Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2012 в 21:02, дипломная работа
Қазіргі кезде коммерциялық банктер несиелеу процесінде, нарық қатынастарының қалыптасуына, қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге, Қазақстан Республикасы егеменді мемлекеттің экономикасы мен қаржыларын нығайтуға, айналымда ақша массасының негізсіз өсуін шектеуге, инфляция процестерінболдырмауға және ұлттық валютаның (теңге) нығаюына ықпал етуге міндетті.
Коммерциялық банктер несиелерді өндірістің тиімділігін, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, өнімнің жаңа жоғары тиімді түрлерін шығаруға ынталандыруға, тұрғындарға әр түрлі қызмет көрсетуге, тауарларды халық үшін және экспортқа өндіруге байланысты мақсаттар мен шаралар үшін береді.
Кіріспе
Тарау І. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негізі
1.1. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың маңызы мен қажеттілігі. Клиент туралы ақпарат көздерін алу.
1.2. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау
1.3. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың әдістері
1.4. Клиенттің несиелік қабілетін бағалаудың шетелдік тәжірибелері.
Тарау ІІ. Коммерциялық банктердеі қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәжірибесі («ЦентрКредитБанкі» АҚ мысалдарына негіздей отырып)
2.1. Несие алуға деген өтінішті және несиелік құжаттар пакетін талдау
2.2. Қарыз алушы жеке тұлғаның несиелік қабілетін талдау
2.3. Қарыз алушы заңды тұлғаның несиелік қабілетін талдау
Тарау ІІІ. Несиелік бюро – қарыз алушының несиелік қабілетін талдаудың мейлінше жетілдіру инструменті ретінде
3.1. Несиелік бюроларды құрудың ролі мен шетелдік тәжірибелері
3.2. Қазақстан Республикасында несиелік бюроларды құрудың ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
ДИПЛОМ
ЖҰМЫСЫ
ТАҚЫРЫБЫ:
ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕ ҚАБІЛЕТТІГІ
ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ
Мазмұны
Кіріспе
Тарау І. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негізі 1.1.
Қарыз алушының несиелік 1.2.
Қарыз алушының қаржылық 1.3.
Қарыз алушының несиелік 1.4.
Клиенттің несиелік қабілетін
бағалаудың шетелдік Тарау ІІ. Коммерциялық банктердеі қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәжірибесі («ЦентрКредитБанкі» АҚ мысалдарына негіздей отырып) 2.1.
Несие алуға деген өтінішті
және несиелік құжаттар 2.2. Қарыз алушы жеке тұлғаның несиелік қабілетін талдау 2.3.
Қарыз алушы заңды тұлғаның
несиелік қабілетін талдау Тарау ІІІ. Несиелік бюро – қарыз алушының несиелік қабілетін талдаудың мейлінше жетілдіру инструменті ретінде 3.1.
Несиелік бюроларды құрудың 3.2.
Қазақстан Республикасында несиелік
бюроларды құрудың ерекшеліктері Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер тізімі |
2 5 5 10 17 22 28 28 30 40 54 54 58 65 67 |
Кіріспе
Қазіргі кезде коммерциялық банктер несиелеу процесінде, нарық қатынастарының қалыптасуына, қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге, Қазақстан Республикасы егеменді мемлекеттің экономикасы мен қаржыларын нығайтуға, айналымда ақша массасының негізсіз өсуін шектеуге, инфляция процестерінболдырмауға және ұлттық валютаның (теңге) нығаюына ықпал етуге міндетті.
Коммерциялық банктер несиелерді өндірістің тиімділігін, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, өнімнің жаңа жоғары тиімді түрлерін шығаруға ынталандыруға, тұрғындарға әр түрлі қызмет көрсетуге, тауарларды халық үшін және экспортқа өндіруге байланысты мақсаттар мен шаралар үшін береді.
Несие – бұл белгілі мерзімге пайызбен қоса қайтару шартымен ақшалай қаржы беру, несиенің өтеу мерзімін ұзарту және қарыз алушының несие міндеттемесі сатып алу түрінде беріледі.
Банк несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік принциптерін қатаң сақтау, несиелрді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді. Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Неиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақытылы айналысып отыруға тиіс.
Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды. Сондықтан да банк қарыз алушыларға несиені бермес бұрын, оның несие қабілетін анықтап алу қажет. Қарыз алушылардың несие қабілетін анықтау ол әр банктің өзінің несиелік саясатына және банктің клиентурасына байланысты болып келеді.
Қарыз алушының несие қабілеті – қарыз алушының алған несиесі бойынша қарызды уақытылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банк өтімділігіне ықпал етеді.
Қарыз алушының несие қабілетіне талдау жасау барысында мынандай факторлар есепке алынады:1
Жоғарыда айтылғаннан соң, берілген тақырыптың актуальдылығы болып банктердің негізгі қызметтерінің бірі несиелік операция болып табылатындықтан, ал несиелік ресурстарға қазіргі кезде сұраныс қатты өскендіктен, банктерге несиелік тәуекелдерден сақтану және төмендету мақсатында міндетті түрде қарыз алушының несие қабілетінің әдістемелерін жаңарту қажет.
Берілген тақырыптың зерттеу мақсаты болып қарыз алушының несие қабілетін талдаудың теориялық және тәжірибелік негізін оқып үйрену болып табылады.
Қойылған мақсатқа байланысты мәселелерді келесі кезеңдермен шешу қажет:
Қарыз алушының несие қабілетін талдау бойынша зертеу объектісі болып «ЦентрКредит» Банк АҚ қызметі болып табылады.
Диплом
жұмысын жазудың методологиялық
негізі болып – Қазақстан
Теориялық
негіз болып – несиелендіруді
ұйымдастыру сұрақтары бойынша
шетелдік және отандық ғалымдардың
ғылыми еңбектері табылады.
1. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негізі
1.1.
Қарыз алушының
несиелік қабілетін
бағалаудың маңызы
мен қажеттілігі.
Клиент туралы
ақпарат көздерін
алу
Қазіргі несиелеу жүйесі қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау әдістеріне де негізделеді. Айта кету керек, қарыз алушының несиелік қабілеті – бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға себепкер болатын көптеген факторлардың іс әрекетімен байланысты болып келеді. Сондықтан да, банк несиесінің берілуі алдын ала ықпал ететін факторларды оқып-үйренуге жағдай жасайды.
Қалыз алушының несиелік қабілеті – бұл қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемесі бойынша толық және уақытылы есеп айырысу қабілеті.
Қарыз
алушының несиелік қабілетінің, оның төлем
қабілетінен бір айырмашылығы –
онда өткен кезеңдегі немесе қандайда
бір күндегі төлемсіздікті
Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі, банктің нақты қарыз алушыға беретін нақты несиесімен байланысты (жеке) тәуекелдерінің дәрежесін көрсетеді.
Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау және несиелік операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.
Әлемдік және отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының несиелік қабілетінің мынандай критерийлерін бөліп қарайды: қарыз алушының мінездемесі, қаражатты қарызға алу қабілеті; ағымдағы қызметі барысында қарызды өтеу үшін қажетті қаражатты табу қабілеті (қаржылық мүмкіндігі), капиталы, несиенің қамтамасыз етілуі, несиелік мәміле жасалатын жағдай, бақылыу (қарыз алушының қызметінің заңдылық негізі, банк стандарты мен қадағалау ұйымдарына несиенің сипатының дәл келуі).
Қарыз
алушының мінездемесі деп оның заңды
тұлға ретіндегі беделі және менеджерлерінің
беделі, қарызды қайтарудағы
Қарыз алушының заңды тұлға ретіндегі беделі оның сол аяда ұзақ уақыт қызмет етуінен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге сай келуінен, оның несиелік тарихынан, оның серіктестерінің (жабдықтаушылары, сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік әлеміндегі беделінен тұрады. Менеджерлерінің беделі олардың кәсіби жарамдалығына (білімі, жұмыс тәжірибесі), моральдық сапасына, жеке қаржылық және отбасылық жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым-қатынастар нәтижесіне байланысты негізделеді.
Қаражатты қарызға алу қабілеті қарыз алушының несиеге өтініш беруге, несиелік келісімшартқа қол қоюға немесе келіссөздер жүргізуге құқығының болуын, яғни кәсіпорынның немесе фирманың өкілдерінде белгілі бір өкілеттіліктерінің болуын білдіреді.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің ең негізгі критерийлерінің бірі – оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілу барысында қаражат табу болып табылады.
Қарыз алушының капиталы оның несиелік қабілетінің біршама маңызды критерийі болып саналады. Оны бағалауды мынадай екі шарттың маңызы зор:2
Несиенің қамтамасыз етілуі - қарыз алушының ақтивтерінің құны және несиелік келісімшартта көрсетілетін қарызды өтеуде екінші қосымша көздердің (кепіл, кепілхат, кепілдеме, сақтандыру қағаздарының) болуы. Мұндағы қосымша көздер қарыз алушының басына қаржылық қиындықтар туу барысында, олардың банк алдындағы міндеттемелерін уақытылы орындауына кепілдік береді. Кетілдік сапасы, кепілхат беруші, кепілдемеші мен сақтандырушының тұрақты болуы, қарыз алушының ақшалай қаражатының жеткіліксіздігі жағдайында аса маңызды.
Информация о работе ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕ ҚАБІЛЕТТІГІ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