Ағымдағы активтер: ақшалай қаражат пен олардың баламалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 19:20, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайысысының өзінің негізгі ақпараттық көздері бар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер мен бюллендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру.

Работа содержит 1 файл

отчет С.doc

— 708.00 Кб (Скачать)

 

        Тауарлы-материалдық қорлар - өндіріс циклінде қолданылатын әр түрлі еңбек заттары. Олар өндіріс процесінде тұтынылып, өзінің құнын өндірілетін өнімге толығымен аударады.

        Бухгалтерлік есептің №7 «Тауарлы-материалдық  қорлар есебі» стандарттарына  сәйкес тауарлы-материалдық қорларға мыналар жатады: 
• Шикізат, материал, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен құрамдас бұйымдар, құрылғылар мн тетіктер, отын, ыдыс (қап, қорап, жәшік т.б.) және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірісте қолдануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған басқа да материалдық қотлар; 
• Аяқталмаған өндіріс;

• Мекеменің  іс әрекеті барысында сатуға арналған дайын өнімдер, тауарлар. 
2 ҚЕБХС (есеп берудің халықаралық стандарттары) сәйкес қорлар екі өлшемнің ең кішсімен өзіндік құнның және өткізудің таза құнымен бағалануы тиіс.

        Қорлардың өзіндік құнына қорларды  қазіргі тұрған жеріне дейін  жеткізуге кеткен шығындар мен  өңдеуге, алуға жұмсалған шығындар  кіреді. «Тауарлы-материалдық қорлар»  есебі бухгалтерлік есеп стандарттарына (БЕС 7)сәйкес алуға кеткен шығындарға сатып алу бағасы,шеттен әкелу бажы, жабдықтаушы ұйымдар төлеген делдалдық сыйақылар, көлікті дайындау шығындары мен қорларды алуға тікелей байланысты басқа да шығындар (саудалық жеңілдіктер, артық төлеуді қайтару және т.б. осындай түзетулер алу шығындарын анықтаған кезде қоса есептеледі) кіреді. 
7 БЕС 4 т. Сәйкес тауарлы-материалдық қорларды өткізудің таза құны әдеттегі іс-әрекет барысында көзделетін сатуы алым бағасына тең минус сатуды ұйымдастыру мен жинақтап, құрастыру шығындары алынады. 
Материалдар алу сәтінде нақты құны (синтетикалық есепте) немесе есептік баға (аналитикалық есепте) бойынша көрсетіледі.Материалдарды алудың нақты құны ұйымның осы қорларды дайындау мен жеткізу шығындарынан және сатып алу бағасынан құралады. Есептік бағалар (алудың жоспарлы өзіндік құны орташа сатып алу бағасымен және т.б.) бойынша материалдарды есептеуде есептік баға ретінде қорлардың құны мен қор алудың нақты құны арасындағы айырма осы шоттаға есептеу арқылы айқындалады. Баланста материалдар есебі нақты құны бойынша көрсетіледі, осы баға бойынша олар синтетикалық есепте, ал аналитикалық есепте – тұрақты есептік бағалармен (келісім-шарттық немесе жоспарлы есептік) есептеледі.

      Егер материалдарды есептеу келісім-шарттық бағалар бойынша ұйымдастырылса, онда олардың нақты құны осы бағалар бойынша материалдар сомасына қосу көлік-дайындау шығындары (КДШ) қосылып шығарылады. БЕС-на сәйкес КДШ құрамына жабдықтау-өткізу ұйымдарына төленген үстеме бағалар, барлық қосымша алымдарымен бірге жүкті тасығаны үшін кіре ақы төлемі, АЭСА мекемесінің қоймасына материалдарды түсіру мен жеткізу шығындары, дайындау орындарында ұйымдастырылған арнайы дайындау кеңселерін, қоймалар мен агенттіктерді ұстауға арналған шығындар, материалдарды алу мен жеткізуге байланысты (жабдықтаушылардан жүк жеткізілгендегі ұйымның жүргізушілері, жүк тиеушілер)және іссапар шығындары кіреді.

        Егер материалдар есебі алудың  жоспарлы өзіндік құны бойынша  жүргізілсе, онда қорлардың нақты  өзіндік құны осы бағалар бойынша  материалдардың құнына қосу, есептік бағалар бойынша құнынан алу нақты өзіндік құнның ауытқулары есептеліп шығарылады. Жоспарлық-есептік бағаларды КДШ жоспарлы мөлшердегі есепке алынған келісім-шарттық бағалар негізінде АЭСА мекемесі өзі жасайды.

         Егер қорлар есебі жоспарлы-есептік бағалар бойынша олардың құнынан материалдардың нақты құнының ауытқушылықтарын жекелей есептеп, жоспарлы-есептік бағалар бойынша ұйымдастырылса, мұндай жағдайда ұйым жоспарлы-есептік бағаларды материалдық құндылықтардың атауы, түрлері және топтарына орай, сол шекте белгілейді, ал ауытқулар өндірістік қор түрлері бойынша есептеледі және ай сайын материалдарды пайдалану есеп шотына, жұмсалған және босатылған материалдардың (КДШ мен ауытқулар талдаушы есеп шоттарында жекелей ескеріледі) үйлесімді жоспарлы-есептік құны есебі объектілеріне есептен шығарылады. 
Материалдар есебіне, басқа шығындарға қойылатын талаптар 7 БЕС 7-де тұжырымдалған және есепті ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін олардың өзіндік құнын қалыптастыру тұрғысынан шешіледі. 
БЕС – 7-нің 6 т. Сәйкес «Тауарлы материалдық қорлардың өзіндік құнына: қорларды алуға жұмсалған шығындар, оларды қазіргі тұратын орнына жеткізуге байланысты көліктік-дайындау шығындары кіреді». 
Өндіріске босатылған материалдар құнын анықтаған кезде «Тауарлы материалдық қорлар есебі» 7 БЕС мен ҚЕБХС 2 «Қорлар» ұсынған бағалау тәсілдері қолданылуы мүмкін:

• Орташа өлшемді құн  бойынша – есепті кезеңде қозғалысы  болған әрбір түрдің, есепті кезең  соңында қолданылмағандардың да, өндіріске босатылғандардың да бірлік орташа құнын есептеулер мен анықтауларды қолдануға негізделген.

• ФИФО – есепті кезең  соңында есепте тұрған материалдардың құнын ескеріп есепті кезеңде  алғашқы сатып алудың өзіндік  құны бойынша материалдарды есептен  шығаруды болжайды. Яғни алдымен есепті кезең соңында пайдаланылмаған өзіндік құн анықталады.

     Қоймадағы және бухгалтериядағы тауарлы-материалдық қорларды құжаттық рәсімдеу мен қозғалысын есептеу. Қоймадағы материалдық қорлар есебін материалды есептеу карточкаларында жүргізеді.

         Карточка номенклатуралық нөмір бойынша материалдардың әрбір түріне жеке ашылады және жартылай толтырылған күйі бухгалтериядан материалды-жауапкершілік адамға қолхат арқылы беріледі. Карточкаға жазуды қоймашылар кіріс және шығыстық құжаттары негізінде жүргізіледі.  
Бухгалтерия белгіленген мерзімде тікелей қоймада жазбаларды тексереді және карточкадағы қалдықтарды бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырып, карточканың арнайы жолына қол қояды.

     Құжаттарды қабылдау қоймада «Құжаттарды тапсыру реестрін» жасау арқылы іске асады. Материалды-жауапкершілікті адамның жұмысындағы ауытқулар анықталған жағдайда бухгалтер бас бухгалтерді немесе басшылықты хабардар етуге тиісті. Ай соңында қоймаға «Материалдар қалдығы кітабы» тапсырылады, оған карточкадан материалдық қорлар қалдығы көшіріледі. Осылайша қоймадағы есеп заттай ал бухгалтерияда қорлардың сақталған орны бойынша ақшаға шағылып көрсетіледі. 
АЭСА мекемесінің қоймасынан бухгалтерияға түскен «Құжаттарды тапсыру реестрі» тіркелген құжаттармен бірге бағаланады.

   Есептің журналдық-ордерлік материалдар қозғалысы есебі тізімдемесі (ведомості) қоймалар бойынша материалдық қорлардың қалдығы мен қозғалысы жайлы және материалды-жауапкершілікті адамдар бойынша мәліметтер жинақтап қаржыланатын есеп тізілімі жинағы қызмет етеді. Оған материалдар қалдығы тізімдемесінен, есепті кезең ішіндегі материалдар қозғалысы бойынша жинақтаушы тізімдемелерден, сондай-ақ материалды-жауапкершілікті адамдардың материалдық есептерінен мәліметтер көшіріледі. Материалдар қозғалысы есебі тізімдемесі синтетикалық есептің мәліметтерін материалдарды талдаушы есеп көрсеткіштерімен үйлестіруге арналған. Түскен материалдық қорлар құны синтетикалық шоттар шамасындағы немесе белгіленген есептік топтар бойынша келтіріледі. Сонымен қатар, тізімделсе де алынған материалдардың нақты өзіндік құнының есептік бағалар бойынша құннан ауытқулары есебі жүргізіледі. Материалдардың қозғалысын есептеу тізімдемесі, сондай-ақ шығындарды бағыттау бойынша (синтетикалық шоттар, қосалқы шоттар (субшоттар) материалдар шығынын бөлуге де қызмет етеді.

