Халықаралық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 19:28, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі уақытта халықаралық ұйымдарға мүше болу және олардың қызметтеріне белсенді қатысу - егеменді, тәуелсіз мемлекеттердің маңызды істерінің бірі. Реформалар жолына түсіп, өркениетті қоғам құруға талаптанып жатқан Қазақстан үшін халықаралық ұйымдардың қызметіне кең көлемде араласу - бүгінгі күннің көкейкесті мәселесіне айналып отыр.
Халықаралық ұйымдардың қызметіне тиімді түрде қатысу үшін олардың іс-қимылдарын жан-жақты зерттеу қажет.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................2
І-Тарау. Халықаралық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі...................................................................................................................7
2-Тарау. Біріккен Ұлттар Ұйымы. және Қазақстан.....................................11
3-Тарау. Халықаралық экономикалық ұйымдар және олардың Қазақстандағы қызметі......................................................................................26
4-тарау. Халықаралық аймақтық ұйымдар және Қазақстан.............................................................................................................30
Қорытынды..........................................................................................................50
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................52

Работа содержит 1 файл

kurs_4279.doc

— 244.50 Кб (Скачать)

Қазақстан маңызды ғаламдық және аймақтың түйінді проблемалардың шешімін іздеуге осы дүниежүзілік ұйым рөлінің нығайтылуын жақтайды. Бұл ұйымның әмбебаптыгы, көп жақты күш-жігерді үйлестіру жөніндегі айтулы мүмкіндіктері оны әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде таптырмайтын құралға айналдыруда.

2000жылы Нью-Йоркте  болып өткен Мыңжылдық Саммитті  Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының  мақсаттары мен принциптерінің өзектілігін қуаттап берді. Қортынды декларацияда жаңа әлемдік тәртіпті қалыптастыру Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысының принциптері мен халықаралық құқық нормаларына негізделуі тиіс. Белгілі дәрежеде Мыңжылдық Саммиттің декларациясы-ол Ұйымның концептуалды жаңаруына негіз қалайтын Біріккен Ұлттар Ұйымының болашаққа деген іс-қимыл жоспары. Қазақстан, Мыңжылдық декларациясын қолдайтынын білдірді, сондай-ақ оның бейбітшілікке, ынтымақтастық пен дамуға қатысты ережелерін асыруға шын ниетін растады. Мыңжылдық Саммитіндегі өзінің сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жаһандану процесі дүниежузілік қоғамдастық алдында жаңа міндеттер қойып отырғанын атап өтті. Жаңа қыр көрсетулер мен қауіптердің туындауы жағдайында ұлттар қоғамдастығының лайықты жауап тауып отыруы ерекше маңызды рөл атқарады. Біріккен Ұлттар Ұйымының басты міндеті жаһандану процесінің оңтайлы сипатын қамтамасыз ету.

Біріккен Ұлттар Ұйымы  қарарында Қазақстан өзінің егемендігі мен халықаралық беделін арттыру үшін тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді. 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы мінбесінен Қазақстан Президентінің алғашқы рет Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесі (АӨСІІІК) шақыру бастамасын көтерген болатын. Бұл бастама беделді ұйымның рухына және аймақтық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған оның іс-қимылына сай келеді.

Қазақстан дипломатия қарусыздану  және таратпау мәселелеріне үлкен мән  береді.

3. Халықаралық экономикалық ұйымдар және олардың Қазақстандағы қызметі.

Халықаралық үкіметаралық ұйымдар (ММПО) қазіргі халықаралық қатынастарда маңызды рөл атқарады. Халықаралық ұйымдардың Бұл категориясының маңыздылығы олардың жүмысына мемлекеттер мен үкіметтердің ресми түрде қатысуында болып отыр,

Мемлекеттер Бұл ұйымдарга  мүшелігін өздерінің сыртқы экономикалық саясаттары мен қызметтерінің бас-ты бағыттарының бірі деп қарастырады. Мүндай ұйымдар үкіметтердің ерекше қамқорлығында: әрбір мемлекеттің сыртқы істер министрлігі қүрамында халықаралық ұйымдармен шүғылданатын бөлімдер бар, халықаралық үкіметаралық ұйымдарға төленетін мушелік жарна мемле-кеттік бюджеттің сыртқы саяси және сыртқы экономика-лық қызметіне арналған бабының қомақты бөлігіне ие болуда.

Халықаралық үкіметаралық ұйымдардың қатарынан экономикалық мәселелермен шүғылданатын ұйымдардың қызметін атап көрсетейік. Ол үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының экономикалық секторындағы жағдайды қарастырайық. БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік кеңесі (ЭКО СОС) Бас Ассамблеяға, оның комитеттері — Екінші комитетке (экономикалық және қаржы мәселелері жөніндегі) және Үшінші комитетке (әлеуметтік, гуманитарлық және мәдениет жөніндегі) есеп беруге міндетті.

