Ағымдағы аудит

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 15:06, реферат

Описание работы

Тауарлы – материалдық қорларға (ТМҚ) сатып алу циклінің функционалды аудиттің қаржылық есеп берудің мәліметтерін және белгілі бір кезең ішіндегі олардың қозғалысы туралы алғашқы құжаттарды қарастырудан басталады. Бастапқы есепті ұйымдастыруда қабылдауды, құжатта рәсімдеуді, тиеу – тасу жұмыстарын, материалдық ресурстардың қозғалысын, сақталуын және ұтымды қолданылуын бақылау мен орналастыруды тікелей жүзеге асыратын қойма шаруашылығы қызметкерлері маңызды рөл атқарады.

Содержание

1. Сатып алу, өндіріс және өткізу циклдерінің аудиті

2. Қаржы нәтижелерін қалыптастыру мен сату кезеңінің аудиті

3. Төлеу циклінің және ақша қозғалысының аудиті

4. Ақша қаражаттарының аудиті

5. Дебиторлық берешектің аудиті

6. Тапсырмалар мен бақылау сұрақтары

7. Есептер

Работа содержит 1 файл

Аудит агымдагы аудит активи.doc

— 412.00 Кб (Скачать)

 

 

                                                                                                                                                                                                                   

ҚР сатып алу кезеңін реттейтін нормативтік құқық-тық құжаттарға сәйкестігі және келесі кезеңдер бойынша тест арқылы тексеру:

1.      Тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алу, және қабылдау

2.      Бухгалтерлік есепте шаруашылық операциялардың тіркелуі

3.      Шикізат, материалдар мен тауар қажеттіліктерін анықтау

 

 

 

 

2.      Олар географиялық  жағынан жиі орналасқан

3.      Жаратылысты әр түрлі болғандықтан (материалдар, отын, химикаттар және т.б.) олардың бағалануы қиындайды.

4.      Қолданылатын бағалаудың әдістері жеткілікті және тауарлы – материалдық құндылықтардың әрбір түріне сан алан әдістер қолданылуы мүмкін.

 

      Тауарлы материалдық  қорларға (ТМҚ) сатып алу циклінің функционалдық аудиті қаржылық есептіліктің мәліметтерін  және белгілі бір кезең ішіндегі олардың қозғалысы туралы алғашқы құжаттарды қарастырудан басталады. Бастапқы есепті ұйымдастыруда қабылдауды, құжатты рәсімдеуді, тиеу – тасу жұмыстарын, материалдық ресурстар қозғалысының сақталуын және ұтымды қолданылуын бақылау мен орналастыруды тікелей жүзеге асыратын қойма шаруашылығы қызметкерлері маңызды рөл атқарады.

      Шаруашылық жүргізуші субьектілердің тауарлы – материалдық қорларының құрамдас бөліктерінің бірі – дайын өнім. Оны шығару, сақтау және өткізу дегеннің өзі субьектінің шаруашылық іс – қызметінің жалпы жиынтық үдерісінің жекелеген ұдерісі. Дайын өнімнің жағдайын бағалау тауарлық – материалдық қорды басқарудың функционалдық аудиті аясында не болмаса оның іс - әрекетінің жеке циклін  іріктемелі тексеру ретінде өткізіледі. Соңғы жағдайда тексеру бәрінен гөрі ішкі бақылау жүйесіне қатысты және ревизия түрінде болады.

      Дайын өнімнің қозғалысы жөніндегі есептік мәліметтер негізінде алынған ақпарат қаржылық есептілікті жасау үшін, соның ішінде, кірістер, шығыстар, айналымдық активтер мен басқа маңызды бөлімдер позициялары бойынша негізгі болып табылады. Өнімді өткізу циклінің аудитіне қаржылық есептіліктің де, функционалдық аудиттің де міндеттерін тап.

      Тексеру материалдарында ескерілмеген дайын өнімнің шығарылуы мен өткізілуі, соның ішінде, материалдық құндылықтардың ескерілмеген артықтары көмекші материалдардың, шығарылған өнімнің есептелген санына қарағанда артық шығу үшін жұмысшыларға еңбекақы төлеу фактілерін, автоматтық есептегіштердің көрсеткіштері, дайын өнімді тасып шығаруға рұқсат және т.б. бар болуын растайтын басқа да көрсеткіштерді келтіру қажет. Сондықтан аудитор бұл мәселелрді зерттей келе, барлық құжаттаманы, бұрынғы тексеру қорытындыларын оқып – білуі тиіс және ескерілмеген өнімді шығару мен өткізу жағдайлары бар екендігі немесе жоқтығы туралы негізді тұжрым жасау керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақылау сұрақтары:

 

1.      Сатып алу кезеңінің сәйкестігі тексерудің мәні қандай?

2.      Мәнділікті тексерудің  қажеттілігі неде?

3.      Мәнділік бойынша тексеру жүргізу тәртібін сипаттаңыздар.

 

Есеп

 

      Тексеру жүргізу барысында аудитор өнімінің өзіндік құнын қалыптастыруда ауытқуды байқады.өндірілген өнімнің сандық көлемінің сақталу жағдайында бұрынғы жылмен салыстырғанда өзіндік құны 30 % - ға тоқтаусыз өсті. Өнімнің өзіндік құнын қалыптастырудың дұрыстығын бөлшектеп тексеру кәсіпорында есептен тыс 300 мыңға өнім өндірілгені, ал оның шығындары есепте көрсетілген өнімнің өзіндік құнына қосылғанын көрсетті. Аудитор қабылдамайтын процедураларды сипаттаңыздар. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӨНДІРІС  КЕЗЕҢІНДЕГІ АУДИТ

 

      Өндіріс үдерісі – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгісі, яғни өндіріске кеткен шығындардың есебі мен аудиті – бухгалтерлік және аудиторлық тексерудің жауапты бөлігі. Оны тексеру қиын және күрделі.

      Бұл кезеңнің ішіндегі өзара  арақатынастардың реті:

 

Шикізат  →   1300 шот   

                          |

                          |              

                          |                   Аяқталмаған                                      Аяқталмаған

                          |                   өндіріс 1340                                  өндіріс 8110 шот

                          |                                                           |             

                          |                                                           |

                          |                                                                Сатылған тауарлардың

                          |                                                                         бағасы 7010 шот

                          |                                                         

                          |                                                           |

                          |                                                           |

                          |                                                          |        Қаржы нәтижесі 5610

                          |                                                          |           шотында көрсетіледі

                        |                                                          |

Еңбекақы               3350 шот

 

Өндірістік үстеме               8410 шот

 

 

      Шығындарды калькуляциялау келесі кезеңдерді тексеруді талап етеді:

      а) қоймалық жерге қол жеткізуді шектейтін физикалық қорғау;

      ә) тауарлық – материалдық қорлар қозғалысының есебі үшін алдын ала номерленген құжаттарды қолдану;

      б) тауарлық – материалдық қорлардың ағымдағы шотының бас картотекасын тәуелсіз тұлғалардың жүргізуі;

      в) құнның барабар есебін енгізу.

     

      Шығындарды калькуляциялау жүйесін аудиторлық тексеру кезінде аудитор келесі төрт аспектіге көңіл бөлуі тиіс:

      а) тыйым салынған қойманы сақтауға жауапты тұлғамен бірге физикалық бақылау – тексеру;

      ә) тауарлы – материалдық құндылықтарды берудегі құжаттар мен есептер;

      б) тауарлық – материалдық құндылықтардың ағымдағы есебі;

      в) өнім данасының өзіндік құнының есебі.

 

      Өндіріске материалдарды шығару, еңбекақы төлеу бойынша шығыстар, еңбекақыдан әлеуметтік салыққа шегерімдер, үстеме шығыстар өзгермелі шығындар түрінде негізгі өндіріс шотына жатқызылды және шығындардың  қалған бөлігі тұрақты шығындар түріндегі шығыстар шотына жүрізіледі. Есепті кезеңнің соңында негізгі өндіріс шоттары (дете 8110) дайын өнімнің өзіндік құнына жатқызылып (дебет 1320), кезең шығыстары (дебет 7210, 7110) 5610 қорытынды пайда (қорытынды залал) шотымен жабылады.

      Бұл өзара байланыстың әрбір кезеңі кәсіпорынның есеп саясатындағы қабылданған ережемен тексеріліп отырады.

      Шығындар туралы мәліметтердің функционалдық аудиті үшін, мысалы тұтас кәсіпорынға қанша материал жұмсалғанын білу жеткіліксіз. Өндірілген  өнімге мәнді талдау жасау үшін әрбір цехтағы, учаскідегі, бригададағы, яғни пайда болу орындарында өзгешелікті номенклатура бойынша материалдардың шығысы

 

Кредит        Кредит        Кредит        Кредит        Кредит        Кредит 

1300            3350              3150            8410             3350            3350

                                                                                    3150            3150

    ↓                 ↓                     ↓                  ↓                   ↓                   ↓

Дебет          Дебет           Дебет          Дебет           Дебет          Дебет

8110           8110             8110             8110             7210            7110

    ↓                 ↓                     ↓                  ↓                   ↓                   ↓

Кредит        Кредит        Кредит        Кредит        Кредит        Кредит

  8110    →    8110     →    8110    →    8110             7210            7110

                                                                  ↓                   ↓                   ↓

                                                              Дебет          Дебет         Дебет

                                                               1320             5610          5610

 

Кредит

  1320

     ↓

Дебет                                                     Дебет          Кредит       Дебит

7010                                                         6010   ←     6010    ←   1210 

    ↓                                                             ↓

Кредит         Дебет                               Кредит

  7010    →    5610                                   5610

 

Бухгалтерлік есепшоттардың

өзара байланысы мен жүйесі

 

туралы ақпарат қажет. Бұл мақсатқа шығындарды шығыстардың калькуляциялық баптары бойынша жіктеу мен осы шығындардың функционалдық аудиті қызмет етеді. Функционалдық аудит пен елеулі талдау тәсілдерінің көегімен өндірістің мақсатын, орнын анықтап және шығыстарды қатаң бақылауды ұйымастыруға, олардың азайту резервтерін табуға және тауарлық – материалдық қорларды қолданудың тиімділігін арттыруға болады.

      ТМҚ – ны түгендеу мен оның қорытындысын талдау, заттарды сатып алу, өнімді өндіру мен өткізу циклдері функционалдық аудит кезінде жеке – дара болып табылады. Түгендеуді өткізу үшін құрамы кәісіпорын басшысының бұйрығымен бекітілген түгендеу жұмыс комиссиясы құрылады. Түгендеу басталмас бұрын қойма меңгерушісінен бухгалтерияға материалдық құндылықтардың кірісі мен шығысына арналған барлық құжаттыр тапсырылғаны туралы қолхат алынады. Бір материалдарға жауапты адамның қорларды әр түрлі оқшауланған бөлмелерде сақтағандығы сақталу орындары бойынша дәйектілікпен түгенделеді. Қорлардың бар жоғы тексерілген соң бөлмеге кіру пломбыланады және комиссия басқа бөлмеге жұмыс істеу үшін көшеі.

      Қоймадағы материалдық құндылықтардың нақты бар болуын оларды міндетті түрде қайта есептеу, қайта таазылау және өлшеу жолымен тексереді. Тауарлық – материалдық  қорларды түгендеу нәтижелерін түгендеу тізімдемесіне жеке әрбір атау бойынша кіргізеді. Тізімдеме бір дана болып жасалады. Есепте ескерілмеген материалдық құндылықтар айқындалғанда комиссия оларды тізімдемеге кіргізуі тиіс. Түгендеу біткен соң тізімдеме салыстырмалы ведомость жасалу үшін бухгалтерияға беріледі. Түгендеу қорытындылары шешім шығаратын түгендеу комиссиясы мәжілісінде қаралады.

      Кәсіпорын қорларының сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне қарағанда, өндіріс және қоймалардағы ескерілмеген шикізат пен материалдардың артық шығуы негізінде, сондай – ақ бұрын пайда болған жасыру, оның ішінде тауарсыз құжаттар бойынша шикізаттар мен материалдарды кіріске алумен  байланысты туындаған кем шығаруларды жасыру, оларды заттай алу, олардан ескерілмеген өнімді өндіру мақсатымен жасалатынын назарда ұстау керек. Шикізаттар мен материалдардың артық шығуы кәсіпорында бұл құндылықтардың әр түрлі сатыдағы қозғалысында: қабылданғанда, сақталғанда, қоймадан цехқа беруде, өндіріске есептен шығаруда және т.б. пайда болуы мүмкін.

      Ескерілмеген шикізат пен материалдардың артығын жасау мен иелену тәсілдерінің келтірілген тізбесі көптеген өндіріс кәсіпорындарында аудит өткізу іс – тәжірибесінде жиі кездеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақылау сұрақтары:

 

1.      Өндіріс кезеңінде аудитор тексеретін кәсіпорынның ішкі бақылау процедурасы.

2.      Материалдарды есептен шығаруда зерттелетін құжаттар жинағы.

3.      Өндіріс кезеңінің аудитіне ішкі бақылау жүйесін тестілеу.

4.      Өндіріс кезеңінің аудитіне мәнділігі бойынша тексеру жүргізу мақсаттары.

 

Есеп:

 

      Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар есебінің дұрыстығын тексеру әдісін көрсетіңіздер. Онда мынаны тексеру қажет:

 

1.      Есеп саясатында өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығындарды есепке алудың таңдалған әдісінің өзгермейтіндігін.

2.      Дайын өнімнің жеке түрлері мен аяқталмаған өндірістің арасындағы шығындарды бөлудің дұрыстығын.

3.      Аяқталмаған өндірісті түгендеуде аудитор шығындардың 800 мың теңгеге немесе шоттар қалдығының көлемінен 15 % мөлшерінде артықтығын байқады.  Бұл жағдай қаржылық есептілік көрсеткіштерінің нәтижелеріне және аудитордың көзқарасына қалай әсер етеді?

Информация о работе Ағымдағы аудит