ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕ ҚАБІЛЕТТІГІ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2012 в 21:02, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі кезде коммерциялық банктер несиелеу процесінде, нарық қатынастарының қалыптасуына, қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге, Қазақстан Республикасы егеменді мемлекеттің экономикасы мен қаржыларын нығайтуға, айналымда ақша массасының негізсіз өсуін шектеуге, инфляция процестерінболдырмауға және ұлттық валютаның (теңге) нығаюына ықпал етуге міндетті.
Коммерциялық банктер несиелерді өндірістің тиімділігін, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, өнімнің жаңа жоғары тиімді түрлерін шығаруға ынталандыруға, тұрғындарға әр түрлі қызмет көрсетуге, тауарларды халық үшін және экспортқа өндіруге байланысты мақсаттар мен шаралар үшін береді.

Содержание

Кіріспе
Тарау І. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негізі
1.1. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың маңызы мен қажеттілігі. Клиент туралы ақпарат көздерін алу.
1.2. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау
1.3. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың әдістері
1.4. Клиенттің несиелік қабілетін бағалаудың шетелдік тәжірибелері.
Тарау ІІ. Коммерциялық банктердеі қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәжірибесі («ЦентрКредитБанкі» АҚ мысалдарына негіздей отырып)
2.1. Несие алуға деген өтінішті және несиелік құжаттар пакетін талдау
2.2. Қарыз алушы жеке тұлғаның несиелік қабілетін талдау
2.3. Қарыз алушы заңды тұлғаның несиелік қабілетін талдау
Тарау ІІІ. Несиелік бюро – қарыз алушының несиелік қабілетін талдаудың мейлінше жетілдіру инструменті ретінде
3.1. Несиелік бюроларды құрудың ролі мен шетелдік тәжірибелері
3.2. Қазақстан Республикасында несиелік бюроларды құрудың ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕ ҚАБІЛЕТТІГІ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ.doc

— 653.00 Кб (Скачать)

    Несиелік  операциялар жасалатын жағдайларға  елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық  немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.

    Соңғы критерий –  бақылау, бұл мынадай  сұрақтарды ескереді: қарыз алушының қазмет етуі және несиелік шаралардың жүзеге асырылуы үшін заңды және нормативтік  негіз бар ма? Заңдардағы күтілетін  өзгерістер (мысалы: салық заңы) қарыз  алушының қызметінің нәтижесіне қалай әсер етеді? Несиелік өтініште көрсетілген қарыз алушы және несие туралы мәліметтер, банкттік несиелік саясаты туралы құжатта белгіленген банктік стандартына, сол сияқты, несиелердің сапалылығын бақылап отырып, банктік қадағалау ұйымдарының стандарттарына қаншалықты сәйкес келеді?

    Аталып  өткен, банк клиентінің несиелік қабілетін  бағалау критерийлері несиелік қабілетті  бағалау тәсілдерінің мазмұнын анықтайды. Ондай тәсілдер қатарына жататындар:

    

    

  • Іскерлік  тәуекелді бағалау;
  • Менеджментті бағалау;
  • Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын бағалау;
  • Қаржылық коэффициенттерді бағалау;
  • Ақша ағынын талдау;
  • Қарыз алушы туралы ақпарат жинақтау;
  • Орналасқан жеріне бару арқылы қарыз алушының жұмысын қадағалап отыру.

    Солардың  ішіндегі ең негізгілеріне тоқталып өтейік:

    Іскерлік  тәуекел – бұл қарыз алушының ауыспалы айналым қорларын өз уақытында және шамаланған нәтижемен емес аяқталуына байланысты туындалатын тәуекел. Іскерлік тәуекелдің факторлары көптеген себептерге, яғни жекелеген сатыларда ауыспалы айналым қорларының кідіруіне немесе тоқтатылуына әкеледі. Іскерлік тәуекелдің факторларын ауыспалы айналым сатылары негізінде топтауға болады.

    І сатысы – босалқы  қорларды құру:

  • Жеткізушілердің саны және олардың сенімділігі;
  • Қойма жайларының сапасы және қуаттылығы;
  • Тасымалдау тәсілдерінің жүктің сипатымен сай келуі;
  • Қарыз алушының шикізат бағасына және оны тасымалдауға қол жетуі;
  • Сатып алушылар мен шикізатты және басқа материалдық құндылықтарды өндірушілер арасындағы делдалдардың саны;
  • Жеткізушілердің алшақтығы;
  • Экономикалық факторлар;
  • Шикізатты және басқа да құндылықтарды сатып алу модасы;
  • Валюталық тәуекелдің факторлары;
  • Импорттық шикізаттарды шетке шығару және әкелу шектеулерін іске қосудың қауіптілігі.

