Басқа да салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысу есебі» (жер салығы, мүліктер салығы мен көлік салығы)

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 18:45, курсовая работа

Описание работы

Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп,дамуының негізі болып табылады.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттін әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің экономикасында көптеген жаңа мәселелер мен қажеттіліктер пайда болды. Олар жаңа мамандар мен жаңа теориялық және тәжірибелік дисциплиналардың,соның ішінде салық салу жүйесін негіздеді.

Содержание

КІРІСПЕ

1.Салық түрлері, ҚР-ның салық жүйесі
2.Салық төлеушіде басқа да салықтар бойынша қаржылық және салық есебін ұйымдастыру
3.Жер салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу
4. Мүлікке салық салу бойынша бюджетпен. есеп айырысу
5.Көлік құралдарына салық салу бойынша бюджетпен есеп айырысу
6.Басқа да салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысудың бухгалтерлік есебін дамыту жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

АИДА курс.doc

— 918.00 Кб (Скачать)

Жыл ішінде жер салығын  есептеу мен төлеу бойынша  міндеттемелер туындаған кезде  салық төлеушілер салық міндеттемелері туындаған күннен бастап 30 күн ішінде салық органдарына табыс етуге  тиіс.

Жеке тұлғалар төлеуге жататын жер салығын есептеуді салық органдары тиісті салық ставкалары мен салық базасын негізге ала отырып, 1 тамыздан кешіктірмей жүргізіледі.

Жеке тұлғалар бюджетке жер салығын ағымдағы жылдың 1 қазанынан  кешіктірмей төлейді.

Жер салығын есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі болып күнтізбелік жыл табылады.

Жер салығын төлеушілер осы салық бойынша декларацияны есеп берілетін жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей салық  салу объектілері орналасқан жерлері  бойынша салық органдарына табыс  етеді.

Салық төлеуші салық  кезеңінде декларация табыс ету  мерзімі басталғаннан кейін 10 күн  мерзімнен кешіктірмей біржолата  есеп айырысуды жүргізіп, жер салығын  төлейді.

Салықтық түсімдер, алымдар  және басқа да міндетті төлемдер: корпорациялық табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге және Қазақстанның аумағына импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы, импортталатын тауарларға акциздер, газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнайға салынатын акциздер, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері, экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым, телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алынатын алым, теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді, азаматтық әуе кемелерін, радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды, дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін, радиожиілік сеьстрін, кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем, әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждары, отандық тауар өндірушілерді қорғау шаралары ретінде алынатын баждар, консулдық алым, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін бергені үшін мемлекеттік баж, жүргізуші куәліктерін және көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер бергені үшін алынатын мемлекеттік баж, мемлекеттік нотариат кеңселері нотариустарының нотариаттық іс-әрекет жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж және басқа алымдар мен төлемдер;

2010 жылдағы мемлекеттік  бюджеттің кірістері 4 064,0 млрд. теңге жоспарда 4 299, 1 млрд. теңгені немесе 105,7 %-ды құрады.

2010 жылдағы корпоративтік  табыс салығы бойынша жоспардағы 847, 9 млрд.теңгенің орнына бюджетке 837, 2 млрд.теңге түсті, орындау 98,7%-ды құрады.

Жеке табыс салығы бойынша жоспар 103,7%-ға орындалды немесе 301,3 млрд. теңге жоспарда бюджетке 312, 3 млрд.теңге түсті.

Әлеуметтік салық бойынша  жоспар 104,4 %-ға орындалды, жоспардағы 243, 0 млрд. теңгенің орнына бюджетке 253, 8 млрд.теңге түсті.

Қосылған құн салығы бойынша жоспардағы 590, 4 млрд. теңгеде бюджетке 677, 2 млрд. теңге түсті немесе 114,7%, оның ішінде ішкі өндіріс тауарларына салынатын ҚҚС бойынша жоспар 134,8%-ға орындалды немесе жоспарланған 179, 0 млрд.теңгенің орнына бюджетке 241,3 млрд.теңге түсті. Жоспардың артығымен орындалуына елеулі шамада бюджеттен ҚҚС қайтару қарқынының баяулауы әсер етті.