       «Материалдар  кірісі бойынша жиынтық мәліметтер  мен ауытқулар есебі» атты  бірінші бөлігі ай ішінде түскен  материалдардың есептік құны  мен нақты құны бойынша жиынтық  мәліметтерді көрсетуге арналған. Бұл мәліметтер көлік дайындау мен объектідегі қоймаларға дейін жүк жеткізу бойынша басқа да шығындарды, темір жол алымдарын және тағы басқа «материалдардың өткізу бағасынан тыс жүргізілген төлемдер кіретін, материалдық қорларды алу мен дайцындауға жұмсалған шығындар ескерілген түрлі журнал-ордерлерден (6, 10, 1, 2, 7, 9 және басқалары) көшіріледі. Осы бөлік тізілімдеменің екінші бөлігін материалдар қалдығы құны нақты өзіндік құны мен ай басындағы есептік бағалар бойынша жазылады. Оған ай ішінде түскен материалдар құны қосылады. Сонан соң нақты өзіндік құнның есептік бағалар бойынша құннан ауытқулар сомасы мен проценті анықталады.

        Ауытқулар  сомасы дегеніміз – осы көрсеткіштер  арасындағы айырмашылық, ауытқулар  проценті – ауытқулар сомасының  материалдардың есептік құнына  қатынасы. Ауытқу «+» немесе «-» белгісімен болуы мүмкін. 
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу. Жабдықтаушылар мен мердігерлерге шикізат, материал және тауарлы-материалдық қорды жеткізушілер жатады, сондай-ақ әр түрлі қызмет түрлерін көрсетушілер (электр қуатын, буды, суды, газды және т.б. босатушы) жабдықтаушылар мен мердігерлер болып саналады. Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу не тауарлы-материалдық құндылықтарды тиеу жұмысын орындағаннан кейін немесе қызмет көрсеткеннен кейін, не олардың ұйыммен келісуі арқылы бір мезгілде немесе олардың тапсырмасы бойынша, не алдын ала төлеуі бойынша жүзеге асырылады. Ұйымның келісімінсіз ризалықсыз тәртіппен газды, суды, жылуды, электр энергиясын есептеу шотының көрсеткіштері негізінде және т.б. есептен шығару арқылы олардың босатылуы үшін есеп айырысу құжатымен төленеді. Есеп айырысу, сонымен қатар, инкассо, аккредитивтер, чектер тәртібімен жүзеге асырылады. 
Жабдықтаушылармен есеп айырысу есебі әрбір фактура-шоты бойынша және әрбәр жеке жабдықтаушы бойынша жүргізіледі. Есеп айырысу құжатын алу барысында олар жабдықтаушылармен есеп айырысу кітапшасына жазылады. Төлеу шотына қабылдау бойынша акцепт төлем тапсырмасын жазады және оны есеп айырысу құжаттарымен бірге қаражаттың қайта есептелуі үшін банкке беред.

   Төлем тапсырмасымен банк мекемелері арқылы алынған және қабылданған тауарлар үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүргізіледі. Сондай-ақ салықтық фактура-шотының нөмірі мен күніне, тауар-көлік жүкқұжатына және тауар босатуды немесе қызмет көрсетуді растайтын басқа құжаттарға, сонымен бірге тауарлық емес операция бойынша тапсырмаларына сілтемесін қызметтердің есеп айырысуы жүргізіледі. Төлем тапсырмасы – бұл қызмет етуші ұйымның банкке арнайы бланкте рәсімдеу арқылы өз шотынан белгілі бір соманы басақа ұйым шотына аудару туралы нұсқау. Қаражатты үш немесе одан да көп алушыға аудару арқылы қызмет еткен бір банкке төлем тапсырмаларының жиынтығы жазылады.

    АЭСА мекемесі жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу алынған тауарлы-материалдық құндылықтар, орындалған жұмыстар мен қызметтер үшін алдын ала төлем, инкассо, аккредитивтер, чектер тәртібімен жүзеге асырылады.

         Жабдықтаушылармен есеп айырысу  есебі бір айға ашылатын 671 «төлеу  шоты» кредит шоты бойынша  №6 журнал-ордердегі сәйкесетін шоттардың шоты қоса көрсетіліп жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу бойынша дебеттік айналым да көрініс табады. 
Айдың аяғында айналымдар саналады, ал төленбеген шоттар бойынша қалдықтары шығарылады. Тауарлы-материалдық қорларды түгендеу. Тауарлы-материалдық қорларды түгендеу олардың (өндірістік қорлардың, дайын өнімнің, тауардың) орын-орындарында және барлық қозғалыс кезеңдерінде сақталуын тексеруге, оларды өндіріске қолдануды бақылауға, өткізу үшін қажетсіз және артық материалдарды уақтылы анықтауға саяды.

 

       

 

                                   1.4. Негізгі құралдар есебі 

Негізгі өндіріс  құралдарына өндіріс процесіне  тікелей қатысатын обьектілер жатады,олардың  көмегімен өнімді әзірлеген кезде  еңбек құралдарына әсер ету жүзеге  асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды. Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші – қор өайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шыққандығы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.

Өндірістік емес негізгі  құрал-жабдықтар – тұтынуға арналған құрал- жабдықтар. Олар ұғымның мәдени-тұрмыстық  қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтуге  арналған. Игілігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға арнаған болып бөлінеді.

        Меншік дегеніміз – субьектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субьектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады.Оларды жалға берушінің балансынада есептейді, жалға алушы 001-ші " Жалға алынған негізіг құралдар" баланстан тыс шотынада есептейді. Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады. Оларды 2411-ші " Жер ", 2412-ші " Үйлер мен ғимараттар ", 2413 "Меншік және құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар", 2414-ші "Көлік құралдары", 2415-ші "Басқа да негізгі құралдар" шоттарының тиісті аралық шоттарында есептейді.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс  істеп тұрған болып бөлінеді.Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізіг құралдар, әрекет етіп тұрған болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар – бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты.                                                                                                                                                                    

   Амортизация ( латының өтеу деген сөзінен) – тозудың құндық көрінісін білдіреді.

№ 6 – шы «Негізгі құралдардың есебі» бухгалтерлік есеп стандартына (БЕС) сәйкес, амортизация – активтің қызмет еткен мерзім бойына амлортизацияланған құнды тарту процесі.

Амортизацияланған құн бастапқы құны мен жою құнының  арасындағы айырма. Амортизациялық аударымдар әрбір есептік кезеңнің шығысы ретінде  танылады.Жанадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу келіп түскен айдан кейін айдың бірінші күнінен басталады, ал шығып кеткен негізгі құралдар бойынша – шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінін бастап тоқтатылады.

Жалға алынған  негізгі құралдар бойынша амортизация есептеуді жалға беру шатының немесе шарт талаптарна сай жалға беруші немесе жалға алушы жасайды.

         Негізгі құралдардың тозуын есептеу  үшін 13 « Негізгі құралдадың тозуы  » бөлімшесінің мынандай  синтетикалық  шоттары: 2421 « Үйлер мен ғимараттардың тозуы », 2423 « Машиналар мен жабдықтардың, өткізгіш тетіктердің тозуы », 2427 « Басқа негізгі құралдардың тозуы » пайдаланылады. 12 бөлімшенің шоттарында (2412 – 2415 шоттар) есептелген негізгі құралдар ай сайын амортизацияланады.

        Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизациялық аударымдарды жалға алушы жасайды. Амортизация сомасы өндіріс шығындарының есебін жүргізуші 2930, 8045,      7210 шоттардың дебетінде және 13-ші  2421, 2423, 2425, 2427 шоттарының 2-ші « Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың тозуы » деп аталатын аралық шотының кредитінде көрініс табады.

      Негізгі құралдардың кәсіпорын  ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу  үшін актіні екі дана етіп  тапсырушы цех қызметкері толтырады.  Алушының және тапсырушының қолддары қойылған бірінші данасы бухгалтериаға тапсырылады, ал екінші тапсырушы цехта қалады.

Негізгі құралдардың  ақысыз төлеу кезінде акт екі  дана етіп жасалынады.

     Негізгі  құралдарды басқа субъектіге  сату кезінде актігнің үш данасы  жазылады: алғашқы екеуі өткізгіш субъектіде қалады, үшінші дана негізгі құралдарды қабылдаушы адамға беріледі.

Информация о работе Ағымдағы активтер: ақшалай қаражат пен олардың баламалары