Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 15:06, реферат
Тауарлы – материалдық қорларға (ТМҚ) сатып алу циклінің функционалды аудиттің қаржылық есеп берудің мәліметтерін және белгілі бір кезең ішіндегі олардың қозғалысы туралы алғашқы құжаттарды қарастырудан басталады. Бастапқы есепті ұйымдастыруда қабылдауды, құжатта рәсімдеуді, тиеу – тасу жұмыстарын, материалдық ресурстардың қозғалысын, сақталуын және ұтымды қолданылуын бақылау мен орналастыруды тікелей жүзеге асыратын қойма шаруашылығы қызметкерлері маңызды рөл атқарады.
1. Сатып алу, өндіріс және өткізу циклдерінің аудиті
2. Қаржы нәтижелерін қалыптастыру мен сату кезеңінің аудиті
3. Төлеу циклінің және ақша қозғалысының аудиті
4. Ақша қаражаттарының аудиті
5. Дебиторлық берешектің аудиті
6. Тапсырмалар мен бақылау сұрақтары
7. Есептер
6. Шикізат пен материалдарды жабдықтаушылардан қоймаға қабылдағанда толық кіріске алмау.
7. Кірістік құжаттарда шикізат пен материалдардан сапалық көрсеткіштерін олардың шынайы іс жүзіндегі мәліметтеріне қарағанда төмендетілуі.
8. Қабылдау, тие, тасымалдау, оларды қоймаға, базаға, аймаққа және теміржол станциясына тасу кезінде тауарлық – материалдық құндылықтардың кем шығуы, сынуы, ағуы және бүлінуіне арналған комерциялық және ішкі актілерді негізсіз жасау.
9. Жабдықтаушыдан шикізат пен материалдарды ілеспе құжаттарда көрсетілгеннен гөрі көп мөлшерде тасып әкелу немесе құндылықтардың (басқа жақтағы тауарлар) мүлдем құжатсыз рәсімделуі.
10. Ілеспе құжаттарда көрсетілген қалдықтардың орнына жақсы сападағы шикізат пен материалдарды алу.
11. Ыдыстың (тара) салмағын оны өлшеу туралы актіні жасағанда артық жазу.
12. Материалдарға оның саны немесе салмағын ұлғайту мақсатымен басқа немесе төмен сападағыбіртектес зат қосу .
13. Бір құндылықтарыды екінші құндылықтармен құжаттарды рәсімдеудің және т.б. ауыстыру жолымен артық шығатындай етіп жасау.
Ескерілмеген шикізат пен материалдардың артығын жасау мен иелену тәсілдерінің келтірілген тізбесі, атап айтқанда , көрсетілген тәсілдер Қазақстанның көптеген өндіріс кәсіпорындарында аудит өткізу іс – тәжірибесінде ең жиі кездеседі.
Функционалды аудиттің жұмыс бағдарламасында қоймалар мен материалдық құндылықтардың сақталған жерлерін тексеру оларды белгілеу бойынша қолдануға жарамдылығын; өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау; дабыл берудің, өлшеу шаруашылығының және басқа өлшегіш құралдардың бар болуын анықтау мақсатымен жеке қарастырылады. Сонымен бірге мзгілде материалды өндіріске босату жүйесі, олардың санын анықтаудың дұрыстығы, цех басшыларының тарапынан бақылаудың жағдайы, тиісті бастапқы және жиынтық құжаттарда босатуды көрсетудің уақыты мен дәлдігі тексеріледі.
