Ағымдағы активтердің есебі: ақша құралдары және олардың эквиваленттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 16:41, лекция

Описание работы

Ақша қаражаты – бұл жоғары өтімді актив және жалпыға бірдей айырбас құралы, сонымен бірге барлық қалған активтерді бағалау мен есептеу негізі болып табылады. Ақша қаражаты міндеттемелерді тез арада өтеуге қабылетті болуы керек.
Бухгалтерлік есептің №7 «Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес ақша қаражатына қаржылық ұйымдарда ағымдық шоттардағы ақша, қолма-қол купюралар, монеталар, валюта және айналымдық несиелік – ақшалай құжаттар жатады.

Содержание

Дәріс сұрақтары:
1. Ақша құралдары және олардың эквиваленттері туралы түсінік.
2. Касса операцияларының есебі.
3. Банктегі есеп айырысу шотындағы және арнайы шоттардағы ақша қаражаттарының есебі.
4. Шетелдік валютамен орындалатын операциялар есебі.

Работа содержит 1 файл

Қаржылық есеп лекция.doc

— 359.50 Кб (Скачать)

(а)  азшылық үлесіне жатқызылатын пайда немесе залал;

және

(b) еншілес компанияның меншікті капитал иелеріне жататын пайда немесе залал.

Ұйым қызметінің қаржы  нәтижелерін түсіну үшін осылайша ұсыну  маңызды болған кезде, пайдалар мен  залалдар туралы есептің өзінде міндетті түрде қосымша желілік баптар, бөлімдердің тақырыптары және аралық сомалар ұсынылуға тиіс.

Ұйым кірістер мен  шығыстардың қандай да болсын баптарын, пайдалар мен залалдар туралы есептің  өзінде де, қаржы есептілігіне ескертулерде де, төтенше баптар ретінде ұсынуға  құқылы емес.

Не пайдалар мен залалдар туралы есептің өзінде, не ескертулерде ұсынылуға тиісті ақпарат

Егер кірістер мен  шығыстардың баптары елеулі болып  табылса, олардың сипаты мен шамасы міндетті түрде бөлек ашып көрсетілуге  тиіс.

Кірістері мен шығыстарының баптары бөлек ашып көрсетілетін міндеттемелер мыналарды қамтиды:

(а)  босалқылардың құнын мүмкін болатын таза сату құнының шамасына дейін немесе негізгі құралдар құнын өтелетін сомаға дейін есептен шығару, сондай-ақ ондай есептен шығаруларды қайтару;

  1. ұйымның қызметін қайта құрылымдау және қайта құрылымдауға шыққан шығындар бойынша кез келген бағалау міндеттемелерін қайтару;

(с)  негізгі құралдар объектілерінің шығып қалуы;

(d) инвестициялардың шығып қалуы;

(е) тоқтатылған қызмет;

(f) сот дауларын реттеу;

және

  1. бағалау міндеттемелерінің басқа да қайтарулары.

Меншiктi капиталдағы  өзгерiстер туралы есеп

Ұйым меншікті капиталдағы  өзгерістер туралы есеп ұсынуға және осы есептің өзiнде мынадай  ақпаратты ашып көрсетуге міндетті:

(а)  кезең iшiндегi пайда немесе залал;

(b) қалған Стандарттар мен Түсіндірмелердің талаптарына сәйкес тiкелей меншiктi капиталда танылатын кезең ішіндегі кiрiстер мен шығыстардың барлық баптарын, сондай-ақ осы баптардың жиынтық сомасын;

(c) еншідес компанияның меншікті капиталының иелеріне және азшылық үлесіне қатысты жиынтық сомаларды бөлек көрсетіп, кезең ішіндегі кірістер мен шығыстар сомасын ((а) және (b) сомалары ретінде есептелген);

және

(d) меншікті капиталдың әрбір компоненті бойынша - 8 ІAS Халықаралық саясатына сәйкес танылған есеп саясатындағы өзгерістердің және қателерді түзетудің ықпалы.

Тек осындай баптарды қамтитын меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп танылған кірістер мен  шығыстар туралы есеп ретінде аталуға  тиіс.

Ұйым сондай-ақ меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепте, не қаржы есептілігіне ескертулерде мыналарды ұсынуға міндетті:

(а)  меншікті капитал иелерінің төлемдерін жеке көрсете отырып, меншiкті капитал иелерi ретінде әрекет жасайтын меншiкті капитал иелерiмен операциялар сомасын;

(b)  кезеңнiң басындағы және есепті күнгі тікелей пайда сальдосы, сондай-ақ кезең ішіндегі тиісті өзгерістер;

және

(с)  әрбiр өзгерiстi жеке ашып көрсете отырып, төленген меншiктi капиталдың әрбiр тобының және кезеңнiң басындағы және соңындағы әрбiр резервтiң баланстық құнының арасындағы тексеру.

