ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕ ҚАБІЛЕТТІГІ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2012 в 21:02, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі кезде коммерциялық банктер несиелеу процесінде, нарық қатынастарының қалыптасуына, қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге, Қазақстан Республикасы егеменді мемлекеттің экономикасы мен қаржыларын нығайтуға, айналымда ақша массасының негізсіз өсуін шектеуге, инфляция процестерінболдырмауға және ұлттық валютаның (теңге) нығаюына ықпал етуге міндетті.
Коммерциялық банктер несиелерді өндірістің тиімділігін, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, өнімнің жаңа жоғары тиімді түрлерін шығаруға ынталандыруға, тұрғындарға әр түрлі қызмет көрсетуге, тауарларды халық үшін және экспортқа өндіруге байланысты мақсаттар мен шаралар үшін береді.

Содержание

Кіріспе
Тарау І. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негізі
1.1. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың маңызы мен қажеттілігі. Клиент туралы ақпарат көздерін алу.
1.2. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау
1.3. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың әдістері
1.4. Клиенттің несиелік қабілетін бағалаудың шетелдік тәжірибелері.
Тарау ІІ. Коммерциялық банктердеі қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәжірибесі («ЦентрКредитБанкі» АҚ мысалдарына негіздей отырып)
2.1. Несие алуға деген өтінішті және несиелік құжаттар пакетін талдау
2.2. Қарыз алушы жеке тұлғаның несиелік қабілетін талдау
2.3. Қарыз алушы заңды тұлғаның несиелік қабілетін талдау
Тарау ІІІ. Несиелік бюро – қарыз алушының несиелік қабілетін талдаудың мейлінше жетілдіру инструменті ретінде
3.1. Несиелік бюроларды құрудың ролі мен шетелдік тәжірибелері
3.2. Қазақстан Республикасында несиелік бюроларды құрудың ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕ ҚАБІЛЕТТІГІ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ.doc

— 653.00 Кб (Скачать)
       
       
       
      Таза пайыздық маржа
       
       
       
          =
      Таза пайыздық табыс (NII)
          (NIM) Активтер
 
    Жалпы пайыздық маржа (RAM)  
     
     
        =
    Таза пайыздық табыс + Басқа да табыстар
        Активтер
                     
  1. Проблемалық несиелер / Несиелердің  жалпы сомасы.
  2. Бір қарыз алушыға келетін несие / банктің меншікті капиталы.

    Халықаралық банктік тәжірибеде банктердің бір  қарыз алушыға келетін несиенің сомасы банктің меншікті капиталының 25%-нан аспауы тиіс. Бұл әрине, несиенің үлкен мөлшерін білдіреді.

  1. Банкпен тығыз байланысты қарыз алушыларға берілетін несиелер / Банктің меншікті капиталы.

    Банкпен тығыз байланысты қарыз алушыларға банктің құрылтайшыларын, директорларын, акционерлерін және банкпен тікелей байланыста болып несие алу барысындағы жеңілдіктерді пайдаланатын басқада қарыз алушылар жатады.

    Несиелердің қайтарылмауынан зиян шегу – кез  келген банк қызметінің қашса құтылмайтын  үлесі. Оларды толық жою мүмкін емес, бірақ ең төменгі мөлшерге жеткізуге болады. Американдық коммерциялық банктерде проблемалық несиелердің пайда болу себептерін айқындайға көмектесетін, сол сияқты олардың пайда болуын болжайтын толық жүйе жұмыс істейді. Бұл жүйеге сәйкес күмәнді несиелердің пайда болуына әсер ететін банкке байланысты және байланысты емес факторлар келтіріледі. Бірінші факторларға несиелік процеспен байланысты, яғни несиелік өтінішке, несиелік құжаттарға және т.б. жасалынатын талдауды қамтитын барлық аспектілері жатады. Екінші факторларға қолайсыз экономикалық жағдай және төтенше оқиғалар жатады.

    Американдық банктік тәжірибе несиелік процестегі проблемалық несиелерді анықтауда  «25 белгіні» қолданады:

    Қарыз алушының тарихына байланысты «белгілер»:

  • Таяу арадағы қарыз алушының қаржылық тұрақсыздығы;
  • Қарыз алушы туралы ақпараттардағы алшақтық және қарама-қайшылық.

    Қарыз алушының жетекшілері  мен басқармасына қатысты «белгілер»:

  • Қарыз алушының серіктестерінің тұрақсыздығы;
  • Басшыларының моральдық сапасының төмендігі;
  • Серіктестер арасында, компанияны иеленушілер, отбасы мүшелері арасындағы билік үшін күрестің болуы;
  • Басшылардың жиі ауысуы;
  • Басшылардың салмақсыздық мінезі;
  • Қарыз алушының басшысының несиелік процесті жеделдетуге банк қызметкеріне қысым жасауға ынталы болуы.

    Қарыз алушының өндірістік қызметін көрсететін «белгілер»:

  • Қарыз алушының жабдықтаушыларым мен сатып алушылар ортасының өзгеріссіз болуы;
  • Қарыз алушының өз алашақтарына жасайтын бақылауының әлсіздігі;
  • Қарыз алушы саласының сол уақыттарда проблемалық салаға жатуы;
  • Балансты жүргізудің қысқаруы, яғни актив және пассив баптарының толық берілмеуі.

    Несиелеуді  ұйымдастыруға қатысты  «белгілері»:

  • Қарыз алушының несиені сұраудағы нақты мақсатының болмауы;
  • Қарыз алушыда несиені қайтаруда анық бағдарламаның болмауы;
  • Несиені өтеудегі резервтік көздерінің болмауы;
  • Несие берілетін мақсатына қарыз алушы тарапынанн материалдық қамтамасыз етілмеуі;
  • Қарыз алушының несиелік өтінішінің негізсіздігі;
  • Қарыз алушы несиені акционерлік капиталын кепілге бере отырып сұрауы;
  • Несиенің ең бастысы, өндіріске емес, айналыс аумағына бағытталуы;
  • Несиенің қайтару мерзімі жеткізікті негізделмеуі.

    Белгіленген нормалардың ауытқу «белгілері»:

  • Қарыз алушының шаруашылық қызметі туралы есеп беру мәліметінің мерзімінің бұзылуы;
  • Банк шоттарын жүргізу тәртібінің нормалардан ауытқуы;
  • Несиелеу шартының қайта қаралуы, несиенің қайтарылу схемасындағы өзгерістер, несие мерзімінің мерзімін созу туралы өтініштің болуы;
  • Қарыз алушының шаруашылық-қаржылай көрсеткіштерінің жоспардағыдан немесе күтілетін көрсеткіштерден ауытқуы;
  • Қарыз алушының есеп және бақылау жүйесіндегі ауытқуы.

    Бұл аталған «белгілер» банкті сақтандара отыры, мерзімі өткен несиелердің  алдын алуға немесе олардың пайда болуын анықтап беруге мүмкіндік береді. Егер де банк күмәнді несиелерді анықтап білсе, онда несиелердің өтелуіне бағытталатын әрекет ету бағадарламасын қолданады. Көптеген жағдайда қарыз алушы әлі де болса, өз міндеттемелері бойынша жауап беру қабілеттілігін жоғалтпаған жағдайда банк несиелік калісімшартарды өзгерту туралы сұрақтарды қарастырады.

    Жаңа  шарт несиені қайтару кестесіне  бағытталып, банкпен қарыз алушы  арасындағы басты мақсат – проблемалық  несиелерді жою жолында, өзара келісілген іс-әрекеттерді қарайды. Сонымен қатар, американдық коммерциялық банктердің күмәнді несиелерді анықтау және жою жұмысы әртүрлі кезеңді қамтиды:

    Бірінші кезеңде банк және қарыз алушы  серіктестер ретінде әрекет етеді. Олар жаңаша келісім жасай отырып, қарыз алушыға несиені өтеудегі мерзімінің кешіктірілуіне мүмкіндік береді.

    Егер  қосымша жасалған келісім нәтиже бермесе, яғни қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсармаса және несиенің өтелуіні көз жеткізу мүмкін болмаса, онда банк келесі кезеңге – қамтамасыз етілген мүлікті сатуға көшеді. Қамтамасыз етілген мүлікті сату – бұл несиенің қамтамасыз ету туралы келісімшартына байланысты банктің ол мүлікті нақты ақшаға айналдыру процесін білдіреді. Қамтамсыз етілген мүлікті аукцион және басқа да жолдармен несиені қайтарудың ең қарапайым тәсіліболып табылады. Бірақ бұл жерде көптеген кедергілер де болуы мүмкін. Өйткені, қамтамасыз ету мүлкінің сату бағасы нарық жағдайына сәйкес ауытқуы мүмкін.

    Бұл жерде оны бағалау нарықтық перспективаларды есепке алып жүргізілуі тиіс. Егер қамтамасыз ету құралы, проблемалық несиені қайтаруға толық мүмкіндік бермесе, үшінші кезең – несиені сот арқылы іздеу жұмысы жалғасады. Сот қарыз алушының банктік міндеттемелері бойынша жауап беруін талап ету туралы шешім шығарады. Сот шешімінің орындалуын банк әр түрлі формада таңдап жүзеге асыра алады. Бұл проблемалық несиемен жұмыс жасаудың төртінші кезеңі болып табылады. Сонымен, таңдау жолдары мынадай:

  1. Борышқордың мүлкін тәркілеу туралы сот шешімінің орындалу жолында қарызды қайтару.
  2. Тіркелген мүлікті баспасөз беттеріндегі ауциондар арқылы сату.
  3. Борышқордың үшінші бір тұлғадағы қаражаттарына тыйым салу.
  4. Банкке тұрақсыз борышқордың мүлкін басқарушы тұлға ретінде мәртебе беріледі.

    Мерзімі өткен несиелермен жасалатын  банк жұмысының нәтижесі борышқордың банкроттығы болып табылады. Бұл бесінші кезең. Банкроттық – бұл күмәнді несиелерге қолданылатын соңғы шешім құралы. 

    ІІ.  Коммерциялық банктерде  қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәжірибесі  («ЦентрКредит»  банкі АҚ мысалынан)

    1. Несие алуға деген өтініш пен несиелік құжаттар пакетін талдау
 

    Несие алу үшін қарыз алушы банкке несиенің ақсаты, бағыты, сомасы, пайдалану мерзімі, өтеудің нақты мерзімі, сонымен  қатар несиеленетін шаралардың қысқаша  сипаттамасы және оны жүзеге асырудың экономикалық тиімділігін көрсетіліп негізделген жазбаша арызбен немесе өтінішпен (3 дана толтырылады) барады. Сол кезде ол банкке несиие шоттарын ашу үшін қажет арыз-міндеттеме береді.

    Несие алу үшін қарыз алушы банкке келесідей  құжаттарды өткізеді:

  • Несиеленетін шаралардың жоспарланған шығындары, несие өтелетін айналым активтерінің және күтілген түсімдер қозғаласының есебі бар техникалық-экономикалық негіздемелері;
  • Қарыз алушының қаржылық жағдайын және несиеге қабілеттілігін анықтау үшін бухгалтерлік, статистикалық есеп берулер, табыстар мен шағындар туралы есеп берулер және басқа да міндеттемелер;
  • Банк тәжірибесінде қолданған нысандар бойынша несиені өз уақытында қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер (жедел міндеттемелер, кепіл міндеттемелері, кепілдемелер, кепілдікке алу, сақтандыру куәлігі және басқалар).

    Қажет болған жағдайда банк сол орында алдын  ала тексеру жүргізуі және қарыз  алушының қаржы-шаруашылық қызметі  туралы аудиторлық ұйымның қорытындысын талап етуі мүмкін.

