Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 19:28, курсовая работа
Қазіргі уақытта халықаралық ұйымдарға мүше болу және олардың қызметтеріне белсенді қатысу - егеменді, тәуелсіз мемлекеттердің маңызды істерінің бірі. Реформалар жолына түсіп, өркениетті қоғам құруға талаптанып жатқан Қазақстан үшін халықаралық ұйымдардың қызметіне кең көлемде араласу - бүгінгі күннің көкейкесті мәселесіне айналып отыр.
Халықаралық ұйымдардың қызметіне тиімді түрде қатысу үшін олардың іс-қимылдарын жан-жақты зерттеу қажет.
Кіріспе......................................................................................................................2
І-Тарау. Халықаралық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі...................................................................................................................7
2-Тарау. Біріккен Ұлттар Ұйымы. және Қазақстан.....................................11
3-Тарау. Халықаралық экономикалық ұйымдар және олардың Қазақстандағы қызметі......................................................................................26
4-тарау. Халықаралық аймақтық ұйымдар және Қазақстан.............................................................................................................30
Қорытынды..........................................................................................................50
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................52
Каспий труба қүбыры консорциумының барлық ішкі проблемалары шешілді. Ол құбыр тарту құрылысына кірісіп, оны 1999 жылы аяқтайды. Мұның өзі қыруар мұнайды Қазақстаннан сырт жерге тасымалдауға мүмкіндік береді. Бірақ 2003—2005 жылдардан бастап балама мүнай-газ қүбырлары қажет болады. Бүлар көмірсутегі өнімдерін сыртқа шығаруға және оны елдің ішінде тұтынуға бағдарланады. Әңгіме, атап айтқанда, Кав-каз дәлізін пайдаланудың мүмкіндігі туралы болып отыр. Сондай-ақ мұнайды Жерорта теңізіне де, сондай-ақ Батыс Қытайдың аймақтарына да тасымалдау идеясының келе-шегі зор.
1997 жылы оптико-талшықты
кабель пайдаланылатын
Еуропа қайта құру және даму банкісінің көмегімен Каспийдегі Ақтау теңіз портын қалпына келтіріп, жаңғырту жұмыстары басталды. Олар аяқталғаннан кейін порт екі миллион тонна құрғақ жүк және 6 миллион тон-наға дейін мұнай мен мүнай өнімдерін жөнелте алады. Порт Иран арқылы Қазақстанның Таяу және Орта Шығыспен, ал Ресей өзендері мен Балтық теңізі арқылы Еуропамен сауда байланыстарын жасауын қамтамасыз етеді.
Қазақстан арқылы жаңа әуе көпірлерін жасау жөнінде де жедел жумыс атқарылуда. Олар келешекте Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азияға және керісінше жолаушылар мен жүк тасымалдағанда шығынды едәуір қысқартуға, жаңа астана, еркін экономикалық аймақ болып табылатын Ақмола қаласының құрылысын жеделдетуге жәрдемде-седі.Соңғы жылдары Қазақстанға 6 миллиард доллардан ас-там капитал енгізіледі. Мұнда 2000-ға жуық бірлескен кәсіпорын жүмыс істеуде. Жасалған келісім-шарттар бой-ынша узақ мерзімді инвестициялар сомасы 60 миллиард доллардан асып туседі. Бұл ТМД елдері мен Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің бүкіл инвестициялық пор-тфелінің 4 0 процентіне жуығын қүрайды,
Халықаралық азаматтық авиация ұйымы, шикізаттың жекелеген түрлерін экспортқа шығарушы елдер арасын-дағы қызмет өте маңызды жёке сала болып табылады. „Дүние жүзі қоғамдастығымен қосылуға деген ұмтылысы-мызды білдіре отырып, халықаралық экономикалық стра-тегияларды үйлестірудің қалыптасқан қүралдарын тануга біз әзірміз',,.
Қоғамдық сана енді, өзге жаққа қарай бет бұра бастады. Солай болса-дағы ырықтандырылған экономикаға, тіпті болмағанда, қазіргі уақытта, нақты балама жоқ деп санауымызға болады. Әлемдік еңбек бөлінісі обьективті түрде өмір сүруде. Өндіріс шығын қай жерде аз болса, сол жерде дамиды. Осы заманғы өнеркәсіптік және басқа технологиялар адам өмірінің барлық саласына таралуда. Қандай да ғылыми әлеуетке ие екендігіне қарамастан бірде бір ел жалғыз өзі әлемдік техникалық прогреспен жарыса алмайды. Сондықтан біздің жағдайымызда экономикалық өзара кірігушілікке кедергі келтіру дегеніміз шығыны жоғары өндіріс пен тиімсіз басқаруды қызғыштай қорғау.болып шығады. Бұған қоса мұндағы басты мәселе басқада - экономиканы ырықтандыру процесінде мемлекеттің ролі қалай өзгеруі керек дегенде тұрғандай көрінеді Өйткені, әр елдің өз ерекшелігі, өз шектеулері бар. Сондықтан шығындаушылыққа ұрынбау өте маңызды. Осындай туындаған жағдайларға байланысты Еуразиялық экономикалық қауымдастық аясында интеграциялану бірден-бір тиімді жол екендігін айтуымызға болады. Бұған мүше Беларусь, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан елдері бірін-бірі экономикаларымен толықтыратын КСРО-ның бұрынғы республикалары. 200 милионға жуық халық!.
Бұл дегеніміз айтарлықтай үлкен. рынок.
2000 жылы қазан айының
10 жұлдызында Қазақстан
Еуразиялық экономикалық қауымдастық құру және аталған мәселеге орай мемлекет басшыларының мәлімдемесі самитте ең басты құжат ретінде қаралып, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мемлекет басшылары бұл жаңа экономикалық ұйымның интеграциялық үрдістері ілгері жылжуға тиімді әсер ететініне келіскендерін білдірпек болатын. Басқосуда Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев Еуразиялық экономикалық қауымдастық құру туралы шешімді Қазақстанның Кедендік Одаққа қатысушы елдердің интеграциялық іс күш-жігерін сапалық жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін тетік ретінде қарастыратынын атап көрсеткен./15/ Бұл Еуропалық одақ, басқа да халықаралық ұйымдарға жақын үлгідегі принципті жаңа құрылым болып табылады. Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық қауымдастықты Қазақстанның 1994 жылғы Еуразиялық Одақ туралы бастамасын іс жүзіне асыруға бастайтын төте жол ретінде қарастырған жөн. Әрі бұл шешімде ұжымдық саяси ерік, көп қырлы ынтымақтастық, нақты интеграция мәселелері көріңіс тапқан. Ал, Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың жоғары органы Мемлекетаралық кеңес болып табылады. Оған интеграцияны дамытуға бағытталған іс-әрекеттерге бастамаша болу өкілеттігі берілген, оның құрамына мемлекет басшыларынан басқа премьер-министірлер кіреді.
Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың қызметіне қатысты әңгіме қозғасақ - бұл жас құрылым әуелі өзінің құқықтық базасын, қатысушы мемлекеттердің атқаратын міндеті мен жауапкершілігі бар. Еуразиялық экономикалық қауымдастық құрамындағы әр ел бір- бірімен тығыз интеграциялық қарым-қатынасқа түспесе одан оң нәтиже күту қиын. Оның құрамында Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан кіреді/16/. Қазақстан - экономикалық реформалардың көшбасшысы. Біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып АҚШ тарапынан нарықты экономика елі ретінде танылды. Қазақстанның ТМД елдері арасында бірінші болып мұндай жетістікке жетуі біздің" еліміздегі нарықтық өзгерістердің табысты жүріп отырғанын -дәлелдейді. Бұл мәртебе халықаралық ынтымақтастықта елімізді толық құқылы әріптес дәрежесіне көтереді. Ресейге қатысты дәл осындай мәселе енді ғана талқыланбақ.
Бұл 2004 жылдың желтоқсанында ресми сапары кезінде президенттеріміздің келіссөздерінің, сондай-ақ елімізде әлеуметтік экономикалық және саяси реформаларды ойдағыдай өткізудің арқасында іке асты. Бұл соңғы он жылдағы біздің бүкіл жұмысымыздың нәтижесі.
Мұндай шешімнің біз үшін үлкен мәні бар. Біріншіден, бұл дүниежүзінің Қазақстанда жүргізілген реформаларды тануы және ең маңыздысы - дүниежүзілік қауымдастық Қазақстанды тең құқылы әріптес ретінде танып отыр/17/.
Жаңа ұйымның іс қимыл жасайтын органы тұрақты жұмыс істейтін интеграциялық комитет болады. Сонымен қатар қатысушы елдер мемлекет басшылары "тағайындайтын тұрақты өкілдер комиссиясы деп аталатын орган енгізіледі. Мемлекетаралық кеңес пен Интеграциялық комитетінің қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастыру міндеті Интеграциялық комитетінң хатшылығына жүктеледі. Хатшылыққа бас хатшы қызмет жасайды. Еуразиялық экономикалық қауымдастық - жаңа тұрпатты бірлестік. Ондағы дауыстан оған қатысушы мемлекеттердің ауқымына сәйкес белінеді. Бір мемлекеттің келіспеушілігі болған жағдайда өзгелері шешім қабылдай алмайды. Бұл қауымдастыққа қатысу барлығы үшін тиімді болатынынын кепілі. Барлық интеграциялық бірлесттктер бүкіл қатысушылар үшін олардың тиімді болуына негізделіп отыр. Егер соған қол жеткізілсе, онда Еуразиялық қауымдастық мықты болады. Егер қандайда бір мемлекет оның мүддесі ескерілмейді деп есептейтін болса, ол қауымдастықтан шығып кете алады. Осыны бәрінің түсінуі керек. Егер Ресей Еуразиялық қауымдастық идеясын белсенді түрде қолдайтын болса, бұл бірлестіктің табысқа жету мүмкіндігі бар. Басқаша жағдайда, бұрын талай рет орны алғандай, бәрі құрыдымға кетеді.
Орталық Азия Әкономикалық кеңістігі
Қазақстан экономикасын
жандандырудың және оның дүниежүзілік
қоғамдастықпен үйлесуін жеделдетудің
маңызды факторларының бірі - Орталық
Азия мемлекеттерімен тығыз
Орталық Азия мемлекеттері халықтарының тарихы, мәдениеті, тілі, болмысы терең тамырлас. Бұл аймақта орналасқан мемлекеттердің территориясы 4 млн. шаршы км. Халқының саны 50 миллионнан астам. Геосаяси орналасу артықшылықтары, ортақ шекаралары, бір-бірімен байланыстырып жатқан көлік және коммуникациялық қатынастары бар, сондай-ақ, табиғи шикізаттар ресурстарының барланған мол көздері бар Бұл мемлекеттердің экономикаларының өзара әрекеттесуін жолға қоюдың саяси және экономикалық болашағы зор.
Орталық Азия мемлекеттерінің дамыған тау-кен, түсті және қара металлургия, мұнай өңдеу және мұнай химиясы, құрылыс материалдарын өндіру, электроэнергетика, жеңіл және тамақ өнеркәсібі бар,
Орталық Азия аумағындағы
интеграциялық процестерді
Қаржы және төлем қатынастары шеңберінде ынтымақтастықты дамыту бағытында аталған банк сауда және басқа да операциялар жөніндегі көп жақты мемлекетаралық есептеулерді жүзеге асыруды, төлем жүйелері мен ақша аударуды орнықтыруды, сондай-ақ біріккен кәсіпорындар құруға көмектесуді, стратегиялық бағдарламаларды несиелеуді, жалпыаймақтық белгідегі объектілерді қаржыландыруды қамтамасыз етуі тиіс. Бірақ, келісімде көрсетілген Ортақ рынокқа жылжу шаралары, әсіресе өзара сауда сферасында, орындалмай отыр. Мұның өзі бірқатар объективті және субъективті себептерге байланысты. Олардың ішіндегі ең негізгілері: ұлттық заң шығармашылығындағы айырмашылықтар және осы мемлекеттердің әрқайсысында қалыптасқан экономиканың ахуалы.
Істің шын мәнінде, Орталық Азия мемлекеттерінің экономикаларын үйлестіру жұмыстары күтілген нәтижелерге жете алмай, артқан үміттерді ақтай алмай отыр.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылу тарихы мен оның даму барысы және мұнда Қазақстан Республикасының мүше болуы, егменді еліміздің дипломатиялық тарихындағы ең маңызды мәселерлердің бірі болып отыр.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы тұрақты ұйым ретінде 2001 жылы 15 маусымда Шанхай қаласында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің өзара келісімімен құрылды. Оған мүше елдердің жер аумағы Еуразия кеңістігінің бестен үш бөлігін құрайды. Халқының саны - 1 миллиард 455 миллион адам. Яғни, жер шарын мекендеген адамзат қауымының тәрттен бір бөлігін қамтиды./18/
Ұйым құрамында БҰҰ
Қазақстан тәуелсіздігіне
қол жеткізген алғашқы
Еуразиялық экономикалық қауымдастықтан "Шанхай бестігіне" көпір тастауға болады. Ал бұл шетсіз-шексіз рыногы, жедел дамып келе жатқан әулеті бар Қытай. "Шанхай бестігі" аясындағы интеграцияға Үндістан мемлекеті үлкен қызығушылық білдіріп отыр. Осыдан Ресей үшін ұлан-ғасыр - көкжиегі бар мүлдем жаңа геосаяси кескін айқындалуда. Ресей Қытаймен бірге ғаламдық интеграциялық одақтың локомотиві сынды бола-алар еді, сонда күш - жігерді біріктіру арқылы, осы елдердің экономикаларына өзіне жеткілікті дерлік болуға мүмкіндік беретін модельді құра біліп, Батыстан өзімізде жоқ технологияларды ғана алуымызға қол жете алар еді.
Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтық дербес тұлғасы ретінде өмір сүрген алғашқы күннен бастап, елдің басшылығы ұлы көрші Қытай Халық Республикасымен ұзақ мерзімді, тұрақты тату көршілік, достық және өзара ынтымақтастық қатынастарын қуаттап, өрістете беру ұлттық мүддемізге сай келетінін айқындады. Қазақстан президенті Н.Назарбаев былай деп атап көрсетті: "Меніңше, адамзаттың XXI ғасырдағы дамуы көбіне-көп Қытаймен байланысты болады. Көптеген елдер Қытаймен арақатынасты өз саясатының негізгі өзегі деп түсінеді. Ал Қазақстан үшін осынау болашағы зор, экономикасы қарышты қадаммен дамып келе жатқан мемлекетпен ойдағыдай қарым-қатынас орнату айрықша маңызға ие"/19 /.
1996 жылғы 26 сәуірде
Шанхайда Қазақстан
Информация о работе Халықаралық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі