Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 15:06, реферат
Тауарлы – материалдық қорларға (ТМҚ) сатып алу циклінің функционалды аудиттің қаржылық есеп берудің мәліметтерін және белгілі бір кезең ішіндегі олардың қозғалысы туралы алғашқы құжаттарды қарастырудан басталады. Бастапқы есепті ұйымдастыруда қабылдауды, құжатта рәсімдеуді, тиеу – тасу жұмыстарын, материалдық ресурстардың қозғалысын, сақталуын және ұтымды қолданылуын бақылау мен орналастыруды тікелей жүзеге асыратын қойма шаруашылығы қызметкерлері маңызды рөл атқарады.
1. Сатып алу, өндіріс және өткізу циклдерінің аудиті
2. Қаржы нәтижелерін қалыптастыру мен сату кезеңінің аудиті
3. Төлеу циклінің және ақша қозғалысының аудиті
4. Ақша қаражаттарының аудиті
5. Дебиторлық берешектің аудиті
6. Тапсырмалар мен бақылау сұрақтары
7. Есептер
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ – дің экономикалық колледжі
Орындаған: ІІІ – курс ЕжА – 02 тобы
Иманғазы Назым
Алматы 2011
Ағымдағы активтердің функционалдық аудиті
Жоспары:
1. Сатып алу, өндіріс және өткізу циклдерінің аудиті
2. Қаржы нәтижелерін қалыптастыру мен сату кезеңінің аудиті
3. Төлеу циклінің және ақша қозғалысының аудиті
4. Ақша қаражаттарының аудиті
5. Дебиторлық берешектің аудиті
6. Тапсырмалар мен бақылау сұрақтары
7. Есептер
Сатып алу, өндіріс және өткізу циклдерінің аудиті
Жүргізу толықтығына қарай аудит кешенді, функционалды және локальді болады. Аудит түрлерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Функционалды аудит ретінде әр түрлі сатыдағы процесс, цикл және шаруашылық іс – қызметі түрлері бойынша белгілі бір басқару функцияларын атқару жағдайын мақсатты түрде бақылау түсіндіріледі. Операциялық аудиттің осы түрінің маңызды сипаттамалары арасында ең алдымен зерттеудің тереңдігі мен аудиторлардың бизнесті басқарудағы әр түрлі функциялары бойынша еңбекке мамандану мүмкіндігін атап айтқан жөн. Функционалды аудит шеңберінде менеджмент, маркетинг, қаржы, бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау, еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды басқару жағдайын ішкі шаруашылық бақылау функцияларын орындауды тексеру жасалады.
Функционалды аудит өндірістік ресурстарды қолдану мен процестерді, сатылы және циклдерді қалыптастыру бойынша жүргізіле алады. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің жабдықтау,өндірістік және қаржылық іс – қызметінде өндірістік ресурстарды басқару функцияларын орындаудың іс жүзіндегі нақты жағдайын зерттеудің кешенді тәсілі ең пайдалы болып табылады.
Тауарлы – материалдық қорларға (ТМҚ) сатып алу циклінің функционалды аудиттің қаржылық есеп берудің мәліметтерін және белгілі бір кезең ішіндегі олардың қозғалысы туралы алғашқы құжаттарды қарастырудан басталады. Бастапқы есепті ұйымдастыруда қабылдауды, құжатта рәсімдеуді, тиеу – тасу жұмыстарын, материалдық ресурстардың қозғалысын, сақталуын және ұтымды қолданылуын бақылау мен орналастыруды тікелей жүзеге асыратын қойма шаруашылығы қызметкерлері маңызды рөл атқарады.
Шаруашылық жүргізуші субьектілерді сатып алу, өндіріс және дайын өнімді өткізу циклдерінің функционалды аудиттің маңызды кезеңдері мыналар:
1. Материалдық ресурстармен жабдықтауды ұйымдастыру жағдайын тексеру.
2. Қалыптасқан тауарлық – материалдық қорларды басқару жүйесін талдау.
