтылығын растауды қамтамасыз етті.
  • Салық– мемлекет бір  жақты тәртіппен заң жүзінде  белгілеген, белгілі бір мөлшерде қайтарымсыз және өтеусіз, тұрақты  сипатта бюджетке төленетін төлемдер. Салықтар – қайтарымсыз, баламасыз және тұрақты сипаттағы құқықтық формадағы мемлекет арқылы белгіленген міндетті төлемдер.

    Бюджетке салықтардың  толығымен түсуі мен көлемін  бағалау үшін, тбізге мемлекеттік  бюджеттің кіріс бөлігіне талдау жасау мүмкіндігі туды, сонымен бірге  мемлекеттік бюджеттің өзгерістері мен динамикасын зерттеу, қарастыру, салықтардың мемлекеттік бюджетті құрауындағы рөлін анықтауға мүмкіндік бар.

    Қазақстан Республикасында  мемлекеттік бюджетке түсетін салықтық түсімдердің төмендегідей түрлері  бар:

    1. Табыс салығы. Салық төлеушiнiң табыстарына 10 проценттiк ставка бойынша салық салынады.

    Қазақстан Республикасындағы  және одан тысқары жерлердегі көздерден  алынған дивидендтер түрiндегi табыстарға 5 проценттiк ставка бойынша салық  салынады.

    Төлем көзінен салық  салынатын табыстардың мынадай түрлері: 
    - қызметкердің табысы;

    - жеке тұлғаның салық агентінен түсетін табыстары;

    - жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi;

    - дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрiндегi табыс;

    - стипендиялар;

    - жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс төлем көзінен салық салынатын табыстарға жатады. Жиынтық жылдық табысқа салықтық жылда алынған ақшалай немесе табиғи формалардағы табыстарының барлық түрлерi жатады. Салық ставкасы (жеке тұлғалар үшін - 5-40%, заңды тұлғалар үшін - 30%) салық салынған табыстың өсімін есептей отырып.

    2. Төлемдер, жерді пайдалану  салығы. Оған геологиялық жұмыстарды  жүргізу құқығына бонус – төлемдер  жатады, Роялти - кен орындарын пайдалану  және жоғарғы пайдаға салықтық  төлем.

    Қ.Қ.С. (қосылған құн салығы). Қосылған құнға салынатын салық тауарларды өндіру, жұмысты орнату немесе қызмет көрсету және олардың айналысы барысында қосылған құн өсімінің бір бөлігін аудару, сондай-ақ осы елге тауарлар импорты кезіндегі аударым болып табылады. Бұл ретте салық объектісі болып табылады. Қосылған құнға салынатын салық «Қосылған құнға салынатын салық» шотында есептеледі. Бұл пассивтік шот болғандықтан кредитіне салынған салық сомасы, ал дебитіне бюджетке аударылған және субъектінің жабдықтаушыларға тиісті түрде ресімделген салық шоты бойынша төлеген сомалары жазылады.

    Бюджетке төленуге тиісті қосылған құнға салынатын салық  өткізілген өнім, орындалған жұмыс  немесе көрсетілген қызмет үшін есептелген қосылған құнға салынатын салықтың сомасы мен сатып алынған тауарлар, материалдар мен жабдықтаушылардың көрсеткен қызметі, орындаған жұмысы үшін төленген (есептелген) қосылған құнға салынатын салық сомаларының арасындағы айырма ретінде айқындалады.

    Қосылған құнға салынатын  салық мөлшері Қазақстан Республикасының  салық заңында белгіленеді. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасы 100-IV-Заңына сәйкес Қосылған құ салығы 12 %.

    Акциздер. Сатылатын тауардың бағасына қосылатын, сатып алушы төлейтін салық болып табылады. Акциздік салық салынатын тауарларға Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауар, яғни спирттің барлық түрлері, темекі өнімдері, құрамында темекісі бар басқа да өнімдер және күнделікті қолданылмайтын басқа да бұйымдар жатады.

    Қазақстан Республикасы аумағында акцизделуге жататын  тауарларды өндіретін немесе акциздеуге тиісті тауарларды импорттайтын немесе Қазақстан Республикасы аумағында (акциздеуге) ойын бизнесін жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар акциз салығын төлеушілер болып табылады.

    3. Мүлік салығы. Мүлік салығы меншікке салынатын салықтар қатарына жатады. Меншікке салынатын салықтар нарықтық экономика жағдайында мемлекет иелігінен алу үшін және жекешелендіру процесінің дамуына қарай меншік қатынастарындағы нақтылы өзгерістермен байланысты едәуір орын алады. Меншікке салынатын салықтар негізінен жергілікті бюджеттерге есептеледі.

    Мүлікке салынатын салық  тікелей нақты салыққа жатады, оның мөлшері мүліктің табыстылығына емес, төлеушілер мүлкінің құнына байланысты болады. Салық мүлік иелеріне оны тиімді иеленуге түрткі болады. Коммерциялық емес ұйымдар, әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар, негізгі қызмет түрі кітапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау болып табылатын ұйымдар, ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік суқоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектілері бойынша заңды тұлғалар, шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші-заңды тұлғалардың жерлерін суаруға пайдаланылатын су мелиорациялық құрылыстары бойынша салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0,1%. Бұл заңды тұлғалар пайдалануға не жалға берілген салық салу объектілері бойынша 1%;

    Информация о работе Басқа да салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысу есебі» (жер салығы, мүліктер салығы мен көлік салығы)