Импортталатын тауарларға салынатын ҚҚС бойынша жоспардағы 411,4 млрд. теңгенің орнына түсім 435,9 млрд.теңгені құрады немесе 105,9%-ға орындалды.

Кеден статистикасының жедел деректері бойынша импорт көлемі бекітілген бюджетке қабылданған есеп айырысулардағы 4,7%-ды емес 7,7%-ды құрады.

Іштегі өндірілетін  тауарларға салынатын акциздер бойынша  жоспар 106,6 %-ға орындалды немесе жоспардағы 44,8 млрд.теңгенің орнына түсімдер 47,8 млрд.теңгені құрады

Импортталатын тауарларға салынатын акциздер жоспардағы 20,5 млрд.теңгенің орнына іс жүзінде 13,6 млрд.теңге түсті немесе 66,2 %-ға орындалды. Жоспардың орындалмауының себебі жекелеген акцизделетін тауа рлар (сыра, автомобильдер) бойынша импорт көлемінің төмендеуі болып табылады.

Табиғи және басқа  да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер бойынша жоспар 40, 6 млрд. теңгеге асыра орындалды немесе жоспардағы 190, 6 млрд. теңгенің орнына іс жүзінде бюджетке 231,3 млрд. теңге түсті. Артығымен орындау төлемдердің мынадай түрлері бойынша қамтамасыз етілді:

мұнай секторы ұйымдарынан  түсетін түсімдерді қоспағанда, пайдалы  қазбаларды өндіруге салынатын салық  бойынша жоспардағы 97, 4 млрд. теңгенің орнына іс жүзінде бюджетке 122, 1 млрд. теңге түсті немесе 125,4%. Жоспардың артығымен орындалуы негізінен әлемдік бағалар мен минералдық шикізат өндіру көлемдерінің ұлғаюы есебінен.

радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем бойынша жоспардағы 4 ,2 млрд.теңгенің орнына 15,9 млрд.теңге түсті. Артығымен орындауы екі ұялы байланыс операторынан 3G стандартының байланысын пайдалануға рұқсат алу үшін біржолғы түсімдердің түсуіне байланысты.

Салыққа жатпайтын түсімдер бойынша есепті кезеңге жоспардағы 93, 4 млрд. теңгенің орнына іс жүзінде 104,4 млрд.теңге түсті, жоспардың орындалуы 111,8%-ды құрады.

Жоспарлы көрсеткіштердің  негізгі асыра орындалуы мынадай түсімдер есебінен түсіндіріледі: 8,7 млрд.теңге сомасындағы жоспарланбайтын айыппұлдар; 3,5 млрд. теңге сомада жоспарланбаған дивидендтер.

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер есепті кезеңге жоспардағы 67, 6 млрд.теңгенің орнына 60, 6 млрд.теңгені немесе 89,7%-ды құрады.

Мемлекеттік материалдық  резервтен тауарлар сатудан түсетін  түсімдер бойынша жоспардың орындалмауы  жоспардағы 26,2 млрд.теңгенің орнына 23,5 млрд.теңгені немесе 90,0%-ды құраған мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сату бойынша төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен елдер мен өңірлерге гуманитарлық көмек көрсету нәтижесінде тауарлар сатылымының қысқаруына және сатып алушылардың шарттық міндеттемелерін орындамауына байланысты болды.

Жер және материалдық  емес активтерді сату бойынша жоспардағы 16, 6 млрд. теңгенің орнына іс жүзінде түсімдер 11, 8 млрд. теңгені немесе 71,0%-ды құрады, жер учаскелеріне базалық ставканың артуынан жер учаскелеріне сұраныстың төмендеуіне байланысты .

Трансферт түсімдері жоспардағы 1 200,0 млрд.теңге 100 %-ға орындалып Ұлттық кордан кепілдендірілген трансферттер бойынша түсімдер 1 200, 0 млрд.теңгені құрады.

2010 жылдың қорытындысы  бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына мұнай секторы ұйымдарынан 2 256,3 млрд. теңге сомасында тікелей салықтар түсті.

Кесте 1 - Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2010 ж. мемлекеттік бюджет кірістерінің атқарылуы

 

 

 
         

мың. тенге

Төлемнің атауы

2009 жылғы МБ фактісі

2010 жылғы МБ жоспары

2010 жылғы МБ фактісі

Ауытқу (4-бағ.-3-бағ.)

% (4-бағ./3-бағ.)

Ауытқу (4-бағ.-2-бағ.) 

% (4-бағ./2-бағ.)

1

2

3

4

5

6

7

8

Салықтық түсімдер

2 228 681 798

2 934 080 721

231 122 970

108,6

705 398 922

131,7

2 934 080 721

Корпоративтік табыс салығы

643 668 527,8

837 233 485,8

-10 697 959

98,7

193 564 958

130,1

837 233 485,8

Жеке табыс салығы

268 724 614,1

312 331 729,7

11 047 362

103,7

43 607 116

116,2

312 331 729,7

Әлеуметтік салық

232 839 685,8

253 829 912,8

10 808 280

104,4

20 990 227

109,0

253 829 912,8

Мүлікке салынатын салық

91 851 110,7

107 917 342,8

3 562 108

103,4

16 066 232

117,5

107 917 342,8

Жер салығы

13 022 133,4

13 467 103,4

542 281

104,2

444 970

103,4

13 467 103,4

Көлік құралдарына салынатын салық

17 521 354,3

26 261 779,1

1 752 821

107,2

8 740 425

149,9

26 261 779,1

Бірыңғай жер салығы

578 140,0

761 649,3

155 290

125,6

183 509

131,7

761 649,3

Қосылған құн салығы, барлығы 

515 933 455,6

677 229 029,1

86 794 671

114,7

161 295 574

131,3

677 229 029,1

1) Ішкі өндіріс тауарларға салынатын ҚҚС

111 278 726

241 359 887

62 346 367

134,8

130 081 161

216,9

241 359 887

2) Импортталатын тауарларға салынатын  ҚҚС

404 654 729

435 869 142

24 448 304

105,9

31 214 413

107,7

435 869 142


 

Кесте -1 жалғасы

Акциздер, барлығы

57 393 428,8

61 423 118,0

-3 972 925

93,9

4 029 689

107,0

61 423 118,0

1) Ішкі өндіріс тауарларына салынатын акциздер

57 374 851

47 809 490

2 966 645

106,6

-9 565 361

83,3

47 809 490

2) Импортталатын тауарларға салынатын акциздер

18 578

13 613 629

-6 939 570

66,2

13 595 050

73 277,4

13 613 629

Табиғи және басқа да ресурстарды  пайдаланғаннан түсетін түсімдер

201 185 702,7

231 272 772,3

40 653 393

121,3

30 087 070

115,0

231 272 772,3

Алымдар

8 350 382,5

9 731 076,6

1 444 699

117,4

1 380 694

116,5

9 731 076,6

Ойын бизнесіне салынатын салық

2 375 030,4

5 307 296,9

1 527 787

140,4

2 932 267

223,5

5 307 296,9

Халықаралық саудаға және сыртқы операцияларға  салынатын салықтар

152 226 450,2

373 799 611,3

84 869 347

129,4

221 573 161

245,6

373 799 611,3

Басқа да салықтар

14 541,6

5 551,2

-7 472

42,6

-8 990

38,2

5 551,2

Мемлекеттік баж

22 997 240,3

23 509 262,3

2 643 286

112,7

512 022

102,2

23 509 262,3

Салықтық емес түсімдер

136 175 506,6

104 398 205,8

10 989 242

111,8

-31 777 301

76,7

104 398 205,8

Негізгі капиталды сатудан түсетін  түсімдер

35 887 388,8

60 653 288,8

-6 948 285

89,7

24 765 900

169,0

60 653 288,8

БАРЛЫҒЫ кірістер (3 санат)

2 400 744 694

3 099 132 215

235 163 927

108,2

698 387 522

129,1

3 099 132 215

Трансферттердің түсімі

1 104 600 000,0

1 200 000 000,0

0

100,0

95 400 000

108,6

1 200 000 000,0

ЖИЫНЫ

3 505 344 694

4 299 132 215

235 163 927

105,8

793 787 522

122,6

4 299 132 215

               

Кедендік төлемдер мен салықтар

556 899 758

823 282 382

102 378 082

114,2

266 382 624

147,8

823 282 382

Е с к е р т  у – Қаржы министрлігінің статистикалық  бюллетені негізінде жасалды


 

Кестеде көріп  отырғанымыздай, Мемлекеттік бюджетке түсімдер 2010 жылы кірістерінде оң көрсеткіштерді байқауға болады, 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы ішкі өндіріс тауарларына салынатын салық 116,89 % өскен, және де ойын бизнесіне салынатын салық 123,46% өскен, халықаралық саудаға және сыртқы операцияларға салынатын салықтар 145,5%, ал ең төменгі көрсеткіш ішкі өндіріс тауарларына салынатын акциздер - 8,3%, басқа да салықтар -38,24%, салықтық емес түсімдер -76,6, мемлекеттік баж 2,22%, трансферттердің түсімі 8,63%, жер салығы 3,41%, әлеуметтік салық 9,01% төменгі көрсеткіштерді байқауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Мүлікке салық салу  бойынша бюджетпен. есеп айырысу

 

 

Мүлік салығы меншікке салынатын  салықтар қатарына жатады. Меншікке салынатын салықтар нарықтық экономика жағдайында мемлекет иелігінен алу үшін және жекешелендіру процесінің дамуына қарай меншік қатынастарындағы нақтылы өзгерістермен байланысты едәуір орын алады. Меншікке салынатын салықтар негізінен жергілікті бюджеттерге есептеледі.

Салықтардың мөлшерлемелері меншіктің табыстылығы бойынша  емес, сыртқы нышандар – меншіктің  мөлшері бойынша белгіленетіндіктен фискалдық мақсаттан басқа салықтардың  меншікті пайдалаудың тиімділігін  көтермелеу мақсаты бар.

Меншікке салынатын салықтар қоғам алдындағы салықтық жауапкершілікті біркелкі етіп бөлуге мүмкіндік береді. Мұның әсіресе жер салығына, мүлікке салынатын салыққа қатысы бар.

Мүлікке салынатын салық  тікелей нақты салыққа жатады, оның мөлшері мүліктің табыстылығына емес, төлеушілер мүлкінің құнына байланысты болады. Салық мүлік иелеріне оны тиімді иеленуге түрткі болады.

 

Кесте 2. Мүлік салығын жіктеу

 

Жіктеу белгілері

Қысқаша сипаттама

1

2

3

1

Салық объектілері бойынша

- жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын  салық;

- заңды тұлғалар мен жеке  кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын  салық;

2

Қолданылу сипатына қарай

жалпы–салық төлеушінің меншігіндегі мүліктің барлық түрлеріне қатысты  қолданылады;

 

селективтік-мүлік түрлерінің әрбір  түрі үшін салық режимін саралауға  не салық салу базасынан кейбір меншік түрлерін шығарып тастауға негізделген.

3

Бағалау түрлеріне қарай

- негізінде жылжымайтын мүліктен  алынуымүмкін күтілетін (ожидаемый)  ренталық табыс жататын жататын  әдіс;

- мүлікті сатудың болжамды бағасына  негізделген әдіс (күрделі не нарықтық);

- салық салу базасы ретінде  құрылыс салынғандарын қоса, жер  учаскелері алаңы алынатын баламалы(альтернативный) әдіс.

Информация о работе Басқа да салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысу есебі» (жер салығы, мүліктер салығы мен көлік салығы)