3. Қорлардың жағдайын жән олардың қолданылу деңгейін бағалау
4. Қойма шаруашылығын ұйымдастырудың жағдайын тексеру
5. Тауарлық – материалдық қорлармен жасалатын операцияларды есепте көрсетудің дұрыстығын көрсету
6. Қорларды түгендеудің жүйелілігі мен дұрыстығын зерттеу.
7. Тауарлы – материалдық құндылықтарды қолдану ішкі бақылау жағдайын бағалау
8. Жабдықтау – дайындау іс – қызметі есебін, басқаруды және талдауды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Тауарлы – материалдық қорларды құру мен сақтау белгілі бір шығындарға кездеседі. Шынышда, Қазақстанның кен өндіру өнеркәсібінде жабдықтау – дайындау іс – қызметіне қатысты щығындардың жалпы сомасы оларға жасалған материалдық ресурстар қоры құнының 30 % - не жуық болды. Бұдан шығатын қорытындысы, шаруашылық жүргізуші субьектілердің материалдық құндылықтарға деген қажеттілігін ең аз шамадағы шығындармен қамтамасыз ету мақсат болып қойылады.
Арнайы әдебиеттерді оқып білу және озық тәжірибені жинақтап қорыту негізінде шаруашылық жүргізуші субьектлердің тауарлық – материалдық қорлары есебі мен ішкі бақылау жағдайының функционалды аудитті бағдарламасы ұсынылады.
Қорларды сатып алу мен басқарудың функционалды
аудитті бағдарламасы
Аудит процедуралары | Ақпарат көздері мен бағалау Критерийлері |
1 | 2 |
1. Материалдық – техникалық қамтамасыз ету мен бухгалтерлік есепті ұйымдастырудан талдау | Жылдық, тоқсандық және ағымдағы есеп, сонымен қатар жедел мәліметтер |
2. Бастапқы есепті, бухгалтерлік регистрді және қорлардың қозғалысы туралы есеп беру жағдайын тексеру | 4 – 9 БЕС, қойма есебі каточкалары, кірістік ордерлер, материалды қабылдау туралы актілер, кем шығу, ТМҚ жоғалту туралы және т.с.с. актілер |
3. ТМҚ синтетикалық және аналитикалық есебінің дұрыстығын тексеру | Бас кітап, 6,7,10, журнал – ордерлер есеп регистрлері, 4-9, 13,15,24 БЕС, шоттардың үлгі жоспары |
4. Баланстағы ТМҚ бағалаудың дұрыстығын тексеру | 4-7, 30 БЕС, материалдық құндылықтарды түгендеу актілері |
5. ТМҚ бар болуы мен саталуын, оларды түгендеудің жүргізудің уақтылығы мен дұрыстығын талдау | Материалдарға жауапты адамдар мен шарттар, бастапқы құжаттар, қоймалық есеп карточкалары, түгендеу актілері |
6. Қойма шаруашылығын ұйымдастырудың дұрыстығын зерттеу | Техникалық құжаттама, қойма шаруашылығын ұйымдастырудың стандарттары мен нормативтері |
7. Қойма есебін, ТМҚ қозғалысы бойынша бастапқы құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығын тексеру | Бастапқы құжаттар, қойма есебінің карточкалары, материалдардың қозғалыс есебі (7-БЕС) бойынша тізімдеме (ведомость) |
8. Кәсіпорынның өндірістік қорлармен соңғы есеп беру күндерінің қамтамасыз етілуін бағалау | Стандарттар, нормалар мен нормативтер, техникалық шарттар, есеп айырысу, бастапқы және құрама құжаттар |
9. Түскен материалдарды кіріске алудың толықтығы мен ұзақтылығын тексеру | Бастапқы құжаттар (қабылдау, коммерциялық актілер, жүкқұжаттар, төлем тапсырмалары), шот – фактуралар, кірістік ордерлер және т.с.с. |
10. Өніммен жабдықтау, жұмыс пен қызметі орындау жөніндегі шарттардың сақталуын бақылау (қадағалау) | Қойма есебінің карточкалары, материалдар есебі тізімдемесі (ведомосі), 6 журнал – ордер, Бас кітап, шарттар, нарядтар, сертификаттар, шот – фактуралар және т.с.с. |
11. ТМҚ – ны өндіріске босату жөніндегі операциялардың негізділігі мен оларды шоттарда көрсетудің дұрыстығын талдау | Бастапқы құжаттар (лимиттік – заборлық (алу) карталары, талаптар, жүкқұжаттар), материалдар қозғалысы есебі бойынша тізімдемесі (ведомость) 10 журнал – ордер, Бас кітап |
12. ТМҚ бағалау тәсілдерін таңдаудың дұрыстығын анықтау | Есеп саясаты жөніндегі материалдардың қозғалыс есебі бойынша тізімдемесі (ведомость), 6,10 журнал – ордерлер |
13. Қорлардың қозғалысын ішкі бақылау жағдайын тексеру | Ішкі тәртіп, қызметтік нұсқаулар және 4 – 10, 13, 24, 30 БЕС |
14. Басқа жақтағы тысқары ұйымдарға ТМҚ өткізу мен қайта өңдеуге беруге байланысты операциялар бойынша бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығын тексеру | Шарттар, калькуляциялар, сенімхаттар, тауарлық – көліктік жүкқұжаттар, қабылдау туралы акт. Кірістік ордерлер және т.б 4 – 11, 24, 30 БЕС. Шоттардың үлгілік корреспонденциясы |
15. ТМҚ табиғи кему, бүліну және оларды арзандатудағы белгіленген нормадан тыс кем шығуын есептеп шығаруға арналған құжаттар мен әкімшіліктің шешімдерін талдау. | Әкімшіліктің материалдарды есептеп шығаруға арналған актілері мен шешімдері, түгендеу актілері, нарықтық баға мен сатып алу бағалары туралы мәліметтер және т.б. |
Шаруашылық жүргізуші субьектілердің тауарлық – материалдық қорларының құрамдас бөліктерінің бірі – дайын өнім. Оны шығару, сақтау және өткізу дегеннің өзі – субьектінің шаруашылық іс – қызметінің жалпы жиынтық процестерінің жекелеген процесі. Дайын өнімнің жағдайын бағалау тауарлық – материалдық қорды басқарудың функционалды аудиті арасында не болмаса оның іс - әрекетінің жеке циклін іріктемелі тексеру ретінде өткізіледі. Соңғы жағдайда тексеру бәрінен гөрі ішкі бақылау жүйесіне қатысты және ревизия сипатты болады.
Дайын өнімнің қозғалысы жөніндегі есептік мәліметтер негізінде алынған ақпарат қаржылық есептілікті жасау үшін, соның ішінде, кірістер, шығыстар, айналымдық активтер мен басқа маңызды бөлімдер позициялары бойынша негізгі болып табылады. өнімді өткізу циклінің аудитіне қаржылық есеп берудің де, функционалды аудиттің де міндеттері тән.
Құжаттық мәліметтері ескерілмеген өнімді шығару мен өткізуді анықтау мақсатымен тексере келіп, қайсібір жалғыз құжатпен шектелуге болмайды. Мұндай фактілер жөніндегі аудиттің қорытындысы оның тұжырымдарын толығымен негіздейтін құжаттық мәліметтердің жиынтығына сүйенуі тиіс. Дәл солайша, тек кәсіпорын қоймасында өзіндік (меншікті) өндірістің дайын өнімнің артық болуы туралы мәліметтер де жеткіліксіз. Дегенмен бұл барлық өнімнің ескерілмегенін айғақтай алады.
Тексеру материалдарында ескерілмеген дайын өнімнің шығарылуы мен өткізілуін дәлелдейтін, соның ішінде, материалдық құндылықтардың ескермеген артықтары, көмекші материалдардың, шығарылған өнімнің есептелген санына қарағанда артық шығуы үшін, жұмысшыларға еңбекақы төлеу фактілері; автоматтық есептегіштердің көрсеткіштері, дайын өнімді тасып шығаруға рұқсат және т.б. бар болуын растайтын басқа да көрсеткіштерді келтіру қажет. Сондықтан аудитор бұл мәселелерді зерттей келе барлық құжаттаманы, бұрынғы тексеру қорытындыларын оқып білуі тиіс және ескерілмеген өнімді шығару мен өткізу жағдайлары бар екендігі немесе жоқтығы туралы негіздемелі тұжырым жасау керек.
Шығындар туралы мәліметтердің функционалды аудиті үшін, мысалы тұтас кәсіпорынға қанша материал жұмсалғанын білу жеткіліксіз.Өндіріген өнімге мәнді талдау жасау үшін әрбір цехтағы, учаскідегі, бригададағы, яғни пайда болу орындарында өзгешелікті номенклатура (атаулар тізімі) бойынша материалдардың шығысы туралы ақпарат қажет. Бұл мақсатқа шығындарды шығыстардың калькуляциялық баптары бойынша жіктеу мен осы шығындардың функционалды аудиті қызмет етеді. Функционалды аудит пен елеулі талдау тәсілдерінің көмегімен өндірістің мақсатын, орнын анықтап және шығыстарды қатаң бақылауды ұйымдастыруға, олардың азайту резервтерін табуға және тауарлық – материалдық қорларды қолданудың тиімділігін арттыруға болады.
Аудитор дайын өнімді тиеу мен өткізу жағдайын тексеріп, мыналарды анықтауы тиіс:
1. Дайын өніммен жабдықтауға арналған шарттар жасалған ба және оларды рәсімдеу дұрыстығы.
2. Өнімді тиеуге арналған құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығы.
3. Тиелген өнімнің бағасын рәсімдеудің дұрыстығы.
4. Банкке тиелегн өнім үшін төлем талап – тапсырысын ұсынудың мерзімділігі.
5. Егер өнім тікелей жабдықтаушының қоймасынан босатылатын болса, өнімді босатуға арналған құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығы.
6. Дайын өнімді тиеу мен өткізу есебін жүргізудің дұрыстығы.
7. Өнімді тиеу мен өткізу жөніндегі бухгалтерлік өткізбелерді жасаудың дұрыстығы.
8. Синтетикалық және аналитикалық есеп жазбаларының 301 «Алынатын шоттар» және 701 «Дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін табыс» шоттары бойынша сәйкестігі.
Өнімді шетелдік валютамен төлеу үшін экспорттық операцияларды өткізудің өз ерекшеліктері бар. Валюта бағамының құбылуы бағамдық айырма сомасы пайда болуына әкеледі. Ақшалай қаражаттың түскен уақыты мен ұлттық валютамен өткізу уақытындағы мәмілелік құн баламасы арасында экспорттық операциялар бойынша бағамдық айырма пайда болады. Осылайша, бағамдық айырмалар не сатып алушылардың борышын арттырады, не болмаса кәсіпорынның кірістері мен шығыстарына тиісініше ықпал етіп, оны азайтады.
Ұтымды баамдық айырмада мынадай жазу жазылады.
Д – т 301 «Алынатын шоттар» шоты К – т 725 «Бағам айырмасынан түсетін табыс».
Теріс бағамдық айырмада:
Д – т 844 «Бағам айырмасы бойынша шығыстар» шотына К – т 301 «Алынатын шоттар» шотына.
Ақпарат функционалды аудит өткенге дейін қасақана бұрмалануы және елеулі ауытқулар болуы мүмкін. Ағымдағы активтердің қозғалысы туралы ақпараттың анықтығына қарама – қарсы тексер, ішкі бақылау жүйесін, бастапқы құжаттарды, синтетикалық және аналитикалық есеп, қаржылық, статистикалық және жедел есептіліктің тіркелідерін бағалауда өткізу қажет.
ТМҚ түгендеу мен оның қорытындысын талдау заттарды сатып алу, өнімді өндіру мен өткізу циклдері функционалды аудит кезінде жеке шара болып табылады. Түгендеуді өткізу үшін құрамын кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітілетін түгендеу жұмыс комиссиясы құрылады. Түгендеу басталмас бұрын қойма меңгерушісінен бухгалтерияға материалдық құндылықардың кірісі мен шығысына арналған барлық құжаттар тапсырылғаны туралы қолхат алынады. Бір материалдарға жауапты адамның қорларды әр түрлі оқшауланған бөлмелерде сақтағанында олар сақталу орындары бойынша дәйектілікпен түгенделеді. Қорлардың бар – жоғы тексерілген соң бөлмеге кіру пломбыланады және комиссия басқа бөлмеге жұмыс істеу үшін көшеді.
Қоймадағы материалдық құндылықтардың нақты бар болуын оларды міндетті түрде қайта есептеу, қайта таразылау және өлшеу жолымен тексереді. Тауарлық – материалдық қорларды түгендеу нәтижелерін, түгендеу тізімдемесіне (актісіне) жеке әрбір атау бойынша кіргізеді. Тізімдеме бір дана болып жасалады. Есепте ескерілмеген материалдық құндылықтар айқындалғанда, комиссия оларды тізімдемеге кіргізу тиіс. Түгендеу біткен соң тізімдеме салыстырмалы ведомость (тізімдеме) жасалуы үшін бухгалтерияға беріледі. Түгендеу қорытындылары шешім шығаратын түгендеу комиссиясы мәжілісінде қаралады.
Артық шығу сомаларына 20 «Материалдар» бөлімшесінің (201 – 208) және 22 «Тауарлар» (221 – 223) шоттары дебеттеліп, 727 «Негізгі емес қызметтен түсетін басқа да табыстар» шоты кредиттеледі, ал кем шығу – Д–т 821 «Жалпы және әкімшілік шығыстар» шоты – К – т 633 шоты бойынша – бұрын есепке алынған, кем шыққан құндылықтар бойынша ҚҚС сомасы; Д–т 334 «Басқа дп дебиторлық берешек» шоты, К – т 201 – 208 шоттары 221 «Дайын өнім» шоттары бойынша, айыптыға жатқызылатын Д – т 333 «Қызметкерлер мен басқа да тұлғалардың берешегі» шоты – К – т 334 «Басқадай дебиторлық берешек» шоты бойынша.
Кәсіпорын қорларының сақталуын қамтамасыз ету мәселелерін қарағанда, өндіріс пен қоймалардағы ескерілмеген шикізат пен материалдардың артық шығуы негізінде, сондай – ақ бұрын пайда болған жасыру, соның ішінде тауарсыз құжаттар бойынша шикізаттар мен материалдарды кіріске алумен байланысты туындаған кем шығуларды жасыру оларды заттай алу, олардан ескерілмеген өнімді өндіру мақсатымен жасалатынын назарда ұстау керек. Шикізат пен материалдардың артық шығуы кәсіпорында бұл құндылықтардың әр түрлі сатыдағы қозғалысында: қабылдағанда, сақталғанда, қоймадан цехқа беруде, өндіріске есептен шығаруда және т.б. пайда болуы мүмкін.
Сонымен қатар өнеркәсіп орындарда тауарлы – материалдық құндылықтардың артық шыққанын заңсыз иемдену мен жасаудың мынадай тәсілдері қолданылады:
1. Тым арттырылған норма бойынша есептеп шығарылған шикізат пен материалдарды қымқыру; шикізат пен материалдарды өндіріске нақты іс жүзіндегі шығыс бойынша емес, кей жағдайда көтермеленген болып табылатын, бекітілген нормамен белгіленген қажеттіліктер есебіне қарай есептен шығару.
2. Ескерілген өнім өндірісі үшін қолданылатын және заңсыз иеленген артық шығулар.
3. Шикізат пен материалдарды өндірісте есептен шығаруда шығыстың орташа нормаларын қолдану.
4. Өнімді шығаруда техникалық шарттарды бұзу, өте төмен сападағы шикізатты қолдану салдарынан өнім сапасының нашарлауы, бір компоненттерді екіншісімен ауыстыру.
5. Шикізат пен материалдарды іс жүзіндегі және бар болатындай шығыс нормаларынан асатындай, нақты іс жүзіндеорындалмаған жеке технологиялық операцияларды шығынға негізсіз есептен шығару.