Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 19:28, курсовая работа
Қазіргі уақытта халықаралық ұйымдарға мүше болу және олардың қызметтеріне белсенді қатысу - егеменді, тәуелсіз мемлекеттердің маңызды істерінің бірі. Реформалар жолына түсіп, өркениетті қоғам құруға талаптанып жатқан Қазақстан үшін халықаралық ұйымдардың қызметіне кең көлемде араласу - бүгінгі күннің көкейкесті мәселесіне айналып отыр.
Халықаралық ұйымдардың қызметіне тиімді түрде қатысу үшін олардың іс-қимылдарын жан-жақты зерттеу қажет.
Кіріспе......................................................................................................................2
І-Тарау. Халықаралық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі...................................................................................................................7
2-Тарау. Біріккен Ұлттар Ұйымы. және Қазақстан.....................................11
3-Тарау. Халықаралық экономикалық ұйымдар және олардың Қазақстандағы қызметі......................................................................................26
4-тарау. Халықаралық аймақтық ұйымдар және Қазақстан.............................................................................................................30
Қорытынды..........................................................................................................50
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................52
Функционалды критерий бойынша да халықаралық ұйымдарды екі топқа бөлуге болады. Олар: саяси, экономикалық, әлеуметтік ынтымақтастықты жүзеге асыратын жалпы бағыттағы ұйымдар және арнайы міндеттері бар, ынтымақтастықтың нақты мәселелерін шешетін топ (мысалы, көлік қатынасы, байланыс, денсаулық сақтау т. с. с. проблемаларды шешу). Жіктеудің тағы бір критерийі ха-лықаралық ұйымдардың уақытша немесе түрақты түрде жүмыс істеу мүмкіндіктері. Бірінші категорияға ха-лықаралық конференциялар, кеңестер, конгрестер т. б. жатады да, екіншісіне — халықаралық ұйымдардың тікелей өздері кіреді.
Халықаралық ұйымдар географиялық орналасуына қарай да жіктеледі. Мысалы, дүниежүзінің басым көпшілігі елдерін қамтитын әмбебап халықаралық ұйымдар бар. Бұлардың екінші тобына белгілі бір географиялық ауданға орналасқан мемлекеттерді біріктіретін халықаралық ұйымдар жатады.
Қазіргі уақыт талабына сәйкес халықаралық ұйымдарды дүние жүзінде орныға бастаған жаңа көзқарастар мен тенденциялар түрғысынан жіктеу ең дүрысы болар еді. Халықаралық ұйымдардың пісіп, жетілген және ешқашан өзгермейтін қүрылымын шүқып көрсету ешкімнің де қолынан келер іс емес. Қалай қарастырсақ та ешқандай жіктеу схемасына толығымен сай келмейтін халықаралық ұйымдардың пайда болуы ешкімді де таңыртқатпаса керек. Сондықтан схеманың өзін емес, оны дүниеге әкелетін белгілерді айшықтау маңызды. Олай болса ең ыңғайлысы халықаралық ұйымдарды функционалдық, яғни атқаратын қызметі бойынша жіктеу.
Мысал үшін сауда қатынастары
жөніндегі халықаралық
— тауарлардың жекелеген түрлерін сату тәртібін белгілеуші ұйымдар мен ерекше тауарлар саудасын бақылаушы және оны шектеуші ұйымдар (қару, қосарланған технологиялар, ядролық материалдар, есірткілер т. б.) Бұл ұйымдарға КОКОМ және австралиялық топ деп аталатын ұйымды жатқызуға болады.
Шикізат ресурстарымен сауданы реттейтін және оларды шетелге шығарушы (экспорттаушы) елдер ұйымдары;
шикізат тауарларын өндіруші (экспорттаушы) және оларды тұтынушы елдер ұйымдары:
Дәл осындай жіктеу сеткасын жекелеген аймақтар (региондар) деңгейінде де жасауға болар еді./3/
2. Біріккен Ұлттар Ұйымы. және Қазақстан.
1991жылдық 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады.
1992 жылдың 2 наурызы тәуелсіз
Қазақстанның тарихында
Осылайша біздің еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі халықаралық түрде танылды. Дүние жузінің картасында жаңа егемен мемлекет пайда болды. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының 168-ші мүшесі болдық, ал оның құрамы 176 мүшеге дейін өсті.
Қазақстан үшін 1992 жылдың 5 қазаны тарихи күн болды, өйткені сол күні біздің Мемлекетіміздің Басшысы Н.Ә.Назарбаев бірінші рет Біріккен Ұлттар Ұйымының мінбесінен сөз сөйледі. Өз сөзінде Президент Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі Кеңестік (АӨЫСШК) шақыру жөнінде бастама жасады. Бұл бастама Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше-мемлекетері тарапынан оң қолдау тапты. 1993 жылдың қаңтарында Біріккен Ұлттар Ұйымының мемлекет-мүшелері арасында біздің мемлекетіміздің Біріккен Ұлттар Ұйымының бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінде бірінші ресми құжаты ретінде таратылды./6/
Қазақстан Біріккен Ұлттар ұйымына мүше болып кірген соң басты екі мәселе көтерілді. Біріншеден, біздің еліміздің, ең алдымен Арал мен Семейдің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық проблемаларын шешуге қолдау жасау мақсатымен Біріккен Ұлттар Ұйымының әртүрлі қорлары және бағдарламаларымен ынтымақтастықты жөнге қою керек болды. Екіншіден, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа мемлекет-мүшесі ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының әртүрлі органдарының, ең алдымен Бас Ассамблеясының жұмысына қатысу арқылы, саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы халықаралық проблемаларды шешуге өз үлесін қосуға тиісті болды.
Сол себепті Біріккен
Ұлттар Ұйымының 46-сессиясы және 1992 жылы
қыркүйек-желтоқсанда өткен 47-сессиясы
барысында Қазақстан
Қазақстанның бағдары Біріккен Ұлттар Ұйымының күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша біздің мүшелігіміздің алғашқы күндерінен бастап салмақты және жүйелі болды.
Біріккен Ұлттар Ұймында
бәрі біз үшін тың нәрсе болды.
Бірінші рет Қазақстаның
Қазақстан 1997 жылы ЮНИСЕФ-тің басшы органы-Атқару кеңесінің құрамына сайланды./8/
1997жылы 16 желтоқсанында
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас
Ассамблеясының 52-сессиясы Семей
аймағы халқының денсаулыгы
Қазақстан үшін Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болу-біздің еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің кепілі және олардың іс жүзіне асқандығының көрінісі. Осы бірегей ұйымға деген жоғары құрмет Қазақстанда онымен жүргізіліп отырған табысты және жан-жақты ынтымақтастықпен қуатталуда
1992жылы 2 наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруі өзінің маңызы жағынан тарихи акция болды, осы қадам біздің еліміздің шынайы тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік қоғамдастық қатарына қабылдануын рәміздік тұрғыдан рәсімдеді./10/
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымға әлемдік қоғамдастықтың қатардағы жаңа мүшесі ретінде ғана емес, сонымен бірге қазіргі заманның ең бір өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын, ядролық қарусыздану жолдындағы козғалыстың алғы шебінде тұрған мемлекет ретінде енді. 1991жылы Семей ядролық сынақ алаңының жабылуы және 1992жылы Лиссабонда ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде Ядролдық қаруды таратпау туралы шартқа қосылу жөнінде міндеттеме алу Қазақстанға үлкен бедел сыйлады және Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының жоғары міндерінен халықаралық қауіпсіздік саласындағы жеке бастамаларын көтеруге моралдық құқық берді.
1992жылы күзде өткен
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас
Ассамблеясының 47-сессиясы тәуелсіз
мемлекет өкілі ретінде
Әлемдік қоғамдастығы өзгерістерді
және әлемдегі Біріккен Ұлттар Ұйымының
жаңа рөлін назарға ала отырып,
Н.Назарбаев былай деп
Осы форумда Н.Ә.Назарбаев екі маңызды ұсыныс жасады, екі ұсыныс та әлемдік қоғамдастыққа біздің еліміздің сыртқы саяси бағытының жасампаздың сипатын паш етті.
Біріншіден, қазақстандық басшы барлық үкіметтерге ізгі ниет білдіру тәртібімен «бір плюс бір» формуласы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастауды ұсынды. Бұл формула төмендегіні білдіреді, әрбір мемлекет оған өзінің қорганыс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын өзінің ақша аударуын сол баяғы бір пайызға ұлғайтады. Осындай жолмен 10 жылдан кейін осы бітімгершілік соммасы он есе өседі.
Екіншіден, Қазақстан басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі кеңесті шақыру туралы бастама көтерді. Азия құрлығының орасан зор кеңістігінде қауіпсіздік құрылымын құруға бағытталған осы ұсыныс біздің еліміздің басшысын халықаралық сахнада кеңінен танымал етіп, Қазақстанның сыртқы саясатының арқауына айналды.
Н.Ә.Назарбаев өзінің сөзінде сондай-ақ экология және қоршаған ортаны қорғау сияқты өмірлік маңызды мәселелерге де тоқталды. Бұл ұғымдар Қазақстан үшін кемінде екі сөзден-Арал мен Семей сөздерінен мен мұндалап тұрады. Кеңезесі кеуіп бара жатқан Арал теңізі-шұғыл және ауқымды халықаралық көмекті талап ететін экологиялық апат аймағы. 150млн. тұрғын халқы бар аймақтың экономикасы мен денсаулығы үшін теріс салдарлардың ұлғаюына әкеліп соғады. Егер бұл бүгін он мыңдаған адамдардың қайғысы болса, онда ертең Біріккен Ұлттар Ұйымы шұғыл түрде араласпаса, миллиондаған адамдардың қайғысына айналуы мүмкін.
Біздің екінші бір
экологиялық жан айқайымыз,- деп
мәлімдеді Н.Ә.Назарбаев,-бұл
Қазақстанның халықаралық сахнада бой көрсетуі сәтті өтті деп нық сеніммен айтуға болады. Біздің мемлекетіміз әлемдік қоғамдастықтың іс жүзінде ғаламдық қауіпсіздікті колдайтын бөлігінің қатарынан лайықты орын алды.
Біріккен Ұлттар Ұйымында қарусыздану және ядролық қаруды таратпау режимін нығайту саласындағы Қазақстан басшылығының белсенді рөлі, осы саладағы жасалған барлық халықаралық келісімдерге біздің мемлекетіміздің адалдыгы жоғары бағаланды. Ядролық қаруды сынауды толық тоқтату жөніндегі Қазақстанның табанды позициясы және іс жүзіндегі қадамдары әлемдік қоғамдастықтың үлкен құрметіне бөленді. Қазақстанның СНВ-1 қатарына және Ядролық қаруды таратпау туралы шартына қосылуын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 49-сессиясында, сондай-ақ Ядролық қаруды таратпау туралы іс-қимылды ұзарту жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының конференциясында мемлекеттер мен үкіметтер басшылары өздерінің сөздерінде құттықтады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында қарусыздану және ядролық қаруды таратпау туралы өзі қабылдайтын барлық қарарларында жоғарыда аталған фактіні қанағаттанғандықпен атап өтіп жүр.
2001жылғы 29-30 тамызда Алматыда өткен «XXI ғасыр: ядролық қарудан азат әлем жолында» атты халықаралық конференцияда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының орынбасары В.Петровский: «Халықаралық қоғамдастық үшін Қазақстан жауапты саяси ерік-жігерімен, салмақты сөзбен және нақты істермен адамзат өзін өзі жоятын құралдардан ғаламшарды қалай азат етуге болатындыгының жарқын мысалын көрсетті»,-деп мәлімдеді./12/
1996 жылғы 30 қыркүйекте
Сыртқы істер министрі
Біздің еліміз Орталық Азияда бейбітшілік пеи қауіпсіздікті сақтауға зор маңыз береді және осы географиялық аумақта ядролық қарудан азат аймақ құру жөніндегі бастаманы іске асыруға мүдделі. Қазақстан осындай аймақ құруға қатысты келіссөздер процесіне сындарлы түрде қатысып жүр. Біріккен Ұлттар Ұйымының жәрдем көрсетуімен қазірдің өзінде болашақ шарттың мәтінін келісу жөнінде бес Орталық Азия елдерінің сарапшылар тобы елеулі жұмыс жүргізді. Орталық Азияда осындай аймақтың болуы ядролық қаруды таратпауды және ғаламдық қауіпсіздік режимін нығайтады.
Қазақстан халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыруға зор маңыз бере отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік қызметін белсенді түрде қолдайды. Ұйымға мүше мемлекеттердің Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік күш-жігерін кеңейту және нығайту қажеттілігі туралы пікірлерін бөлісе отырып, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан 1995жылғы желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында орталық Азия бірлескен бітімгершілік батальонын құру туралы келісімге қол қойды. Үш Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары Біріккен Ұлттар Ұйымынық Бас хатшысына жазған өздерінің өтінішінде бірлескен батальонның Біріккен Ұлттар Ұйымының болашақтағы бітімгершілік операцияларына қатысу мүмкіндігі туралы мәселені қарауды ұсынды.
Орталық Азияның бітімгершілік батальонының құрылуы Біріккен Ұлттар Ұйымдардан қолдау тапты және Бас хатшы мұны халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі аймақ мемлекеттерінің үлесі ретінде бағаланды. 1996 жылдың басында Қазақстан бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларға қатысу мүмкіндігімен Біріккен Ұлттар Ұйымының резервтік келісімдер жүйесіне қосылған 51-ші мемлекет болды. Бүгінгі күні Ұйымға мүше 65 мемлекеттер резервтік келісімдерге қатысады және олар Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік операциялары үшін ресурстар ұсынуға өздерінің дайын екендіктерін білдірді.
Информация о работе Халықаралық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі