Ағымдағы активтердің есебі: ақша құралдары және олардың эквиваленттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 16:41, лекция

Описание работы

Ақша қаражаты – бұл жоғары өтімді актив және жалпыға бірдей айырбас құралы, сонымен бірге барлық қалған активтерді бағалау мен есептеу негізі болып табылады. Ақша қаражаты міндеттемелерді тез арада өтеуге қабылетті болуы керек.
Бухгалтерлік есептің №7 «Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес ақша қаражатына қаржылық ұйымдарда ағымдық шоттардағы ақша, қолма-қол купюралар, монеталар, валюта және айналымдық несиелік – ақшалай құжаттар жатады.

Содержание

Дәріс сұрақтары:
1. Ақша құралдары және олардың эквиваленттері туралы түсінік.
2. Касса операцияларының есебі.
3. Банктегі есеп айырысу шотындағы және арнайы шоттардағы ақша қаражаттарының есебі.
4. Шетелдік валютамен орындалатын операциялар есебі.

Работа содержит 1 файл

Қаржылық есеп лекция.doc

— 359.50 Кб (Скачать)

Жай мерзімдік жүйе  кезінде жұмысшылар мен қызметкерлерге берілген тарифтік мөлшерлеме немесе нақты істеген уақыты бойынша  еңбек ақы есептейді. Енді осы  жүйеге сандық және сапалық көрсеткіштері үшін қосымша еңбек ақы төленуі мүмкін және ол жүйе сыйақылы – мерзімдік болып табылады.

Кесімді еңбек ақы  төлеген кезде алдын – ала  белгіленіп қойған деңгейде әзірленген өнімнің немесе орыналған жұмыстың әрбір бөлігіне еңбек ақы есептейді (дана, т, км, килограмм, т.б.). Кесімді еңбек ақы нысаны келесідей еңбек ақы жүйесінен тұрады:

Кесімді еңбекақының  мынандай жүйелері бар:

    • Тікелей кесімді;
    • Кесімді сыйақылық
    • үдемелі кесімді;
    • акордтық
    • жанама кесімді;

 Тікелей кесімді;  еңбек ақы жүйесі әрбір өнім бірлігі бойынша бағасын қою арқылы белгіленеді.

    Жұмысшылар  мен қызметкерлерге еңбекақыны  есептеудің тікелей кесімді жүйесі  бойынша – бұл бір жұмысшының  немесе бір бригаданың өндірген  өнімінің, орындаған жұмысының бәрі  тек қана еңбек бағасымен есептеледі. Бұл жүйе бойынша еңбекақы мөлшері – бұл құжатта көрсетілген, өндірілген өнімнің санын сол өнімнің бір данасына қарастырылған яғни белгіленген еңбек бағасына көбейту арқылы табылады.

Кесімді – сыйақылық  жүйе қосымша марапаттау төлемін  қарастырады, белгіленген көрсеткішті орындаған кезде ғана пайдаланылады.

Шаруашылық субъектісінде  жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді  сыйақылар өндірісте өнім өндіру санымен сапалық жағынан артығымен  орындағаны, өнім өндіру барысында  шикізаттар мен материалдарды, отындар мен энергияны үнемді де ұтымды пайдаланғаны үшін оларға төлеуге тишстш еңбекақысына қосымша сыйақы ретінде төленеді.

Кесімді – прогрессивті (үдемелі) еңбек ақы төлемі. Еңбек  төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың  белгіленген нормадан артық өндіргені үшін көтермелеу ретінде пайдаланылады. Норма мөлшерінде дайындалған өнім үшін жұмысшыларға төлемді тікелей кесімді бағалар бойынша есептейді, ал нормадан асыра дайындалған өнім үшін прогессивті бағалар бойынша есептейді;

Жанама кесімді еңбек  ақы төлемі.  Мұнда қосалқы және басқа да жұмысшылардың еңбек төлемі қызмет көрсететін учаскісінің, цехтың негізгі жұмысшылардың төлем ақысына шаққанда проценімен аңықталады.

Еңбек ақы төлемінің  аккордтық жүйесі. Бұл жүйеде жұмысшылардың  еңбек төлемін нормаланған тапсырманың немесе жұмыс көлемінің (уақытының, өндірім нормаларының) орындалуы және алдын ала кешендік бағасы бойынша аңықтайды.

