Ағымдағы активтердің есебі: ақша құралдары және олардың эквиваленттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 16:41, лекция

Описание работы

Ақша қаражаты – бұл жоғары өтімді актив және жалпыға бірдей айырбас құралы, сонымен бірге барлық қалған активтерді бағалау мен есептеу негізі болып табылады. Ақша қаражаты міндеттемелерді тез арада өтеуге қабылетті болуы керек.
Бухгалтерлік есептің №7 «Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес ақша қаражатына қаржылық ұйымдарда ағымдық шоттардағы ақша, қолма-қол купюралар, монеталар, валюта және айналымдық несиелік – ақшалай құжаттар жатады.

Содержание

Дәріс сұрақтары:
1. Ақша құралдары және олардың эквиваленттері туралы түсінік.
2. Касса операцияларының есебі.
3. Банктегі есеп айырысу шотындағы және арнайы шоттардағы ақша қаражаттарының есебі.
4. Шетелдік валютамен орындалатын операциялар есебі.

Работа содержит 1 файл

Қаржылық есеп лекция.doc

— 359.50 Кб (Скачать)

Шетел валютасымен болған операциялар есебі.

Валюта өлшемі – тауар  мен қызметті сату бағасына, материалдар  мен еңбек құнына ықпал ететін валютаны айтамыз. Валюталық операциялар  валюта өлшемімен сипатталады. Егер жүзеге асырылған операциялар өзгертілмесе, онда валюта өлшемі де өзгермейді. Егер валюта өлшемін анықтайтын индикаторлар өзгерсе, онда валюта өлшемі де өзгереді. Осыған байланысты компаниялар валюта мерзімі өзгерген мерзімнен бастап жүзеге асырылған влюталар өлшемін өзгертуі қажет. Шетел валютасымен болған операциялар қай күні жүзеге асырылса, сол күнгі айырбас бағамы бойынша өлшенуі қажет.

Операцияны жүзеге асыру  мерзімі – жүзеге асырылған операциялардың қаржылық есептілікте сипатталатын мерзім. Іс жүзінде қаржылық есептілік  ұсынылатын күні шетел валютасымен  болған операцияларды орташа апталық немесе айлық айырбас бағаммен қайта есептеу керек.

Мысалы: 01.01. М компаниясы шетелдік клиентіне 1000$ сомасындағы  несиеге қызмет көрсетті, ҚҚС – 15%, айырбастау бағамы – 1$-130тг. 01.02 шетел  валютасымен болған операциялар  бойынша есеп айырысты. айырбастау бағамы – 1$-125тг.

Операцияны бухгалтерлік есепте сипатта.

Д-т 1210    1000*130=130 000тг

К-т 6010    130 000*15/115=113 044

К-т 3130    16956     ҚҚС

 

Д-т 1030    1000*125=125 000тг

Д-т 7430    (130-125)*1000=5000 кері валюталық айырма

К-т 1210    130 000

Шетелдік влютадағы  барлық баптар валюта өлшеміне аударылады: монетарлық және монетарлық емес баптар. Монетарлық бағам бойынша бағам  айырмашылығын тану:

  1. төлемдерді өтеу кезінде шетел валютасын қайта есептеген кезде туындайтын айырмашылықты бағам айырмашылығы деп аталады. Мұндай айырмашылық қай кезеңде туындаса сол мерзімдегі есептілікте танылады.
  2. Таза инвестицияның бөлігі болып табылатын монетарлық баптардан туындаған бағам айырмасы жекелеген есептілікте танылады.
  3. егер шетел компания еншілес ұйым ретінде есептелсе, онда туындаған бағам айырмасы меншікті капиталдың жекелеген компаненті ретінде шоғырландырылған есептілікте сипатталады.

Мысалы: А компаниясы шетелдік М компаниясын ашты. М  еншілес ұйымының таза активтерінің құны 01.01 күні 300 000$ құрады. Оның 100 000$ еншілес ұйымның акционерлік капиталы, 200 000$ топ ішіндегі несие, яғни таза инвечтиция. Еншілес ұйымды құру кезіндегі айырбас бағамы 135тг, есептілік мерзімде 137 тг құраған.

200 000*(137-135)=400 000тг  - А компаниясының МК жекелеген компаненті ретінде есептеледі.

Валюта өлшемін есептілік  валютаға аудару. 21 ҚЕХС сәйкес келесі ережелер анықталады:

  1. Активтер мен міндеттемелер баланс құру мерзіміндегі валюта бағамымен қайта есептеледі.
  2. Табыс пен шығын операция жүзеге асырылған мерзімдегі валюта бағамымен қайта есептеледі.
  3. Барлық бағам айырмасы МК жекелеген компаненті болып табылады.

Аздық үлесі.

Шетелдік қызметте аздық  үлес бар болса, онда оған сәйкес таза табыс немесе зиян шоғырландырылған есептілікте аздық үлес бабында  енгізіледі.

Мысалы: А бас ұйым Б шетелдік еншілес ұйымның 70 пайызына иелік етеді. Б ұйымының таза активтері 10 млн$. Есептік кезеңде сауда операциялары болған жоқ. Айырбас бағамы: 01.01 - 1$-132тг., 31.01.  - 1$-137тг.

Бағам айырмасы: 10млн$*(137-132)=50млн.тг

50млн.тг*0,7=35млн.тг – бағамдық айырма МК жекелеген компаненті болып есептеледі.

50млн.тг – 35млн.тг=15млн.тг  – бұл аздық үлесі болып  саналады.

Шетел қызметін есептен  шығару кезінде барлық бағам айырмасы кіріс немесе шығыс ретінде есептілікке  алынады.

Мысалы: Шетелдік ұйым 600 000$ сатылды, оның акционерлік капиталы 85 000$, бөлінбеген пайдасы 450 000$. МК жекелеген компаненті болып есептелген бағам айырмасы бойынша шығын 90 000$. Компанияны сатудан түскен пайданы анықтау қажет.

600.0+450.0+90.0=1140.0 – бұл  таза активтер

600.0-(85.0+450.0-90.0)=155.0$ бұл  сатудан түскен пайда.

Сатылған шетелдік ұйым біртіндеп есептен шығарылса, онда жинақталған бағам айырмасы пропорционалды түрде сәйкес бөлігі ғана кіріс пен  шығысқа енеді.

Мысалы: Шетелдік Б компаниясының 20 пайызы ғана 250.0$ сатылады. Оның акционерлік капиталы 100.0$, бөлінбеген табыс 14 000.0$, бағам айырмасынан түскен табыс – 50.0$.

Есептен шығарылатын  шығын:

250.0-20%(100.0+14 000.0+50.0)=60.0$ зиян.

Қаржылық есептілікте  мына ақпараттардың мәнін ашу  керек:

  1. Есептік кезеңдегі таза табыстағы немесе зияндағы бағам айырмасының сомасын анықтау;
  2. МК жекелеген компаненті ретінде жіктелген таза бағам айырмасын анықтау;
  3. Егер есептік валюта ұйымның валюта бағамымен сәйкес келмесе, онда осы сәйкессіздіктің мәнін ашу;
  4. есептілік мерзімнен кейін болған валюта бағамындағы елеулі өзгерістердің ықпал етуінің мәнін ашу;
  5. Валюталық тәуекелділікті басқаруға байланысты ұйым саясатының мәнін ашу.

Информация о работе Ағымдағы активтердің есебі: ақша құралдары және олардың эквиваленттері