    ІІ  сатысы – өндіріс  сатысы:

  • Жұмыс күшінің болуы және классификациясы;
  • Құрал-жабдықтардың жасы және қуаты;
  • Құрал-жабдықтардың жұмысбастылығы;
  • Өндіріс үй жайларының жағдайы.

    ІІІ сатысы – өткізу сатысы:

  • Сатып алушылардың саны және олардың төлем қабілеттілігі;
  • Дебиторлардың әртараптандырылуы;
  • Сатып алушылар төлемсіздігінен қорғау деңгейі;
  • Қарыз алушының негізгі дайын өнім салаларын несиелендіру сипатының керектілігі;
  • Саладағы бәсекенің деңгейі;
  • Қоғамдық дәстүрлеріндегі дайын өнімді несиелеу бағасы мен артықшылығына және саяси жағдайларға ықпалы;
  • Берілген өнім нарығында артық мәселелерінің болуы;
  • Демографиялық факторлар валюталық тәуекел факторы;
  • Елімізден өнімдерді шығару және басқа елге әкелу шектеулерін енгізу мүмкіндіктері.

    Сонымен қатар, өткізу сатысындағы факторлық  тәуеклдер бірінше және екінші сатысындағы факторлармен де құрамдастырылуы мүмкін. Сондықтан да іскерлік тәуекел босалқы қорды құру және өндіріс сатыларына қарағанда өткізу сатысында өте жоғары болады.

    Экономиканың  тұрақсыз жағдайында несие беру кезінде  іскерлік тәуекелінің талдауын жүргізу, бұл клиенттің несие қабілетін бағалауын қаржылық коэффициенттер арқылы, яғни өткен есепті кезең ішіндегі нақты орташа мәліметтер негізінде одан әрі толықтырады.

    Коммерциялық  банктің іскерлік тәуекелді скоринг  жүйесі бойынша нысандандырылуы  және жүргізілуі мүмкін, бұл арқылы әрбір іскерлік тәуекелінің факторы балдық негізінде бағаланады. Бұны келесі кестеден көруге болады:3 

    1-кесте.  Іскерлік тәуекелдің балдық негіздегі көрсеткіші                

    Іскерлік  тәуекелінің критерийлері Балдар
1 Жеткізушілердің саны

- үштен көп

- екеу

- біреу

 
10

5

1

2 Жеткізушілердің беріктілігі

- барлық жеткізушілердің  репутациялары жақсы

- жеткізушілердің  басым бөлігі іскерлі  серіктес ретінде  берікті

- жеткізушілержің  негізгі бөлігі  берік емес

 
5

3

0

3 Жүкті тасымалдау

- қаладан тыс, сақтандыру полисі бар, тасымалдау түрі тауарға сәйкес болып келеді

- жеткізуші сатып  алушыдан алыс  орналасқан, сақтандыру  полисі бар, тасымалдау  тауарға сай болып  келеді

- жеткізуші сатып  алушыдан алыс  орналасқан, тасымалдау  тауардың бір бөлігінің жоғалуына және оның сапасының төмендеуіне алып келеді, сақтандыру полисі бар

- жеткізуші қаладан  тыс орналасқан, тасымалдау  жүкке сай келмейді, сақтандыру полисі  жоқ және т.б.

 
10 

8 

6 
 

4

4 Тауарды қоймалау

- қарыз алушы өзінің  жеке қоймасы бар  сапаның қанағаттандырарлығын немесе қоймалық үй жайы қажет емес

- қоймалық үй жайлар  жалға беріледі

- қоймалық үй жайы  қажет етіледі,  бірақ нақты уақытта  іскерлік тәуекелді  бағалау кезінде  жоқ болуы және  т.б.

 
5 

3

0

 

     Ақша қаражаттарының клиент шотына келіп түсетін ақшалар мен клиент шотынан аударылатын ақшалар арасындағы айырмашылығын ақша ағынының жалпы мөлшерін анықтайды. Міне, көріп отырғанымыздай келтірілген тізіміндегі ақша қаражаттарының клиент шотына келіп түсуі мен клиент шотынан аударылуы, босалқы қор мөлшерінің өзгерісі, дебиторлық және кредиторлық қарыздардың, басқа да активтер мен пассивтердің, негізгі қорлардың жалпы ақша ағынына әртүрлі ықпал етеді. Бұл ықпалды анықтау үшін кезеңнің басына және аяғына босалқы қорлар баптары бойынша дебиторлардың және кредиторлардың қалдықтары салыстырылады. Босалқы қор қалдықтарының өсімі, дебиторлық және басқа да активтердің кезең аралығында қаражаттардың клиент шотынан аударылуын білдіріп және есеп айырысу кезінде «-» таңбасын көрсетеді, ал төмендеуі қаражаттардың клиент шотына келіп түсуін, яғни «+» таңбасымен тіркеледі. Кредиторлардың және басқа да пассивтердің өсімі қаражаттардың келіп түсуі кезінде («+»), ал төмендеуі аудырылуы негізінді («-») қарастырады.

    Қаражаттардың клиент шотына келіп түсуін және клиент шотынан аударылуын негізгі қорлардың өзгеруіне байланысты анықтау үшін өзіндік ерекшелектері бар. Кезең ішіндегі олардың қалдық құнының төмендеуі немесе өсуі ғана есептелмей, сонымен қатар кезең ішіндегі негізгі қорлардың бір бөлігін өткізу нәтижелері де көрсетіледі. Өткізу бағасы баланстық бағалаудан жоғары болған жағдайда қаражаттардың клиент шотына келіп түсуін, ал кері жағдайда қаражаттардың жылыстауын көрсетеді. Қаражаттардың клиент шотына келіп түсуі (клиент шотынан аударылуы) негізгі қорлар бағасының өзгеруіне байланысты = кезең соңындағы негізгі қорлардың бағасы – кезең басындағы негізгі қорлардың бағасы + кезең аралығындағы негізгі қорларды өткізу нәтижелері.

    Ақша  ағынын талдау моделі кәсіпорынның басқару  салаларына байланысты ақша қаражаттарының клиент шотына келіп түсуі және клиент шотынан аударылуы элементтерінің топтары негізінде құрылған. Ақша ағынын талдау (ААТ) моделіндегі бұл салаларға келесі блоктар сәйкес болуы мүмкін:

  • Кәсіпорынның пайдасын басқару;
  • Босалқы қорлар мен есептемелерді басқару;
  • Қаржылық міндеттемелерді басқару;
  • Салықтар мен инвестицияларды басқару;
  • Меншікті капиталмен несие арасындағы қатынасты басқару.

    Ақша  ағынын талдау үшін кемінде өткен  үш жылдың мәліметтері алынады. Егер клиент қаражаттарының шотқа келіп  түсуінің көбеюі клиент шотынан аударылуынан орнықты болса, онда бұл оның қаржылық орнықтылығын, яғни несие қабілеттілігін куәландырады. Ақша ағынының жалпы мөлшерінің ауытқуы, сонымен бірге қысқа мерзімдегі қаражаттардың клиент шотынан аударылуы клиент шотына келіп түсуінен асуы, бұл клиенттің несие қабілетінің деңгейі бойынша рейтингтің өте төмендігін көрсетеді. Ақырында, қаражаттардың клиент шотынан аударылуы клиент шотына келіп түсуінен жүйелі түрде артық болса, онда бұл клиенттің несиеге қабілетсіз екендігін сипаттайды. Жалпы ақша ағынының орташа оң мөлшерінің құралуы (қаражаттардың келуі кетуінен артылса) жаңа несиелерді беру шегі ретінде пайдалану қажет. Берілген арттыру клиенттің кезең ішінде ұзақ мерзімді міндеттемелерін қандай мөлшерде өтей алатының көрсетеді. Жалпы ақша ағыны мен ұзақ мерзімді міндеттемелердің ара қатынасы негізінде клиенттің несие қабілетінің класы анықталады: бұл арақатынастың нормативтік деңгейі:  І класс – 0,75;  ІІ  класс – 0,30;  ІІІ класс –0,25; ІV класс-0,2; V класс – 0,2; VІ класс – 0,15.

          Ақша ағынының талдауы кәсіпорын басқарудың әлсіз жақтарын шығару туралы мүмкіндік береді. Мысалы, қаражаттардың кетуі босалық қорды басқарумен, есеп айырысумен (дебиторлар мен кредиторлар), қаржылық төлемдермен (салықтар, проценттер, дивидендтер) байланысты болады. Менеджменттің  әлсіз жақтарын табу несиелендіру шарттарын өңдеу үшін, яғни несиелік шартта бейнеленуі арқылы пайдаланылады. Мысалы, егер қаражаттар клиент шотынан аударылуының негізгі факторы ретінде есеп айырысудағы ақшалардың оқшалануының артық болуы, ал клиентті несиелендірудің “оң” шарты болып несиені пайдаланудың барлық мерзімі аралығында және берілген деңгейде дебиторлық қарыздардың айналымын ұстау. Қаражаттардың клиент шотынан аударылуының мұндай факторы акционерлік капитал мөлшерінің жеткіліксіздігі, несиелендіру шарттары негізінде  қаржылық левераж коэффициенттінің берілген нормативтік деңгейінің сақталуы арқылы пайдалануға болады. 

    1.2 Қарыз алушының  қаржылық жағдайын  талдау 

    Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудағы басты  факторға оның қаржылық жағдайы жатады. Ол қарыз алушының қызметін көрсететін  көрсеткіш ретінде қызмет ете отырып, меншікті және заемдық қаражаттарды орналастыру және пайдалану құрылымдарымен, сондай- ақ пайданы алу, бөлу және тиімді пайдаланумен сипатталады. Қарыз алушының кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық жағдайына баға беруді сипаттайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің қаржылық құжаттары қолданылады.

    Қарыз алушының кәсіпорынның қаржылық жағдайы  оның мынадай төлем қабілетіне байланысты:4

  1. шарушылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақытылы қанағаттандыру;
  2. несиені қайтару;
  3. жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу;
  4. бюджетке төлемдерді және салықтарды төлеу.

    Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік  талдау шектеулі және кең көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау үшін оның тиімділігін, төлем қабілеттілігін, шаруашылық- қаржылық  қызметін жан-жақты бағалауға мүмкіндік  беретін  көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген әдістемелер қолданылады.

     ҚР-да ҚР Ұлттық банкіндегі перспективалық зерттеулер орталығы дайындап, ҚР Ұлттық банк Директоратының 27 қыркүйек 1994 ж.мәжілісінде №26 қаулы бойынша бекітілген “Қарыз алушының несиелік қабілетін

талдауына байланысты банктердің әдістемелік  нұсқауы”, сондай-ақ АҚШ-та және  басқа да елдерде пайдаланатын әдістемелер де біршама танымал.

    Кәсіпорынның  қаржы-экономикалық жағдайын талдау үшін негізгі көздер ретінде Қаржы  министрлігі бекіткен мынадай жылдық бухгалтерлік есеп формалары қызмет етеді: “Кәсіпорын балансы” (№1 форма); “Қаржы нәтижелері және оларды пайдалану туралы есебі” (№2 форма); Кәсіпорын балансын  қосымша бет (№ 3 форма); сондай –ақ ҚР статистикалық есеп формасы “Кәсіпорынның (ұйымның) қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есебі” (№ 1 – Ф – мерзімді – тоқсандық формалары) және “Кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) өнімінің (жұмыстар, қызмет) кеткен шығындары туралы есебі” (№ 5-з -  мерзімді – тоқсандық – жылдық формалары).

    Халықаралық және Қазақстандық банктік тәжірибеде клиенттің несие қабілетін бағалау үшін әр түрлі қаржылық коэффициенттер қолданылады. Оларды таңдау үшін біріншіден, банк клиентурасының ерекшелігін, екіншіден,  қаржылық қиындықтар себептерінің мүмкіндігін, үшіншіден, банктің несиелік саясатын анықтаумен байланысты болып келеді. барлық пайдаланылатын коэффициенттерді  бес топқа бөлуге болады:

    І - өтімділік коэффициенті;

    ІІ  – тиімділік немесе айналымдылық коэффициенті;

    ІІІ – қаржы левередж коэффициенті;

    IV – пайдалылық коэффициенті;

    V- борышты өтеу қызмет көрсету  коэффициенті. Әрбір топқа кіретін несие қабілеттілігінің көрсеткіштері алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Мысал ретінде келесі жүйені келтіруге болады. 

    2- кесте. Несие қабілеттілігінің  көрсеткіштері

    Көрсеткіштер

Нормативтік деңгейлері*
1. Өтімділік коэффициенті:

  -ағымдағы  өтімділік коэффициенті

  -шапшаң  өтімділік коэффициенті

2. Тиімділік  коэффициенті (айналымдылық);

     -босалқы қорлардың айналымдылығы

     -дебиторлық қарыздардың айналымдылығы

     -активтердің айналымдылығы

3. Қаржы  левередж коэффициенті:

  -барлық  борышқорлық міндеттемелер мен (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді) активтердің ара қатынасы.

  -барлық  борышқорлық міндеттемелер мен  меншікті капиталдың ара қатынасы

  -барлық  борышқорлық міндеттемелер мен  акционерлік капиталдың ара қатынасы

  -барлық  борышқорлық міндеттемелер мен материалды акционерлік капиталдың ара қатынасы (акционерлік капитал – материалдық емес активтер)

  -ұзақ  мерзімді қарыздар мен нақты  (негізгі) активтердің ара қатынасы

 
 
2,0 – 1,25 
 
 
 
 
 
 

0,26- 0,6

0,66- 2,0 
 
 

0,5- 1,5

Кестенің  жалғасы
  меншікті  капитал мен активтердің ара қатынасы

  айналым меншікті капитал мен ағымдық  активтердің ара қатынасы

4. Пайдалылық  коэффициенті:

  -пайда  нормасының коэффициенті

  -рентабельдік  коэффициенті

  -акцияға  пайда нормасының коэффициенті

5. борышты  өтеуге қызмет көрсету коэффициенті

  -процентті  жабу коэффициенті

  -нақты  төлемдерді жабу коэффициенті

 
 
 
 
 
7,0 –2,0

Информация о работе ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕ ҚАБІЛЕТТІГІ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