        Мерзімдік еңбекақыға жұмысшылар  мен қызметкерлердің түнгі уақытта  жұмыс істеген жұмысына есептелетін  қосымша төлем, мерзімінен тыс уақытта істеген жұмысына есептелетін төлем,  демалыс немесе қосымша мейрам күніне төленетін төлемдер, жұмыстың ауырлығы мен зияндығына төленетін қосымша төлем, өнім өндірудегі ақауға байланысты төлемдер, біреудің орнына жұмысты атқарғаны үшін төленетін төлемдер, тағы басқаларға және өзіне белгіленген жұмыс уақытында істегеніне есептелетін төлемдер жатқызылады.

Жұмысшылардың еңбегін  олардың мамандануына қарай бөлу үшін тарифтік сетка қолданылады. Ол алты разрядтан және әрбір разрядқа бекітілген тарифтік коэффициенттер мен ставкалардан тұрады. Тарифтік ставка уақыт бірлігіне төленетін еңбек ақы сомасы болып табылады. Сағаттық, күндік және айлық тарифтік ставкалар болады.

Еңбек ақы негізгі  және қосымша болып екі түрге  бөлінеді.

Негізгі еңбек ақы  нақты өтелген уақытқа, орындалған жұмыстың сапасы мен санына қарай төленеді. Негізгі еңбек ақыға мерзімдік, кесімді кесімді жұмысшыларға үдемелі баға бойынша төлемдер, жұмысшының кінәсінсіз жұмыстың тұрып қалуы мен болған ақаулар бойынша төлемдер, жұмыс уақытынан тыс уақытта және түнгі уақытта жұмыс істегені үшін төленетін төлемдер, бригадирлікке, шәкірттерді оқытқаны үшін, сонымен бірге, кластылыққа, демалыс және мейрам күндері жұмыс істегені үшін, басқа лауазымды орындағаны үшін төленетін төлемдер және т.б. жатады.

Қосымша еңбек ақы  еңбек туралы заңнамалармен қарастырылған  жұмысшылар мен қызметкерлердің  өтелмеген жұмыс уақытына төленетін  төлем болып табылады.Қосымша  еңбек ақыға еңбек демалысы уақытына, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерін  орындаған уақытқа, оқу демалысы уақытына төленетін төлемдер, демалыс жәрдемақысын төлеу, жас сәбилі аналарға жұмыстағы үзіліс уақыттарына төленетін төлем, жасөспірімдерге жеңілдік сағаттарын төлеу, жұмыс өтілі үшін төленетін сыйақылар жатады. Негізгі және қосымша еңбек ақы еңбек ақы қорын құрайды. Сонымен бірге, еңбеккерлерге еңбек ақы қорына кірмейтін, бірақ олардың кірісін ұлғайтатын әр түрлі сыйақылар мен өзге де төлемдер төленеді. Мысалы: бір уақыттық ақшалай сыйақылар, жаңалық енгізгені үшін және тиімді ұсыныстары үшін төлемдер және де кәсіпорындардың оқушыларына төлейтін стипендиялары, зейнет ақылар, уақытша еңбекке жарамсыздық төлемдері жатады.

Еңбек ақыны дұрыс  есептеу үшін ұйымдарда қалыпты  жұмыс шартынан ауытқулар есепке алынуы тиіс. Олар қосыша еңбек шығынын  тудырады және кесімді жұмысқа белгіленген баға үстіне қосымша төленеді. Қосымша төлем деп жұмыс кестесі және еңбек шартымен байланысты, өтем ақы түріндегі төлемдерді айтады. Қалыпты жұмыс шартынан ауытқитын жұмыс атқарылғанда, атап айтқанда: әр түрлі мамандық жұмыстарын атқарғанда, басқа кәсіпті өз кәсібімен білестіріп орындағанда, жұмыс уақытынан тыс уақытта, түнгі уақытта және мейрам және дмалыс күндері жұмыс орындағанда кәсіпорындар тиісті қосымша төлемдер жасауы тиіс. Қосымша төлем мөлшері мен оларды төлеу шарттарын кәсіпорындар мен ұйымдар, мекемелер өз бетінше бекітеді және олар ұжымдық келісім-шартта көрсетілуі керек. Бұл ретте өосымша төлемдер мөлшері заңмен белгіленген мөлшерден төмен болмауы керек.

Жеке құрамды есепке алу үшін, еңбек ақыны есептеу  және оны беру үшін алғашқы құжаттардың бірегейленген нысандары қолданылады.

Еңбек ақыны есептеуге  негіз болатын көрсеткіш-қызметкердің орташа еңбек ақысы.

Заң жүзінде  орташа еңбекақы:

    • ұйымдар жойылған жағдайда жеке еңбек шарты бұзылғанда, сондай-ақ еңбеккерлердің штаты немесе саны қысқарған кезде, босанғандарға компенсация есептеу үшін;

- пайдаланбаған    демалыс    үшін    өтем ақы немесе демалыс ақысын есептеу ушін; 

-    қызмет  бабымен ic-сапарға барған уақытына  төлем жасау ушін;

  • уақытша жұмыстың тоқтап қалу уақытына   (яғни, еңбеккерлердің   кінәсі емес)   төлем жасау кезінде;
  • басқа да әлеуметтік төлем жасау үшін есептелінеді.

Орташа жалақы - бұл белгілі уақыт кезеңіне еңбеккерлердің еңбекақысынан алынған орташа еңбекақының деңгейі (сағатқа, күнге, айға, жылға) . Оны есептеу үшін он екі күнтізбелік айлар және сол айлардағы тиесілі төлемдер алынады. Бұл кезеңді есептік кезеңнің ұзақтығы деп те атайды. Сонымен бірге, орташа енбекақы белгілі бip құбылыстар мен байланысты жағдайларды есептеу үшін қажет, мысалға: ұйымдар жойылғанда, босанғандарға жәрдем ақы есептеу үшін, екіқабат және бала табуына байланысты жәрдемақыны есептеу үшін және тағы басқалар.

      Қызметкерлердің  еңбек ақысының төлемі бойынша  есеп айырысу есебі 3350 “Қызметкерлердің  еңбек ақысы бойынша есеп айырысу ” шотында жүргізіледі. Бұл пассивтік шот.

Еңбек ақыны есептегенде 3350 шоты кредиттеледі де, мына шоттар дебеттеледі:

  2930-шоты “Аяқталмаған  құрылыс” күрделі құрылыспен  шұғылданатын және сонда жұмыс  істейтін қызметкерлердің еңбек  төлемінің сомасына;

7110-шоты “Тауарларды  сату жөніндегі шығындар” өнім  өткізумен, жұмыстар мен қызмет  көрсетулерді жүзеге асырумен  шұғылданатын қызметкерлерге есептелген  еңбек төлемінің сомаларына;

7210-шоты “Жалпы және  әкімшілік шығындар” жалпы шаруашылық  және әкімшілік-басқармаршылық, қызметкерлеріне есептелген еңбек төлемінің, сомасы;

8110-шоты “Өндірістегі  жұмысшылардың еңбек ақысы” негізгі  өндірістегі жұмысшыларға есептелген  еңбек төлемнің сомасы;

8310-шоты “Қызметкерлердің  еңбекақысы” қосалқы өндірістердің  есептелген еңбек төлемнің сомасы;

Еңбекақыны тарату 3350 шотының кредитімен мына шоттардың  дебетіне жазылады: 2930, 7110, 8110, 8310, 8410. Сондай-ақ еңбекақы “Материалдар” шотына, “Алдағы  кезең шығыстарына” жатқызылуы мүмкін, яғни аталған шоттар дебеттеледі  де, 3350 шоты кредиттеледі.

Кәсіпорын бухгалтериясы  еңбек ақыны есептеп қана қоймай, сонымен бірге еңбек ақыдан әр түрлі шегерімдер мен заңмен белгіленген  ұсталымдар жасайды. Заңнамаларға сәйкес, жұмысшылар мен қызметкерлердің  еңбек ақысынан келесі ұсталымдар жасалады:

- жеке табыс салығы  – бұл салық салу объектісі  еңбек ақы болып табылатын  мемлекеттік салық түрі;

- жинақтық зейнетақы  қорына аударымдар;

- бұрын берілген аванстарды  өтеу сомасы, сонымен бірге дұрыс  есептемеу салдарынан жұмысшыға  артық төленген сомасын қайтару;

- қызметкердің субъектіге келтірген  материалдық зиянды өтеуі;

- кейбір айыппұлдарды қстап  қалу;

- атқарушылық құжаттар бойынша  кәмелетке толмаған балаларын  немесе еңбекке жарамсыз ата-аналарын  асырауға алименттерді өндіріп  алу төлеу; 

- несиеге сатылған тауарлар үшін;

- өнімде айқындалған ақаулар  үшін.

Аталған ұсталым сомалары тиісті бухгалтерлік есеп шоттарында  кредиттелсе, еңбек  ақы шоты дебеттеледі.

Қорытынды:

              Сонымен кәсіпорындардағы еңбек  ақы есебі №19 «Қызметкерлер сыйақысы» ҚЕХС-мен реттеледі. Қызметкерлерге төленетін сыйақыға аталмыш стандарт бойынша оларға орындаған жұмысы үшін төленетін барлық төлем нысандары жатады.

Іс жүзінде еңбек  ақыны ұйымдастырудың екі негізгі  нысаны пайдаланылады: кесімді (өнім санына қарай ақы төлеу) және мерзімді (жұмыс  атқарған уақытына қарай төлеу). Сонымен  бірге, қызметкерлерге заңмен көзделген  негізгі және қосымша еңбек ақы  төленеді.

Ұйымдар ағымдағы сыйақылар сомасын міндеттеме және кезең шығыстарына жатқызылған немесе активтің өзіндік құнына қосылған шығын ретінде тануы керек. 

13-Тақырып: «Табыстар мен шығыстар есебі»

Дәріс сұрақтары:

1. Табысты тану  қағидалары

2. Ұйымның табысының  есебі

3. Ұйымның шығысының  есебі

4. Пайда мен зиян  есебі.

Дәрістің негізгі мазмұны

Қаржылық есептіліктің №18 «Түсім» халықаралық стандартынасәйкес  табыстар төмендегі жағдайда танылады:

  • Тауарды сатқан кезде;
  • Қызмет көрсеткен сәтте;
  • Компанияның активтерін өзге тарап пайдаланған жағдайда алынатын пайыздар, дивидендтер, роялти.

      Табыстардың  жіктелуі ақпаратты пайдаланушының  компания операцияларын түсінуге  мүмкіндік береді. Табысты операциялық  қызметтен алынған және операциялық  емес қызметтен алынған деп  бөліп көрсету қажет.

Табысты  есепке алған  кезде табысты тану сәтін анықтау  маңызды болып табылады.  Табыс  төмендегі жағдайда танылады:

    1. Тауарды сатып алу мен  иемдену барысындағы тәуекелділік сатып алушыға көшкен кезде;
    2. Табыс сомасы сенімді түрде бағаланған болса;
    3. операциялармен байланысты экономикалық табыстың түсу ықтималдығы жоғары болса;
    4. Есепті күнге операцияның аяқталу сәті сенімді түрде анықталған.
    5. Операцияларды жүзеге асырумен байланысты шығындар сенімді түрде анықталған кезде.

Әдетте тауарларды сатумен байланысты табыс сатып алушыға меншік құқығы өткен сәтте танылады. Бөлшек саудада бұл сәт меншік құқығын беру сәтімен сәйкес келеді. Басқа жағдайда меншікті құқығын беру сәтімен табысты  тану сәтінде бірнеше кезең өтуі мүмкін. Осыған сәйкес төмендегі операциялардық төрт  түрі табысты тануға мүмкіндік береді.

  1. Сатып алушыға тауарды жеткізу сәтіндегі табысты тану;
  2. Қызметтерді көрсетуден  түскен табыс қызмет көрсетілгеннен кейін және сол бойынша шот ұсынылғанда танылады.
  3. Активтерді пайдалану құқығын беру нәтижесінде пайыз түрінде алынған табыс, активті пайдалану сәтінен бастап танылады.
  4. ТМҚ-ға жатпайтын активті сатудан түскен атбыс сату кезінде танылады.

Табыстың сомасы сатушы мен сатып алушының келісіміне қарай  анықталады. Осы кезде берілетін  сату сәтіндегі жеңілдіктер, тауарларды қайтару және басқа да жағдайда  табыс сомасын азайтады.  Олар шығындар емес, табыстың азаюы ретінде қарастырылады.

Табысты танудың төмендегідей сәттері кездесіп жатады:

    • активті бергеннен кейінгі танылған табыс;
    • активті бергенге дейінгі танылған табыс;
    • активті беру сәтінде танылған табыс.

Кейбір жағдайда табысты  алу процесі бірнеше есептік  кезеңдері қамтуы мүмкін. Мысалы: құрылыста, мұнай өндіру құралдарын дайындау мерзімі  құрылыстық келісім шартта есепке алудың 2 әдісі  бар:

  1. Келісім-шарттың толық аяқталу әдісі-табыс, шығыс және жалпы пайда келісім шартқа аяталған сәтте танылады. Бұл кезде жинақталған шығыдар ТМҚ (аяқталмаған құрылыс шотында)жинақталады.
  2. Жұмыстың аяқталуының пайыздық әдісі- табыс пен шығыс және жалпы пайда өқұрылыстың жүруінеисәйкес әрбір есепті кезеңде танылып отырады, яғни орындалған  жұмыстың пайыздық арақатнасына негізделеді.

Информация о работе Ағымдағы активтердің есебі: ақша құралдары және олардың эквиваленттері