Ағымдағы аудит

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 15:06, реферат

Описание работы

Тауарлы – материалдық қорларға (ТМҚ) сатып алу циклінің функционалды аудиттің қаржылық есеп берудің мәліметтерін және белгілі бір кезең ішіндегі олардың қозғалысы туралы алғашқы құжаттарды қарастырудан басталады. Бастапқы есепті ұйымдастыруда қабылдауды, құжатта рәсімдеуді, тиеу – тасу жұмыстарын, материалдық ресурстардың қозғалысын, сақталуын және ұтымды қолданылуын бақылау мен орналастыруды тікелей жүзеге асыратын қойма шаруашылығы қызметкерлері маңызды рөл атқарады.

Содержание

1. Сатып алу, өндіріс және өткізу циклдерінің аудиті

2. Қаржы нәтижелерін қалыптастыру мен сату кезеңінің аудиті

3. Төлеу циклінің және ақша қозғалысының аудиті

4. Ақша қаражаттарының аудиті

5. Дебиторлық берешектің аудиті

6. Тапсырмалар мен бақылау сұрақтары

7. Есептер

Работа содержит 1 файл

Аудит агымдагы аудит активи.doc

— 412.00 Кб (Скачать)

1.      Рәсімделген құжаттармен және қолхаттармен жасырылған және ештеңемен жасырылмаған ақшалай қаражатты тікелей ұрлау

2.      Банктен, әр түрлі  тұлғалар мен ұйымдардан кіріс ордерлері бойынша басқа ұйымдардан сенімхат бойынша түскен ақшаны кіріске алмау және иемдену.

3.      Кассадағы ақшаны есептен шығару, бір құжатты қайтадан пайдалану, кассалық құжаттар мен есептердегі жиынтықты дұрыс есептемеу.

4.      Ақшаның жалған құжаттар бойынша негізсіз есептен шығару сомасын көбейту, заңды рәсімделген құжаттардағы жалғандық.

5.      Әр түрлі тұлғалар мен ұйымдарға заңды есептелген соманы сіңіріп кету, соның ішінде еңбекақыны, депонентті соманы негізсіз иелену.

6.      Контрагенттермен дайын өнім, тауар үшін қолма – қол ақшамен есеп айырысу, бақылаушы – кассалық ақпараттарды қолданбай жұмыс орындау мен қызмет көрсету  және т.с.с.

      Мұндай бұрмалаулар мен теріс пайдаланулар кассирді дұрыс іріктемеу, (тәжірибесіз және сенімсіз), кассаны  жүйелі тексермеу, ішкі бақылаудың нашарлығы және т.с.с салдарынан болады.

      Ақша қаражаттары аудитінің күрделі учаскелерінің бірі – кассалық операцияларды тексеру. Ең алдымен кассадағы кассалық операцияларды кім және қалай атқаратынын білу керек. Тексерудің қорытындылары аудитор, бас бухгалтер және кассир қол қоятын акті жасаумен рәсімделеді. Ақшалай қаражаттың немесе ақшалай құжаттың және басқа құндылықтардың артық шығуы немесе кем шығуы анықталған жағдайда кассирден жазбаша түсініктеме алу керек. Ақшалай қаражаттың көп жетпеуі табылғанда, аудитор кәсіпорын басшысына кассирді тексеру анықталғанша қызметінен шектету туралы мәселе қояды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақылау сұрақтары: 

 

1.      Кассалық операциялардың аудиті.

2.      Банктік операциялардың ерешеліктері.

3.      Несие операцияларының аудитін толықтырып сипаттаңыздар.

 

Есеп:

 

1.      Аудиторлық тексеру барысында 10 ақпан күні сауда ұйымының бас кассасына түгендеу жүргізілді.

Бас кассир комиссияға қолда бар 12500 теңгені көрсетті. Кассалық есеп

беру мәліметтеріне сәйкес, күн басындағы қалдық – 556 теңге. № 1 операциялық кассаның 10 ақпандағы № 151 кіріс ордеріне сәйкес, түсім – 30000 теңге, №2 операциялық кассаның 10 ақпандағы № 151 кіріс ордеріне (ККО) сәйкес, түсім – 27000 теңге, 10 ақпандағы банкке өткізуге байланысты № 137 кассалық шығыс ордеріне (ШКО) сәйкес, шығыс – 44800 теңге.

Бас кассир түсіндірме жазбада еңбекақыға дейін ақша құжаттарының

берілгенін айтты:

Т.П.Смирноваға (сатушы) – 200 теңге

А.Б.Ахметовқа (жұмысшы) – 40 теңге.

С.К.Шыналиевке (инженер) – 10 теңге.

 

Кассардің түсіндіруі бойынша, көрсетілмеген сомалар кассаға еңбекақы

берілу күні енгізілді.

      Осы жағдайды талдауда аудитордың пікірі.

 

      Жауабі:

      Түгендеу қорытындысы бойынша кассаға қолма – қол ақша қаражаттарын тексеру актісі жасалады, онда анықталмаған 256 теңге сомасындағы жетіспеушілікті көрсетті. Қолма – қол ақшаны беру кассалық операцияларды жүргізу тәртібінің талаптарын сай бұзушылықпен атқарылғандығын көрсетті. Тәртіп бойынша қолма – қол ақшаны беру басшы мен бас бухгалтердің рұқсат қолдарымен расталған ШКО – мен берілуі тиіс. Аталған 250 теңге ШКО – сіз берілген, оны жетіспеушілік деп санауға болады, оған қоса түсіндірме жазбада көрсетілмеген 6 теңге сомасындағы жетіспеушілік анықталды.

      Есепте жетіспеушілік сомасына келесі жазбалар жасалуы керек:

 

Операция мазмұны

   Д - ті

  К – ті

Сома

1

Есепте жетіспеушіліктің көрсетілуі

1280

1010

256

2

Кінәлі тұлға есебінен жетіспеушіліктің есептен шығарылуы

1250

1280

256

 

256 теңге көлеміндегі жетпейтін сома еңбекақыдан ұсталуы немесе кассирмен мекеме кассасына енгізілуі керек еді. Және мына жазба жазылуы тиіс:

Д – т

К – т

сома

3350

1250

256

Немесе

1010

1250

256

 

2.      Ұйым кассирінің есеп беруіне сәйкес, 5 тамыз күні жұмысшыларға

210000 теңге сомасында еңбекақы төлеу үшін чек алынды.

6 тамызда № 142 төлем ведомысымен – 160000 теңге, 7 тамызда № 142

төлем ведомысымен – 38000 теңге, 8 – 12 тамызда ШКО – мен Сыдықовқа – 1350 теңге, Ақшаловқа – 800 теңге сомасына еңбекақы берілді. 13 тамызда 9000 теңге сомасындағы еңбекақы үшін қалған сома банкке өткізілді.

Осы жағдайда аудитор пікірі.

 

3.      Ұйыммен  еңбекақыны төлеу мерзімі бұзылды. Ұйымда кассалық

операциялады жүргізу тәртібіне сәйкес, кассада қолма – қол ақшаны күннен артық сақтау құқығы жоқ. Берілмеген сомалар уақытында және толық емес көлемде банкке қайтарылған, бұл кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне қайшы келеді. Мерзімнің өтуіне байланысты депоненттелген сомалар банкке өткізілуі тиіс. Кассалық тәртіпті бұзушылар анықталғанда, ұйымның ішкі бақылау жүйесі деректеріндегі бұзушылықтар алынады.

      Осы жағдайда талдауда аудитордың пікірі.

4.      Аудитор келесі бухгалтерлік тексерулерге үлкен мән бере отырып, міндетті түрде кассаны түгендеп, ақшалай кірістер мен шығыстарды мұқият тексереді.

 

Дебет           Кредит

                                                   1010               1030

                                                   1030               1010

                                                   2150               1010

                                                   3350               1010

                                                   3310               1010

 

      Бұл процедуралардың әрбір кезеңінде және шоттар бойынша шаруашылық операцияларды жүргізу кезінде жіберілуі мүмкін бұрмалаушылықтарды анықтау керек.

 

 

 

 



Информация о работе Ағымдағы аудит