Ағымдағы активтер: ақшалай қаражат пен олардың баламалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 19:20, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайысысының өзінің негізгі ақпараттық көздері бар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер мен бюллендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру.

Работа содержит 1 файл

отчет С.doc

— 708.00 Кб (Скачать)

       Анықтамада айтқандай, шаруашылық  процестер мен соңғы нәтижелері  субъективті факторлардың әсерінен  де қалыптасады. Талдау кезінде  олардың шаруашылық қызметке  ықпалы мұқият назарда болады. Адамның нақты қызметімен байланысты субъективті факторлар, оған тұтастай және толық тәуелді болады. Тіпті шаруашылық қызметтегі объективті факторлардың әсер етуін білікті талдау субъективті факторларға жатқызуға болады. Шаруашылықты сәтті жүргізу, бизнес-жоспарларды толық және ырғақты орындау (бастапқы ұстанымдары объективті, әрі толық болған жағдайда) өндірістік ұжымды сауатты жетекшілік етумен; өндірісті, қаржыны, экономиканы дұрыс ұйымдастырумен; орындаушының атқарып жатқан ісін терең білумен; оның экономикалық және ұйымдастырушылық дайындығымен байланысты анықталады.

        Экономикалық талдаудың мазмұның, мәнін және пәнін оның алдында  тұрған міндеттері анықтайды.  Негізгі міндеттерге келесілерді  жатқызуға болады:

1.        Бизнес-жоспарлар мен номативтердің ғылыми-экономикалық дәйектеуін жетілдіру (оларды жасау процесінде);

2.        Бизне-жоспарлардың атқарылуын объективті және жан-жақты зерттеу мен нормативтерді орындау (есеп және есептілік мәліметтері бойынша);

3.        Еңбек, материалдық және қаржылық ресурстардың пайдалануының экономикалық тиімділігін анықтау (жеке және жиынтығы бойынша);

4.        Коммерциялық есеп талаптарының орындалуын бақылау (оның толық және аяқталмаған формасы бойынша);

5.        Ішкі резервтерді өлшеу және анықтау (өндірістік процестердің барлық кезеңдері бойынша);

6.        Басқару шешімдерінің оптимальдылығын тексеру (иерархиялық сатының барлық баспалдақтарында).

       Бірінші міндет - бизнес-жоспар мен номативтердің ғылыми-экономикалық негіздеуін жетілдіру, ең алдымен шаруашылық қызметтің ретроспективті анализінің жасалуымен орындалады. Уақытша қатар құру қысқа мерзімнің ішінде шаруашылық дамуда белгілі экономикалық заңдылықтарды орнатуға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның (ассоциациялар, қоғамдар, концерн, сауда-өнеркәсіптік фирмалар және т.б.) шаруашылық қызметінде өткенде маңызды әсер еткен және болашақта әсер етуі мүмкін негізгі факторлар анықталады. Ағымдағы, шаруашылық қызмет талдауына ерекше назар аударады. Ретроспективті талдау нәтижелері ағымдағы бақылаулармен қосылып, қорытыңдыланған түрде жоспарлы есептерде қолданылады. Ағымдағы кезеңде, жоспарлық жұмыс есептік жұмыстан ілгері жүреді, сондықтан жоспаралды талдау жасау қажеттілігі туады.

Барлық жағдайларда  алдынғы қатарлы кәсіпорындар мен  ұйымдардың (отандық және шетелдік) әлуметті-экономикалық көрсеткіштерін, соңғы өндірісті-қаржылық нәтижелерін салыстырмалы талдау әдістері пайдаланылады. Осылайша, бинес-жоспар қажетті экономикалық есептеулермен негізделеді. Нарықтық экономикалық жағдайларда шаруашылық-экономикалық механизімнің өзгеруі жоспар құруды макродан микро деңгейге біраз сырғытты.

         Екінші міндет – бизнес жоспардың орындалуын, шыққан өнімдер және атқарылған қызмет пен жұмыстың саны, сапасы, құрылымы бойынша нормативтердің сақталуын есеп және есептілік мәліметтері бойынша объективті және жан-жақты зерттеу.

Өнеркәсіптік  кәсіпорындарда, мысалы, талдау процесінде маңызды бұйымдардың ассортименті мен саны бойынша, өнімнің сорты, кешенділігі және сапасы бойынша, өнімнің  өтуі, келісім-шарттың орындалуы бойынша өндірістік бағдарламалардың орындалуы толық зерттеледі.

       Үшінші міндет – материалдық, еңбек, өндірістік және қаржылық ресурстарды пайдалануының экономикалық тиімділігін анықтау. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда, мысалы, осы жағдайда (әр бір) жеке экономикалық тиімділігі зерттеледі:

еңбек құралдары  мен заттары (ғимарат пен құрылыс, технологиялық құрал-жабдықтар, инструменттер, шикізат пен материалдар);

жұмыс күші (жұмысшылардың  саны мен кәсіптік құрамы, негізгі, қосымша, қызмет көрсету және басқару персоналдары бойынша, еңбек өнімділігі және т.б.);

қаржылық ресурстар, олардың жиынтығы бойынша (яғни, меншікті және жалдамалы, негізгі және айналым).

         Төртінші міндет – коммерциялық есеп талаптарының орындалуын және соңғы қаржылық нәтижелерін бағалау.

Кәсіпорынның  барлық өндірістік қызметі және олардың  қаржылық нәтижелері ең алдымен коммерциялық ессеп принциптерін ұстаумен тәуелді.        Өндірістік қатынастарды білдіріп, ол нарықтық қатынастарда қалыптасатын талаптарға толық жауап береді. Материалдық қызығушылық принципі коммерциялық есептің ерекше сипаты болып табылатын, кәсіпорын мен ұжымның, жеке және қоғамдық қажетті қызығушылықтарын үйлестіруін қамтамасыз етеді. Коммерциялық есеп экономикалық принципті еңбек бойынша мемлекет алдында жауаптығы, ресурстарды пайдалану тиімділігі – коммерциялық есептің айрықша ерекшеліктері.

         Кәсіпорын қызметінің қаржылық  нәтижелерін бағалағанда сандық  және сапалық көрсеткіштерді  пайдаланады. Өндірістік кәсіпорынның  пайда көлемі шығарылатын өнімнің саны, ассортиментімен ғана анықталмайды, сонымен бірге оның өзіндік құнымен анықталады. Сауда кәсіпорынның пайдасы тауар-айналым жоспарының орындалуына (көлемі және құрылымы бойынша) және қалыптасқан нақты айналым шығындарына тәуелді.

Қаржы нәтижелерін және коммерциялық есеп принциптерін сақтауды дұрыс бағалау, зерттелетін көрсеткіштерге әсер ететін факторларды кәсіпорынға тәуелді және тәуелсіз деп бөлуді талап етеді. Кәсіпорынға тәуелді және тәуелсіз факторларға бөлу нарықтық қатынастар жағдайында айрықша қажеттіліктерге ие.

        Бесінші міндет - өндірістік процесстің барлық кезеңдерінде ішкі резервтерді өлшеу мен анықтау. Экономикалық талдау нақты пайда әкелсе, қолданбалы пән ретінде өзін толық ақтайды. Экономикалық талдаудың шынайы пайдасы өндірістік процесстің барлық кезеңдерінде пайдаланылмаған резервтерді анықтау болып есептеледі. Экономикалық даму қарқынының көтерілуі шаруашылық резервтердің қаншалықты жұмсалғанына, экономикалық тәртіптін сақталуына тәуелді болады (аз шығын жұмсап, көп нәтижеге жету).

Экономикалық  талдау процессінде резервтерді  анықтау үшін жоспардың ішкі бөлімшелерде, біртектес кәсіпорындарда орындалғанын салыстырып, отандық және шетелдік ілгері тәжірбиелерді барынша толық  пайдалану және зерттеу жолымен  жүргізіледі.

        Алтыншы міндет – басқару шешімдерінің оптимальдылығын түсіндіру мен зерттеу. Басқару иерархиясының барлық баспалдақтарында шаруашылық қызметтің сәттілігі тікелей түрде басқару деңгейіне, уақытылы қабылданған басқару шешімдеріне тәуелді. Басқару шешімін дұрыс қабылдау, оның рационалдылығын және тиімділігін тек алдын ала жасалған экономикалық талдау негізіне сүйеніп жасауға болады. 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Экономикалық талдаудың әдісі,  оның ерекшеліктері

 

           1. Көлденең (уақытша) талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсольюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға   мүмкіндік береді.

         2.Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.

        Тікелей және көлденең талдаулар  бірін-бірі толықтырып отырады.  Сондықтан да есептік бухгалтерлік  үлгі құрылымы секілді оның  жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын  кестелерді жиі жасайды.