БҰҰ-ға мүше елдердің қатары өскен сайын экономикалық сектордың  салмағы да арта түсуде. 60-жылдары  Біріккен Ұлттар Ұйымының шеңберінде сауда және даму конференциясы (ЮНКТАД). Өнеркәсіпті дамыту жөніндегі ұйым (ЮНИДО) сияқты ірі экономикалық органдар қүрылды. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі СТОКГОЛЬМ конференциясы БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) жүзеге асыра бастады. БҰҰ-ның экономикалық қызметтермен шұғылданатын бөлімдері оның ресурстарының басым бөлігін (65-тен 90%-ке дейін) жұмсайтын көрінеді.

Егер БҰҰ-ның маманданған  мекемелері жөнінде айтатын болсақ, олардың қатарынан „таза" экономикалық бөлімдерді бөліп алудың өзі қиын. Әрине, БҰҰ-ның органдары мен ұйымдарын экономикалық, әлеуметтік т. с. с. деп бөлудің өзі шартты нәрсе. Дегенмен жыл сайынғы жүзде-ген миллион бюджеттік шығындар БҰҰ-ның экономикалық қызметінің деңгейін көрсетсе керек. Мысалы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ), Халықаралық еңбек ұйымының (МОТ), БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО), қызметтерін жалпы талдау олардың іс-әрекеттеріндегі экономикалық аспектілердің мейлінше маңызды және басым екендігін көрсетеді.

Қазақстан БҰҰ-ға оның 164-ші ұлттық мүшесі болып 1992 жылдың 2 наурызында қабылданды. Біздің Республика БҰҰ-ның саяси мәселелер жөніндегі блогының белсенді мүшелерінің бірі. Қазақстанның бұл беделді халықаралық ұйымдағы белсенділігі, әсіресе ядролық қауіпсіздік мәселелерімен тығыз байланысты. Сондай-ақ, Қазақстанның еуразиялық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі бастамалары да көпке мәлім.

Қазақстандық өкілдіктің БҰҰ-ның көмекші органдарындағы іс-қимылдары да айтуға түрарлық. Соңғы  уақыттың өзінде Қазақстан БҰҰ-ның  экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОС), елді мекендер комиссиясы мен ақпарат Комитетінің мүшелігіне кірді. Біздің Республика БҰҰ Бас Ассамблеясының космосты бейбіт мақсаттарға пайдалану комитетінің де мүшесі Қазақстан БҰҰ-ның даму және қоршаған ортаны қорғау Бағдарламасымен (ЮНЕП) де белсенді ынтымақтастықты қолдап, олардың Арал, Каспий, Семей проблемаларьш шешудегі көмегіне үміт артып отыр.

БҰҰ-ның даму Бағдарламасы (ПРООН) 1965 жылы құрылған. Бұл Бағдарлама — дамушы елдерге көп жақты  техникалық және инвестицияға дейінгі көмек көрсететін негізгі арна. Аталған көмектер эксперттерді жіберу, жабдықтар беру, стипендиялар тағайындау сияқты нысандарда жүзеге асырылады. БҰҰ-ның даму Бағдарламасының Қазақстандағы қызметі 1993 жылы басталып, ұлттық кадрларды даярлау, үкіметке консультативтік көмек көрсету бағыттарында жүргізіліп келеді.

БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Бағдарламасы (ЮНЕП). Қоршаған ортаны қорғау және жақсарту үшін үкіметтер  мен халықаралық қоғамдастықтың тиімді байланыстарын жүзеге асыру  мақсатында 1972 жылы құрылған ЮНЕП-тің жасаған биологиялық көп турлілік Конвенциясына Қазақстан 1994 жылдың қыркүйегінен бастап мүше. 1994 жылдың қазанында Парижде жасалған шөлге қарсы күрес Конвенциясына Қазақстан белсенді түрде қатысып, оған қол қойды. Қазіргі уақытта ЮНЕП-пен ынтымақтастық шеңберінде мынадай жұмыстар атқарылуда:

  • қоршаған ортаның бүкіл әлемдік қорының (ФГОС) қаржыландыруы мен ЮНЕП-тің „Каспий теңізінің биологиялық көп түрлілігін және оның жағалауын қорғау" бағдарламасын жүзеге асыру,
  • ЮНЕП бағдарламасы шеңберінде Каспий теңізі проблемалары жөнінде ұлттық баяндама дайындалу үстінде;
  • ЮНЕП-тің Еуропалық аймақтық бюросымен бірге Арал және Каспий теңіздерінің проблемалары жөніндегі халықаралық конвенция жасау мәселелері қарастырылуда;

— ЮНЕП-тің табиғатты  қорғау жөніндегі заң шығару және экологиялық саясат Орталығы Қазақстандағы қазіргі заңдарды және жасалып жатқан жаңа экологиялық заңдарды сынақтан өткізуде.

БҰҰ-ның халық саны жөніндегі қоры (ЮНФПА) 1967 жылдың маусым айында құрылған. Бұл қор БҰҰ жүйесіндегі мекемелерге халық саны жөніндегі техникалық ынтымақтастықты дамыту үшін қосымша ресурстар бөлу істерімен шұғылданады. ЮНФПА-ның аймақтық өкілеттігі Ташкент қаласында жұмыс істейді. Аталған қор Орталық Азия аймағында халық саны мен отбасын жоспарлау жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыра бастады. Орталық Азияның алты мемлекеті үшін 23 млн. доллар бюджеті бар кешенді бағдарлама бекітілді.

БҰҰ-ның Еуропалық  экономикалық комиссиясы (ЕЭК) 1947 жылы құрылған және тікелей ЭКОСОС-қа бағынады. Штаб-пәтері Женевада орналасқан. Қазіргі кезде 55 мүше елдерді ұйымдастырып отыр. Комиссияның негізгі мақсаттарына мүше елдер арасындағы экономика-лық қатынастарды дамыту және жақсарту, қоршаған ортаны қорғау, көлік, статистика, сауда мен экономикалық талдауды жақсарту сияқты мәселелерде үкіметаралық ынтымақтастықты нығайту жатады.

Қазақстан 1994 жылдың қаңтар айынан бастап Еуропалық экономикалық комиссияның мүшесі. Қазіргі уақытта  Қазақстан экономикасының белгілі  басымдықтары шеңберінде Комиссиямен  тұрақты ынтымақтастықты қалыптастыру жүмыстары жүргізілуде. Қазақстанның өкілі ЕЭК-тің экологаялық саясаты жөніндегі Комитетінің мүшесі.

БҰҰ-ның Азия және Тынық  мухиты жөніндегі Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) 1947 жылы құрылған. Комиссияның штаб-пәтері Бангкокте (Тайланд). Азия және Тынық мүхиты жөніндегі Экономикалық және әлеуметтік комиссия Азия және Тынық мухиты елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына көмектеседі, олардың өзара және дүниежүзінің басқа елдерімен ынтымақтастығын нығайтуға дәнекерлік қызмет атқарады.

Еуразиялық мемлекет ретінде Қазақстан ЭСКАТО-ның мүшесі ЭСКАТО-мен бірігіп жасаган бірқатар жобаларды Азия даму банкі қаржыландырып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Халқаралық аймақтық ұйымдар  және Қазақстан.

Қазіргі заман жағдайында мемлекеттің табысты дамуы-ның  негізі макроэкономикалық тұрақтылық — инфляцияға ушырамаған ақша-несие саясаты, бюджет тапшылығына қатаң бақылау жасау мен қалыпты баға белгілеу, сондай-ақ сыртқы саудадағы ашықтық-экспортты ынталандыру, импортты барынша шектеу, біртүтас импорт тарифы, үлттық валютаның икемді қуны мен сыртқы инвестиция үшін қолайлы ахуал жасау болып табылады.

„Қоғамдық өмірдің шешуші саласы — экономика сала-сындағы  стратегия мен тактиканың мәні қүрылымдық және технологиялық артта қалушылықты  бір мезгілде жоя отырып, нарықтық жүйеге көшуді одан әрі жалғастыру бо-лып табылады"1.

Қазақстанның аймақтық интеграциялық топтармен қарым-қатынасын  сөз еткенде ең бірінші кезекте  ТМД ел-дерімен күш жігерді  біріктіру мақсаттары тұрады. Өйткені  ТМД елдерінің экономикалары  бір-бірімен тығыз байла-нысқан. Сондықтан күш-қуатты бірлестірудің шын жақтастары бола отырып, кдлыптасқан жағдайдан шығудың өзімізге тән жолын іздестіруге мәжбүр болып, ТМД елдерімен „интеграция" саясатынан „үйлестіру" саясатына көшуді жүзеге асыру қажет. Бүл саяси бағыт абыр-сабырсыз және қауіпті шыдамсыздықсыз, ішкі потенциалдық мүмкіндіктерге суйене отырып жүзеге асы-рылуы тиіс. Ал, бүл мүмкіндіктер Қазақстанда жеткілікті.

Біріншіден, бүл іс жүзінде  кез-келген өндіріс түріне сенімді  шикізат негізі болатын пайдалы  қазба бай-лықтарының көптігі. Екіншіден, жерге қатысты реформа ларды жүзеге асырғаннан кейін Қазақстанға тіпті дүниежүзілік аренада азық-түлікті экспортқа шығаруда көзге түсуге мүмкіндік беретін ауыл шаруашылық жері мен егістіктің кең көлемі. Үшіншіден, жеткілікті мөлшерде да-мыған өндірістік потенциалдың және барлық салаларда са-уатты жүмысшылар контингентінің болуы. Төртіншіден, бай, бүрынғы жүйе кәдімгідей талап етпеген ғылыми идея-лардың мол қоры, жаңалықтар мен өнертабыстар.

Республика байланыстарының  қазіргі жай-күйі мен стратегиялық мүддесін ескере отырып, сыртқы экономи-калық саясат нақты маңызы бірдей мына бағыттар бойын-ша дамитын болады.

1. „ТМД" Ресеймен, Украинамен, Беларусьпен, Орта-лық Азия мемлекеттерімен  және ТМД-ның басқа мемле-кеттерімен  экономикалық одақты сақтап, нығайту. Бүл орайда мыналар ескеріледі:

а) кәсіпорындар арасындағы тығыз байланыстар;

б) дүние жүзілік рыноктағы бағаны түсірмеу үшін шикізат экспорты саласындағы іс-әрекетті үйлестіру қажеттігі;

в) Еуропа мен Таяу Шығысқа біздің жүктердің тран зитін қамтамасыз ету;

г) ғылыми-техникалық орталықтарды бірлесіп пайдала ну және конверсияны жүргізу.

2. „Азия — Тынық мүхиты аймағы" Пекин - Сеул -Токио арқылы Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдеріне шығу. Бүл бағыттың алдыңғы қатарлы технологиялар, ірі көлемде инвестициялар мүмкіндігі бар несие көзі, болашақта - біздің өнімді өткізу және Қазақстанда бірқатар жобаларды іске асыру үшін жүмысшы күшін қатыстыру рыногі ретінде үлкен мәні бар.

  1. „Азия". Ықтимал өткізу рыногы және нарықтық эко номиканы дамыту үлгілерінің бірі ретінде Туркияға басты назар аудару. Экономикаға инвестиция тарту үшін Шығыс және Алдыңғы Азия елдерімен ынтымақтастық.„Еуропа" ГФРға басым назар аударылады, ол ТМД ға барлығынан да көп қаржы салуға әзір. Айтарлықтай неміс диаспорасы болуының арқасында Қазақстанмен ірі көлемде ынтымақтастық жасалуы мүмкін.  Оның үстіне ГФР-дің экономикалық үлгісі біз үшін неғүрлым тартымды. Инфрақүрылымды дамыту және кадрларды  оқыту мақсатында техникалық жәрдем мен несие алу үшін Еуропа экономикалық қоғамдастығымен ынтымақтастық. Бірқатар салада Шығыс Еуропа елдерімен өзара іс-қимыл сақталады.
  2. „Америка" Дүние жүзінің жетекші экономикалық державасы ретінде АҚШ-қа басты назар аудару. Мексйка-мен және Латын Америкасының басқа елдерімен байланыстардың болашағы өте зор.
  3. Халықаралық үйымдардағы: Халықаралық валютақоры, Халықаралық даму және қайта құру банкі, басқа экономикалық ұйымдар, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымы, Халықаралық азаматтық авиация үйымы, шикізаттың жекелеген түрлерін экспортқа шығарушы елдер одағындағы қызмет өте маңызды жеке сала болып табылады.

„Дүние жүзі қоғамдастығымен  қосылуға деген үмтылы-сымызды білдіре  отырып, халықаралық экономикалық стратегияларды үйлестірудің қалыптасқан қүралдарын тануға біз әзірміз"1.

Республика Үкіметі бизнес үшін халықаралық сауда-ның қажетті болашағын қүра отырып, халықаралық ком-муникациялар қалыптастыру мен дамытуға жіті көңіл бөлуде. Қазірдің өзінде Қытайдағы теңіз жағалауынан бас талып Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Иран және Түркия арқылы Парсы шығанағындағы порт-тарға дейін баратын Трансазия темір жол магистралі іске қосылды. Осы мемлекеттердің темір жол желісі арқылы Ресеймен, Еуропа және Таяу Шығыс елдерімен жаңа қатынас жолдары ашылады. Қолда бар және жоспарланып отырған темір жол маршруттарымен Қазақстан жыл сайын 15—20 млн. тонна жүк тасымалдау ниетінде. Ресейдің Транссибімен салыстырғанда жаңа Трансазия маршруты Жапония мен Германия арасындағы жүк тасымалдау жо-лын 2,5 мың шақырымға қысқартады. Ал Суэц каналына шығып, теңіз арқылы тасумен салыстырғанда жол 10,5 мың шақырымға қысқарады.

Информация о работе Халықаралық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі