ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕ ҚАБІЛЕТТІГІ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2012 в 21:02, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі кезде коммерциялық банктер несиелеу процесінде, нарық қатынастарының қалыптасуына, қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге, Қазақстан Республикасы егеменді мемлекеттің экономикасы мен қаржыларын нығайтуға, айналымда ақша массасының негізсіз өсуін шектеуге, инфляция процестерінболдырмауға және ұлттық валютаның (теңге) нығаюына ықпал етуге міндетті.
Коммерциялық банктер несиелерді өндірістің тиімділігін, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, өнімнің жаңа жоғары тиімді түрлерін шығаруға ынталандыруға, тұрғындарға әр түрлі қызмет көрсетуге, тауарларды халық үшін және экспортқа өндіруге байланысты мақсаттар мен шаралар үшін береді.

Содержание

Кіріспе
Тарау І. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негізі
1.1. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың маңызы мен қажеттілігі. Клиент туралы ақпарат көздерін алу.
1.2. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау
1.3. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың әдістері
1.4. Клиенттің несиелік қабілетін бағалаудың шетелдік тәжірибелері.
Тарау ІІ. Коммерциялық банктердеі қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәжірибесі («ЦентрКредитБанкі» АҚ мысалдарына негіздей отырып)
2.1. Несие алуға деген өтінішті және несиелік құжаттар пакетін талдау
2.2. Қарыз алушы жеке тұлғаның несиелік қабілетін талдау
2.3. Қарыз алушы заңды тұлғаның несиелік қабілетін талдау
Тарау ІІІ. Несиелік бюро – қарыз алушының несиелік қабілетін талдаудың мейлінше жетілдіру инструменті ретінде
3.1. Несиелік бюроларды құрудың ролі мен шетелдік тәжірибелері
3.2. Қазақстан Республикасында несиелік бюроларды құрудың ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕ ҚАБІЛЕТТІГІ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ.doc

— 653.00 Кб (Скачать)
 

    Ағымдағы  өтімділік коэффициентіа.ө.) ағымдағы активтердің (баланс активінің бөлімі) ағымдағы міндеттемелерге (алдағы кезең табыстарын алып тастағандағы баланс пассивінің 3 бөлімі) қатынасымен анықталады. Ағымдағы өтімділік коэффициенті кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүргізу және ағымдағы міндеттемелерді уақытында жабу үшін айналым қаражаттарымен жалпы қамтамасыз етілуін сипаттайды.

    Ағымдық активтердің қанша есе ағымдық міндеттемелерді өтейтіндігін анықтауға мүмкіндік береді және кәсіпорынның тек дебиторларымен уақытылы есеп айырысу мен дайын өнімді өткізуде  ғана емес, сонымен қатар, қажет болған жағдайда материалдық айналым қаражаттарын сату жағдайындағы төлем мүмкіндігін көрсетеді. Ол өнімді қаражаттардың ағымдық міндеттемелерді жабатындығын анықтауға мүмкіндік береді, сол арқылы баланс құрылымының тұрақты деңгейін ғана емес, сонымен қатар, кәсіпорынның ағымдық міндеттемелері бойынша тез есеп айрысу  қабілетін көрсетеді.

       
       
       
          Ка.ғ.
       
       
       
          =
          Ағымдық активтер
          Ағымдық міндеттемелер
 

    Шапшаң (оперативті)  өнімділік  коэффициентіш.ө.) - өтімділік активтер ағымдық міндеттемелердің тек қана сол бөлігін, қайсысы қарызды өтеу үшін дайын қолма қол ақшаға тез арада айналатын бөлігін көрсетеді. Өтімділік  активтерге әлемдік банктік тәжірибеде ақшалай қаражаттар мен дебиторлық бөлшектерді жатқызуға болады, ал  Қазақстанда да жылдам өткізілетін босалқы қор бөлігін жатқызуға болады.

       
       
       
          Кш.ө.
       
       
       
          =
          Өтімділік активтер
          Ағымдық міндеттемелер
 

    Шапшаң  өтімділік коэффициентін тағайындау – бұл несие алушы қабілетін  болжауға және оның айналымдағы қаражаттарынан банк қарызын өз уақытында өтеу үшін ақшаларды жылдам шығаруды білдіреді.

    Тиімділік (айналымдылық) коэффициенті – бұл  бірінші коэффициенттер тобын,яғни өтімділік көрсеткіштерді толықтырады және неғұрлым дәлелді қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, егер өтімділік көрсеткіштерінің өсуі дебиторлық қарыздың көбеюінің арқасында болса және босалқы қордың құны бір уақытта баяуласа,  онда қарыз алушының несие қабілетінің класын жоғарлатуға болмайды. Тиімділік коэффициенттер тобына жататындар:5

  • босалқы қордың айналымы:

    а) Кезең ішіндегі босалқы қордың орташа қалдықтары / Бір күндік өткізуден  түскен түсім = Айналым күнінің ұзақтығы;

    б) Кезең ішіндегі өткізуден түскен түсім / кезең ішіндегі босалқы қордың  орташа қалдықтары = Кезең ішідегі  айналымның саны;

  • Күндік дебиторлық қарыздың айналымдылығы:

    Кезең ішіндегі қарыздың орташа қалдықтары / Бір күндік өткізуден түскен түсім;

  • Негізгі капиталдың айналымдылығы (нақты активтер):

    Өткізуден түскен түсім / Кезең ішіндегі қорлардың  орташа қалдық құны;

  • Активтердің айналымдылығы:

    Өткізуден түскен түсім / Кезең  ішіндегі активтердің орташа мөлшері;

    Тиімділік коэффициенті динамика негізінде талданып, сонымен қатар бәсекелесуші фирмалардың  коэффициенттері және орташа салалық  көрсеткіштерімен салыстырылады.

    Қаржы левередж көрсеткіштері қарыз алушының меншікті капиталымен қамтамасыз ету деңгейін сипаттайды.

    Жоғарыдағы  кестеден көріп отырғанымыздай, коэффициенттердің  есеп айырысуы үлгілерінің әр түрлі  болуы мүмкін,  бірақ экономикалық мағынасы бір: ол меншікті капитал мөлшерін және клиенттің тартылған ресурстарға бағыныштылық деңгейін бағалау. Өтімділік коэффициенттеріне қарағанда қаржы левередж коэффициентімен есеп айырысудың айырмашылығы банк клиентінің мерзіміне байланыссыз барлық ұзақ мерзімді міндеттемелері ескеріледі. Неғұрлым тартылған ақшалай қаражаттардың үлесі жоғары және меншікті капиталдың үлесі аз болса, онда клиенттің несие қабілетінің класы төмен болады. Дегенмен, қорытынды нәтижені пайдалық коэффициентінің динамикасын талдаған  кезде жасалынады.

    Пайдалылық  коэффициенті; барлық капиталды, сонымен қатар оның тартылған бөлігін қоса пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Бұл коэффициенттердің мынадай түрлері бар:

  • пайдалық нормасының коэффициенті:

    а) Пайызбен салықты төлеуге дейінгі  жалпы пайда / Өткізуден түскен түсім;

    б) Таза операциялық пайда (пайызды төлегеннен кейін, бірақ салыққа дейінгі пайда) / Өткізуден түскен түсім;

    в) Пайызбен салықты төлегеннен кейінгі  таза пайда / Өткізуден түскен түсім;

  • рентабельділік коэффициенті:

    а) Пайызбен салықты төлегенге дейінгі  пайда / Активтер немесе меншікті капитал;

     б) Пайызды  төлегеннен кейінгі, бірақ салыққа  дейінгі пайда / Активтер немесе меншікті капитал;

    в) Таза пайда (пайызбен салықты төлегеннен кейінгі пайда) / Активтер немесе меншікті капитал;

    Үш  түрлі рентабельдік коэффициенттерді салыстыру арқылы, салық пен пайыздың фирманың рентабельділігінің деңгейіне әсерін көрсетеді.

  • Акция пайдасының  нормалық коэффициенті:

    а) Акция табысы = Жай акциялар бойынша дивидендтер / Жай акциялардың орташа мөлшері;

    б) Дивиденттік табыс (%) = Бір акцияның жылдық дивиденті * 100/ Бір акцияның орташа нарықтық құны;

    Борышты өтеуге қызмет көрсету коэффициенті (нарықтық коэффициенттер) пайданың қай  бөлігі пайыздық және нақты төлемдерге жұтылатындығын көрсетеді. Олардың  есеп айырысудың жалпы сомасы келесіде көрінеді:

    Пайызды өтеу коэффициенті = Кезең аралық пайда / Кезең аралық пайыздық төлемдер;

    Пайыздық  төлемдерді өтеу коэффициенті = Кезең  аралық пайда / Пайыз + Лизингтік төлемдер + Артықшылығы бар акция бойынша  дивидендтер + Басқа да нақты төлемдер.

    Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалауда мынадай негізгі көрсеткіштер пайдаланылады: 

    3-кесте

          Көрсеткіштер  атаулары     Есептеу алгоритмі
      1     2
1 Ағымдағы өтімділік  коэффициенті Ағымдағы активтер / ағымдағы міндеттеме
2 Мерзімді өтімділік  коэффициенті Ағымдағы активтер – запастар / ағымдағы міндеттеме
3 Активтер рентабельдігі Пайда / кәсіпорын  активтері
4 Рентабельдік сауда Өтімді сатудан  түскен пайда- өтімді сатудан түскен түсім
5 Негізгі құралдар мен басқа айналымнан тыс активтер рентабельдігі Пайда / негізгі  құралдар + айналымнан тыс активтер
6 Меншікті капитал  рентабельділігі  Пайда / меншікті капитал
7 Ұзақ мерзімді міндеттеме рентабельдігі Пайда / ұзақ мерзімді несие және займдар
8 Қаржы левередж коэффициенті Заемдық қаражаттар / меншікті қаражаттар
9 Тіркемелі  активтерді өтеу коэффициенті; Тіркемелі активтер (ғимараттар және құрылғылар – амортизация) / қамтамасыз етілген несиелер
10 Қарызға қызмет ету коэффициенті Пайда / қарыз  бойынша шығындар
11 Қор қайтарымы Жалпы пайда  – түсім /  активтер
 

    Осы көрсеткіштердің ішінде аса көңіл  аударатыны бұл баланс  өтімділігіне байланысты көрсеткіштер.6

     Өтімділік деп кәсіпорынның барлық төлем түрлері бойынша өз міндеттемесін орындай алу қабілетін түсіндіреді. Өтімділік жалпы қарыз және

өтімді  қаражаттар (ақшалай қаражаттар, алашақ қарыз, қорлар) көлеміне байланысты болып  келеді. Баланс өтімділігі актив баптарындағы ақшалай қаражаттарға айналу мүмкіндігіне байланысты топтастырылған қаражаттарды, пассив баптарындағы төлеу мерзіміне қарай топтастырылған міндеттемелермен салыстыру арқылы анықталады.

    Баланс  активінің баптары олардың өтімділік  дәрежелеріне қарай үш топқа бөлінеді:

  1. ақшалай қаражаттар (есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа да шоттардағы қаражаттар қалдығы; касса; басқа да ақшалай қаражаттар; арнайы қорлардың қаражаттары; күрделі қаржы жұмсалымдарына пайдаланылмаған қаражаттар қалдықтары);
  2. жеңіл іске асатын талаптар (төлейтін мерзімі жетпеген, жөнелтілген тауарлар және тапсырылған жұмыстар; берешектермен есеп айырысулар; өзінің жүйесіндегі кәсіпорындардан оларға қаржылай көмек ретінде берілген қаражаттар бойынша есеп айырысу; банк несиелері және кәсіпорынның арнайы қорларынан берілген несиелер бойынша жұмысшыларымен және қызметкерлерімен есеп айырысу). Жеңіл іске асатын талаптар қатарына мерзімінде төленбеген жөнелтілген тауарлар мен тапсырылған жұмыстар жатпайды. Берешектермен есеп айырысу құрамында үш айға дейінгі қарыздар есепке алынбайды. Мұнда “өзінің жүйесіндегі кәсіпорындармен оларға қаржылай көмек ретінде берілген қаражаттар бойынша есеп айырысу” бабында жақын арадағы үш ай ішінде қайтарылатын қарыздар есепке алынады.
  3. жеңіл іске асырылатын тауарлы- материалдық құндылықтар  (арзан бағалы тез тозатын заттарды шегеріп тастағандағы өндірістік қорлар; аяқталмаған өндіріс; алдағы уақыт шығыстары; дайын өнім; басқа да айналым қаражаттары).

      Қарыз алушылардың салалық ерекшеліктеріне  байланысты  өтімділік коэффициентінің біршама оңтайлы мәні 1,2 мен 1,5 аралығын құрайды. Көрсеткіштің мәнінің 1- ден төмен болуы жарамайды. Өтімділік коэффициенті қарыз алушының қарызды өтеу үшін жедел түрде шаруашылық айналымынан ақшалай қаражаттарды босатуын  сипаттайды. Қаншалықты бұл коэффициенттің мәні жоғары болса, соғұрлым қарыз алушы тұрақты келеді.

    Өтімді  қаражаттардың  артық болу себептері: күрделі қаржы жұмсалымдарды  кеңейтпей- ақ пайданың жинақталуы; амортизацияланатын объектілердің ауыстырылмауының нәтижесінде  амортизацияның жинақталып қалуы.

    Коммерциялық  банк клиентінің несиелік қабілетінің  класы негізгі және көмекші көрсеткіштер арқылы анықталады. Негізгі көрсеткіштер банктің таңдауымен ұзақ уақыт бойы өзгеріссіз қалуы қажет. Банктің  несие саясатын немесе басқа да құжаттар негізінде, бұл көрсеткіштерді және олардың нормативтік деңгейін тіркеу жүзеге асырылуы мүмкін. Соңғысы, халықаралық стандартқа сүйенуі керек, бірақ берілген банк және берілген кезең үшін жеке болуды қажет етеді. Бұған мысал ретінде 90 жылдары Нью-Йорк қаласында бір коммерциялық банктің  көрсеткіштер жүйесін келтіруге болады:7

      

    4-кесте 

    Несие қабілетінің көрсеткіштері

    Мөлшерлік деңгейі
Ағымдағы  өтімділік коэффициенті 2:1
Шапшаң  өтімділік коэффициенті 1:1
Қаржылық  левередж коэффициенті  
(Ұзақ  мерзімді міндеттеме / Меншікті капитал + Бағынышты борыш) 1:1
Қаржылық  маржа коэффициенті  
(Несиелер / Активтер – Ұзақ мерзімді  міндеттеме) 1 көп емес
 
 

    Несие қабілетінің класы негізгі көрсеткіштер деңгейінің балдық шкаласы бойынша  анықталады. Мысалы, І класс – 100-150 балл, ІІ класс – 151- 250 балл, ал ІІІ класс – 251 –300 балды құрайды. Балдарды есептеу үшін класс көрсеткіштерінің нақты маңызын нормативпен салыстыру жолымен анықтау, сонымен бірге маңыздылық (рейтинг) көрсеткіштерін пайдалану.

    Рейтинг немесе маңыздылық көрсеткіші - әрбір қарыз алушы табысын берілген коммерциялық банктің саясатына тәуелді етіп, клиенттің ерекшелігіне, балансының өтімділігіне, нарықтық жағдайына байланысты жеке анықтайды. Мысалы, қысқа мерзімді ресурстар үлесінің көптігі, жабдықтаушылар алдында несие  және төлем бойынша өткен мерзімдегі қарыздарды шапшаң өтімділік коэффициентінің рөлін күшейтіп, ол өз алдына кәсіпорынның ақша қаражатынан тез арада босату қабілетін бағалайды. Тұрақты запастарды несие арқылы банк ресурстарынан тарту және меншікті капитал көлемінің төмендігі – қаржы левередж көрсеткіштерінің рейтингісін өсіреді. Экономикалық несие шекараларының бұзылуы, клиенттердің несие алу барысындағы несие қабілетін бағалаудың ағымдық өтімділік коэффициентінің деңгейін бірінші орынға көтереді.

Информация о работе ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕ ҚАБІЛЕТТІГІ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