          3.Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп позицисын бір қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.

         4.Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде – тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол – кері (синтез) болуы мүмкін.

         Жоғарыда көрсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда экономикалық, сондай-ақ экономикалық және математтиканың статистиканың дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономикалық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.

         Айта кеткен жөн, кәсіпорынның  қаржылық жағдйына талдау жүргізудің дәйектілігі жөніндегі басылып шығарылған әдістемелік зерттеулердегі авторлардың ұсыныстары оқырмандардың назарын аударады.

        Жалпы редакциясын В.И. Стражева  басқарған, Беларусь Республикасының  Мемлекеттік экономикалық университетінің авторлар ұжымы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды алдымен оның активтері мен пассивтерін талдаудан бастау ұсынылады, содан кейін кәсіпорынның төлеу қабілеті мен қаржылық тұрақтылығын, сондай-ақ активтердің қайтарымдылығын талдауға және оның қаржы жағдайын қысқа мерзімді болжауға кеңес беріледі.

         О. В. Ефимов өзінің «Қаржылық  жағдайды қалай талдау керек»  деген еңбегінде талдау әдістемесін,  әрбір шаруашылық жүргізушінің  маңызды міндетінің бірі болып  табылатын және де кәсіпорынның  төлеу қабілеті мен өтімділігіне қосымша баға беруге мүмкіндік беретін мүліктік массаның құрылымын бағалаудан бастайды.

         И. М. Лоханина мен З. К.  Золкина алдымен есеп беруді  құрастырудың сапасын тексереді,  содан кейін оны оқуды жүргізіп, соның негізінде кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалайды, одан кейін кәсіпорынның мүліктік жағдайына және оның қалыптасу көздеріне, қаржылық дербестігіне және талдау қабілеттілігіне тереңдетілген талдау жасайды.

Кәсіпорының қаржы  жағдайын талдаудың соңғы (ерекше) әдістемесін  А. Д. Шеремет пен Р. С. Сайфулин ұсынады. Ол талдаудың келесі бөліктерінен тұрады: қаржылық жағдайдың жалпы бағасы және есепті кезеңдегі оның өзгерісі; кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау; баланс өтімділігін талдау; кәсіпорынның іскерлік белсенділігін және төлеу қабілеттілігін талдау.

          Қаржылық жағдайды және оның  есепті кезеңдегі өзгерісін салыстырмалы  аналитикалық баланс-нетто бойынша  бағалау, сондай-ақ қаржылық тұрақтылықтың  абсольюттік көрсеткіштерін талдау, олардың ойынша, кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басқа бөліктерін дамытуға тиісті оның негізгі бастапқы пунктін құрайды. Баланс өтімділігін талдау, тұрақтылықты талдаудан туындап, ағымдағы төлеу қабілеттілігін бағалап, болашақтағы төлем қабілеті мен қаржылық тепе-теңдіктің сақталу мүмкіндігі туралы қорытынды жасауға тиіс.

Қорыта айтқанда, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда аудиторлық түрлі әдістер мен  тәсілдерді қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс  әдісті таңдай отырып, аудитор қаржылық жағдайға терең, жан-жақты әрі кешенді талдау жүргізе алады, сондай-ақ объективті және анық баға береді, қаржылық тұрақтылықтың нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.

         5.Қаржылық талдаудың коэффициенттер әдісі. Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әр түрлі қаржылық коэффиценттерді пайдалану болып табылады.

         Коэффиценттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффиценттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.

          Шешімдер қабылдау үшін сәйкес  коэффиценттерді талдаудың пайдалылығы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалалар. Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау қажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да, бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.

Қатынасты талдаудың  рөлін асыра бағалаудың да қажеті жоқ, себебі олардың әмбебап мәні болмайды және диагностика үшін индикатор  болып табылмайды. Әлдеқайда тереңдетілген  талдау, қатынас негізінде жасалған шешімдерді әрқашан қолдай бермейді, себебі олардың деңгейіне келесілер әсер етеді, жекелеген кәсіпорындардың ерекшеліктері орташа салалық мәліметтер. Сондай-ақ, өткен жылдардағы нақты қол жеткізілген деңгейдің қолайсыз болуы немесе оның сол өтен жылдар жағдайы үшін қолайлы болып, бірақ қазіргі және болашақтағы жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуі әсер етеді.

Информация о работе Ағымдағы активтер: ақшалай қаражат пен олардың баламалары