Ағымдағы активтердің есебі: ақша құралдары және олардың эквиваленттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 16:41, лекция

Описание работы

Ақша қаражаты – бұл жоғары өтімді актив және жалпыға бірдей айырбас құралы, сонымен бірге барлық қалған активтерді бағалау мен есептеу негізі болып табылады. Ақша қаражаты міндеттемелерді тез арада өтеуге қабылетті болуы керек.
Бухгалтерлік есептің №7 «Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес ақша қаражатына қаржылық ұйымдарда ағымдық шоттардағы ақша, қолма-қол купюралар, монеталар, валюта және айналымдық несиелік – ақшалай құжаттар жатады.

Содержание

Дәріс сұрақтары:
1. Ақша құралдары және олардың эквиваленттері туралы түсінік.
2. Касса операцияларының есебі.
3. Банктегі есеп айырысу шотындағы және арнайы шоттардағы ақша қаражаттарының есебі.
4. Шетелдік валютамен орындалатын операциялар есебі.

Работа содержит 1 файл

Қаржылық есеп лекция.doc

— 359.50 Кб (Скачать)

(а)  есеп беретiн ұйымның атауы немесе өзге де сәйкестік белгілері, сондай-ақ алдыңғы есепті кезеңнен бастап осы ақпараттағы кез келген өзгерістер;

(b)  қаржы есептiлiгi жеке ұйымды немесе ұйымдар тобын қамти ма;

(c)  қаржы есептiлiгiнiң тиiстi компонентi үшiн ненiң көбiрек жарайтынына қарай, есепті күн немесе қаржы есептiлiгiн қамтитын кезең;

(d) 21-«Валюталық бағам өзгерісінің әсері» ІAS Халықаралық стандартында анықталғандай, ұсыну валютасы;

және

(e)  қаржы есептiлiгiнде соманы ұсынған кезде пайдаланылған дәлдiк

Есептi кезең

49. Қаржы есептiлiгi міндетті түрде кем дегенде жыл сайынғы негізде ұсынылуға тиiс. Ұйымның есепті күні өзгерген және кезең ішіндегі жылдық қаржы есептiлiгi бiр жылға қарағанда ұзағырақ немесе қысқарақ ұсынылған кезде, ұйым қаржы есептiлiгiнде қамтылған кезеңге қосымша мыналарды ашып көрсетуге міндетті:

(а)  неғұрлым ұзағырақ немесе неғұрлым қысқарақ кезеңдi пайдалану себебiн;

және

(b)  пайдалар мен залалдар туралы есептегі, меншiктi капиталдағы өзгерiстер туралы есептегі, ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есептегi және тиiстi ескертулердегi салыстырма сомалардың толық дәрежеде салыстырмалы емес екендігінің фактiсi.

50. Әдетте қаржы есептілігі бір жыл ішінде кезең үшін ұдайы жасалады. Алайда кейбiр ұйымдар практикалық тұрғыдан алғанда есептерді, мысалы, ұзақтығы 52 апталық кезең үшін ұсынуды қалайды. Осы Стандарт ондай практикаға тиым салмайды, өйткенi алынатын қаржы есептiлiгiнде бiр жылдық кезең үшін жасалатын қаржы есептiлiгінен елеулi айырмашылығы бола қоймас.

Баланс

Қысқа мерзiмдi / ұзақ мерзiмдi бөлу

тікелей баланстағы жеке бөлімдер ретінде, қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi активтерді және қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi мiндеттемелердi ұсынуға міндетті, бұған өтімділік негізінде бөлу сенімді әрі неғұрлым мәнді болып табылатын осындай ақпарат беру реттері кірмейді.  Осы ерекшелік қолданылған кезде барлық активтер мен міндеттемелер міндетті түрде тұтас алғанда олардың өтімділігіне қарай ұсынылуға тиіс.

Қабылданған ұсыну әдiсiне қарамастан, (а) өтелуi немесе орнын  толтыру баланс күнінен кейін  он екi айдан аспайтын және (b) баланс күнінен кейін он екi айдан асатын мерзiмнің ішінде күтiлiп отырған соманы біріктіретін активтер мен міндеттемелердің осындай әрбір желілік бабы бойынша ұйым, өтелуi немесе орнын толтыру он екi айдан астам мерзім өткеннен кейін күтiлiп отырған соманы ашып көрсетуге міндетті.

Егер ұйым дәл анықталған операциялық кезеңнiң барысында  тауарлар мен қызмет көрсетулердi жеткiзсе, қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi активтер мен мiндеттемелердi баланстың өзiнде  бөлек сыныптау айналым капиталы ретiнде тұрақты жұмыс iстейтiн  таза активтердi ұйымның ұзақ мерзiмдi операцияларында пайдаланылатындардан бөлу жолымен пайдалы ақпаратты қамтамасыз етедi. Бұл сондай-ақ ағымдағы операциялық кезеңде iске асыру көзделiп отырған активтердi және тап осы кезең iшiнде өтелуге тиiстi мiндеттемелердi бөлiп көрсетуге мүмкіндік береді.

Қаржы ұйымдары сияқты кейбір ұйымдар үшін активтер мен мiндеттемелердi өтімділікті арттыру немесе төмендету  тәртібімен ұсыну қысқа мерзімді/ұзақ мерзімді активтерге бөліп ұсынуға  қарағанда сенімді әрі неғұрлым маңызды осындай ақпаратты береді, өйткені бұл ұйым дәл анықталған операциялық кезеңнiң шеңберінде тауарлар немесе қызмет көрсетулер жеткізумен айналыспайды.

Ұйым 51-параграфты пайдаланған  кезде активтер мен міндеттемелердің өзін қысқа мерзімді/ұзақ мерзімді активке бөліп ұсынуға, ал басқаларын - егер бұл сенімді әрі неғұрлым маңызды осындай ақпаратты ұсынуға жеткізетін болса, өтімділік тәртібімен ұсынуға рұқсат етіледі. Ұсынудың құрамдастырылған негізіне деген осындай қажеттілік ұйым кең тараған қызмет түрімен айналысқан кезде пайда болуы мүмкін.

Активтер мен міндеттемелерді өткізудің күтіліп отырған мерзімдері туралы ақпарат ұйымның өтімділігі мен төлем қабілетін бағалау үшін пайдалы. 32 ІAS Халықаралық стандарты қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерін өтеу күндері туралы ақпараттың ашып көрсетілуін талап етеді. Қаржы активтері сауда және басқа да дебиторлық берешекті қамтиды, ал қаржы міндеттемелері сауда және басқа да кредиторлық берешекті қамтиды. Босалқылар мен бағалау міндеттемелері сияқты ақшалай емес активтер мен міндеттемелердің орнын толтырудың және өтеудің есептеу күндері туралы ақпарат та, активтер мен міндеттемелер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөліну-бөлінбеуіне қарамастан, пайдалы. Мысалы, ұйым баланс күнінен бастап он екі айдан асатын мерзімнен кейін орнын толтыруды күтіп отырған босалқылар сомасын ашып көрсетеді.

Қысқа мерзімді активтер

Актив, егер мынадай өлшемдердің  кез келгенін қанағаттандырса, міндетті түрде айналымдық актив ретінде  сыныпталуға тиіс:

(а)  оны өткiзу көзделсе, не ол кәсiпорынның әдеттегі операциялық кезеңiнiң барысында сатуға немесе пайдалануға арналса;

(b) ол негiзiнен сауда мақсаттарына арналса;

(c)  оны есепті күннен кейін он екі айдың ішінде сату ұйғарылса; не

(d)  ол ақшалай қаражаттар немесе ақшалай қаражаттардың баламалары нысанында болса (7-«Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер» ІAS Халықаралық стандартында анықталғандай), бұған есепті күннен кейін, ең болмағанда, он екі айдың ішінде қандай да болсын міндеттеменің орнын толтыру үшін оны айырбастауға немесе пайдалануға тиым салынған реттер кірмейді.

Қалған активтердiң  барлығы міндетті түрде ұзақ мерзiмдi активтер ретiнде сыныпталуға тиiс.

Ұйымның операциялық  кезеңi активтерді өңдеу үшін сатып  алу және оларды ақшалай қаражаттарға немесе ақшалай қаражаттың баламаларына айналдыру арасындағы кезеңді бiлдiредi. Ұйымның әдеттегі операциялық кезеңі дәл анықтауға келмесе, оның ұзақтығы он екі ай болады деп болжанады. Қысқа мерзімді активтер тіпті оларды есепті күннен кейін он екі айдың ішінде сату күтілмеген кездің өзінде, әдеттегі операциялық кезеңнің бір бөлігі ретінде сатылатын, тұтынылатын және өткiзiлетiн активтерді (сатып алушылар мен тапсырыс берушілердың босалқылары мен дебиторлық берешегі сияқтылар) қамтиды. Қысқа мерзімді активтер сондай-ақ негізінен сату мақсаттарына арналған активтерді (осы санаттар шеңберіндегі қаржы активтері 39-«Қаржы құралдары - тану және бағалау» ІAS Халықаралық стандартына сәйкес саудаға арналғандар ретінде сыныпталады), сондай-ақ ұзақ мерзімді активтердің айналымдық бөлігін қамтиды.

Қысқа мерзiмдi мiндеттемелер

60. Мiндеттеме, егер ол мынадай өлшемдердің кез келгенін қанағаттандырса, міндетті түрде қысқа мерзімді міндеттеме ретінде сыныпталуға тиіс:

(а)  оны ұйымның әдеттегі операциялық кезеңiнiң шеңберінде өтеу көзделсе;

(b)  ол негізінен сату мақсаттарына арналса;

(с) ол есепті күннен кейiн он екi айдың iшiнде өтелуге тиiс болса;

не

(d)  есепті күннен кейін ең аз дегенде он екі айдың ішінде тиісті міндеттемені өтеуді кейінге қалдыруға ұйымның сөзсіз құқығы болмаса.

Қалған мiндеттемелердiң барлығы ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер ретiнде сыныпталуға тиiс.

Жеткiзушiлер мен мердiгерлердiң  алдындағы кредиторлық берешек  сияқты кейбiр қысқа мерзiмдi мiндеттемелер, қызметкерге кейбір есептеулер және басқа да операциялық шығындар ұйымның  әдеттегі операциялық кезеңiнде пайдаланылатын айналымдық капиталдың бiр бөлiгiн құрайды. Ондай операциялық баптар, тiптi олар баланс күнiнен бастап он екi айдан астам уақыт өткен соң өтелуге тиiс болса да, қысқа мерзiмдi мiндеттемелер ретiнде сыныпталады. Ұйымның әдеттегі операциялық кезеңі дәл анықтауға келмесе, оның ұзақтығы он екі айды құрайды деп көзделеді.

62. Басқа қысқа мерзiмдi мiндеттемелер әдеттегі операциялық кезеңнiң бiр бөлiгi ретiнде өтелмейдi, бiрақ баланс күнiнен кейiн он екi айдың iшiнде өтеуді талап етеді немесе негізінен сату мақсаттарына арналады. Мысалы, 39 ІAS Халықаралық стандартына сәйкес сатуға арналғандар ретінде сыныпталған қаржы міндеттемелері, банктік овердрафтар, ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі, төлеуге дивидендтер, пайдаға салынатын салықтар және басқа сауда-саттық емес кредиторлық берешектер. Ұзақ мерзімді негізде қаржыландыруды қамтамасыз ететiн (яғни ұйымның әдеттегі операциялық кезеңінде пайдаланылатын айналым капиталының бір бөлігі болып табылмайды) және баланстан кейін он екi айдың iшiнде өтелуге жатпайтын қаржы мiндеттемелері ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер болып табылады, оларға 65 және 66-параграфтар қолданылады.

63. Ұйым өзiнiң қаржы мiндеттемелерiн, олар баланс күнiнен кейiн он екi айдың iшiнде өтелуге тиiстi болса, қысқа мерзімді ретінде сыныптайды, егер тіпті:

(а)  олардың бастапқы мерзiмi он екi айдан асатын мерзім болса;

және

(b)  баланс күнінен кейін және қаржы есептілігі бекітілгенге дейін қайта қаржыландыруға немесе ұзақ мерзімді негізде төлем кестесін өзгертуге шарт жасалса.

Баланстың өзiнде ұсынылуға тиiстi ақпарат 

Баланс міндетті түрде  кем дегенде мыналарды көрсететiн  жекелеген баптарды қамтуға тиiс:

(а)  негізгі құралдар;

(b)  инвестициялық жылжымайтын мүлік;

(c)  материалдық емес активтер;

(d)  қаржы активтері ((е), (һ) және (і) тармақтарында көрсетiлген сомаларды қоспағанда);

(е)  қатысу әдiсi бойынша ескерiлген инвестициялар;

(f) биологиялық активтер;

(g)  босалқылар;

(һ)  сауда және басқа дебиторлық берешек;

(і) ақшалай қаражаттар және ақшалай қаражаттардың баламалары;

(j)  сауда және басқа кредиттік берешек;

(k)  бағалау мiндеттемелерi;

(l)  қаржы міндеттемелері ((j) және (k) тармақтарында көрсетілген сомаларды қоспағанда);

(m)  12-«Пайдаға салынатын салықтар» ІAS Халықаралық стандартында белгілендей ағымдағы салық бойынша мiндеттемелер мен активтер;

(n)  12 ІAS Халықаралық стандартында белгіленгендей, кейінге қалдырылған салық міндеттемелері мен кейінге қалдырылған салық активтері;

(o)   меншікті капиталдың құрамында ұсынылған азшылық үлесі;

және

(p)  шығарылған капитал және бас компанияның меншікті капитал иелеріне қатысты резервтер.

68А. Баланста мынадай сомаларды білдіретін желілік баптар болуға тиіс:

  1. сатуға арналған ретінде жіктелген активтердің және 5-«Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет» IFRS Халықаралық стандартына сәйкес сату үшін арналған ретінде шығу топтарының құрамындағы активтердің жиынтық баланстық мөлшері; және
  2. 5 IFRS Халықаралық стандартына сәйкес сату үшін арналған ретінде шығу топтарының құрамындағы міндеттемелердің жиынтық баланстық мөлшері.

69.  Осындай ұсыну ұйымның қаржы жағдайын түсіну үшін маңызды болған кезде, баланстың өзінде міндетті түрде қосымша жеке баптар, тақырыптар және аралық сомалар ұсынылуға тиiс.

Ішкi топтарды бөлшектеу  деңгейі Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының талаптарына және тиісті сомалардың мөлшерiне, сипатына және мақсатына байланысты. Ішкі топтарға бөлудің тиісті негізі туралы шешім  қабылдаған кезде 72-параграфта келтірілген  факторлар да ескеріледі. Әрбiр бап үшiн ашып көрсетулер бір-бірінен өзгеше болады, мысалы:

(а)  негізгі құралдар объектілері 16 ІAS Халықаралық стандартына сәйкес топтарға бөлінеді;

(b)  дебиторлық берешек сатып алушылар мен тапсырысшылардың берешегiне, байланысты тараптардың берешегiне, алдын-ала төлемдерге және басқа сомаларға бөлiнедi;

(с)  босалқылар 2-«Босалқылар» ІAS Халықаралық стандартына сәйкес тауарлар, өндiрiстiк жеткiзулер, материалдар, аяқталмаған өндiрiс және дайын өнiм сияқты iшкi топтарға бөлiнедi;

(d)  бағалау мiндеттемелерi қызметкерлерге сыйақы төлеуге шығындар бойынша бағалау мiндеттемелерiне бөлiнедi; және

(е)  меншiктi капитал мен резервтер төленген капитал, эмиссиялық кiрiс және резервтер сияқты әртүрлi топтарға бөлiнедi.

Пайдалар мен залалдар туралы есеп

Кезең ішіндегі пайда немесе залал

езең ішінде танылған кірістер мен шығыстардың барлық баптары міндетті түрде, егер қандай да болсын Стандартта немесе Түсіндірмеде өзгеше талап етілмесе, пайдаға немесе залалға қосылуға тиiс.

Әдетте кезеңде танылған кірістер мен шығыстардың барлық баптары пайдаға немесе залалға енгізіледі. Оған бухгалтерлік бағалаудағы өзгерістердің тиісті баптары кіреді. Алайда белгілі бір жағдайларда нақты баптар ағымдағы кезең ішіндегі таза пайдадан немесе залалдан алып тасталуы мүмкін. 8 ІAS Халықаралық стандартында осындай жағдайлардың екі түрі қаралады: қателіктерді түзету және есеп саясатындағы өзгерістердің салдары.

Қалған Халықаралық  қаржы есептілігі стандарттарында Принциптерде келтірілген кірістер мен шығыстардың анықтамаларына сай келуі мүмкін баптар қаралады, бірақ олар әдетте пайдадан немесе залалдан алып тасталады. Ондай баптардың мысалдары қайта бағалаудан мүлік құнының артуын (16 ІAS Халықаралық стандартты қараңыз), шетелдік қызметтің қаржы есептілігінің валютасын қайта есептеуге байланысты туындайтын жекелеген пайдалар мен залалдар (21 ІAS Халықаралық стандартты қараңыз), және сату үшін қолда бар қаржы активтерін қайта бағалаудан болған пайдалар мен залалдар (39 ІAS Халықаралық стандартты қараңыз),

Пайдалар  мен залалдар туралы есептiң өзiнде не ескертулерде ұсынылуға тиiстi ақпарат

Пайдалар мен залалдар туралы есептiң өзiнде міндетті түрде  кезең ішінде мынадай сомаларды  көрсететін кем дегенде мынадай  желілік баптар болуға тиіс:

(а)  табыс;

(b)  қаржыландыру жөніндегі шығындар;

(с) қауымдасқан компаниялар мен бірлескен кәсіпорындардың пайдалары мен залалдарында үлес қосып қатысу бойынша есептеу әдісіне сәйкес ескерілген ұйымның үлесі;

(d) салық бойынша шығыстар;

(е) тоқтатылған қызметтен алынған салық салудан кейінгі жиынтық пайда немесе залал (і), сатуға шығындарын шегергенде әділ құны бойынша бағалау нәтижелері бойынша танылған салық салудан кейінгі пайда немесе залал (іі) немесе тоқтатылған қызметті құрайтын активтердің немесе шығу тобының (топтарының) шығуынан кейін құрайтын бірегей соманы ;

және

(f) пайда немесе залал.

82. Пайдалар мен залалдар туралы есептiң өзiнде міндетті түрде мынадай баптар кезең ішінде пайданы немесе залалды бөлу ретінде ашып көрсетiлуге тиіс:

Информация о работе Ағымдағы активтердің есебі: ақша құралдары және олардың эквиваленттері