Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 19:28, курсовая работа
Қазіргі уақытта халықаралық ұйымдарға мүше болу және олардың қызметтеріне белсенді қатысу - егеменді, тәуелсіз мемлекеттердің маңызды істерінің бірі. Реформалар жолына түсіп, өркениетті қоғам құруға талаптанып жатқан Қазақстан үшін халықаралық ұйымдардың қызметіне кең көлемде араласу - бүгінгі күннің көкейкесті мәселесіне айналып отыр.
Халықаралық ұйымдардың қызметіне тиімді түрде қатысу үшін олардың іс-қимылдарын жан-жақты зерттеу қажет.
Кіріспе......................................................................................................................2
І-Тарау. Халықаралық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі...................................................................................................................7
2-Тарау. Біріккен Ұлттар Ұйымы. және Қазақстан.....................................11
3-Тарау. Халықаралық экономикалық ұйымдар және олардың Қазақстандағы қызметі......................................................................................26
4-тарау. Халықаралық аймақтық ұйымдар және Қазақстан.............................................................................................................30
Қорытынды..........................................................................................................50
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................52
Шанхай бестігіне кіретін мемлекеттер басшыларының кездесуі аймақтық және жаһандық саясаттың айқын факторына айналды. Екі мүшесі (Ресей, Қытай) Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болып табылатын "Шанхай бестігінің" экономикалық және адами әулеті, қатысушылардың ұйым қызметіне жаңа өлшемдер түрғысынан қарауы оның өміршендігіне кепіл болып, келешекте ірі аймақтық ұйымға айналатынын көрсетті.
2001 жылғы 28 сәуірде
Мәскеуде өткен Сыртқы Істер
Министрлер Кеңесінде
"Шанхай бестігіне"
алтыншы ел болып Өзбекстанның
қосылуына байланысты оны
Шанхай саммитінде ұйымның ұлттық үйлестірушілерінің кеңесі туралы ереже бекітілді, ол құжатқа сыртқы істер министрлері қол қойды. Осында өз шешімін тапқан күрделі мәселенің тағы бірі - Қазақстан, Қырғызстан, (Өзбекстан Республикалары арасындағы мемлекеттік шекараларды түйісер нүктесі жөніндегі келісім. Мұнда үш ел арасындағы делимитация ісін 2001 жылы аяқтау жоспарланды.
Қазақстан президенті Н.Назарбаев саммитте сөйлеген сөзінде "Шанхай бестігінің" арқа сүйеп келген қағидаттары жаңа құрылып жатқан "Шанхай ынтымақтастығы ұйымының" алдағы қызметіне де негіз етіп алынғаны жөн болатыны, елдер арасындағы ынтымақстастықтың негізгі мақсаты шекарадағы жағдайды қалыпқа түсіру екендігін ерекше атап қөрсетті /22/. Ел басы келесі саммитке дейін "Шанхай ынтымақтастық ұйымының хартиясын" дайындау, онда елдердің бір-бірінің қауіпсіздігіне кепілдік беру қағидаларын көздеу жөнінде ойларын ортаға салды. Қазіргі әлемдегі қауіпсіздікті тек әскери-саяси түрғыдан ғана қарастыруға болмайды, ғаламдасу дәурінде қауіпсіздіктің экологиялық, технологиялық жақтары бар.
2001 жылғы 15 маусымындағы
саммитте Ресей Президенті В.
2001 жылғы 14 қыркүйекте Алматыда Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы. Үкімет басшыларының бірінші кездесуі болды. Онда олар жарияланған мәлімдемесінде былай деп атап көрсетті: "2001 жылғы 11 қыркүйекте АҚШ-та жүзеге асырылып, ешқандай кінәсі жоқ мыңдаған адамдардың опат болуына соқтырғын бұрын-сонды болмаған террорлық акт біздің қатты ашу-ызамызды туғызуда. Біз осынау тағылық акцияны адамзат өркениятының іргелі негіздеріне, қоғамның тұрақтылығы мен мемлекеттердің қауіпсіздігіне, адамның өмір сүру құқығын қоса алғанда негізгі құқықтарына қарсылық ретінде қарастырамыз. Халықаралық терроризм бүкіл адамзат үшін ереуілі қатерге айналды. АҚШ-тағы қайғылы оқиғалар олар .үшін ұлттық. та, ізгілік те шептер болмайтынын көрсетіп берді. Бұл- зұлымдықты барлық мемлекеттердің бірлескен күш-жігері арқылы ғана жеңуге болады. Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізуде. Терроризмге, экстремизм мен сепаратизмге қарсы іс-әрекет - біздің ұйымның аса маңызды міндеттерінің бірі. Оның аясында терроризмге, сепаратизм мен экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы қабылданды. Аймақтық антитеррорлық құрылым жасақтауды жеделдету жөнінде қадамдар жасалуда. Біз терроризмнен туындайтын ғаламдық қатерді жою жөніндегі ымырасыз күрес жүргізу мақсатында барлық мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен тығыз үйлесімді тиімді шаралар қабылдауға әзірміз" /24 /.