    Қарыз алушының несиелік қабілеті туралы ақпарат көздері болып келесілер табылады:13

  • Қарыз алушымен келіссөз жүогізу;
  • Орындағы инспекция;
  • Қарыз алушының анкетасын және қаржы есебін талдау;
  • Жабдықтаушылар мен сатып алушылар жөнінде банктердің мәліметтері;
  • Басқа да сыртқы көздерден, Қ.Р.Ұ.Б. несиелік тіркелімдегі ақпараттарды қоса есептелгенде.

    Несиелік  келісім-шарт жасауға дейін, қарыз  алушыдан арыз және қажет құжаттарды алған кезде, банк кәсіпорынның өзінің қарыз міндеттемелері бойынша толық  және бекітілген уақытта есептесе алады  және жаңа несие алу үшін алғы шарттарды орындай алатын. Қабілеттілігін білдіретін, қарыз алушының несиеге қабілеттігін талдауы қажет. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның несиеге қабілеттілігі несие алуға құқығы және мүмкіндігі талданады. Ол алдыңғы несиелер бойынша есептесу кезіндегі ұқыатылығы, ағымдағы қаржы жағдайы және қажет болған кезде ақша қаражаттарының әр түрлі көздерін жұмылдыра алу мүмкіндігімен сипатталады.

     Несиелік қабілеттілігін талдаудың мақсаты – банкпен  несиелеу мүмкіндігін және шарттары туралы мәселені шешу алдында анықталатын, қарыз алушыға сапалық баға беру, клиенттің қарызға алған қаржыны несие шартының

баптарына сәйкес қайтаруға қабілеттілігі  мен несиелік салымдарының мақсатқа сайлығын және банк пен қарыз алушы  арасындағы несиелеу тұрғысындағы әрі  қарайғы қатынастың негізделуін және дұрыстығын бағалау (несие жалғастыру, тоқтату, ұқыпсыз қарыз алушыға санкцияларды қолдану).

    Кәсіпорынның  қызметіне талдау жүргізбестен бұрын  банк келесідей жұмыстарды жүргізуі керек:

  1. Нақты бір кәсіпорынның қызметін зерттеу кезеңін белгілеу; материалдарды іріктеп алу және жүйелеу; көрсеткіштердің өзара байланысын тексеру және олардың салыстырмалылығын бағалау. Жеке алған инфляциялық факторлардың әсерін жою керек, ол үшін елдегі жарияланатын индекстік бағалар негізінде базистік көрсеткіштермен салыстырылатын есеп беру көрсеткіштері қайта саналады.
  2. Жұмыстың екінші кезеңіндегі сыртқы талдау өткізу кезінде әр түрлі алдын ала талдау есептері жүргізіледі. Олардың қатарына есептік көрсеткіштердің базалық көрсеткіштерінен абсолютті және салыстырмалы ауытқуларының есебі; қорытынды көрсеткіштеріндегі жеке баптардың үлес салмағын анықтау; төлем қабілеттілігінің, табыстылықтың және т.б. салыстырмалы көрсеткіштерінің есептері жатады.
  3. Үшінші кезеңде нағыз талдау жүргізіледі. Сандық өлшемдерді пайдалана отырып талдау, белгілі бір дәрежеде шеберлікті қажет етеді, өйткені көптеген, жиі қарама-қарсы тенденциялар мен көрсеткіштерден қарыз алушыға несие беру туралы мәселені шешу үшін кәсіпорынның төлем қабілеттілігі жағдайын дұрыс бағалау үшін оның даму бағыттарын анықтай білу керек.

    Кәсіпорынның  несиелік қабілетін талдаудың негізгі  міндеттері:

    • Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
    • Қарыз алушының шаруашылық қызметінің тиімсіздігі салдарынан несие ресурстарын жоғалтудан алдын ала сақтандыру;
    • Қарыз алушы кәсіпорынды оның тиімділігін көтеру бағытында қызметін ынталандыру;
    • Несиелердің тиімділігін көтеру.

    Несиелеу  шарттарын талдау мыналарды білуді қажет етеді:

Информация о работе ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕ ҚАБІЛЕТТІГІ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