Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 19:20, курсовая работа
Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайысысының өзінің негізгі ақпараттық көздері бар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер мен бюллендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру.
Кәсіпорындарда материалдық емес активтер басқа заңды немесе жеке тұлғалардан сатылып алыну, басқалардың субъсидия ретінде немесе сыйға беруі барысында, сондай- ақ кәсіпорынның өз ішінде ойлап табуы негізінде пайда болады.
Объектілерді материалдық емес
активтердің қатарына кіргізу
(жатқызу) тәртібі және
Материалдық емес активтер
• Құрылтайшылар
мен үлес қосушылардың кәсіпорынға
жарғылық қорына қосқан үлесі есебінен
келіп кіріске алынған материалдық емес
активтердің бағасы екі жақты нақты келісім
бойынша бағаланады.
• Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан
тегін (қайтарымсыз), сый ретінде алынған
материалдық емес активтер сол уақыттағы
нарықтық баға бойынша бағаланады.
• Басқа заңды тұлғалардан, сондай-ақ
жеке адамдардан сатылып алынған материалдық
емес активтер, ол объектілерді сатып
алуға және оларды пайдалану үшін жұмсалған
шығындар сомаларының қосындысыбойынша
бағаланады.
Бұл материалдық емес активтердің
баланстық бағасын анықтаудың жалпы әдісі
болып табылады. Бірақ кейбір материалдық
емес активтердің бастапқы құнын анықтаудың
ерекшеліктері бар. Бұған мысал ретінде
соңғы уақыттарда акционерлік қоғамдар
мен жекешелендірілген шаруашылық субъектілерінде
және басқа да ұйымдарда қолданылып жүрген
«Ноу- Хау» деген ұғымды келтіруге болады.
«Ноу- хау» деп шаруашылық қызметі,
яғни пайдаланылуы барысында
субъектіге табыс (пайда)
Материалдық емес
активтердің жоғарыда аталып өткен түрлерінің
бірі «Лицензиялық келісімдер». Ол белгілі
бір заңды тұлғаның бір тауарды өндіру
немесе сату құнын екінші бір заңды тұлғаға
беруі болып табылады. Ал бұл құқыққа ие
болған кәсіпорын оның иесіне, яғни лицезиялық
келсімдерді берушіге ол материалдық
емес актив үшін тиісті белгіленіп келісілген
мөлшерлерде қаржы төлейді немесе келісім
бойынша басқа да міндеттерін орындайды.
Материалдық емес активтердің
«Программамен жабдықтау» деп
аталатын түрі кәсіпорнының алдағы
уақыттарда істелінетін жұмыстарына қатысты
табыс әкелетін ақпараттармен мәліметтерді
айтады.
«Патент» деп аталатын материалдық емес
актив жеке адамның немесе топтың, сондай-
ақ заңды тұлғаның ашқан, ойлап тапқан
жаңалығын мемлекеттік тұрғыдан мойындап
және ол жаңалықты ащқан адамға, топқа
немесе заңды тұлғаға жаңалылығын өз пайдасына
(жұмысына, қызметіне) қолдануына рұқсат
беру туралы құжат болып табылады. Сонымен
қатар «Патент» - деп кәсіпкерліктің кейбір
түрімен (саудамен, сатып алумен тағыда
басқа) айналысу үшін берілген құқықты
куәландыратын құжатты айтады. Кәсіпкерлік
патентті алар уақытында патенттік баж
төлеуі керек.
«Ұйымдастыру шығындарынан»- кәсіпорынды
жаңадан ашу, құру кезінде жұмсалған шығындар,
яғни ұйымды тіркеуден өткізу үшін заң
орындарына төленген төлемдер және басқа
да жұмсалған шығындар, жарнамалар үшін
төленген төлемдер және басқа да жұмсалған
шығындар жұмсалған шығындар жатқызылады.
Материалдық емес активтердің амортизациясы. Кәсіпорындардағы материалдық емес активтер өздерінің пайдалануы барысында біртіндеп сапалық жағынан тоза бастайды. Осы активтер тозғанға дейін, яғни кәсіпорында пайдаланылған уақыт аралығындағы пайда әкелуі қажет. Егер бұл материалдық емес активтерді пайдалануда кәсіпорын табыс таппайтын болса, оларды актив қатарында есептеудің қажеті де болмайды және бұндай жағдайда оларды сатып алуға кеткен немесе басқадай шығындар жиынтығы ұйымның зияны болып табылады.
Кәсіпорындарда материалдық емес активтерді пайдалану барысында олардың құнының бір бөлігі ай сайын,яғни оның пайдалану мерзімінде өндіріс шығындарына қосылып отырылады. Яғни, материалдық емес активтердің құнына амортизациялық аударым есептелініп тұрады. Амортизациялық аударым (өтелім) мөлшері материалдық емес активтердің бастапқы құнымен олардың пайдалану мерзіміне қарай анықталады. Материалдық емес активтердің пайдалану мерзімі кәсіпорынның қызмет атқаратын уақытынан аспауы керек. Егер материалдық емес активтердің пайдалану мерзімін анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, амортизациялық аударым (өтілім) он жылға есептелінеді. Бірақ ол ұйымның қызмет атқару уақытынан (мерзімінен) аспауы керек. Жалпы материалдық емес активтердің тозуы бухгалтерлік есеп шоттар жоспарының: «Материалдық емес активтердің амортизациясы»,- деп аталатын шоттарында жүргізіледі.
Амортизациялық құн – «бастапқы
құн минус жойылу құны» болып айқындалады.
Жойылу құны нөлге тең есптеледі, егер:
1. Пайдалы қызмет
ету мерзімі соңында оны сатып
алу туралы үшінші жақтың
2. Мыналарға байланысты материалдық емес активтердің бұл түрі үшін белсенді нарық болмаса:
а) активтердің
пайдалы қызмет ету мерзімі соңында
мұндай нарықтың болуына;
ә) мүмкіндік, ықтималдық жоқ болса.
Нарық белсенді
саналады, егер:
- нарықтағы тауарлар біртекті болса (компьютерлік бағдарламалар нарығы);
- мәмілеге келуге ниетті – сатушылар
мен сатып алушыларды қай уақытта да табуға
болатын болса.
- сатып алынатын және сатылатын тауарлар.
Инвестиция (лат. Investire – киіндіру ) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық, әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес. Инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді.
Негізгі капиталға салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай – ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар. Мал, екпе ағаштары, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармаларының түпнұсқалары, жаңа ақпарат жатады.Негізгі капиталға салынған инвестиция елдің экономикалық өрлеуінің негізгі факторлары болып табылады.
Шетелдік инвестиция – шет ел инвесторы жүзеге асыратын инвестиция. Әлемдік экономиканы жаһандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. өтпелі кезеңде экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті оның рөлі мен мәні арта түсуде. Шетелдік инвестицияға тікелей шетелдік инвестиция( яғни қаражаттарды кәсіпорындардың немесе компаниялардың жарғылық қорына не акцияларына салу), қоржындық шетелдік инвестиция, сондай-ақ, сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады. Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесіннің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа нарықтарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы борышты қалыптастырмайды. ТМД елдерінің арасында Қазақстан экономикаға тартылған шетелдіік инвестиция көлемі бойынша көш бастап келеді. Қазақстан шет ел капиталын несие мен қарыз нысанында да тартты. Қазақстанға Австрияның, АҚШ-тың, Қыиайдың, Түркияның, Еуро.Одақтың және басқа елдердің несие желілері ашылды. Қазақстан ТМД елдерінің арасында сыртқы борыш бойынша міндеттемелерін мерзімінен бұрын төлеген жалғыз ел болды, мұның өзі еліміздің халықаралық инвестициялық беделін көтерді.
Қоржындық инвестиция – ұзақ мерзімді борышқорлық міндеттемелер мен бағалы қағаздарға салынған қаражат, капиталға қатысуды және салынған капиталға шаққанда табыс алуды қамтамасыз етеді. Әлемдік практикада капитал қорланымы мен халықтың жинақ ақшасының көп бөлігі бағалы қағаздар мен басқа да қаржы қүұралдары арқылы жанама түрде өндірісті инвестициялауға қатысады. Мысалы, әлемдік инвестициялық байлықтың жалпы көлеміндегі қаржы байлығының үлесі көп – 57,7%. Халықтың ақшалай қаражатының қорланымына келетін болсақ, АҚШ- та бағалы қағаздарға(негізінен акцияларға) салынған инвестицияның жалпы көлемдегі үлесі 50%-дан асады. Қазақстанда халықтың акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар сатып алуға жұмсалған шығыны олардың жалпы көлемінің 3%-ынан аспайды. Мұндай жағдайдың себебі қор нарығы мен қаржы құралдарының дамымағандығында.
1.8. Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу есебі
Еңбек – ақыны фирма өндіріс төмендегенде
төмендетпейді, ал өрлеу кезінде квалификациясы
жоғары жұмыскерлердің еңбекақысын күрт
көтермейді. Ақшалай жалақының динамикасы
тегістеледі. Өндіріс құлдырағанда жалақы
төмендемейді, ал өрлеу кезінде күрт емес,
бірте – бірте өседі. Жалақы дәрежесінің
өсуі белгілі болжамдалған шеңберде өзгеріп
отырады.
Нақты жалақы -
бұл тауарлардың болып тұрған баға дәрежесінде
төленген жалақының ақшалай сомасына
жұмыскерлердің сатып алатын тауарлардың
саны.
Еңбегіне қарай бөлу заңы социализмнің басқа да экономикалық
заңдарымен тығыз қарым-қатынаста болады.
Өйткені, еңбекақы жұмысшы күші ұдайы
өндірісінің материалдық негізі — қоғамдық
қажетті өнімнің бір ғана бөлігі. Бұл ұдайы
өндірістің басқа да материалдық негізі
бар, сол себепті еңбек ресурстарының
ұдайы өндірісі оптимальды қалыпта өркендейді.
Қорыта айтқанда, жалақы еңбектің түпкі
нәтижесіне сай келетіндей деңгейде болуы
шарт.
Социализм тұсында игіліктерді бөлудің іріленген екі формасы бар. Олар еңбегіне қарай бөлу және қажеттіліктерді ескере отырып бөлу. Біріншісінің мақсаты, көрінісі — еңбекақы (жалақы), екіншісінің көрінісі — қоғамдық тұтыну қоры. Енді осыларды қысқаша баяндаймыз.
Еңбекке қарай бөлудің нақтылы формалары еңбекақы және жалақы арқылы жүзеге асады. Социализмде жалақы сипаты мүлдем өзгеше. Ол капитализм тұсындағы жұмысшы күші құнының және бағасының өңі өзгерген формасы бола алмайды. Жалақы қажетті еңбекпен жасалған қажетті өнімнің негізгі белігі. Күрделі экономикалық қарым-қатынастарды білдіреді. Оның негізгілері: қоғам мен жеке еңбекшілер, еңбек коллективтері, еңбек коллективі мен қызметкерлер арасындағы және т. б. экономикалық қатынастар. Демек, еңбекақы экономикалық қатынастар жүйесінің жиынтығы.
Социализмдегі жалақы дегеніміз
не? Жалақы енбекке қарай бөлудің нақтылы
формасы, халық табысының құрылуының және
қалыптасуының қайнар бұлағы. Жалпы халықтық
кәсіпорындарында өндірілетін, қызметкерлердің
қоғамдық өндірісте шығындалған еңбегінің
саны мен сапасының нәтижесіне сай жұмысшы
күшінің ұдайы өндірісіне әртектес тұтыну
игіліктерінің келіп түсетін қажетті
өнімнің негізгі бөлігін еңбекақы дейміз.
Еңбекақыны
дұрыс ұйымдастыру жеңіл-желпі іс емес.
Көптеген жағдайларды ескеруге тура келеді.
Атап айтқанда: өнім шығаруға қажетті
еңбек мөлшері, сапасы, нормасы; қызметкерлердің
мамандық дәрежесі, жалпы және кәсіби
білімі; халық шаруашылық саласының маңызы,
территориялық ерекшелігі, жұмыс жағдайы
т. б.
Еңбек сапасы орындалатын
Еңбек мөлшері дегеніміз нақтылы өнім өндіруге кететін қызмет
процесінде шығындалған бұлшық ет және
жүйке энергиясының жиынтығы.
Белгілі бір өнім өндіргенде еңбек шығынының
нақтылы қоғамдық қажетті көлемін (шамасын)
еңбек нормасы деп атаймыз. Еңбек нормасы
өндірістің нақтылы жағдайына байланысты
оқтын-оқтын өзгеріп отырады. Еңбек нормасының
көптеген түрлері бар. Олар: уақыт, өнім
шығару, қызмет көрсету, еңбек істейтін
адам саны және т. б. нормалар.
Еңбекті нормалаудын негізгі екі әдісі бар. Олар: тәжірибелі-статистикалық және ғылыми-техникалық негізделген әдістер. Кейінгісін аналитикалық әдіс деп те атайды.
Еңбекті дұрыс нормалау ақы
төлеуді жетілдірудің негізгі
жолдарының бірі. Социализмде жалақынын,
көптеген формалары мен
Нақтылы жұмыс жағдайын ескере
отырып еңбекақы формаларының түрленуі жалақы
жүйесі деген ұғымды береді. Бұл өндірістік
қатынасты білдіретін экономикалық категория.
Жалақы жүйесі алуан түрлі.
Мерзімді ақы төлеу негізінен екі жүйені
қамтиды. Олар: жай мерзімді және мерзімді-сыйлықты
жүйелер.
Кесімді жалақы жүйелері: тікелей кесімді, кесімді-сыйлық, кесімді прогрессивті болып белінеді. Кесімді жалақының түрленуін жеке, коллективті және аренда арқылы еңбекақы төлегенде қолданатындығынан анық көруге болады. Елімізде өнеркәсіпте 95 процент, құрылыста — 40 процентіне кесіміді сыйлық жүйесі бойынша еңбекақы төленеді.
Информация о работе Ағымдағы активтер: ақшалай қаражат пен олардың баламалары