Сонымен қатар, Үкімет басшылары "Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы үкіметтерінің арасындағы аймақтық экономикалық ынтьдмақтастықтың негізгі мақсаттары мен бағыттары және сауда мен инвестиция саласында қолайлы жағдай жасау жөніндегі процесті іске қосу туралы меморандум" қабылдады. Онда 2001 жылғы 15 маусымда Шанхай мемлекет басшылары қол қойған "Шанхай ынтымақтастық ұйымын" құру туралы декларацияның қағидалары мен принциптерін басшылыққа ала отырып, үкімет басшылары толық теңдік, өзара құмет және өзара құрмет және өзара тиімділік, кезең-кезеңдік, ащықтық принциптерінің негізінде сауда- экономикалық ықпалдастықты қалыптастырып, дамыту ниеттерін білдірді.
Дүниежүзілік сауда ұйымының нормалары мен ережелерін ескере отырып, үкімет басшылары," ШЫҰ-на қатысушы мемлекеттердің аймақтық-экономикалық ьштымақтастығын дамытудың негізгі мақсаттарын атап көрсетті. Олар - қатысушы мемлекеттер экономикасын жаппай дамытуға жәрдемдесу; сауда мен инвестиция ауқымын ұлғайту; бірлескен өндірісті дамыту; тауарлардың, технологиялардың еркін қозғалысын жүзеге асыру; көлік және коммуникация саласындағы қазіргі бар инфрақұрылымды тиімді пайдалану; транзиттік әлуетті одан өрі дамыту; табиғаттың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету; бірлескен экологиялық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру; энергетика, көлік, телекоммуникация, ауыл шаруашылығы, туризм, кредит-банк саласы, су шаруашылығы және табиғат қорғау саласы секілді бағыттарда күш-жігерді шоғырландыру; шағын және орташа бизнес арасындағы тікелей байланыстарға жәрдемдесу.
Президент Н.Назарбаев "Елдегі жағдай және 2002 жылғы ішкі жөне сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы" атты Қазақстан халқына жолдауында "Шанхай ынтымақтастық ұйымы" көлемінде ынтымақтастықты қеңейтудің еліміздің қауіпсіздігін нығайтудағы маңызын атап көрсетті.
Сонымен, "Шанхай ынтымақтастық ұйымы" қазіргі кезде өзінің саяси, қауіпсіздік және экономикалық күш-куаты жағынан Азияда ғана емес, әлемдегі ең беделді ұйымдардың біріне айналып отыр.
Еуразиялық экономикалық қауымдастық өмірге келгелі бері қауымдастық ішіндегі елдер арасында тауар айналымының артуы 38% болды /25/. Қауымдастыққа қатысушы елдер экономикасындағы құрылымдық өзгерістер бөлігінде бір-бірінен қатты ерекшеленетінін ескеретін болсақ, бұл өте жоғары көрсеткіш деп айтуға болады. Бұл бағытта Қазақстан, Ресей мен Қырғызстан республикалары бәрінен ілгері жылжуда. Белоруссия реформалар жүргізуге әліде болса асығушылық танытып отырған жоқ. Тәжікстан экономикасы соғыстан кейінгі жағдайдағы: мемлекет. осындай күрделі жағдайлардың өзінде атқарылған. істер аз емес 2001 жылдың шілде айынан бастап қауымдастық елдерінде ҚҚС тауар арналатын орындар бойынша алына бастады. Тарифтердің- 80%-ы келісілген/26/. Алайда әліде болса темір жол тарифтері келісілген- жоқ, бұл алдағы уақыттың өзекті мәселесі деп қарастырады қауымдастық мүшелері. Ресей Президенті В.Путин бұл мәселеде сындарлы позиция ұстанып отыр. Транзиттік ауқымы ұлан-асыр Ресей алғашқы кезде тарифтерден ұтылатын болды. Қазақстанда дәл солай. Егерде тарифтерді бірдейлестіру Қазақстан териториялары арқылы өткізілетін жүк көлемін шұғыл ұлғайтуға - мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті В.Путиннің кездесуінде Путин интеграция процестерін шынайы жақтаушы екенін, ол мұны Ресей үшін тиімді деп санайтынын көрсетті. Бұл жалғыз Ресейдің мүддесіне ғана емес, Қазақстан мүддесі үшін де тиімді. Алайда Ресейде бұл түрғыда әрқилы пікірлер бар. Саяси элитаның бір бөлігі жақын шетел - Ресей қосымша жүк, интеграция қажет емес, Ресейдің өзі барлық дағдарыстан шығуға қабілетті деп санайды. Бұл таңқаларлық жағдай. Он жылда Достастық елдері бір-бірінен елеулі түрде алшақтады. Бұл Достастық елдері арасында әлдеқашаннан-ақ түрліше экономика, қаржы жүйелері, бюджет, ішкі және сыртқы саясат орныққан. Бүгінде кеңестік кеңістік мемлекеттері экономикалық интеграцияның қажеттігін сезініп, осыған ерік жігер білдіріп отыр.
2002 жылы 8 сәуірде Алматыда
"Еуразиялық экономикалық
Бұл, орайда саясаткерлердің алдында мынандай міндеттер қойылуы керек. Біріншіден Орталық Азияда, тұтастай Азия құрлығында қауіпсіздіктің тиімді. жүйесін жасау жөнінде күш-жігерді жұмсауды жалғастыра беру керек. Өткен жылы Қазақстанды, Қырғызстанды, Ресейді, Тәжікстан мен Өзбекстанды біріктіретін Шанхай ынтымақтастық ұйымы қүрылғандығын жоғарады айтып өттік. ШЫҰ-ның аясында әскери саладағы сенім мен өзара іс қимыл тетіктері сыннан өткізіліп үлгерілді. Сауда-экономикалық, гуманитарлық салада, терроризм мен экстремизм қатеріне қарсы түру ісінде ынтымақтастықты дамыта түсу көзделген. Бұл бағытта алдағы кезде де тиімді жұмыс істей беру; керек. Бүгінгі танда Азиядағы өзара іс-қимыл мен сенім шаралары процесіне қатысушы елдердің мемлекет және үкімет басшыларының саммитін өткізу бұрынғыдан да көкейтесті сипат алып отыр. Қазіргі геосаяси жағдайда қауіпсіздік проблемаларына, ойың ішінде ең алдымен Орталық Азиядағы қауіпсіздікке қатысты пікірлер мен көзқарастарды баяндау үшін Азиядағы өзара іс-қимыл мен сенім жөніндегі кеңестің мінберін пайдалану өте-мөте маңызды болып отыр.
Екіншіден. Каспий аймағына төнуі мүмкін жойқын апаттардың алдын алу үшін қолдан келетін шаруаның барлығына ерекше назар аудару керек. Каспий - Еуразияның маңызды стартегиялық аймағы, көмірсутектерінің бай қоймасы. Оның мұнай қорын игеру ісіне әлемнің аса іргелі компаниялары қатысуда. Каспий теңізі бүкіләлемдік қауымдастықтың мүддесі үшін бейбіт ықпалдасу мен экономикалық ынтымақгастық аймағына айналуға тиіс./28/
Саяси лидерлердің алдында тұрған аса маңызды міндет жаһандық және аймақтық ядролық қауіпсіздікті нығайту мәселелерімен байланысты. Орталық Азия бүгінде қаруға ие және соның "табалдырығында тұрған елдер" деп аталатын мемлекеттің қоршауында жатқан ядролық қарусыз алаң болып отыр. Осынау мазасыз геосаяси нақтылық қаруды таратпау режимін одан әрі табанды түрде күшейту қажеттігін алға тартады.
Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін стратегиялық мәні бар тағы бір төтенше маңызды саяси міндет Ауғанстанды қазіргі ауыр жағдайынан шығару болып табылады. Ауған халқына көмектесе отырып, біз өзімізге өзіміз көмектесеміз, өйткені, Орталық Азия аймағындағы көп нәрсе Ауғанстанды қайта түлету процесінің қаншалықты ойдағыдай жүретініне байланысты болмақ./29/
Ұлан-байтақ Еуразия - континентінде бас бірікпеушілік пен томаға-тұйықтық интеграция мен ықпалдастыққа орын беруі керек. Орталық Азия мемлекеттері біздің ортақ су, инфрақүрылым, экологиялық проблемаларымызды шешуді қаржыландыру жөнінде әлемдік қаржы институттарының алдына бірлескен ұсыныстарымен шығуы қажет. Бұл ынтымақтастықтың және кедейшілікпен күрестің куатты ынталандырғышы болады. Алматыда өткен ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуі Достастық шеңберіндегі интеграцияның да болашағы жақсы екенін көрсетіп берді.
Табиғи газды өндіруші мемлекеттердің де, сондай-ақ оны Еуропаға, Азияға, басқа аймақтардың рыноктарына тасмалдау үшін өз аумағы мен инфракұрылымын беретін мемлекеттердің де мүдделерін біріктіретін "Еуразиялық газ альянсын"құруға ниет білдіріп отыр. Энергетикалық және көлік одақтарының жақсы перспективасы бар. Бұл бірлестіктердің тарихи бастаулары ретінде Еуропалық Одақ бастау алған көмір мен болат жөніндегі альянсты айтуға болады.
Жақында ғана 13 мамырда. Ресей астанасы Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің кезекті мәжілісі болды /30/. Қазақстан — Республикасының президенті Н.Назарбаев әлемде жаһандасу үрдісі белең алған тұста жаңа жағдайға қарай негіздеп, елдер мен халықтар арсындағы байланыстың аса маңызды тетігі ретінде ұсынған еуразия идеясы барған сайын өміршеңдік танытып, үстемдік алып келеді. Қауымдастыққа алғаш ұйымдасқан 2000 жылғы қазанда бес мемлекет қауымдасса, енді олардың саны таяу уақытарда мүше мемлекеттер саны жетеуге жетуі мүмкін, Молдова Президенті Владимир Ворониннің және Украйна Президенті Леонид Кучма экономикалық қауымдастыққа бақылаушы ретінде қатысуға ниет білдіріп отыр /31/. Мұның өзі Еуразия экономикалық қауымдастығының шын мәнінде халықарлық деңгейде лайықты орын ала бастағаныны көрсетіп отыр. Қазіргі кезде экономикалық қауымдастыққа мүше елдердің ішкі тауар айналымы қарқынды өсіп келеді. Экономикалық қауымдастықтың аса маңызды құжаттары қабылданды. Ең бастысы, қауымдастық мүшелерінің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздерге өзара ықпалдастығын жетілдіру және үйлесімді позицияны талдап жасау жөніндегі уағдаластыкқа қол жеткен. Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық қауымдастық эмблемасы мен жалауын бекіту, оның Парламенттік ассамблеясы жөніндегі ереже жобасын талқылау, қауымдастыққа мүше болғысы келетін елдерді қабылдау тәртібі, сондай-ақ бақылаушы ретінде қатысу мәртебесін белгілеу сияқты маңызды мәселелер бар.:Мүше елдер ұйым жарғысына қатаң бағынуы керек. Соған сәйкес мүшелік жарнаны уақытында төлеп түру міндеттілік болып табылады. Еуразиялық экономикалық қауымдастығы қазіргі кезде. өзіндік құрылымы қалыптасқан беделді халықаралық ұйымға айнала бастағандай.
"Тек қауымдаса,
күш-жігерді біріктіре отырып, біз
өзара пайдалы әріптестіктің
тиімді тетіктерін жасап,
Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына үлкен маңыз береді әрі оған қатысуды өзінің сыртқы саясатындағы басты міндеттерінің бірі санайды. Өйткені, ШЫҰ мүше мемлекеттердің барлығы теңдей дережеде күш-жігер танытқан жағдайда аймақтық және жаһандық кауіпсіздікті қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосуға қабілетті құрылым деп біледі.
Информация о работе Халықаралық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі