Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 19:28, курсовая работа
Қазіргі уақытта халықаралық ұйымдарға мүше болу және олардың қызметтеріне белсенді қатысу - егеменді, тәуелсіз мемлекеттердің маңызды істерінің бірі. Реформалар жолына түсіп, өркениетті қоғам құруға талаптанып жатқан Қазақстан үшін халықаралық ұйымдардың қызметіне кең көлемде араласу - бүгінгі күннің көкейкесті мәселесіне айналып отыр.
Халықаралық ұйымдардың қызметіне тиімді түрде қатысу үшін олардың іс-қимылдарын жан-жақты зерттеу қажет.
Кіріспе......................................................................................................................2
І-Тарау. Халықаралық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі...................................................................................................................7
2-Тарау. Біріккен Ұлттар Ұйымы. және Қазақстан.....................................11
3-Тарау. Халықаралық экономикалық ұйымдар және олардың Қазақстандағы қызметі......................................................................................26
4-тарау. Халықаралық аймақтық ұйымдар және Қазақстан.............................................................................................................30
Қорытынды..........................................................................................................50
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................52
Біріккен Ұлттар Ұйымға мүше бола отырып, Қазақстан көптеген саяси проблемалардың, бірінші кезекте орталық Азия аймағының қауіпсіздігін қозғайтын проблемалардың шешімін іздестіруге тартылды. Ауғаныстандағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты 1996 жылғы қазанда Алматыда Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның, Қырғызстанның және Тәжікістанның саяси басшыларының кездесуі өтті, олар аталған мәселе бойынша бірлескен мәлімдеме қабылдады. Саммитте қабылданған шешімге сәйкес біздің еліміз аталған мемлекеттермен бірге Ауғаныстандағы жағдай туралы мәселе бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы мәжілісін өткізуге бастамшы болды (1996 жылғы 16 қазан). Оның қорытындысы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 1076 белгілі қарары қабылданды, қарардың тең авторлары Алматы кездесуіне қатысушы мемлекеттер және АКШ-ты, Германияны, Италияны, Чилиді және Корея Республикасын қоса алғанда бірқатар басқа да мемлекеттер болды.
Қазақстан, Қырғызыстан, Өзбекстан, Тәжікістан басшыларының және Ресей Президентінің арнайы өкілінің тағы бір кездесуі 2000 жылғы тамызда өтті. Онда ауған жанжалының Орталық Азияға таралуына және аймақ елдерінің аумағына қарулы бандалық құрылымдардың енуіне байланысты қалыптасқан жағдай қаралды. Кездесуге қатысушылар Орталық Азияның қауіпсіздік саласындағы жағдайын нашарлататын ауған проблемасын шешу жөнінде шұғыл шаралар қабылдауға шақырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық және аймақтың ұйымдарға арналған үндеу қабылдады.
Ауған мәселесін реттеу ісінде тиімді нәтижелердің болмай отырғандыгына алаңдаушылық білдірген Президент Н.Ә.Назарбаев 2000 жылғы қыркүйекте өткен Біріккен Ұлттар Ұйымы мыңжылдығының саммиті кезінде ауған мәселесін тұрақтандыру жөнінде нақты іс-шараларды әзірлеу үшін Ауғаныстан мен Орталық Азиядағы жағдайды қарауға арналған Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы отырысын шақыруды сұрады. Мұндай отырыс халықаралық қоғамдастықтың бірқатар кең ауқымды саяси, экономикалық және гуманитарлық шараларды қабылдаудың басы болар еді, мүдделі елдердің ауған проблемасына жаңаша көзқараспен қарауына, халықаралық қоғамдастықтың тарапынан қолға алынбай отырған кейбір істерді көрсетуге, сондай-ақ Ауғаныстандағы жағдайды реттеу процесін бейбіт жолға шығару үшін қосымша мүмкіндіктерді анықтаған болар еді.
Қазақстан Ауғаныстанның соғыс қиратқан экономикасын қалпына келтіруде әлемдік қоғамдастық тарапынан кең ауқымда көмек көрсету мүмкіндігіне қатысты ауған халқында сенім қалыптасуы керек деп есептейді. Қаруды жеткізуге тыйым салу немесе есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ара-тұра болатын іс-қимыл сияқты жекелеген шаралар ұзақ мерзімді тиімділік бермейді. Мұндай шаралар Ауғаныстан экономикалық оңалтудың жалпы жоспарының бөлігі болуы тиіс. Жалпы жоспар тікетіресіп жатқан ауған топтарының арасындағы атысты шұғыл тоқтатумен қатар, халықаралық экономикалық көмекті тартумен қатар эмиграцияға кеткен экономикалық, саяси және интеллектуалды ел элитасының әлеуметтік мемлекеттік басқару жүйесін қалпына келтіруге пайдалануды қамтиды. Мұның өзі білімге, денсаулық сақтауға және тарихи сондай-ақ мәдени мұраны қалпына келтіруге байланысты проблемаларды дербес түрде шешуге мүмкіндік береді.
Болашақта Қазақстан өзінің төңірегіне ауған халқын нақты шоғырландыра алатын, Ауғаныстанды мекендейтін барлық ұлттардың құқығы мен бостандығын сақтауды қамтамасыз ететін, елдің ішкі проблемаларын жауапкершілікпен шешетін және бейбіт сыртқы саясат жүргізетін Ауғаныстан үкіметін ресми тануға дайын.
Кейінірек Ауғаныстандағы
жағдайды реттеуге қатысты Қазақстанның
тұжырымдық көзқарасы 2001 жылғы сәуірдегі
Қауіпсіздік Кеңесі мен Бас Ассамблеясының
55-сессиясында ресми құжат
Әлемдік саяси проблемаларға Қазақстанның тепе-теңдік сақтаған және шынайы көзқарасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының күн тәртібіндегі өткір мәселелер бойынша дауыс берген кезде осы халықаралық форумда оң бағаланып жүр. Біздің еліміз Еуропадағы қауіпсіздікпен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның, Ислам Конференциясы Ұйымының, парламентаралық Одақ пен Экономикалық ынтымақтастық ұйымынық мүшесі болғандықтан осы бірлестіктердің Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған Бас Ассамблея қабылдайтын қарарлардың тең авторы болып табылады.
Біріккен Ұлттар Ұйымындағы біздің мемлекетіміздің ұстанымы Біріккен Ұлттар Ұйымы қарайтын мәселелердің бүкіл кешені бойынша Қазақстанның мүдделерін ескерудің негізінде қалыптасады. Бұл орайда экономика, экология, әлеуметтік даму, халақаралық құқықты прогрессивті дамыту, адам құқығын сақтау саласында, ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында Біріккен Ұлттар Ұйымымен өзара іс-қимылды нығайтуға айрықша көңіл бөлінеді.
Қазақстанның сыртқы саясатында Орталық Азия аймағының көлік жүйелерін және тауар өткізудің әлемдік рыноктарына шығудың балама жолдарын одан әрі дамыту жөнінде басқа да азиялық елдермен күш-жігерді үйлестіруге ерекше маңыз берілді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 53-сессиясында Қазақстан Орталық Азиядағы транзит мәселесі бойынша қарар қабылдауға бастамасы болды. Еуропа мен Азия елдерінің арасында ынтымақтастықты кеңейту үшін өзара байланысты ұлттық және аймақтық көлікті инфрақұрылымды дамыту проблемасы уақыт озған сайын маңызды бола түсуде.
Қарарда қозғалатын мәселелерге қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер тарапынан өсе түсіп отырған мүдделіктің, сондай-ақ аймақта тиімді транзит жүйесін қалыптастыру проблемасының маңыздылығын түсінудің куәсі-бірқатар Шығыс Еуропа елдерінің Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 53-сессиясында осы қарардың тең авторларының қатарына қосылуы болды.Қазақстанмен бірге Біріккен Ұлттар Ұйымға мүше 13 мемлекет осы құжаттың тең авторлары атанды, олар; Әзербайжан, Армения, Ауғаныстан, Беларусия, Болғария, бұрынғы Югославия, Македония, Грузия, Иран, Қырғыстан, Монголия, Польша, Молдава, Ресей, Тажікстан, Түркеменстан, Түркия, Өзбекістан және Украина. Қарар Екінші комитеттің жалпы мәжілісінде дауыс берместен-ақ қабылданды.
Орталық Азия аймағындағы транзит жүйесі бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемелерінің, басқа да халықаралық ұйымдардың және біздің аймағымыздағы транзиттік көлік жүйесін, сондай-ақ Еуропа мен Азия арасындағы көлік қатнастарын дамыту бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру жөніндегі донор елдердің тарапында болатын іс шарлардың халықаралық құқықтық негізін құрды. Қарардың ережелерін Қазақстан өкіметі, тиісті министрліктер мен ведомстволар халықаралық Ұйымдармен, донор елдермен және басқа да мүдделі тараптармен келессөздер барысында пайдалануы мүмкін.
Біріккен Ұлттар Ұйымының
- халықаралық бейбітшілікті
1998 жылғы 16 қарашада
Бірікен Ұлттар Ұйымының Бас
Ассамблеясының 53-сесиясында Қазақстандағы
Семей аймағының халқының
Бірікен Ұлттар Ұйымына
мүше бірқатар мемлекеттердің делегацияларымен
тұрақты консультациялар
Тұрақты дамудың кең ауқымды мәселелерін қарауға Біріккен Ұлттар Ұйымының жан-жақты тартылуы жоғары деңгейдегі бүкіл әлемдік конференцияларды өткізуден байқалады; олар: Адам құқығы туралы-Вена (1993ж), халықтың қоныстануы мен дамуы туралы-Каир (1994ж.), Әлеуметтік даму туралы-Пекин (1995ж.), Тұрғын елді мекендер және даму туралы-Стамбұл (1996ж.).
Қазақстан құжаттардың бастапқы жобаларына ұсыныстар енгізу арқылы ғана емес, сонымен бірге олардың ережелерін ұлттың деңгейде іске асыруға кірісіп, осы форумдардың жұмысына белсенді түрде қатысты.
Қазақстанның барлық халықтарының теңдігін, нәсіліне, жынысына, тіліне, дініне, саяси және өзге де көзқарастарына қарамастан адамның негізігі құқықтары мен бостандығын жария еткен біздің елеміздің Конституциясы Вена деклорациясының шешімдеріне және Адам құқығы саласындағы іс-қимыл тұғырнамасына толық сәйкес келеді. Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Адам құқығы жөніндегі комиссияның құрылуын Біріккен Ұлттар Ұйымында адам құқығын қорғау саласындағы халықаралық құжаттарды іске асыруға бағытталған нақты қадам ретінде бағаланды.
Отбасын, әйеледерді және балаларды әлеуметтік қорғау Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың басымдық берілетін бағыттарының бірі. Біздің еліміз қатысушы болып табылатын әмбебап халықаралық шарттардың алғашқыларының бірі Бала құқығы туралы конференция болды. 1994жылы аталған Конференцияға Президент Н.Ә.Назарбаевтың қол қоюы және оны кейінірек Парламенттік бекіту Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар Қорымен (ЮНИСЕФ) тиісті ынтымақтастықты орнатуына және оны кеңейтуіне мүмкіндік берді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметіндегі басымдықтардың бірі халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын бекіту, оны прогрессиеті түрде дамыту және жүйелеу болып табылады. Міне, сондықтан да Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 1989жылғы 17 қарашадағы 44/23 қарарымен 1990-1999 жылдар кезеңі Біріккен Ұлттар Ұйымы халықаралық құқығының онжылдығы болып жарияланды. Онжылдық шеңберінде 1995жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб пәтерінде (Нью-Йорк) халықаралық көпшілік құқығы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Конгресі өткізілді, онда халықаралық проблемаларды қуқықтық құрылымдармен реттеу жөнінде қызу пікір алмасу өткізілді. Пікірталасқа әлемнің 150-ден астам мемлекеттерінен өкілдер қатысты.
Егер Біріккен Ұлттар Ұйымындағы жұмысының алғашқы жылдарында Қазақстан делегациясы Ұйым шеңберінде өткізілетін халықаралық құқықты жүйелеу және оны прогрессифті түрде дамыту процесін жалпы шолумен ғана шектелсе, ұлттық құқықтық базаның дамуына және қашықтық тәжірибенің жинақталуына байланысты осы тұрғыдағы елдің мүмкіндігі нығайды. Қазақстандық делегация қазірдің өзінде сарапшылық деңгейде болашақ конвенциялардың баптардың жобалары бойынша пікірталасқа, Халықаралық құқық туралы, халықаралық сауда құқығы туралы Бірікен Ұлттар Ұйымының комиссиясы өткізетін зерттеулерге қатысады. Осы жылдар ішінде біздің еліміз қарусыздануға, саудасаттықа және көлікке, экологияға, терроризмге қарсы күреске қатысты, гуманитарлық дипломатиялық құқық саласындағы негізгі халықаралық шарттардың қатысушысы ретінде көрінді. Осы шарттардың көпшілігінің депозитарийі Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы болып табылады.
Ғарыштық кеңістікті игеру саласында Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастықтың маңызы зор. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 49-сессиясында (1994ж.) Қазақстан бейбіт мақсаттарға ғарыш кеңістігін пайдалану жөніндегі комитетке сайланды (КОПУОС). Мұны Қазақстанның ғарыш кеңістігін игеруге кеңейту үлесін тану ретінде қарауға болады. Біздің еліміз тұрғын елді мекендер бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы комиссиясының мүшесі болып табылады, оның шеңберінде қала құрылысын салу мен тұрғын үйді жоспарлау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі жұмыстар жүргізіледі.
Қорыта айтқанда 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруі өзінің маңызы жағынан тарихи акция болды, осы қадам біздің елеміздің шынайы тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік қоғамдастың қатарына қабылдануын рәміздік тұрғыдан ресімдеді.
2002 жылғы 2 наурызда
Қазақстанның бүгінгі таңда 189
мүше-мемлекеттерді
Информация о работе Халықаралық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі