Басқа да салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысу есебі» (жер салығы, мүліктер салығы мен көлік салығы)

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 18:45, курсовая работа

Описание работы

Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп,дамуының негізі болып табылады.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттін әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің экономикасында көптеген жаңа мәселелер мен қажеттіліктер пайда болды. Олар жаңа мамандар мен жаңа теориялық және тәжірибелік дисциплиналардың,соның ішінде салық салу жүйесін негіздеді.

Содержание

КІРІСПЕ

1.Салық түрлері, ҚР-ның салық жүйесі
2.Салық төлеушіде басқа да салықтар бойынша қаржылық және салық есебін ұйымдастыру
3.Жер салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу
4. Мүлікке салық салу бойынша бюджетпен. есеп айырысу
5.Көлік құралдарына салық салу бойынша бюджетпен есеп айырысу
6.Басқа да салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысудың бухгалтерлік есебін дамыту жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

АИДА курс.doc

— 918.00 Кб (Скачать)

 

Кейбір елдерде мүлікке  салық салу базасын анықтау оны мынадай санаттарға бөлумен байланысты:

- жылжымайтын (жер  және онымен тікелей байланысты құрылыстар);

- дербес жылжымалы  (жылжымайтын мүліктен басқа,  меншіктің барлық түрлері).

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салықты  есептеу мен төлеудің жалпы тәртібі  төмендегіше.

 

Кесте 2. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығын төлеу тәртібі мен ережелері

 

Көрсеткіштер

Қысқаша сипаттама

1

2

3

1

Төлеушілері Қазақстан Республикасының  аумағында меншік, шаруашылық жүргізу  немесе оралымды басқару құқығында  салық объектісі бар заңды  тұлғалар мен меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер. ҚР резиденті емес заңды тұлғалар ҚР аумағында орналасқан салық салу объектілері бойынша;

ҚР резиденті емес заңды тұлғалар ҚР аумағында орналасқан салық салу объектілері бойынша;

2

Мүлік салығы төлеушілері қатарына жатпайтындар ҚР Үкіметі белгілейтін қажеттілік нормативтері шегінде салық салу объектілері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер;

салық салу Салық кодексінің 283-бабында  белгіленген салық режимінің  екінші үлгісі бойынша жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар;

мемлекеттік мекемелер;

уәкілетті органның қылмыстық жазаларды  атқару саласындағы түзеу мекемелерінің  мемлекеттік кәсіпорындары;

діни бірлестіктер.

3

Салық объектісі 

Негізгі құралдар (соның ішінде тұрғын үй қорының құрамында тұрған объектілер) мен материалдық емес активтер

4

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер  үшін салық базасы

Бухгалтерлік есептің деректері  бойынша анықталатын салық салу объектілерінің орташа жылдық қалдық құны. Салық салу объектілерінің орташа жылдық қалдық құны ағымдағы салық кезеңінің әр айының бірінші күні мен есепті кезеңнен кейінгі кезең айының бірінші күніндегі салық салу объектілерінің қалдық құнын қосу кезінде алынған соманың он үштен бірі ретінде алынады.

5

Салық ставкалары Заңды тұлғалар үшін салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0,5% ;

Жеке кәсіпкерлер үшін салық  салу объектісінің орташа жылдық құнына 0,5%;

Салық төлеушілер салықты есептеуді  салық базасына тиісті салық ставкаларын  қолдану арқылы дербес жүргізеді.


 

Мүліктің бұл түрі өз кезегінде материалдық және материалдық емес (мүлік құны туралы ақпараттарды құрайтын шоттар, сертификаттар) болып бөлінеді.

Жалпы мүлік салығы жергілікті бюджетке түсетін маңызды кіріс  көзі болып табылады. Сондықтан жергілікті салық органдары жоғарыда аталған салық принциптеріне сүйеніп, мүлікке тән белгілер мен құнына байланысты салық салу базасы мен салық ставкасын объективті анықтайды. Салық төлеуге байланысты салық төлеушілердің негізгі міндеті болып салық салу базасын оңтайлы айқындау мен мүлікті дұрыс өлшеу табылады.

Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша  мүлік салығы әрбір салық төлеушінің мүлік құнындағы оның үлесіне  барабар есептеледі. Салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүліксалығы  бойынша ағымдағы төлемдерді тқлеуге  міндетті, олар салық кезеңінің басында бухгалтерлік есеп деректері бойынша белгеленген салық салу объектілерінің қалдық құнына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы анықталады.

Бюджетке салық төлеу  салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

Салық кезеңі ішінде сатып алынған салық салу объектілері бойынша мүлік салығының ағымдағы төлемдері салық салу объектісін сатып алу кезіндегі салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталады. Ағымдағы төлемдер сомасы тең үлестермен белгеленен мерзімде төленеді, бұ, бұл ретте салық салу объектілерін сатып аалған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.

Салық кезеңі ішінде шығып  қалған салық салу объектілері бойынша  ағымдағы төлемдер шығып қалған салық  салу объектілерінің шығып қалған кездегі салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталатын салық сомасына азайтылады. Азайтылуға тиіс салық сомасы салық төлеудің қалған мерзімдеріне тең үлестермен бөлінеді.

Мүлік салығы бойынша  ағымдағы төлемдер сомаларының есебі есепті салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі.

Мүлік салығы бойынша  декларация есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс  етіледі.

Жеке тұлғалардың мүлік  салығы

Меншік құқығында салық  салу объектілері бар жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылады.

Жеке тұлғалардың мүлік  салығын төлеушілер қатарына мыналар  жатпайды:

1. Мерзімді қызметтегі  әскери қызметшілер мерзімді  қызметтен өту кезеңінде;

2. Меншік құқығындағы  барлық салық салу объектілерінің  жалпы құнынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1000 айлық есептік көрсеткіш шегінде - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ері, «Халық қаһарманы» атағын алған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер.

3. Меншік құқығындағы  барлық салық салу объектілерінің  жалпы құнынан тиісті қаржы  жылына арналған республикалық  бюджет туралы заңмүлік салығынан да белгіленген 1500 айлық есептік көрсеткіш шегінде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар, I және II топтағы мүгедектер.

ҚР-сының  салық кодексінің  394-402 бабтар (заңды тұлғалар) және 403-410 бабтар жеке тұлғалар бойынша мүлік салығының объекті болып кәсіпкерлікпен шұғылданатын жеке және заң тұлғаның балансындағы ғимараттар, құрылғылар, тұрғын ұй құрылыстар және жылжымайтын мүліктер танылады. Салық баланстағы қалдық құнға есептеледі заңды тұлғаларға орташа жылдық 1,5%.

Мысалы, 2010ж. мауысым айында заң тұлға ашылды да ғимарат, құрылғылар қозғалысы пайда болды:

мерзімі

Қалдық құны

Кіріске алынды

Шығысқа шығарылды

амортизацияланды

2010ж.1.07.

-

     

2010ж.1.08.

-

     

2010ж.1.09.

-

500 000

   

2010ж.1.10.

500 000

200 000

50 000

10000

2010ж.1.11.

640 000

350 000

 

10 200

2010ж.1.12.

970 800

 

400 000

10 700

2008ж.1.1

560 100

     

Барлығы

2670 900

     

Сонда, орташа жылдық қалдық құн болады  500,0+640,0+970,8+560,1 = 2670,9 :7= 381557тг.х1,5% = 5723тг.

Бір және оданда көп жылдар пайдалануда бар ғимараттармен тұрғын ұй құрылыстар болса бастапқы қалдыққа кіріске алынған ғимараттармен тұрғын ұй құрылыстардың құны қосылып есептен шығарылған ғимараттармен тұрғын ұй құрылыстардың құны азайтылады : 13 (жылда 12 ай) = анықталады орташа ғимараттармен тұрғын ұй құрылыстардың орташа қалдық құны (барлық жағдайларда қалдақ құн есептеледі).  

Жеке тұлғалардың мүліктеріне  салық сомасын тиісті өкілетті органдар есептемелер бойынша анықтайды: 50 000 000тг. – 120 000 000тг. аралыққа 0,75%, ал одан жоғарыға 1%.                        

Осы аталған тұлғалар пайдалануға не жалға берілген салық  салу объектілері бойынша салықты  жоғарыда аталған тәртіппен есептеп, төлейді. Басқаша айтқанда, бұл аталған  салық төлеушілер санатына жеңілдетілген  құқық берілген, яғни өзі таңдаған бір объектіге мүлік салығынан жеңілдік беріледі.

Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі және кәсіпкерлік  қызметте пайдаланылмайтын мынадай  объектілер:

- ҚР аумағындағы тұрғын  үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар  және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар;

- ҚР аумағындағы аяқталмаған  құрылыс объектілері-қоныстану (пайдалану)  кезінен бастап жеке тұлғалардың  мүлкіне салық салу объектісі  болып табылады.

Жеке тұлғалардың мүлік  салығы салық салу объектісінің құнына байланысты келесі ставкалар бойынша есептеледі.

 

Кесте 3. Жеке тұлғалардың  мүлік салығының ставкалары

 

Салық ставкалары

Есептеу тәртібі

1 млн теңгеге дейін қоса алғанда  салық салу объектілері құнының  0,05%;

 

1 млн теңгеден жоғары

2 млн теңгеге дейін қоса алғанда 500 теңге + 1 млн теңгеден асатын сомадан 0,08%;

2 млн теңгеден жоғары

3 млн теңгеге дейін қоса алғанда  1300 теңге + 2 млн теңгеден асатын  сомадан 0,1%;

3 млн теңгеден жоғары

4 млн теңгеге дейін қоса алғанда  2300 теңге + 3 млн теңгеден асатын  сомадан 0,15%;

4 млн теңгеден жоғары

5 млн теңгеге дейін қоса алғанда  3800 теңге + 4 млн теңгеден асатын  сомадан 0,2%;

5 млн теңгеден жоғары

6 млн теңгеге дейін қоса алғанда  5800 теңге + 5 млн теңгеден асатын  сомадан 0,25%;

6 млн теңгеден жоғары

7 млн теңгеге дейін қоса алғанда 8300 теңге + 6 млн теңгеден асатын сомадан 0,3%;

7 млн теңгеден жоғары

8 млн теңгеге дейін қоса алғанда  11300 теңге + 7 млн теңгеден асатын  сомадан 0,35%;

8 млн теңгеден жоғары

9 млн теңгеге дейін қоса алғанда  14800 теңге + 8 млн теңгеден асатын сомадан 0,4%;

9 млн теңгеден жоғары

10 млн теңгеге дейін қоса алғанда  18800 теңге + 9 млн теңгеден асатын  сомадан 0,45%;

10 млн теңгеден жоғары

23300 теңге + 10 млн теңгеден асатын  сомадан 0,5%.


 

Әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Жылжымайтын мүлікті тіркеу және бағалау орталығы белгілейтін салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін салық базасы болып табылады.

Бірнеше салық салу объектілері  бойынша салық төлеуші бір  жеке тұлға болған жағдайда, салық  базасы әр объект бойынша жеке есептеледі.

Сонымен, жеке тұлғалардың  кәсіпкерлік қызметке пайдаланылмайтын мүлкіне салық жылжымайтын мүлік  құны мен белгіленген ставкалар  негізінде салық органдарымен анықталады.

Мысалы, егер жеке тұлғаның меншік құқығында:

1) құны 1500 мың теңге  тұратын пәтер болса, онда мүлік салығының сомасы 1750 теңгені құрайды (500 тг.+ / (1500 тг. – 1000 тг.) х 0,08%);

2) құны 500 мың теңге  тұратын гараж болса, салық  сомасы 500 тг.(500 мың тг.+0,1%) құрайды;

3) құны 70 мың теңге  тұратын саяжай болса, салық  сомасы 70 тг. (70 мың тг. + 0,1%) құрайды.

Жеке тұлғалардың салық  салу объектілері бойынша салықты  есептеуді салық кезеңінің 1 тамызынан  кешіктірілмейтін мерзімде тиісті салық  ставкасын салық базасына қолдану  арқылы салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдары жүргізеді.

Жеке тұлғалардың мүлкіне  салынатын салықты есептеу мен  төлеу тәртібін төмендегі кестеден көруге болады.

 

Кесте 4. Жеке тұлғалармен  мүлік салығын төлеу тәртібі

 

Салық салу объектілері

Есептеу тәртібі

1

Бірнеше жеке тұлғаның ортақ үлестік  меншігіндегі салық салу объектісі

Олардың осы мүліктегі үлесіне  барабар (пропорционалды)

2

Бірнеше салық салу объектілері  бойынша

Салық төлеуші бір жеке тұлға  болған жағдайда әрбір салық салу объектісі бойынша бөлек есептеледі

3

Жаңадан салынған (құрылған) салық  салу объектілері бойынша

Салық олардың салынған жылыан кейінгі  салық жылынан бастап есептеледі

4

Салық салу объектісі жойылған, қираған, бұзылған кезде 

Осы фактілерді растайтын құжаттар болған жағдайда салық сомасы қайта есептеледі

5

Салық кезеңі ішінде салық төлеушінің салық төлеуден босатылу құқығы туындаған  кезде 

Осы құқық туындаған айдан бастап салық сомасын қайта есептейді

6

Салық кезеңі ішінде салық салу объектілеріне  меншік құқықтары ауысқан (берілген) жағдайда

Мүлікке меншік құқықтарын жүзеге асырудың нақты кезеңі үшін есептеледі

Информация о работе Басқа да салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысу есебі» (жер салығы, мүліктер салығы мен көлік салығы)