Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 16:41, лекция
Ақша қаражаты – бұл жоғары өтімді актив және жалпыға бірдей айырбас құралы, сонымен бірге барлық қалған активтерді бағалау мен есептеу негізі болып табылады. Ақша қаражаты міндеттемелерді тез арада өтеуге қабылетті болуы керек.
Бухгалтерлік есептің №7 «Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес ақша қаражатына қаржылық ұйымдарда ағымдық шоттардағы ақша, қолма-қол купюралар, монеталар, валюта және айналымдық несиелік – ақшалай құжаттар жатады.
Дәріс сұрақтары:
1. Ақша құралдары және олардың эквиваленттері туралы түсінік.
2. Касса операцияларының есебі.
3. Банктегі есеп айырысу шотындағы және арнайы шоттардағы ақша қаражаттарының есебі.
4. Шетелдік валютамен орындалатын операциялар есебі.
№11 стандартқа сәйкес тек осы әдісті қолдануға рұқсат беріледі.
Жұмыстың аяқталу сәтін
анықтау әдісі «шығыстан
Аяқталу пайыз=(ағымдық мерзімдегі шығындар: жобаның аяқталуына қажетті шығындар) *100
Аяқталу пайызы анықталған бойда есепті кезеңдегі табыс сомасы төмендегіше есептеледі:
Есепті кезең табысы= аяқталу пайызы* ( келісімнен түскен жалпы табыс- өткен кезеңде танылған табыс)
Табыс қағидасына сәйкес, есепті кезең табысы өлшеніп танылғаннан кейін дәл осы кезеңнің шығысын өлшеп тану үшін сәйкес келу қағидасы қолданылады. Бұл кірісті тану процессінің екінші сатысы. Сәйкес келу қағидасы тану өлшемдеріне сай кез-келген есепті кезеңде табыстың табыс қағидасына сәйкес анықталуын талап етеді. Кейіннен дәл осы кезең үшін сол кезеңде табыс алу барысында туындайтын шығыстар анықталады.
Шығыстарды келесідей жіктеуге болады:
Өнімді өткізуге тікелей қатысты шығыстар.
Кезең ішінде өнімді сатумен тікелей байланысты шығыстарға әдетте мыналар жатады:
Сәйкес келу қағидасына сәйкес,өнімді өткізумен тікелей байланысты шығыстарды өнімді сатумен байланысты табыстар танылатын есепті кезең ішінде шығыс ретінде тану қажет.
Қызметті өткізуге тікелей қатысты шығыстар.
Оларды келесідей жіктеуге болады:
Барлық тура шығыстарды табыстар мен шығыстардың сәйкес келуі қағидасы бойынша танылатын қызметтен түскен табыс танылған кездегі кезең шығыстары ретінде тану қажет.
Табыс пен шығыстар есебі Типтік шоттар тізбегінің 6 «Табыстар» және 7 «Шығыстар» бөлімінің шоттарында есепке алынады. Табыс танылғанда 6-бөлім шоттары кредиттеледі және ал шығыс танылғанда 7-бөлім шоттары кредиттеледі. Есепті кезең аяғында уақытша шоттарда есепке алынған табыстар мен шығыстар есепті кезеңнің бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зиян) шоттарына аударылып жабылады. Табыс шоттары жабылғанда дебеттеледі, ал шығыстар шоттары – кредиттеледі.
Қорытынды:
Кәсіпорынның табысы мен шығысының есебі қаржылық есептіліктің № 18 «Түсім» халықаралық стандартына сәйкес жүзеге асырылады. Табыстың дұрыс жіктелуі ақпаратты пайдаланушыға компанияның операцияларын дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Табыс есебін дұрыс ұйымдастыру үшін операциялық қызметтен алынатын және операциялық емес қызметтен алынатын табыстарды бөліп көрсету қажет. Негізгі қызметтен алынған табысты есепке алғанда табысты тану мерзімі негізгі сұрақ болып табылады. Табыс қағидасына сәйкес, есепті кезең табысы өлшеніп танылғаннан кейін дәл осы кезеңнің шығысын өлшеп тану үшін сәйкес келу қағидасы қолданылады
. 12-Тақырып: «Меншікті капитал есебі».
Сабақтың мақсаты: меншікті капитал түсінігін тереңдету, серіктестіктегі және акционерлік қоғамдардағы меншікті капитал есебінің ерекшеліктерін білу.
Дәріс сұрақтары:
Дәрістің мазмұны
Меншікті капитал ұйымның меншік иелерінің қаржыларынан құралады. Оның шамасы кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелеріне байланысты өзгеріп тұрады және кәсіпорынның барлық мүлкі мен міндеттемелерінің айырмасы ретінде анықталады.
Меншікті капитал келесі көздерден қалыптасып, толықтырылып тұрады:
- кәсіпорынның құрылуы
кезінде меншік иелерінің
- құрылтайшыларға төленген
табыс пен дивидендтерді
- құрылтайшылардың, басқа жеке және заңды тұлғалардың қайтарымсыз салымдары.
Кәсіпорынның меншікті капиталының құрамына мыналар кіреді:
- жарғылық капитал;
- төленбеген капитал;
- жарияланған капитал;
- эмиссиялық кіріс;
- резервтік капитал;
- бөлінбеген табыс (жабылмаған залал);
Жарғылық капитал - сомасы кәсіпорынның жарғысымен анықталған бастапқы капиталы. Ол негізінен акцияларды сатудан түскен түсімнен немесе құрылтайшылардың салымдарынан құралады. Жарғылық капиталға бағытталған қаржы жаңа құрылған кәсіпорын қызметінің басталуын қамтамасыз етуі тиіс. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелу кезінде оның жарғылық капиталы құрылтайшы құжаттарында тіркеледі.
Жарғылық капиталдың мөлшері кәсіпорынның құрылтайшыларымен анықталады және тиісті мемлекеттік органдарда тіркеледі. Егер де кәсіпорынның қатысушылары бұрын жариялаған жарғылық капиталға қосатын үлесін әлі толық төлемеген болса, онда жарғылық капиталды ұлғайту туралы шешімді тіркеуге алмауы тиіс.
Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесінен тұрады. Жарғылық капиталдың құқықтық реттелуі, оның функцияларының үш негізгі категорияға бөлінуіне байланысты ерекше маңызға ие болады. Бірінші категориясы – жарғылық капитал ұйымның құрылуы кезінде кәсіпорын қызметін іске асырудың материалдық базасы болып табылады. Жарғыылқ капиталдың екінші функциясы кепілдемелік сипат алады. Өйткені, шаруашылық серіктестік кредиторларының алдында өзіне тиесілі мүлік шегінде жауапкершілікке тартылады.Жарғылық капиталдың үшінші функциясы кәсіпорынның әрбір акционерінің немесе қатысушысының үлесін бекітіп береді.
Шаруашылық серіктестіктің мүлкіне салым ретінде ақша қаражатын, бағалы қағаздарды, материалдық құндылықтарды, ақшалай бағасы бар мүліктік немесе өзге де құқықтарды салады.
Серіктестіктің жарғысын тіркеу кезінде оның иесі тек бір ғана тұлға болып табылса, тіркелген жарғылық капитал сомасы төмендегі бухгалтерлік жазумен беріледі:
Дт жарғылық капиталға жарналар бойынша құрылтайшының қарызы
Кт жарғылық капитал
Егер құрылтайшы жарғылық капиталға өз жарнасын салса,
Дт Ақша немесе мүлік
Кт Құрылтайшы қарызы
Серіктестегі меншікті капиталының есебі жоғарғы жағдайға ұқсас. Негізгі ерекшелігі: әрбір серіктес тұлғаның салған қаржысы мен алған қаражаттарының есебін бөлек жүргізіп отыру керек және пайда мен залалды олардың арасында тең бөлу қажет.
Мысал: Тахир мен Зухра жарғылық капиталы 100 000 доллар құрайтын серіктестікті құруға шешім қабылдады. Құрылтайшылық келісімшарт бойынша Тахир - 60 %
Зухра - 40 % салуы керек.
Жарғыны бекіту кезіндегі бухгалтерлік жазу
Дт Тахир қарызы 60 000
Дт Зухра қарызы 40 000
Кт Тахир жарғылық капиталы 60 000
Кт Зухра жарғылық капиталы 40 000
Тахир жарғылық капиталға 20 000 доллар ақша және 40 000 долларға жиһаз берді. Зухра 40 000 доллар құрал жабдық салды.
Дт Тахир ақшасы 20 000
Дт жиһаз 40 000
Дт құрал жабдық40 000
Кт Тахир қарызы 60 000
Кт Зухра қарызы 40 000
Халықаралық стандартқа сәйкес меншіктік каиталды кез - келген уақытта біріктіруге және толытырып отыруға болады.
Серіктестіктің пайда мнен залалы құрылтайшылық келісім шартта көрсетілген кез – келген тәсілмен бөлінеді. Әдетте серіктестіктің пайдасы үш бөлікке бөлінеді:
Пайданы осылай бөлу әрбір
серіктестің серіктестікке
Пайданы бөлудің әдістері:
Салымдардың үлесінің тең болмауын есепке ала отырып кейбір серіктестікте серіктестіктеріне еңбекақыны және салынған капиталына пайыздарды беруге келіседі. Олардың комбинациясы пайда бөлінген кезде есепке алынады.
Серіктестіктің жойылуы.
Серіктестіктің жойылуы (жабылуы) – кәсіпорынның міндеттемесін жабуға жететін активтердің бөлігін сату және қалған активтерді серіктестер арасында бөлумен сипатталатын кәсіпорынның шаруашылық қызметін тоқтату процесі.
Қайта тіркеумен салыстырғанда жабылу кезінде серіктестіктің шаруашылық қызметі тоқтатылады.
Есептік цикл аяқталады.
Әр түрлі жағдайларда
Акционерлік капитал.
Акционерлік компанияда меншікті капитал – акционерлік капитал деп аталады. Акционерлік капитал құрамы:
Акционерлік капитал және эмиссиялық табыс акционерлік қоғамда шығарылған акцияның атаулы құнына және атаулы құнынан артық сомаларды қамтиды.
Енгізілген капитал акционерлердің бастапқы инвестициясын қамтиды.
Акцияның атаулы құны – бұл акционерлік капитал шотында көрсетілуі иісті және меншікті капиталдың сомасын анықтау үшін пайдаланатын әрбір акцияның атаулы құны. Капиталдың минималды бөлігі – номинал.
Акцияның орнына сатып алушыларға сатып алынған акцияның саны көрсетілген сертификаттар берілуі мүмкін.
Жай және артықшылығы бар акциялар.
Жай акция артықшылығы акцияға қарағанда иесіне компанияда дауыс беру құқығын береді. Ал артықшылығы бар акцияның иеленушілері жай акцияға қарағанда дивидендтерді бірінші болып алады. Артықшылығы бар акцияға тұрақты пайыздық ставка қойылуы мүмкін.
Сонымен қатар артықшылығы бар акцияның иеленушілері компания өз жұмысын тоқтатқанда оның активтеріне көбірек құқылы болады.
Өтелетін артықшылығы бар акциялар – бұл эмитенттің таңдауы бойынша сатып алынатын және айналыстан шығарылатын акциялар.
Айырбасталатын артықшылығы бар акцияар – бұл акционерлердің еркі бойынша жай акцияға ауыстырылатын акциялар.
Кумулятивті акциялар – артықшылықты акциялар бойынша төленбеген дивидендтер жинақталып отырады және жай акцияның дивидендтерін төлегенге дейін өтелетін акциялар.
Мерзімі ұзартылған дивидендтер – кумулятивті акциялар бойынша өткен жылдан қалған жинақталған төленбеген дивидендтер.
Меншікті сатып алынған акциялар – компанияның еркін нарықта сатып алынған акциялары.Ол баланста контрпассивті шот болып табылады және капитал сомасын азайтады.
Баланста меншікті капитал бөліміне төмендегідей операциялар өз ықпалын тигізеді:
Информация о работе Ағымдағы активтердің есебі: ақша құралдары және олардың эквиваленттері