Материалдық құндылықтардың сақталуын бақылаудың ажырағысыз бөлігі қойма есебін тексеру болып табылады. Комиссия жұмысының іс – тәжірибесі көрсеткендей, қойма есебін жүргізуде негізгі бұрмалаулар материалдық құндылықтар түрлері бойынша теріс қойма қалдықтары («қызыл сальдо») бар болғанда, жекелеген кірістік құжаттар бойынша материалдардың түсуі жөніндегі жазбалардың жоқтығынан, қойма есебі карточкаларының мәліметтерінің айырмашылықтары, есептен шығарылатын құжаттар санын аса көтеру, қалдықтарды қате санаудан тұрады. Материалдық құндылықтардың сақтауын қамтамасыз етудің шартты міндеті – дұрыс ұйымдастырылған күзет. Оның жағдайына функционалды аудит материалдық құндылықтарды әкелу мен тасып шығаруды; күзет қызметкерлеріне рұқсатнама рәсімдеу мен тіркеудің белгіленген тәртібін сақтауды; олардың қолданылған рұқсатнаманы бухгалтерияға уақтылы қайтаруын; басқа шарттарды орындауын ішкі бақыладың іс жүзіндегі жүйесін кенеттен тексеруден басталады. Мұнда әр түрлі бұрмалаулар кездеседі: материалдық құндылықтарды бір рұқсатнамамен екі рет алып шығу; бұған құқы жоқ адамның қолы қойылған рұқсатнамамен тасып шығару.
Өндірістік іс – қызметте бұрмалаулар мен қызмет бабын теріс пайалану анықталғанда рұқсатнамалар бақылау материалы ретінде пайдаланылады. Олардың мәліметтері шот – фактураларда жапсырмада (ярлыктарда) және бақа ілеспе құжаттарда көрсетілген, тасып шығарылған құндылықтардың іс жүзіндегі санымен, ассортиментімен, сапасымен және құнымен салыстырылады. Тауарлық – материалдық қорлардың сақталуын бақылауға кәсіпорынның тексеру жүргізуінің мезгілін, толықтығын және дұрыстығын тексеру кіреді.
Сарапшылық іс – тәжірибені талдау шикізат пен материалдарды ЭЕМ (электронды есептеуіш машиналар) өңдеу жағдайында есептік мәліметтерді бұрмалаудың негізгі тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге мыналар да оған қосылады:
Есеп мәліметтерін машинаграммада кірісті төмендету немесе шығысты тым көтермелеу жолымен бұрмалау;
Бастапқы құжаттарға код беру процесінде қасақана қателер мен жалған құжат жасау;
Шикізат пен материалдар есебін бұрын өңдеуден өткен немесе жалған құжаттардың мәліметтерін ЭЕМ – ға енгізу жолымен бұрмалау;
Бастапқы құжаттарда шифрлар мен номенклатуралық нөмірлерді бұрмалау ;
Есеп мәліметтерін бастапқы құжаттардан көшіру сәтіндегі бұрмалаулар.
Ақпаратты машиналық мәліметтерді көшіріп таратуда жіберілген қателерді анықтағанда хранологиялық жазбалардң есеп регистрлері болып табылатын, машинаграммалар шығарылатын бастапқы құжаттарды тексеру ұсынылады. Материалдарды ЭЕМ – да есептеу кезінде ықтимал ұрлықтарды дәлелдейтін белгілер мыналар:
ЭЕМ – ға өңдеуге жіберілген бастапқы құжаттарда түзетулердің болуы мен талап етілетін деректемелердің жоқтығы;
Машинограммалардағы түзетулер;
Бақылау машинограммаларда дебиттік және кредиттік айналымдар жиынтығының үйлеспеуі;
Құжаттар мен машинограммалар ішіндегі қарама – қайшылықтардың болуы.
Төлеу циклінің және ақша
қозғалысының аудиті
Транзиттік экономика жағдайында функционалды аудиттің өте өзекті бағыт – ағымдағы активтің ең жылжымалы және толық өтімді элементтері қатарына жататын ақша мен оның баламаларының төлеу циклі мен қозғалысын тексеру тексеру болып табылады. Ақшалай операциялар қарқынды кең ауқымды сипатта. Дәл осы учаскеде үлкен резервтер мен әр түрлі бұрмалаулар жасырынған.
Ақшалай және кассалық – банктік операцияларды жүргізу заңнамалық, жалпы мемлекеттік, ведомоствалық және басқа нормативті актілермен жеткілікті түрде қатаң реттелген. Сондықтан төлеу циклі функционалды аудитін өткізуге дайындық кезінде қабылданған заңдардың, стандарттардың, бухгалтерлік есептің, аудиттің, ақша тасуын, қолданылуын, қаржылық бақылаудың нормалары мен ұйымдастыру ережелерінің талаптарын мұқият оқып – білу қажет. Операциялық аудитор кәсіпорынның төлеу мен қозғалыс циклін есептеу мен бақылау жүргізудің сапалы жақтары туралы анық тұжырымдамаларының қамтамасыз ету қажеттігіне байланысты проблемалық сипаттаған көптеген заңдық, ұйымдастырушылық, әдіснамалық (методологиялық), қаржылық, есептік, экономикалық мәселелерді шешудің баламалы мүмкіндіктерін қарастырған жөн.
Дегенмен жалпы аудитте ақшалай операцияларды тексеру мен ревизиялау тәсіілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олар жалпы әдістер арқылы жасалса да, бұл операцияларды уақытылы және тиімді атқаруға ерекше көңіл аударатын төлеу циклінің функционалдық аудитіне бұлар шынында жеткіліксіз. Сондықтан ғылыми зерттеулердің күн талабына сай бағыты ақшаны басқарудың функционалды аудитінің ерекше тәсілдерін анықтау мен ізденістер талдау болып саналады.
Ақшалай ағымның төлем мен қозғалысы циклі функционалды аудитінде экономикалық талдау, бақылау мен статистиканың классикалық әдістерімен қатар сарапшылық бағалау, жай және күрделі процент есептеулерді, дисконттау, интегралды, сараланған (дифференциалды) және матрицалық тәсілдер, желілік (линейный), желілік емес және өсіңкі (динамикалық) бағдарламалау әдістерін, операцияларды, ойын теорияларын, шешім қабылдау және т.б. кеңінен қолданылуы керек. Функционалды аудиттің арнайы әдіс тәсілдерінің көмегімен ақшаны басқару мен құнды қағаздардың тиімділігін арттыру мен ұйымдастыруды жақсартудың әр түрлі резервтерін ашуға болады. Мәселен, инкассация мен төлемді тездету, флоутты, электронды ақша аударуды, сейф жүйесін, репо мәмілесін, бақылау шегі теориясын (Миллер – Орра үлгісі) және т.б. ең көп шамаға молайту сияқты тәсілдерді дұрыс және уақтылы қолдану нақты ақша мен құнды қағаздарды шапшаң және ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.
Операциондық аудитор төлем мен ақша қозғалысы циклін функционалды аудитін өткізгенде мыналар анықтайды:
- касса – банк операцияларын атқаратын қызметкерлердің сандық және сапалық құрамы;
- касса – банк құжаттарын жасап, өңдейтін адамдар үшін есеп пен ақша бақылауды әдістемелік және ереже белгілейтін (нормативті) қамтамасыз етудің бар – жоғы;
- бұл жұмыс учаскесінің қызметкерлері кімге есеп береді;
- касса – банк және басқа ақшалай операциялардың дұрыстығын кім, қашан және қалай тексереді?
- кәсіпорында кассадағы ақшаның бар – жоғын кенеттен тексеруді жүйелі жүргізуге арналған тұрақты жұмыс істейтін комиссияны тағайындау туралы басшының бұйрығы бар ма?
- бұл бұйрық орындала ма, кассаны кенеттен тексеру, актілер бар ма және олардың мазмұны андай?
- аналитикалық және синтетикалық есеп, шаруашылық бақылау мен ақшалай операцияларды жедел қолдау жолға қалай қойылған?
Ақшалай қаражатпен, әсіресе оның жылжымалы бөлігі – қолма – қол ақшамен (еңбек ақы бергенде, өндірістік шығыстарды төлегенде, есеп берілетін соманы беру мен пайдалануда және т.б.) жасалатын операциялар – міндетті тұтастай тексеруді талап етеді. Ықтимал бұрмалаулар мен қызмет бабын теріс пайдалану – касса – банк операцияларын бақылаудың маңызды міндеті.
Іс – тәжірибеде кездесетін, жасалу тәсілдері бойынша касса – банк операцияларының атқарылуы мен шот төлемдері процесіндегі қызмет бабын теріс пайдалану мен бұрмалаулар мен былайша жіктеледі:
1. Ресімделген құжаттармен және қолхаттармен жасырылған және ештеңемен жасырылмаған ақшалай қаражатты тікелей ұрлау.
2. Банктен, әртүрлі тұлғалар мен ұйымдардан кірістік ордерлер бойынша, басқа ұйымдардан сенімхат бойынша түскен ақшаны кіріске алмау және иемдену.
3. Кассадағы ақшаны есептен шығару; бір құжатты қайтадан пайдалану; кассалық құжаттар мен сесптерде жиынтықты дұрыс есептемеу.
4. Ақшаның жалған құжаттар бойынша негізсіз есептен шығару сомасын көбейтіп, заңды ресімделген құжаттардағы жалғандық.
Аудит процедуралары | Ақпарат көздері, бағалаудың критерийлері мен тәсілдері |
1 | 2 |
1. Ақшалай операцияларды атқаратын (кассир, бухгалтер және т.б.) қызметкерлер құрамын білу | Кадр бөлімінің мәліметтері, білім мен біліктілік туралы куәліктер, жұмыс өтімі, зияткерлік және іскерлік қасиеттері және т.б. |
2. Ақша алу сақтау және қолдану үшін әдістемелік, нормативті және материалдық базамен қамтамасыз етуді тексеру | Заңнамалық актілердің, стандарттардың, нормалардың, ережелердің, нұсқаулықтың, құжат бланкілерінің, касса, сейф бөлмелерінің, күзет дабылдамасының және т.б. бар – жоқтығы |
3. Операцияларды құжаттық ресімдеу мен ақша басқару жағдайын алдын ала шолудың дұрыстығын тексеру | Кірістік және шығыстық кассалық ордерлерді тіркеу журналы, ақшалай қаражаттың қозғалысы есебі кітабы, бастапқы құжаттар және т.б. |
4. Ақша қозғалысы жөніндегі операцияларды көрсетудің дұрыстығын, толықтығын, дәлдігін тексер | Төлем тапсырмалары мен талаптар, журнал – ордерлер, тізімдемелер (ведомостер) сенімхаттар, вексельдер, бланк көшімелері, чек түбіртектері және т.б. |
5. Кассаны түгендеу мен кассалық операцияларды, ақшаны, құнды қағаздарды және қатаң есептегі бланкілерді тексеру | Кәсіпорын басшысының тұрақты жұмыс істейтін комиссия мен кассирді тағайындау туралы бұйрықтары, жеке материалдық жауапкершілік туралы шарт, кассаны түгендеу актісі, кірістік және шығыстық ордерлер (КО – 1, КО – 2), кассалық құжаттарды тіркеу журналы (КО – 3), касса кітабы (КО – 4), кассир қабылдаған және берген ақша есебінің кітабы (КО – 5), аванс есебі, журнал – ордер 1, 1 тізімдеме (ведомость) Бас кітабы, 401 – 403, 411, 421 – 424 шоттары және т.б. |
6. Ақшаның сақталуы мен мақсатты пайдаланылуын тексеру | |
7. Касса – банк операцияларын атқару мен есеп сақтау шарттарын айқындау үшін тексеру, байқау және тестілеу | |
8. Банк операцияларын, құжаттардың түгелдігі мен анықтығын тексеру | |
9. Ақшаны есептен шығару, кассалық және қаржылық тәртіпті сақтауды тексеру | |
10. Инкассо қолданудағы, есеп айырысудағы аккредетивтік және сектік түрлерінің, құрылымдық бөлімшенің ағымдағы басқа шоттарын ашудың дұрыстығы мен заңдылығын тексеру | Банк көшірмелері мен бастапқы құжаттар, оларға тіркелген: аккредетивтер, чек кітапшалары, төлем тапсырмалары, пошта аударымдарының түбіртектері, 1 – 3 журнал – ордерлері; 1,2,3 журнал – ордерлеріне тізімдемелер. Қолданыстағы заңнамаларға нормативті – анықтама ақпаратының, тізімдемелік нұсқаулықтар, стандарттар мен ережелердің сәйкес келуі |
11. Жол – жөнекей ақша сомасының шынайылығы, өнімді және басқа іс - әрекетті, жұмысты және көрсетілген қызметті өткізуден түскен түсімнің түгелділігін тексеру | 3 журнал – ордер, 3 журнал – ордерге 1 тізімдеме, 411 «Жолдағы ақша» шоты бойынша Бас кітап, шот – фактуралар, тауарлық – көліктік жүкқұжаттар, қабылдау- тапсыру актілері және басқа бастапқы құжаттар |
12. Баланс көрсеткіштерінің Бас кітап мәліметтерінің сәйкестігін тексеру | Баланс, 401 – 403, 411, 421 – 424, 431 – 432, 441, 451 – 452 шоттар бойынша Бас кітап |
13. Ақша қзғалысының синтетикалық және аналитикалық есебін жүргізу дұрыстығын тексеру | Бас кітап, 1 – 4 журнал – ордерлер, 1 – 3 журнал – ордерлердің тізілімдемлері, касса кітабы және ақша қозғалысы туралы басқа құжаттар |
14. Қысқа мерзімді инвестициялар бойынша операциялардың дұрыстығын тексеру | Акциялар, облигациялар, депозиттік сертификаттар, депозиттер,бондар, қазынашылық вексельдер, опциондар, варанттар, фьючерстік мәмілелер |
5. Әр түрлі тұлғалар мен ұйымдарға заңды есептелген соманы сіңіріп
кету, соның ішінде еңбекақыны, депоннтті соманы негізсіз иелену.
6. Контрагенттермен дайын өнім, тауар үшін қолма – қол ақшамен есеп
айырысу, бақылаушы – кассалық ақпараттарды қолданбай, жұмыс
орындау мен қызмет көрсету және т.с.с
Мұндай бұрмалаулар мен теріс пайдаланулар кассирді дұрыс іріктемеу, (тәжірибесіз және сенімсіз), кассаны жүйелі тексермеу, ішкі бақылаудың нашарлығы және т.с.с. салдарынан болады.
Төлем циклінің функционалды аудитінің күрделі учаскелерінің бірі – кассалық операцияларды тексеру. Ең алдымен кассадағы кассалық операцияларды кім және қалай атқаратынын білу керек. Тексерудің қорытындылары аудитор, бас бухгалтер және кассир қол қоятын акті жасаумен рәсімделеді. Ақшалай қаражаттың немесе ақшалай құжаттың және басқа құндылықтардың артық шығуы немесе кем шығуы анықталған жағдайда кассирден жазбаша түсініктемеалу керек. Ақшалай қаражаттың көп жетпеуі анықталғанда, аудитор кәсіпорын басшысына кассирды тексеру анықталғанша міндеттерінен шеттету туралы мәселе қояды.
Жол – жөнекей ақша есебі аудитінде бухгалтерлік есепте саналатын сомалардың шынайлылығын, контрагенттер аударған, алайда тексерілетін кәсіпорынның есеп шотына есепті айда түспеген сомалардың қалайша көрсетілуін тапсыру керек.
Бұрмалаулар мен теріс пайдаланулардың алдын алу үшін мыналар талап етіледі:
- банктегі есеп шоты бойынша жазбаларды көшірмелерге тіркелген негіздемелермен үнемі салыстыру;
- жабдықтаушылармен құжаттарды қарама – қарсы тексеру өткізіп, құжаттарды рәсімдеуге талапты арттыру;
- дебиторлармен және кредиторлармен, қызметкерлермен және басқа контрагенттермен есеп айырысуларды қайта тексеруді жүйелі жүргізу.
Төлем циклін аудиторлық тексеру мен шаруашылық жүргізуші субьектілердің қызметін сараптау іс – тәжірибесін талдау есептеулерді жүргізудегі типтік бұрмалаулар туралы тұжырым жасауға және олардың ақшасын басқаруды жақсарту жөніндегі ұсыныстарды әзіірлеу ге мүмкіндік береді.
Ақшаның есеп шот бойынша қозғалысын төлеу циклін тексеру үшін кәсіпорын банк көшірмелері мен бастапқы құжаттардың мәліметтерін салыстыруы қажет. Сонымен бірге көшірмелердің өңделтіндігін (шот корреспонденциялары жазыла ма), құжаттардың нөмірленетінін, ақшаны есептен шығару толық, жеткілікті расталғандығын тексеру керек. Алынған ақпаратты мынадай тәртіппен топтастыруға болады: