Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 19:20, курсовая работа
Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайысысының өзінің негізгі ақпараттық көздері бар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер мен бюллендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру.
Қаржылық талдауды салыстырмалы көрсеткіштер негізінде жүргізудің шетелдік тәжірибесін механикалық түрде көшіріп алу, көп жағдайда тиімсіз, себебі бұл жағдайда бәздің кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне назар аударылмайды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы туралы берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық жағдайды талдау барысында салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады, себебі ол болып жатқан жағдайларды түсінуге және де оларды тек ағымдағыы мезетте ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар жатады: өтімділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік белсенділік.
6.Салыстырмалы (кеңістік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.
2.3. Экономикалық талдауды
Басқару объектілерінде жүргізіліп отырған терең де сапалы өзгерістер ұйымдастырушылық құрылымдар мен басқару органдарын қайта құруға әкеліп соғады. Әрдайым даму мен жетілу үстінде болатын басқару объектісін бұрыңғы қалыптағы әдіске салуға болмайды. Керісінше, әдістер өзгертіліп отырған экономикалық міндеттерге сәйкестендірілуі тиіс. Ол бір жағынан нарыққа өтпелі кезеңде аймақ басқару суъектісі ретінде, екінші жағынан нақтылы едегі әлеуметтік-экономикалық процестер әсерінен біріккен жергілікті қызығушылығы бар адамдар қауымдастығы әсерінен дамиды.
Бұрынғы орын алған мемлекеттік билік пен басқару құрылымдарының бірқатар кемшіліктері болды. Олардың қараты төмендегідей:
Басқарудың ұйымдсатырушылық құрылымы серпіндікпен сипатталатын және объектінің жағдайымен байланысты болған соң, ұйымдастрырушылық мәселелері өтпелі кезеңнің әр сатысында зертеліп отыруы қажет. Ол мәселелер топтарға жинақталады:
Жалпы диалектикалық тұрғыдан қарасақ ұымдастырушылық құрылым мен оның басқаратын объектісі бір-бірімен өте тығыз байланысты, бір-бірінсіз жеке дара қызмет ете алмайды. Басқаратын объект болмаса басқарушы орандардың да қажеті шммалы. Сондықтан да бұл екі ұғым диалектикалық нысан және мазмұн деген категорияларына сәйкес келеді. Мазмұн өзгерсе нысан өзгеруі заңды құбылыс.
2.4. Экономикалық талдау түрлері
Модельдеу мен дерексіздендіру (абстракциялау), ойша жіктеу макроэкономикалық талдаудың негізгі әдісі болып табылады. барлық макроэкономикалық үдерістер модельдерді (үлгілерді) салу негізінде зерделенеді.
Макроэкономикалық модельдер араларындағы негізгі өзара қатынастарды табу мақсатымен экономикалық үдерістер мен құбылыстардың графикалық немесе алгебралық баяндалуы. Модельді салу үшін әр зерттелетін құбылыстың ең маңызды сипаттарын айырып, мәні, маңызы аз құбылыстар мен факторлардан дерексіздену қажет. Сонымен, модель (үлгі) дүниенің, шындықтың қарапайым көрінісі, ол экономикалық үдерістер дамуының негізгі заңдылықтарын тауып, экономикалық өсу, инфляция, жұмыссыздық сияқты күрделі макроэкономикалық мәселелердің шешу нұсқаларын әзірлеуге мүмкіндік беретін жеңіл түріндегі көрініс болып келеді. Макроэкономикалық модельдердің түрлері көп: функциялар, графиктер, сызбалар мен кестелер, олар макроэкономикалық шамалар араларындағы, экономикалық құбылыстар араларындағы, экономикалық құбылыстар араларындағы себеп – салдар байланыстарын түсінуге мүмкіндік береді. Макроэкономикада функциялардың әр түрлерін айырады.
а) іс-қимылдық олар экономикалық агенттердің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын сипаттайды (мысалы, тұтыну функциясы): ,
мұнда a – табыс деңгейінен тәуелсіз жеке тұтыну;
(V - T) – қолдағы табыс;
b – іс-қимылдық
коэффициент, ол тұтынуға
б) технологиялық, олар өндіріс технологиясын баяндайды (мысалы, өндірістік функция): ,
мұнда Y- жиынтық шығарудың шамасы, ол капитал қоры (К) және еңбек қорымен (L) анықталады, яғни негізгі экономикалық ресурстардың (қорлардың) санымен.
в) институционалдық, олар институционалдық факторлардың (мемлекеттік басқару параметрлерінің) макроэкономикалық шамаларға жасайтын ықпалын көрсетеді, мысалы, салықтар функциясы: ,
мұнда Т – салық түсімдерінің шамасы,
- табыс деңгейінен тәуелсіз ерікті салықтар,
t – салық мөлшері,
Y- жиынтық табыс деңгейі (шығару);
г) дефинициондық, олар кез келген макроэкономикалық шаманың анықтауын көрсетеді (мысалы, жиынтық сұраныс функциясы, анықтау бойынша, ол барлық макроэкономикалық агенттер сұранысының сомасы):
мұнда С – үй шаруашылықтардың сұранысы (тұтыну шығындары),
I – фирмалар сұранысы (инвестициялық шығындар),
G – мемлекет сұранысы (тауарлар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алулары) мен
Xn – шетел секторының сұранысы (таза экспорт).
Барлық функцияларды графиктер мен кестелер түрінде көрсетуге болады. Модельдерге (үлгілерге) көрсеткіштердің 2 түрі кіреді: экзогенді және эндогенді.
Экзогенді шамалар – ол сырттан берілетін, үлгіден тыс қалыптасатын көрсеткіштер. Экзогенді шамалар тәуелсіз болып келеді. Эндогенді шамалар – үлгінің ішінде қалыптасатын көрсеткіштер.
Экзогенді эндогенді
ауыспалы ауыспалы
Сурет 1.1
Үлгі экзогенді шамалардың (сыртқы күш, қозғалу) өзгеруі эндогенді шамалардың өзгеруіне әсер етуін көрсетуге мүмкіндік береді (Сурет 1.1). мысалы егер тұтыну функциясының түрі С=C (Yd,W) болса,
мұнда С-жиынтық тұтыну шығындардың шамасы,
Yd-қолдағы табыс және
W-байлық
онда Yd және W – экзогенді шамалар, ал С – эндогенді болып табылады. Бұл үлгі қолдағы табыстың немесе байлықтың өзгеруі тұтыну шығындар шамасын қалай өзгертетінін талдауға мүмкіндік береді. Сонымен, тұтыну тәуелді шама ретінде (функция), ал қолдағы табыс пен байлық шамасы – тәуелсіз шамалар (функцияның негізі) ретінде саналады. Әр түрлі үлгілерде бір шаманың эндогенді де, экзогенді де болуы мүмкін. Солай, тұтыну үлгісіндегі тұтыну шығындары (С) эндогенді (тәуелді) шама ретінде, ал жиынтық сұраныс үлгісінде тұтыну шығындары (С) экзогенді (тәуелсіз) шама, яғни ауыспалы болып келеді, ол жиынтық шығару мен жиынтық табыстың шамасын анықтайды. Бұған мемлекеттік басқарудың ауыспалылары жатпайды, олар, әдетте, экзогенді болып келеді. Мысалы: тауарлар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алулары, аккордты салықтар, салық мөлшерлері, трансферттердің шамасы, пайыздың есептеу мөлшері, міндетті резервтер (қорлар) нормалары, ақша базасы. Ауыспалылардан басқа, үлгілерге параметрлер мен константалар кіреді. Олар тұтынуға деген шекті бейімділік, сақтауға шекті бейімділік, депозит ретінде енгізу нормасы, артылып қалған резервтер (қорлар) нормасы және икемділік көрсеткіштері, мысалы, инвестициялардың (қаржы салымының) пайыз мөлшерінің өзгеруіне икемділігі, табыстың өзгеруіне ақшаға деген сұраныс икемділігі, капитал ұтқырлығының дәрежесі және т.б.
Макроэкономикалық ауыспалылардың маңызды ерекшелігі – олардың 2 топқа бөлінуі: ағындар көрсеткіштері мен қорлар көрсеткіштері. Ағын – ол белгіленген мерзім ішіндегі сан. Макроэкономикада уақыт бірлігі ретінде жыл саналады. Ағындар көрсеткіштеріне жатады: жиынтық шығару, жиынтық табыс, тұтыну, инвестициялар, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, жұмыссыздардың саны, экспорт, импорт және басқалар, олар жыл сайын есептеседі. Қор – уақыттың белгіленген сәтіне келетін сан, яғни белгіленген уақытқа (мысалы, 2000 жылдың 1 қаңтарына). Қорлардың көрсеткіштеріне жатады; ұлттық байлық, жеке байлық, капитал қоры, жұмыссыздардың саны, өндірістік әлеует, мүмкіндік, мемлекеттік қарыз және т.б. Макроэкономикалық көрсеткіштер абсолюттік және салыстырмалы деп бөлінеді. Абсолюттік көрсеткіштер ақша (құндық) түрінде (бұған адам санымен өлшенетін жұмыссыздар санының көрсеткіштері енбейді), ал салыстырмалы – пайыздарда немесе салыстырмалы шамаларда өлшенеді. Салыстырмалы көрсеткіштерге жұмыссыздық деңгейі, дефлятор (бағалардың жалпы деңгейі), инфляция қарқыны, экономикалық өсу қарқыны, пайыз мөлшері, салық мөлшері және т.б. кіреді.
Макроэкономикада тепе-теңдік жағдайларды зерделеудің зор маңызы бар. Тепе-теңдіктің 3 түрін айырады: тұрақты, тұрақсыз және бейтарап (сурет 1.2). Жүйедегі тепе-теңдік тұрақты деп саналады, егер тепе-теңдік жағдайдан шығарылып, жүйе өз бетімен оған қайтакелсе, тұрақсыз – орнына қайтпаса және бейтарап – жүйе алғашқы жағдайына келе ме, жоқ па – анық айтуға болмаса. Макроэкономикалық үлгілерде уақыт факторының маңызы зор. Талдауда осы фактор қалай есептелуіне байланысты макроэкономикалық үлгілердің 3 түрін айырады: статикалық, салыстырмалы статиканың және динамикалық. Статикалық модельдер уақыттың белгіленген сәтіндегі экономикалық ахуалды сипаттайды. Салыстырмалы статика модельдері экономикалық жүйенің бір тепе-теңдік жағдайдан екінші жағдайға көшу нәтижесін көрсетеді, бірақ, бұл көшудің қалай болатындығын зерттемейді. Бұл процестің (үдерістің) механизмі динамикалық үлгілерде зерделенеді. Динамикалық үлгілерде дисконттау қағидасы маңызды рөл атқарады, яғни болашақ табыстардың құнын қазіргі мерзімге келтіру (PV). Дисконттау әдісі инвестициялық жобалардың қаржыландыруына қаржыларды салу нәтижелілігін анықтауында, құнды қағаздарды сатып алғанда, тұтынудың уақытаралық таңдауында пайдаланады. Дисконтталған құн мына формула бойынша есептеледі:
мұнда х1, х2...хn – әр болашақ кезеңдерінде экономикалық агент ұйғаратын (болжайтын) табыстар (біріншіден n - дейін),
r – дисконт нормасы, макроэкономикалық үлгілерде ол пайыз мөлшеріне тең. Пайыз мөлшерінің макроэкономикалық мәні: ақшаны басқаша пайдаланудың баламалы шығалары (шығындары).
2.5. ӨНДІРІСТІК
ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ
Кәсіпорындарды құру және олардың құрылымдық бөлімшелерінің негізіне өндірістік процестер жатады. Өнімді өндірумен байланысты кез келген технологиялық процесс түрлі операциялар көлемін, оның ішінде негізгі, қосымша, қызмет көрсету, басқару және т.б.жұмыстарын іске асырады. Дайын өнімді жасауды
Негізгі капитал – ұзақ кезең бойы қызмет ететін материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығы. Олар өндіріске қызмет ете отырып, өзінің табиғи-заттай формасын сақтайды және өз құнының бір бөлігін жаңадан жасалған өнімдер мен қызметтерге көшіреді және меншік иесіне ақшалай формада бөліктеп қайтарылады. Өндірістік негізгі қорларға өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік, байланыс, сауда және басқа да материалдық өндіріс бағытындағы негізгі қорлар жатады. Өндірістік емес негізгі қорлар тұрғын үй, мәдениет, спорт мекемелері, балабақша, емдеу орындарына қызмет көрсету үшін бағытталған. негізгі қорларға ғимараттар, құрылыстар, машина мен құралдар, есептеу техникасы, тасымалдау құралдары, өндірістік және шаруашылық құралдар жатады.
Материалдық өндіріс саласында кызмет ететін капитал өнеркәсіп капиталы деп аталады.
Өнеркәсіпке немесе ауыл шаруашылығына бөлінген ақша өндірістік объектіні салуға, машиналар мен жабдыктарды сатып алуга, сол сияқты өнім өндіруге қажетті шикізат пен материалдарға жүмсалады.
Өнеркәсіп капиталының өндіріс объектілерін, станоктарды, жабдықтарды қамтитын бөлігі өндіріс процесінде көп жылдар әрекет етеді. Оны негізгі капитал деп атайды. Шикізат, материалдар, энергетикалық ресурстар өндіріс процесінде бір мезгілде пайдаланылады да, өндірілген өнімге бірден көшеді.
Негiзгi құралдар – деп өндiрiсте ұзақ ауқыт бойы пайдаланылатын, өзiнiң бастапқы заттай нысанын (пiшiнiн, түрiн) сақтай отырып, құнын шығарылған өнiмге, орындалған жұмысқа, көрсетiлген қызметке бiртiндеп бөлiп-бөлiп есептелген амортизациялық аударым мөлшерiнде ауыстыратын еңбек құралы, яғни материалдық активтер.
Шаруашылық субъектiлерiнде негiзгi құралдың есебiн дұрыс жүргiзу үшiн және олардың тиiстi түрде сақталуын қамтамасыз ету үшiн әрбiр негiзгi құралдарға инвентарлық номер берiледi.
Еңбек ақы бұл — жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем.
Қалыпты жағдайда еңбек акы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады. Былайша айтуға болады — еңбекақы кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысына баратын өнім өндіруге және сатуға кеткен шығындардың бір бөлігі. Бұлардан басқа еңбекақыны мынадай факторлар анықтайды.
Информация о работе Ағымдағы активтер: ақшалай қаражат пен олардың баламалары