Ұйымның меншiктi капиталындағы  екi есепті күн арасындағы өзгерiстер кезең ішінде оның таза активтерінiң  артуын немесе кемуiн көрсетедi. Меншікті капиталдың иелері ретінде әрекет ететін меншікті капиталдың иелерімен операциялар  нәтижесінде болған өзгерістерді (капиталға жарналар, меншікті үлестік құралдар және ұйымның дивидендтері сияқты) және осындай операциялармен тікелей байланысты мәмілелер бойынша шығындарды қоспағанда, кезең ішіндегі меншікті капиталдағы жиынтық өзгеріс, ұйымның осы кезең ішіндегі қызметінің нәтижесінде туындаған басқа пайдалар мен залалдарды қоса (кірістер мен шығыстар туралы осы баптар кірістер мен шығыстар туралы есепте танылатынына немесе тікелей - меншікті капиталдағы өзгерістер ретінде танылатынына қарамастан), кірістер мен шығыстардың жалпы сомасын көрсетеді.

Ақша  қаражаттарының қозғалысы туралы есеп

102. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат қаржы есептілігін пайдаланушыларға ұйымның ақшалай қаражаттарды және ақшалай қаражаттардың баламаларын іздестіру және ұйымның ақшалай қаражаттардың осы тасқындарын пайдалану жөніндегі қабілетін бағалау үшін негіз береді. 7-«Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер» ІAS Халықаралық стандарты ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті және осыған байланысты ақпаратты ашып көрсетулерді ұсынуға қойылатын талаптарды атап көрсетеді.

Ескертулер

Құрылымы

Ескертулер міндетті түрде:

(а)  қаржы есептiлiгiн және таңдап алынған нақты есеп саясаты туралы ақпаратты ұсынуға;

(b)  Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының талаптарына сәйкес баланстың өзінде, пайдалар мен залалдар туралы есепте, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепте немесе ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есепте ұсынылмайтын ақпаратты ашып көрсетуге;

және

(с)  баланстың өзінде, пайдалар мен залалдар туралы есепте, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепте немесе ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есепте ұсынылмайтын, бірақ есептіліктің осы түрлерінің кез келгенін түсіну үшін маңызды қосымша ақпарат беруге тиіс.

Ескертулер міндетті түрде және осы іс жүзінде орындалатын дәрежеде реттелген түрiнде ұсынылуға тиiс. Пайдалар мен залалдар туралы баланстың, есептiң, меншікті каптиталдағы өзгерістер туралы есептің және ақшалай қаражаттар туралы есептің әрбір бабы бойынша осыған қатысты кез келген ақпаратқа алмасқан сілтеме ескертулерде жасалуға тиіс.

Ескертулер әдетте қаржы  есептілігін түсінуде және оны басқа  ұйымның қаржы есептілігімен  салыстыруда пайдаланушыларға көмектесетін мынадай тәртіппен ұсынылады:

(а)  Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкестiк туралы өтiнiш (14-параграфты қараңыз);

(b)  қолданылатын есеп саясатының елеулі аспектілерін қысқаша сипаттау (108-параграфты қараңыз);

(с)  баланстың өзінде, пайдалар мен залалдар туралы есепте, меншікті каптиталдағы өзгерістер туралы есепте және ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есепте ұсынылатын баптар бойынша қосымша ақпаратты тиісті есептер және осы есептердегі желілік баптар жасалатын түрінде ұсыну;

және

(d)  ақпаратты басқа да ашып көрсетулер, оның iшiнде:

(і)  шартты міндеттемелер (37 ІAS Халықаралық стандартты қараңыз) және танылмаған шарттық міндеттер;

және

(ii)  қаржылық емес ақпаратты ашып көрсету, мысалы, ұйымда тәуекелдерді басқару мақсаттары мен саясаты (7-«Қаржы құралдары – ашып көрсету» IFRS Халықаралық стандартты қараңыз).

Есеп саясаты туралы ақпаратты ашып көрсету

Ұйым есеп саясатының елеулі элементтерінің жиынтығында  мыналарды ашып көрсетуге міндетті:

(а) қаржы есептілігін әзірлеу кезінде пайдаланылған бағалау негізін (немесе негіздерін);

және

(b) ұйымның қаржы есептілігін түсіну үшін маңызды есеп саясатының өзге аспектілерін.

Қаржы есептілігінде  пайдаланылған бағалау базасы немесе базалары туралы (мысалы, тарихи құн, ағымдағы құн, өткізудің мүмкін болатын таза құны, әділ құн немесе өтелетін құн) пайдаланушылардың білуі маңызды, өйткені қаржы есептілігі жасалған негіз пайдаланушылар жүргізетін талдауға айтарлықтай ықпал етеді. Егер қаржы есептілігінде бірден артық бағалау негізі пайдаланылатын болса, мысалы, активтердің белгілі бір топтары ғана қайта бағалауға жататын болса, әрбір негізде қолданылатын активтер мен міндеттемелердің санаттарын көрсету жеткілікті болады.

Нақты есеп саясатын ашып көрсету туралы шешiм қабылдаған кезде ұйымның басшылығы ашып көрсету ұйым қызметінің есепті қаржы  нәтижелерiнде және қаржы жағдайында операцияларды, басқа да оқиғалар мен жағдайларды көрсету тәсiлiн түсiнуде пайдаланушыларға көмектесе ме деген мәселенi қарастырады. Нақты есеп саясаты туралы ақпаратты ашып көрсету пайдаланушылар үшін әсіресе осы саясат Стандарттар мен Түсіндірмелер шешетін бірнеше баламалы нұсқалардан алынған кезде пайдалы болады. Бірлескен қызметке қатысушы тепе-тең шоғырландыру әдісін немесе үлес қосып қатысу есебінің әдісін қолдану арқылы бірлесіп бақыланатын ұйымдағы өзінің үлесін мойындай ма деген ақпаратты ашып көрсету осыған мысал бола алады (31-«Бірлескен қызметке қатысу» ІAS Халықаралық стандартын қараңыз). Кейбір Халықаралық стандарттарда Стандарттар рұқсат еткен баламалардың шеңберінде ұйым басшылығы жасаған таңдауды қоса, нақты есеп саясатын ашып көрсетудің жеке талабы болады. Мысалы, 16 ІAS Халықаралық стандарты негізгі құралдар топтары үшін пайдаланылған бағалау базалары туралы ақпаратты ашып көрсетуді талап етеді. 23-«Қарыздар бойынша шығындар» ІAS Халықаралық стандарты қарыздар бойынша шығындар шығыстар ретінде дереу таныла ма немесе белгілі бір талаптарға сай келетін активтер құнының бір бөлігі ретінде капиталдандырыла ма деген ақпараттың ашып көрсетілуін талап етеді.

Кәсіпорындар біріккен кезде іскерлік бедел мен азшылық  үлесін бағалауға қатысты қолданылатын саясат ашып көрсетiледi.

8 ІAS Халықаралық стандартына  сәйкес таңдалатын және қолданылатын  есеп саясатының аспектілерін  ашып көрсеткен жөн.

Есептік бағалау  тұрлаусыздығының шешуші көздері

Ұйым қаржы есептілігіне ескертулерде келесі қаржы жылының  ішінде активтер мен міндеттемелердің баланстық құнын елеулі түрде түзетуге әкеп соқтырудың едәуір қаупі бар есепті күнге есеп айырысуды бағалау тұрлаусыздығының болашақтағы және басқа көздеріне қатысты негізгі жол берушіліктер туралы ақпаратты ашып көрсетуге міндетті. Осы активтер мен міндеттемелерге қатысты ескертулер міндетті түрде мыналар туралы егжей-тегжейлі ақпаратты қамтуға тиіс:

(а) олардың сипаты;

және

(b) есепті кезеңге арналған олардың баланстық құны.

Кейбір активтер мен  міндеттемелердің тиісті баланстық  құнын анықтау үшін тұрлаусыз болашақ оқиғалардың есепті күнгі осы активтер мен міндеттемелерге ықпалын бағалау қажет. Мысалы, төменде келтірілген активтер мен міндеттемелерді бағалау үшін қолданылатын нарықтық бағалар туралы жаңа деректер болмаған кезде болашаққа бағдарланған негізгі құралдар топтарының өтелетін сомаларын, технологиялық тозудың босалқыларға ықпалын, жалғасып отырған сотта іс жүргізудің қорытындысына байланысты бағалау міндеттемелерін, сондай-ақ зейнеткерлік міндеттемелер сияқты, қызметкерлерге сыйақы төлеу жөніндегі ұзақ мерзімді міндеттемелерді бағалауға арналған есептерді жүргізу қажет. Бұл есептер ақшалай қаражаттар тасқыны немесе пайдаланылатын проценттік ставкалар бойынша тәуекелге тиісті түзету, жалақыға тиісті өзгерістер және басқа шығындарға әсер ететін бағалардағы болашақ өзгерістер сияқты баптар жайында жол беруді көздейді.

Капитал

124А. Ұйым оның есептілігін пайдаланатын адамдарға капиталды басқару мәселелерінде міндеттерді, саясатты және процестерді бағалалуға мүмкіндік беретін ақпаратты ашып көрсетуге міндетті.

124В. 124А-параграфының талаптарын орындау мақсатында ұйым мынадай ақпаратты ашып көрсетуге тиіс:

  1. мына ақпараттарды қоса алғанда (бірақ олармен шектелмей), капиталды басқару мәселелерінде өзінің міндеттері, саясаты және процестері туралы сапалық сипаттағы ақпараттар:

(i) капитал ретінде басқарудың мәні не болатынын;

(іі) ұйымның капиталына  қатысты сыртқы талаптар белгіленеді,  мұндай талаптардың сипаты және  олардың капиталды басқару кезінде  қалай ескерілетіні;

және

(ііі) капиталды басқару кезінде өз міндеттерін қалай шешетіні.

  1. капитал ретінде басқару мәні болып табылатыны туралы сапалық сипаттар туралы жалпылама деректер. Кейбір ұйымдар белгілі бір қаржылық міндеттемелерді (мысалы, субординарлық қарыздың кейбір нысандары) капиталдың бөлігі деп санайды. Басқа ұйымдар капитал ұғымына меншікті капиталдың кейбір құрамдас бөліктерін қоспайды (мысалы, ақша ағындарын хеджирлеуден туындайтын құрамдас бөліктер);
  2. алдыңғы кезеңмен салыстырғанда (а) және (b) бөліктерінде болған кез келген өзгерістер;
  3. кезеңнің ішінде осы ұйым үшін белгіленген капиталға сыртқы талаптар орындалды ма;
  4. егер ол оларды орындамаса, ұйымның капиталына сыртқы талаптарды орындамауының салдарлары.

Бұл ашып көрсетулер шешуші басқару персоналына ішкі каналдар бойынша берілген ақпараттарға негізделуге тиіс.

Ұйым өз капиталдарын алуан түрлі тәсілдермен пайдалана  алады, ал оның капиталына неше түрлі  талаптар қойыла алады. Мысалы, сараланған компания өзінің құрамында сақтандыру және банк қызметтерімен айналысатын  ұйымға ие бола алады, бұл ретте мұндай ұйымдар бірнеше заңдылықтарда жұмыс істей алады. Егер капиталға жалпылама талаптар мен басқару тәсілдері пайдаланушыларға пайдалы ақпарат бермесе немесе олардың ұйым капиталын түсінуін бұрмалайтын болса, осы ұйым үшін белгіленген  әрбір капиталға талап бойынша жеке ақпаратты ашуы тиіс.

АҚПАРАТТЫ АШЫП КӨРСЕТУГЕ  ҚОЙЫЛАТЫН БАСҚА ДА ТАЛАПТАР

Ұйым қаржы есептілігіне ескертулерде мыналарды ашып көрсетуге  міндетті:

(а) қаржы есептілігі жариялауға бекітілгенге дейін ұсынылған немесе жарияланған, бірақ есепті кезеңнің ішінде меншікті капитал иелеріне бөлу ретінде танылмаған дивидендтер сомасы, және акцияға шаққандағы тиісті сома;

және

(b) артықшылықты кумулятивтік акциялар бойынша кез келген танылмаған дивидендтер сомасы.

Ұйым, егер ол қаржы есептілігінде бірге жарияланған қосымша қаржы материалдарының басқа бөлімдерінде ашылмаса, мынадай ақпаратты ашып көрсетуге міндетті:

(а)  ұйымның заңды мекен-жайы және ұйымдық-заңдық нысаны, ол тұратын ел және тiркелген кеңсенiң мекен-жайы (немесе, егер оның тiркелген кеңсенiң мекен-жайынан айырмашылығы болса, iс жүргiзетiн негiзгi орны);

(b)  операцияларды және ұйым қызметiнiң негiзгi түрлерiн сипаттау;

және

(с) бас компанияның және топтың негiзгi бас кәсiпорнының атауы.

Информация о работе Ағымдағы активтердің есебі: ақша құралдары және олардың эквиваленттері