ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕ ҚАБІЛЕТТІГІ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2012 в 21:02, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі кезде коммерциялық банктер несиелеу процесінде, нарық қатынастарының қалыптасуына, қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге, Қазақстан Республикасы егеменді мемлекеттің экономикасы мен қаржыларын нығайтуға, айналымда ақша массасының негізсіз өсуін шектеуге, инфляция процестерінболдырмауға және ұлттық валютаның (теңге) нығаюына ықпал етуге міндетті.
Коммерциялық банктер несиелерді өндірістің тиімділігін, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, өнімнің жаңа жоғары тиімді түрлерін шығаруға ынталандыруға, тұрғындарға әр түрлі қызмет көрсетуге, тауарларды халық үшін және экспортқа өндіруге байланысты мақсаттар мен шаралар үшін береді.

Содержание

Кіріспе
Тарау І. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негізі
1.1. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың маңызы мен қажеттілігі. Клиент туралы ақпарат көздерін алу.
1.2. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау
1.3. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың әдістері
1.4. Клиенттің несиелік қабілетін бағалаудың шетелдік тәжірибелері.
Тарау ІІ. Коммерциялық банктердеі қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәжірибесі («ЦентрКредитБанкі» АҚ мысалдарына негіздей отырып)
2.1. Несие алуға деген өтінішті және несиелік құжаттар пакетін талдау
2.2. Қарыз алушы жеке тұлғаның несиелік қабілетін талдау
2.3. Қарыз алушы заңды тұлғаның несиелік қабілетін талдау
Тарау ІІІ. Несиелік бюро – қарыз алушының несиелік қабілетін талдаудың мейлінше жетілдіру инструменті ретінде
3.1. Несиелік бюроларды құрудың ролі мен шетелдік тәжірибелері
3.2. Қазақстан Республикасында несиелік бюроларды құрудың ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕ ҚАБІЛЕТТІГІ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ.doc

— 653.00 Кб (Скачать)

    Жеке  тұлға түріндегі қарыз алушының несие қабілетін талдау – бұл  оның жеке белгілерін бағалау және несиені алуда жеке тұлға ретіндегі  заңдылық құқықтарын білдіреді. Бағалау  кезінде банк үлкен көңілді  оның жеке өміріне, әсіресе өмірлік стиліне  баса назар аударады. Банк  әдетте бала-шағасы  бар клиенттермен жұмыс істегісі келеді. Осының бәрі тәртіп бойынша клиенттің банк алдында өз міндеттемелерін сенімді және кепілді екенін куәландырады. Клиентпен алғашқы кездесуде бану міндетті түрде оның қызметінің жағдайын мұқият зерттеп және оның өзіндік белгілері мен материалдық жағдайы туралы ең жоғары сапалы ақпараттарды пайдалануы қажет. Сол үшін қарыз алушы банкке келген кезде өзінің жеке белгілерін куәландыратын құжаттарды тапсыруы тиіс.

    Қарыз алушының беделі, денсаулығы, білімі, жұмыс тәжірибесі, ұйымдастырушылық мүмкіндіктері. Банкті қызықтыратын нақты ақпараттарға келесілер құрайды:

  • қарыз  алушының жеке белгілері: жасы, отбасылық жағдайы, отбасының мән-жайы, ашықтылық деңгейін, сыртқы келбеті, сөйлеу айқындылығы, мінез-құлқы, хоббиі.
  • білімі: жоғары білімі туралы куәліктің көшірмесі, біліктілігі, тәуекелділікпен (құмар ойындармен) байланысы, менеджментке ықыласы, жоспарлауға қабілеттілігі.
  • арнайы білімі: кәсіптік (қызметтік) мақсаты, кәсіптік тәжірибесі, жұмысқа мамандануы.
  • денсаулық  жағдайы: спортпен шұғылдануы.
  • жеке мүлігі: жылжымайтын мүлікті иемденуі, басқа да табыс көздері, жеке қарыздары, салықтық қарыздары, жанұя мүшелерінің мүлігінің күйі,  несие ұйымдармен байланыс қарқындылығы.

    Қарыз алушының несие қабілетін бағалау екі негізгі әдіспен: сараптық бағалау және балдық жүйе көмегімен жүргізуге болады.

    Сарапшылардың бағалауы негізінде қолданылған  әдіс, банктер қарыз алушының төлем  қабілетін талдауда жалпыэкономикалық  жолына сүйенеді. Сарапшылар ақпаратты талқылап болғаннан кейін ипотекалық несиені беру мүмкіндігі туралы сұрақты шешеді.

    Баллдық жүйелерді пайдалану – бұл  сараптық бағалауды қолданғаннан гөрі шешім қабылдаудың өте объективті және экономикалық дәлелденген процесс. Мұнда туындалатын бір ғана қиыншылық, баллдық жүйе қарыз алушының несие қабілетін бағалауда статистикалық ақпараттармен мұқият салыстырылуы және үнемі жаңартылуы қажет. Соған байланысты, қарыз алушының несие қабілеті бұл заңды және жеке тұлғаның несиелік шартқа сәйкес өз міндеттемелері бойынша толық және мерзімді есеп айрысуы.

    Несие қабілетін анықтауда  төмендегілер қажет:

    Біріншіден, банктің тәуекелдерін төмендету  және жұмысының тұрақтылығын көтеру мақсатында несиелеуші банктің көзқарасы.

    Екіншіден, шарт жасасу, жұмысты орындау және қызмет көрсету, сонымен бірге коммерциялық несиені беру үшін серіктестіктің қаржылық жағдайының сипаттамалық бағыты.

    Демек, несие қабілеті – бұл қарыз алушының несиені алуы және оның шекті сомасын анықтап толық және мерзімді қайтаруының материалдық және қаржылық мүмкіндіктерінің жиынтығы.

    Қарыз алушының несие қабілетін талдаудың  мақсаты оның өткен, қазіргі және болашақтағы қаржылық жағдайын нақты  бағалау үшін талап етілетін ақпараттарды алу  болып табылады.

    Қарыз алушының төлем қабілетінің талдауы  бұл оның күнделікті  шығындар мен ұзақ мерзімді міндеттемелерін есепке ала отырып несиені қайтару бойынша қаржылық мүмкіндіктері. Банк басқа талаптарды қанағаттандырғаннан кейін несиені уақытында қайтарғаны үшін және бұл соманы дүркін-дүркін төлемдер бойынша өтелген және сол бойынша пайыз есептелген несие сомасымен салыстырылып, қарыз алушының меншік қаражаттарының жеткіліктілігін бағалайды.

    Банк  ипотекалық несие сомасы туралы сұрақты  қарастырған кезде, клиенттің өтініш білдіретін сомасымен клиенттің  өзі салатын сомасын салыстыруына үлкен көңіл бөледі. Банктер тәртіп бойынша талап ететін соманың барлық 100% несие бермейді.

    Қарыз алушының ипотекалық несие алу үшін өтініші өз алдына арнайы сауалдама  түрінде, банктің талабына жауап  беретін ақпараттарға, яғни қарыз  алушының несие және төлем қабілетіне байланысты, бірақ клиент туралы ресми мәліметтерден басқа (тегі, аты-жөні, адресі және т.б.), сонымен қатар сұралатын несиенің сипаттамаларынан (мөлшері, мерзімі, берілу мақсаты және қарыз алушының қаржылық жағдайы туралы мәліметтер) құралуы қажет. Себебі, барлықипотекалық несиелік үшін қарыз алушының табысы оларды қайтарудың негізгі көзі болғандықтан, өтініштің негізгі бөлімі болып «табыстың айлық есеп айырысуы» табылады. Несиеге төленетін таза соманы алу үшін табыстардан шығындар сомасын алып тастау қажет. Әдетте банктерде мұндай есеп айырысулар келесідей жүргізіледі:

    А. Айлық табыстар:

  • салығы алып тасталған жалақы;
  • балаларға арналған пособиялар;
  • зейнетақы;
  • бағалы қағаздар және салымдар бойынша сыйақы;
  • басқа да табыстар.

    В. Айлық шығыстар:

  • ағымдық шығындар;
  • сақтандыру бойынша жарналар;
  • ерте берілген несиелерге қызмет көрсету;
  • пәтерлік төлем;
  • басқа да шығындар.

    Қолда бар табыс = А – В

    Қарыз алушының қолда бар табысы мен  айлық сомасы бойынша борышты  өтеуге қызмет көрсетуді D (D=пайыздар+негізгі қарыз) салыстырсақ, онда банк оның төлем қабілетін анықтайды. Сірә, егер борышты қызмет көрсету бойынша сомасы клиенттің қолда бар табысы көлемінен артық болса, онда қарыз алушының өтініші қабылданбайды. Банк қарыз алушының төлем қабілетін жақсы бағалануы, егер борышты өтеуге қазмет көрсету бойынша сомасы 50% және одан аз құраса.

    Тұтыну  несиелері бойынша несиелік тәуекелдердің  баламалық жабу мөлшерін құру үшін банктер арнайы коэффициенттерді несиені  өтеу төлемінің ең төмен мөлшері  және қарыз алушы табысының қатынасы бойынша қарыздың ең жоғары мүмкін мөлшерін (К1 және К2) қолданылады:

       
       
       
          К1
       
       
       
          =
          Несиені өтеу төлемінің ең төменгі мөлшері
          Қарыз алушының табысы
 
       
       
       
          К2
       
       
       
          =
          Қарыздың  ең жоғарғы мүмкін мөлшері
          Қарыз алушының табысы

    Алынған коэффициенттерді қолдану, банк бағалайды: қарыз алушының нақты табысының мөлшері мен өтініште көрсеткен табыс мөлшерінің сәйкес келуі; табыс көздерінің тұрақтылығы; несиені өтеу шарттарын, егер қарыз алушы кейбір себептерге сәйкес өз табысының бөлігін жоғалтқан жағдайда анықтайды.

    Қолайлы қорытынды кезінде, банк ипотекалық несие шартының талаптарын өңдеуге  кіріседі. Бұл несиені құрылымдау кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде  банк ипотекалық несиенің келесі негізгі  сипаттамаларын анықтайды:

  • сомасы;
  • мерзімі;
  • қамтамасыз ету тәртібі;
  • сыйақы (мүддесі) мөлшерлемесі;
  • басқа да талаптар.

    Ипотекалық  несиені рәсімдеу кезінде үлкен  көңілді несиенің құнына, яғни оған сыйақы мөлшерлемесін және берудегі комиссияларын анықтау, несиені  өтелуін бақылау және рәсімдеу кіреді. Сонымен бірге, кейбір факторлар: банктің тартылған ресурстарының нақты құны, қарыз алушының беріктігі және несиемен байланысты тәуекелдің деңгейі, қарыз алушы мен банк арасындағы өзара қарым-қатынастардың сипаттамасы.

    Банктің ипотекалық несие бойынша табысының  ең төменгі мөлшерін келесі формуламен анықтауға болады:

    D=(S+M) ∙ K+R

    Мұндағы:

    D – несие бойынша табыс (пайыздық төлемдердің сомасы, несиені ашу және несие шарттарын өңдеу үшін комиссия);

    S – банктің тартылған ресурстарының нақты құны, жылдық %;

    M – банк маржасы, жылдық %;

    K – ипотекалық несиенің сомасы;

    R – несие беру, қызмет көрсету және өтеу (әдетте несиеден 2 %) бойынша банктің тікелей және жанама шығындары.

    Қарыз алушыдан несие беру туралы жазбаша  өтініш  алғанда банк өз мойнына  алатын несие тәуекелдерінің деңгейін, бұл тәуекелді есептеуде берілуі мүмкін болатын несие көлемін, несие беру шарттарын  өтеу мерзімін анықтайды. Қарыз алушыға несиені уақытында қайтаруды және тиімді пайдалану бағасын береді. Тәуекел деңгейін және шарттың қорытындасын анықтау кезінде  банк қарыз алушының соңғы екі-үш жылдың қаржылық жағдайын, өткен және келешектегі қызметінің дамуын талдау мақсатында дерттейді. Қарыз алушының несие қабілеті, сонымен бірге несие қайтарылмаған жағдайда кепілмен қамтамасыз етуімен байланысты беріледі.

    Кепілдіктерді беру тәртібі қазіргі Қазақстан  Республикасының «Азаматтық Кодексіне» және ҚРҰБ нормативтік-құқықтық актілерімен  сәйкес реттелінеді. Кепіл беруші кепілдіктің  күшіне сәйкес басқа тұлға несие  берушінің (борышқор) алдында бұл  тұлғаның толық және біртіндеп борышқормен бірге міндеттемелерінің орындалуына жауап беруін міндеттейді.16

    Кепілдік  жазбаша түрде беріледі. Кепіл  беруші борышқор сияқты несие берушінің  алдында да сондай көлемде тұрақсыздық  төлемдерді, сыйақылар, қарызды өндіріп  алу бойынша  соттық шығындар мен несие берушінің басқа зияндарына қоса жауап береді. Кепіл берушінің басқа банкте қызмет көрсетілетін шотынан даусыз тәртіпте қаражаттарын шығару және кепілдік берген банктің қарыз алушы банкінің инкассалық өкімімен өндіріледі.

    Кепіл болушылық жеке тұлғаның банк алдындағы міндеттемесі ретінде қолданылады және қарыз алушының алған несиесі бойынша өз уақытында қайтаруына жауап береді. Кепіл болушылық жазбаша құрастырылып және нотариалды түрде расталады. Кепілдік беруші кепіл болушылықта көрсетілген соманың шеңберінде жауап береді және өзіне қаражаттандыру жауапкершілігін алады.

    Банк  несиені беру кезінде Кепілгердің  және кепіл берушінің мүлігінің  жағдайын, олардың репутациясы мен  сенімділігін, несие және төлем қабілеттерін міндетті түрде тексеру қажет. Несиені өтелмегіні үшін қарыз алушылардың жауапкершілігін сақтандыру «Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі. Банк сақтандыру компаниясымен несиелік тәуекелді сақтандыру шартын дербес жасасуы мүмкін. Кепіл ретінде сондай-ақ келесілер қабылдануы мүмкін:

    9-кесте

 
    Атауы
    Берілген  несиелердің, олардың  нарықтық құнының %-қ  көлемі
1 Ақшалай қаражаттар 100 дейін
2 Тұрғын ғимараттар 50 дейін
 
Кестенің  жалғасы
3 Өндірістік  ғимараттар, құрылыстар, ауылшаруашылықтарын қоса 30 дейін
4 Нақты дебиторлық қарызды өндіріп алу бойынша 50 дейін
5 Мүліктік басқа  да талаптар мен құқықиар 40 дейін
6 Кеңселер, дүкендер, сауда павильоны, салондар, мейманханалар, кафелер, асханалар, мейрамханалар, туристік кемпингтер, базалар, қоймалар үшін пайдаланатын ғимараттар. 40 дейін
7 Автокөліктер:
    • Отанда өндірілген, пайдалану мерзімі екі жылдан аспауы тиіс

-    Шетелдік үш жылдан  аспауы тиіс

 
40 дейін 

50 дейін

8     Мемлекеттік бағалы қағаздар     80 дейін

Информация о работе ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕ ҚАБІЛЕТТІГІ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