Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 15:06, реферат
Тауарлы – материалдық қорларға (ТМҚ) сатып алу циклінің функционалды аудиттің қаржылық есеп берудің мәліметтерін және белгілі бір кезең ішіндегі олардың қозғалысы туралы алғашқы құжаттарды қарастырудан басталады. Бастапқы есепті ұйымдастыруда қабылдауды, құжатта рәсімдеуді, тиеу – тасу жұмыстарын, материалдық ресурстардың қозғалысын, сақталуын және ұтымды қолданылуын бақылау мен орналастыруды тікелей жүзеге асыратын қойма шаруашылығы қызметкерлері маңызды рөл атқарады.
1. Сатып алу, өндіріс және өткізу циклдерінің аудиті
2. Қаржы нәтижелерін қалыптастыру мен сату кезеңінің аудиті
3. Төлеу циклінің және ақша қозғалысының аудиті
4. Ақша қаражаттарының аудиті
5. Дебиторлық берешектің аудиті
6. Тапсырмалар мен бақылау сұрақтары
7. Есептер
ҚАРЖЫ НӘТИЖЕЛЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН
САТУ КЕЗЕҢІНІҢ АУДИТІ
Қаржы нәтижелерін қалыптастыру мен сату кезеңінің аудиті тексерудің басқа бөлімдерінен жеке өткізіледі. Осы операциялардың нәтижелері бойынша дебиторлық қарыз, кәсіпорынның сату кезеңінен түскен пайда қалыптасып, қаржы нәтижесі анықталады.
Бұл цикл үшін арнайы операциялардың келесі 8 түрі көрініс табады:
1. Сатып алушылардың сұранысын өңдеу арнайы сатып алу туралы ұсыныс циклінің негізі болып табылады, соның нәтижесінде сату тапсырмасы дайыдалады.
2. Үмітсіз қарыздардың сомалары өте көбейіп кетпеу үшін несие беру келісімі қарастырылады. Бұл тауар жүктеуді құптау болады.
3. Тауарды тигенде әрбір тиелген тауар партиясын шығаруға рұқсат деген қағаз дайын болу керек, соның негізінде сатып алушыға арналған шот, жазылады және қорлар азайтылады.
4. Сатып алушыға шот жазу сауда тіркеуін жүргізгенде тасымалдау төлемі мен төлем шарты ескеріле отырып барлық жәберілген заттарға дұрыс шот сомасы жазылуы керек.
Сатылу көлемі
кредит
|
| 6010
| 3130
| 6100 | |
| 6200 | Шегерім
| 6300
| 6400
|
| | → 6020 |
| 6030 |
Дебиторлық қарыз |
Дебет 1210 Кредит 1210 |
| Күдікті қарыздар шығыстары
Күдікті қарыздар резерві | Дебет 1290
Дебет | Кредит | Кредит
7440 | 1290
5. Түскен ақша қаражаттарын тіркеу мен өңдеу – ақшалардың аударылғаны туралы хабарлама олардың уақытында есептелуін және депоненттеуін қамтамасыз етуге көмектеседі.
6. Бағадан және сатудан түскен жеңілдіктерді өңдеу – несие меморандумы өкілетті адамдардың қолдауымен дер кезінде есепке алынуы тиіс.
7. Күдікті дебиторлық қарыздар есептен шығару – күдікті деп шешкен қарызды есептен шығару үшін оны мақұлдау қажет.
ТМҚ (тауарлық – материалдық қорларды) және негізгі құрал – жабдықтарды сатып алу (алу және жұмсау циклі)
Еңбек пен материалдың дайын өнімге айналуы
Еңбекақыны төлеу (өндірістік циклі) |
Қарыз алу, акция өткізу (қаржылық циклі) |
|
Ақша алу |
|
Ақшалай төлемдер |
Басы |
Борыштарды өндіру (төлету)
| ||
Тұтынушыларға тапсырыстар беру
|
Тұтынушыларға шоттарды жазып беру |
Несиеге (кредитке) беру |
Жабдықтау |
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер |
8. Күдікті қарыздарды жабу резерві - күдікті қарыздарғы кеткен шығындарды, ешқашан өтелмейтін қарыздарды көрсетеді.
Әдетте тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу үдерісіне қызметтің мынадай түрлері кіреді: сатып алушылардың тапсырыстарын алу мен тіркеу; несие мен тауарларды жөнелту жағдайларын белгілеу; тапсырыстарды орындау (тауарлар жөнелтуді тіркеу немесе көрстілген қызмет ұсыну) туралы белгі.
Саудамен айналысатын ұйымдарда сатып алушылар тапсырыстар алу сату кезеңі циклінің басы деп саналады. Тапсырыстарды түсу шамасына қарай арнайы кітапқа жазады, алдын ала номерленген бланкілерде тіркейді, одан әрі өңдеу үшін тігеді немесе компьютерге енгізеді.
Сатып алушылардың тапсырыстарын түсу шамасына қарай бақылаудың мақсаты ықтимал тиеуге дайындық болып табылады. Мұндай бақылаудың болмауы немесе тиімділігінің жеткіліксіздігі қаржылық есептіліктерде бұрмалауға әкеліа соқтырады. Дегенмен аудитор сауда тапсырыстары процедуралармен транспорттық жүкқұжаттар жасалып болмаған мезетке дейін таныса алады.
Бекіту категориясы | Операциялар тобы | Шот сальдосы |
1 | 2 | 3 |
Бар болуы немесе көрінуі | Өткізу бойынша көрсетілген операциялар кезең ішінде қойылған тауарлар болып табылады; ақшалай қаражаттың көрсетілуі түсуі – кезең ішінде алынған ақшалай қаржы. Кезең ішіндегі өткізу бойынша көрсетілген түзету өткізбелері – рұқсат етілмеген жеңілдіктер, сатудан кері қайтару мен баға кеміту, сондай – ақ үмітсіз борыш шоттары. | Бухгалтерлік баланс жасау кезінде бар болған, сатып алушылардан алуға арналған шоттар тиесілі сома болып табылады. |
Толықтық | Кезең ішінде орын алған барлық сатулардан өткізу бойынша ақшалай түсімдер мен түзу өткізбелері көрсетілуі тиіс. | Алуға арналған шоттарға жасалған кезде бар болған сатып алушыларға қатысты барлық талаптар кіреді. |
Құқықтар мен міндеттемелер | Кәсіпорын кірістер циклі операциялары нәтижесінде пайда болған ақшалай қаражатты алуға арналған шоттарға құқылы. | Бухгалтерлік баланста жасау кезінде алуға арналған шоттарға кәсіпорын тарапынан сатып алушыларға ұсынылатын төлем жөніндегі құқықтық талаптар жатады. |
Бағалау немесе бөлу | Барлық сатылымдар, ақшалай түсімдер және өткізу бойынша түзету өткізбелері журналдарда көрсетіледі, жинақтап қорытылады және таратылады. | Алуға арналған шоттарға бухгалтерлік баланс кезіндегі сатып алушыларға қатысты талаптың жалпы сомасы кіреді және қосалқы тіркелімді алуға арналған шоттардың сомасымен үйлестіріледі. Үмітсіз берешек шоттардың резервін алуға арналған шоттардың жалпы сомасы мен оларды өткізудің таза құны арасындағы айырманың орынды бағасы болып табылады. |
Ұсыну және ашып көрсету | Өткізу, ақшалай түсім, түзету өткізбелері туралы толық ақпарат. | Алуға арналған шоттар тиісті тәртіппен бухгалтерлік баланста сәйкестендіріліп жіктелуі тиіс. Тиісті ашып көрсетулер кепілдікке тапсырылған немесе берілген, алуға арналған шоттарға қатысты жасалған. |
Әкімшілік сатып алушыларға берілетін несие мөлшерін анықтайтын процедураны жасап шығарады; тиісті тәртіппен бұл туралы ақпарат береді; оны оқтын – оқтын қайталайды, сосын оның орындалуын бақылайды. Әрбір компанияның өзінің неие шеңберін анықтау, баға белгілеу және басқа жағдайларының процедурасы болады. Тұрақты, сенімді сатып алушылардың тапсырыстары, егер тек несиенің белгіленген мөлшерінен аспаса, міндетті түрде орындалады. Несие бөлімі мезгіл – мезгіл жарияланатын ақпараттар арқылы немесе қаржылық есептілік арқылы сатып алушылардың қаржылық жағдайы нашарламағанына көз жеткізеді. Осылайша, жаңа сатып алушылардың несиеге қабілеттілігі тексеріледі. Кез – келген жағдайда несиеге санкция әдетте несие бөлімі бастығының немесе басқа жауапты адамның жазбаша түрдегі рұқсатымен беріледі.
Барлық қажетті рұқсат алынғаннан кейін тауарды жөнелту немесе оларды өндіру жайлы мәселе шешіледі.
Тауарларға тапсырысты орындау әдетте мынадай кезеңдерден өтеді; өтінім, буып – түю, орау және жөнелту. Олар жөніндегі нұсқаулықтар бір немесе бірнеше бланкіде берілуі, қолдан ресімделуі немесе принтерде басылуы мүмкін. Тапсырысты орындау барысында едәуір жұмыс, мысалы, тауарды сатып алушының сипаттауы бойынша жасау талап етілсе, нұсқаулық кезең – кезеңмен дайындалуы мүмкін. Сатып алушының арнайы тапсырысы бойынша дайындалатын тауарлар үшін жұмыс өтінімдері жасалып, бірқатар қосымша жұмыс өтінімдері дайындалуы мүмкін. Кейбір жағдайларда сатып алушының тапсырысы қолда бар дайын тауар қорынан заводтағы өндірістік тапсырыс немесе жабдықтаушылардың тапсырысы арқылы орындалады. Мұндай жағдайларда көліктік жүкқұжаттарды әдетте тапсырысты орындау үшін тауардың бар екенін анықтау мақсатымен негізгі инвесторлық карточкамен салыстырады. Мұндай салыстыру тапсырысты алудан бұрын да жасалады.
Сатып - өткізу және қаржы нәтижелерінің құралу циклі бойынша тексеру жүргізу кезінде аудитор осы цикл арқылы шаруашылық операциялардың өтуін куәландыратын ақпараттарды зерттейді.
Сатып - өткізу және қаржы нәтижелерінің құралу цикліне дайын өнімерді сатып - өткізумен, негізгі құралдарды, материалдық емес және басқа да активтерді сатумен, кәсіпорыннан шығумен байланысты шаруашылық операциялары кіреді. Бұл операциялардың нәтижелері бойынша кәсіпорында дебиторлық борыштар пайда болып, қаржы нәтижесі анықталады.
Бұл циклдің шаруашылық операцияларын тексеру үшін аудитор ішкі және сыртқы ақпарат көздерінен алынған мәліметтердің дұрыстығына дәлелдеулер алады.
1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық борыштары» шотында сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге ұсынылған және жөнелтілген өнімдер, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін банк мекемесі төлеуге қабылдаған есеп айырысу құжаттары бойынша есеп айырысулар жөніндегі ақпараттар көрсетіледі.