Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:50, шпаргалка

Описание работы

Қазіргі кезеңде психология ғылымы алдында тұрған теориялық және практикалық міндеттердің сан қилылығына орай үлкен қарқынмен дамуда.Психологияның негізгі міндеті психикалық іс әрекеттіі оның даму барысымен байланысты зерттеп,тану.Осы заңдар арқылы объектив дүниенің адам миында қалай бейнеленетіні,осыған орай оның әрекеттері қалай реттелетіні,психикалық қызметтің дамуы мен жеке адамның психикалық қасиеттері қалай қалыптасқандығы айқындалады.

Содержание


Сұрақ
1
Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістері.
2
Психологияның даму тарихы
3
Психология ғылымның негізгі салалары.
4
Психология ғылымының дамуындағы негізгі кезеңдер.
5
Индивид, субъект, тұлға ұғымдарын түсіндіріңіз.
6
Психологиялық зерттеудің негізгі әдістері.
7
Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы.
8
Түйсіктердің жіктелуі.
9
Қабылдау, оның түрлері және заңдылықтары.
10
Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері.
11
Ес. Естің негізгі түрлері.
12
Естің механизмдері мен негізгі процестері
13
Ойлау. Оның түрлері және ерекшеліктері
14
Ойлаудың қасиеттері.
15
Сөйлеудің түрлері
16
Сөйлеудің шығуы және дамуы.
17
Сөйлеу және оның қызметтері
18
Зейін, оның қызметтері және түрлері
19
Қиял және оның түрлері
20
Қиял және шығармашылық
21
Эмоция түсінігі. Эмоция қызметтері
22
Эмоцияның негізгі түрлері
23
Ерік. Еріктің негізгі қызметтері.
24
Адамның еріктік қасиеті және олардың дамуы
25
Темперамент туралы түсінік.
26
Гиппократтың темперамент туралы теориясы
27
Темперамент типтері
28
Мінездің қалыптасу ерекшелігі
29
Темперамент және мінез
30
Қабілет. Қабілеттің түрлері.
31
Эмоцияның негізгі қызметтеріне сіз қандай талдау жасар едіңіз
32
Жоғары деңгейдегі сезімдерді қалай түсіндіресіз?
33
Ерік.Еріктің қандай негізгі қызметтерін анықтай аласыз?
34
Ерік туралы Сіз қандай теорияларды шынайы деп табасыз?
35
Адамның еріктік қасиеттері мен дамуы қандай жолдармен жүреді деп ойлайсыз?
36
Темперамент өмір барысында өзгермейді деген тұжырыммен келісесізбе,келіссеңіз мысал келтіріңіз?
37
Гиппократтың темперамент туралы теориясына қазіргі ғылыми тұрғыдан талдау жасағанда,нені қолдауға болады?
38
Ойлауды дамытуға арналған әдістердің ішінде С8із қайсысын қолданып жүрсіз?
39
Неміс философиіясы И.Канттың темперамент туралы теориясын сіз қолдайсызба?
40
Темперамент типтеріне Сіз қандай мінездеме бере аласыз?
41
Темпераменті қандай психологиялық әдістермен немесе тесттермен анықтауға болады?
42
Мінездің
қалыптасуына әсер ететін қандай заңдылықтарды білесіз?
43
Жақсы мінездің негізін қандай ерекшеліктер құрастырады деп ойлайсыз?
44
Темперамент пен мінездің айырмашылығын сызба түрінде көрсетіңіз?
45
Мінез адамның дене құрылымына байланысты деп есептейтін Кречмер мен Шелдонның теориясымен келісесіз бе?
46
А.Е.Личко бойынша мінез акцентуци түрлерінің кайсысына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
47
К.Леонград бойынша мінез типтерінің қайсысына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
48
Мінездің қалыптасу ерекшеліктері жайлы эссе жазыңыз?
49
Сіздің маман болып шығуыңыз үшін қабілеттің қай түрі қажет деп ойлайсыз?
50
Қарым қатынаста комплимент айтудыңі қажеттілігі бар ма?
51
Сізде өмір қиындықтарын жеңуде қандай сапаңыз көмектеседі деп есептейсіз?
52
Мен «Психология жайлы қызықты және маңызды нені білдім?» тақырыбына эссе жазыңыз.
53
Сіздің тұлғалық даму деңгейлеріңізді сызба түрінде көрсетіңіз
54
Ерік жігерді шыңдаудың жолдары туралы эссе жазыңыз
55
«ХХІ ғасырдың психологиясы» тақырыбында эссе жазыңыз
56
Мінезді өзгертуге байланысты қандай шаралар жасауға болады
57
Логикалық ойларды дамытуға арналған қандай техникаларды білесіз?
58
Сіз болашақ маман ретінде қандай психологиялық білімдерді пайдалана аласыз?
59
Өзіңіздің студенттік тобыңызға қандай психологиялық мінездеме бере аласыз?
60
Адам қабілеттерін дамытуға арналған қандай психологиялық практикалық әдістер білесіз?

Работа содержит 1 файл

Психология Айзада.docx

— 175.25 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

33. Ерік. Еріктің  қандай негізгі қызметтерін анықтай  аласыз?

Ерiк деп адамның  өзiнiң психикасы мен қылықтарын саналы басқару қабiлетiнен көрiнетiн  қасиеттi атайды. Ол саналы қойылған мақсатқа жету жолында кездескен кедергiлердi жеңуден көрiнедi. Ерiк адам психикасының маңызды құрауышы болып табылады және мотивтермен, таным және эмоциялық процестермен тығыз байланысты. Ерiктiң негiзгi функциясы (қызметi) өмiр әрекетi барысындағы қиын жағдайларда белсендiлiктi саналы түрде реттеуден тұрады. Сонымен қатар, ерiктiң өзге екi қызметiн бөлiп көрсетуге болады: белсендiрушi және тежеушi. Ерiктiң арқасында адам өз қалауы бойынша, саналы ұғынылған қажеттiлiктен шыға отыра, алдын ала ойлаған, жоспарлаған әрекеттерiн жүзеге асыра алады. Ерiк белгiленген мақсатқа жету жолында адам бойын кернеген эмоция мен сезiмдердi тежеп отыратын, қуаныш пен қызығу тудырмайтын, алайда қажеттi iс үшiн жағымды жайттардан бас тартуға мәжбүрлейтiн мiнез-құлықтың реттеушi қасиетi боп табылады. Сонымен, ерiк бiр жағынан, адамның әрекетiн бағыттайды не тежейдi, екiншi жағынан, белгiлi бiр талаптар мен мiндетттерден шыға отыра психикалық iс-әрекеттi ұйымдастырады. Адам жұмысқа бөгет болатын болса, қызығулардан, ойындардан, ұнайтын iстерiнен, шылым шегу, арақ iшуден бас тартуы мүмкiн. Дәл осы жерде ерiк өзiнiң басты қызметiнiң бiрi – тежегiштiк қасиетiн көрсетедi. Ерiктiк актiнiң елеулi белгiлерiнiң бiрi ол әрқашан да күш жұмсау, шешiм қабылдау ж/е оны жүзеге асырумен байланысты. Ерiктiк психологиялық құбылыс ретiндегi тағы бiр белгiсi – бұл жүзеге асырылатын iс-әрекеттiң ойластырылған жоспарының болуы. Жоспары жоқ не алдын ала белгiленген жоспар бойынша орындалмайтын әрекеттi ерiктiк деп санауға болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

34. Ерік туралы Сіз қандай теорияларды шынайы деп табасыз?павловпен сеченский теориялары

Жалпы ерiк проблемасы XVIII−XIX ғасырларда психологиялық зерттеулерде негiзгi мәселелердiң бiрi болып табылатын. Алайда XX ғ. психологиядағы жалпы дағдарысқа байланысты ерiктi зерттеу екiншi орынға ығыстырылып қалды.  Зерттеулер жүргiзiлгенiмен, тар көлемде болды. Қазiргi психологияның  ұғымдық жүйесiн талдай келе, психология тарихшысы М.Г. Ярошевский ерiк ұғымы  ХХ ғ.-дағы психологияның негiзгi ұғымдары қатарына кiрмейтiнiн атап өттi. Ал АҚШ  психологиясында “ерiк” терминi iс  жүзiнде қолданылмайды екен. Тiптi психология жайлы көптеген  оқулықтарда  ерiк туралы тараулар жоқ.

Ерiктi психологиялық зерттеуде  адам мiнез-құлқы табиғаты жөнiндегi екi қарама-қайшы концепциялардың - реактивтiк және активтiк (белсендi) арасындағы күрес елеулi рөл атқарды. Алғашқысы адамның күллi мiнез-құлқын iшкi және сырқы стимулдарға реакциялар (жауаптар) ретiнде ғана түсiндiрдi. Зерттеудiң  мiндетi сол стимулдарды табу және олардың реакциялармен байланысын анықтау. Мұндай түсiнiкте ерiкке  орын қалмай қалады, ол табиғаты жағынан  рефлекторлық боп табылатын реакция  ғана. И.П.Павлов ерiктi тiрi ағзаның кедергiге кездескендегi белсендiлiгiнiң көрнiсi, “еркiндiк инстинктi” ретiнде қарастырды. Мiнез-құлықты реакция ретiнде түсiну ХХ ғ. алғашқы ширегiнде психологияны реактология (К.Н.Корнилов) және рефлексологиямен ( Б.М.Бехтерев) ауыстыруға әкелiп соқты. Ал екiншi концепция бойынша, адамның мiнез-құлқы әуел бастан белсендi болып табылады, оның формаларын адам саналы түрде таңдауға қабiлеттi. Мiнез-құлықты бұлай түсiнуде ерiк және ерiктiк реттеу ұғымдары мiндеттi түрде қажет. Физиология саласында Н.А.Бернштейн мен П.К.Анохин жүргiзген зерттеулер осы көзқарасты растайды. Бұл зерттеулер негiзiнде қалыптасқан концепциялар бойынша, ерiк адамның өзiнiң мiнез-құлқын саналы реттей алуы, меңгеруi боп табылады. Бүгiнгi таңда осы тұрғыдан қарастырып зерттеуде қазiргi сана психологиясы мен когнитивтiк психология бағыттары маңызды рөл алуда.

Ерiктi зерттеудегi үшiншi тұрғыны  шартты түрде реттеушi деуге болады. Ол психологияда өзiн-өзi реттеу,басқару проблемасы ретiнде көрнiс бередi.

Ерекше дербес процесс  ретiнде мiнез-құлықты реттеу  идеясын айқын тұжырымдағандар  ×.Шеррингтон мен И.М.Сеченов. Олар К. Бернардың өзiн-өзi реттеу туралы қағидасына сүйендi. Ерiктi жеке дербес күш ретiнде мойындамады. Мәселен, И.М.Сеченов адам әрекетiнiң себебiн оған белгiлi бiр мағына беретiн сезiмдiк қозудан, ойдан және моральдық сезiмдерден iздейдi.

Ерiктiң реттеушi функциясын өзiнiң талдау пәнiне айналдырған  психолог М.Я.Басов. Оның айтуынша, ерiк  тұлғаның өз психикалық функцияларын реттейтiн, шешiлетiн мiндеттерге  сай оларды бiр-бiрiмен үйлестiретiн  және қайта құратын психикалық механизм боп табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

35. Адамның еріктік қасиеттері мен дамуы қандай жолдармен жүреді деп есептейсіз? Жеке адамның ерiктiк қасиеттерi

Адамның еркi белгiлi бiр қасиеттермен, сапалармен сипатталады. Ендi жеке адамның  ерiктiк қасиеттерiнiң негiзгiлерiн  қарастырып көрейiк.

Ерiк күшi. Алға қойылған мақсатқа жету жолында туындайтын елеулi қиындықтарды жеңу қабiлетiнен көрiнетiн ерiк сапасын ерiк күшi деймiз. Мақсатқа жету жолында сiздiң жеңген кедергi, бөгеттерiңiз неғұрлым күштi болса, соғұрлым сiздiң ерiк күшiңiз мықты. Ерiктiк күш салу арқылы жеңген кедергiлер ерiк күшiнiң объективтi көрсеткiшi боп табылады.

Мақсатқа ұмтылушылық. Iс-әрекеттiң белгiлi бiр нәтижесiне жете бiлуден көрiнетiн, тұлғаның мақсатқа саналы және белсендi бағыттылығы мақсатқа ұмтылушылық деп аталады. Мақсатқа талпынған адам ұсақ-түйекке көңiл бөлмей, алған бетiнен қайтпай қайткен күнде де оған жетудi көздейдi.

Батылдық. Мақсатты таңдау мен оған жету жолын анықтаудың шапшаңдығы мен ақылға сайлығынан көрiнетiн жеке адамның ерiктiк қасиетi батылдық деп аталады. Батыл адам әрекет мақсаттары мен оларға жету тәсiлдерiн жан-жақты және терең ойлап, қабылданатын шешiмнiң маңызын түсiнiп, олардың мүмкiн болар нәтижесi жөнiнде өзiне-өзi есеп берiп отырады.

Батылдық - жекее адамның  еркiнiң жоғары дәрежеде екендiгiн  көрсететiн қасиет. Батылдық әсiресе мақсатқа бет алыс сәтiнде, сол сияқты, қабылданған шешiмдi жүзеге асыру  барысында айқын көрiнедi.

Табандылық. Мiнез-құлықты ұзақ уақыт бойы белгiлi бiр мақстқа сай бағыттап, бақылап отыру қабiлетiнен көрiнетiн жее адамның ерiктiк қасиетiн табандылық деп атайды. Мұндай қасиеттке ие адам, қойылған мiндеттi үнемi санасында ұстап, өз мiнез-құлқын соның шешiмiн тездететiндей етiп құрады. Табанды адам жағдайды дұрыс бағалайды., одан мақсатқа жетуге көмектесетiн нәрселердi таба бiледi.

Ұстамдылық. өстамдылық немесе сабырлылық деп мақсатқа жетуге бөгет жасайтын психикалық көңiл-күйдi және шаршап-шалдығуды жеңе бiлу қабiлетiнен көрiнетiн жеке адамның ерiк сапасын айтады. Адамға кейде күрделi жағдайларда, мысалы денсаулығы мен өмiрiне зиян келтiретiн жеке басының және қоғамның намысын, абыройын қорғауға тура келетiн т.б. осындай жағдайда әрекет жасауға тура келедi. өстамды адам мұндай кезде жағдайға сай келетiн және өз қылығын ақтайтын белсендiлiк дәрежесiн таңдап алады. өстамдылық дегеiмiз- адамның өз ерiк-жiгерiн билей бiлу қасиетi.

Дербестiк. Өзi талаптанып алдына мақсат қоя, оған жету жолдарын таба бiлетiн және қабылданған шешiмдердi практикалық орындай алатын адамның ерiктiк қасиетi дербестiк деп аталады. Дербес адам мәселелердi бөтеннiң жетегiнде кетпей, өз бiлiмiмен, сенiм-қабiлетiмен шешуге тырысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

36. Темперамент   өмір барысында өзгермейді деген  тұжырыммен келісесіз бе, келіссеңіз  мысал келтіріңіз?

Темперамент- белгiлi бiр адамға тән, сыртқы әсерлерге жауап беру реакцияларының динамикасы,бiр қалыптылығында көрiнiс беретiн мiнез-құлықтың табиғи ерекшелiгi, адамның биологиялық жағын көрсететiн қасиеттердiң бiрi. Темперамент-жүйке жүйесiнiң табиғи типтiк қасиеттерiне тәуелдi, жеке адамға тән дара ерекшелiк деп бiлемiз.Темперамент адам мiнез-құлқын және психикалық процестердiң өзгеруiнiң динамикалық ерекшелiктерiн, олардың күшiн, жылдамдығын, пайда болуын, тоқтауы мен өзгеруiн түсiндiретiн қасиеттер жиынтығы. Темперамент қасиетi жеке адам қасиеттерiне тек шартты түрде бағынады ж/е ол биологиялық, әрi туа бiткен қасиет болғандықтан көбiнесе индивидтiк ерекшелiк болып табылады. Темперамент мiнез-құлық пен мiнездiң қалыптасуына үлкен әсер етедi, кейде адамның әрекеттерi мен жеке-даралығын анықтайды, сондықтан оны  жеке адамнан бөлiп қарастыруға  болмайды.

Темперамент-жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен, туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.

Темперамент – организмнің физиологиялық  өзгешеліктерімен, әсіресе жоғарғы  жүйке қызметінің тума қасиеттерімен  шартсыз психикалық құбылыс. Темперамент  адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады,тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап асықпай  істейді), психиканың күшімен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, біреуі керісінше салбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл-күйінің ерекшелігінен де(біреу сабырлы екінші біреу күйгелек т.б) жақсы байқалып отырады.

 Темперамент  туралы алғашқы ой пікірлер  ғылымда өте ерте кезден бастап  айтыла бастады. Ежелгі грецияның  белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократ  еңбектерінде бұл жайында біраз  пікірлер айтылған. Гиппократтың  айтуы бойынша, әр түрлі темпераменттер  адамдар мен жануарлардың денесінде  төрт түрлі сұйық затқа байланысты  болмақ. Олар: денені жылытып тұратын-  қан, салқындататын- шырын (слизъ), құрғататын бауырдағы- сары өт және оны дымқылдандыратын –қара өт.

Темперамент И.П.Павловтың жүйке жүйесінің  типтері туралы іліміне сүйенсек, Павлов  ілімі жүйке жүйесінің  типтері өмір барысында өзгеріске  түсетіндігін, бұлардың тума ерекшеліктерімен қоса қоғамдық тәрбиенің әсерімен қалыптасатын типтерді де болатындығын, жүйке жүйесінің  типтерін арнаулы жаттығулар  арқылы өзгертуге болатындығын айтты. Мәселен,қозу аса күшті ұстамсыз типтің жүйке  процестерін теңдестіру арқылы одан темпераменттердің жақсы жақтарын тәрбелеуге  болатынығы байқалады 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

37. Гиппократтың темперамент туралы теориясына қазіргі ғылыми тұрғыдан  талдау жасағанда, нені қолдауға болады?  

 Темперамент туралы iлiм өте ерте замандарда пайда болған. Темпераменттiң негiзiн салған ежелгi грек дәрiгерi Гіппократ (б.з.д.460-377ж) темпераментке алғаш түсiнiктеме берiп, оны негiзiнен жүйке жүйесiнiң қасиеттерiмен емес, ағзада әр түрлi сұйықтықтардың (қан, шырын, сары және қара өт) бiреуiнiң басым болуымен байланыстырған. Ағзадағы осы сұйықтықтардың бiрiнiң басымдығы адамның темпераментiн анықтайды: қан басым болса-сангвиник, шырын басым болса- флегматик, сары өт басым болса- холерик және қара өт басым болса- меланхолик айқындалады деген. «Гумор» сөзі сұйықтық дегенді білдіреді. Ағза сұйықтықтары қозғалымпаз, оның динамикалық бөлігі. Сондықтан мінез-құлық ерекшеліктерін ағзадағы сұйықтықтар қозғалысының ерекшеліктерімен байланыстырады. Осы бағытты ұстанған авторлардың теориялары ең алғаш пайда болған. Ежелгі ж/е ең белгілі гуморальды теория антикалық Грецияда пайда болған, дәрігер ж/е философ Гиппократтың теориясы. Гиппократ теориясы бойынша, адам ағзасында 4 негізгі сұйықтық бар: қан, қара өт, сары өт, сөл. Гиппократ пікірінше, адам ағзасында қай сұйықтық басым болса,  соған байланысты 4 темперамент типінің бірі сай келеді: қан басым болса - сангвиник типі,  сөл басым болса - флегматик типі, сары өт басым болса - холерик, қара өт басым болса - меланхолик типі. Гиппократтың ойынша, адам ағзасындағы сұйықтықтың біреуінің басым болуы климат жағдайына және адамның айналысатын іс-әрекетіне байланысты.

 

 

38. Ойлауды дамытуға  арналған әдістердің ішінде Сіз  қайсысын қолданып жүрсіз?

Ойлау - сыртқы дүние заттары  мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының мида жалпылай ж/е жанама түрде сөз  арқылы бейнеленуi. Кез-келген басқа да психикалық процестер ретiнде ойлау да онтогенез барысында бiртiндеп, қарапайымдыдан күрделiге қарай жетiледi. Жаңа туған балада ешқандай ойлау болмайды. Ойлау баланың сыртқы ортамен белсендi қарым-қатынас жасауының нәтижесiнде, оның өмiр тәжiрибесiмен қосақталып, дамып отырады. Мәселен, 1 жасар бала әжесiнiң саусағындағы жараға жағылған йод ерiтiндiсiне көз салады. 15 айлық бала өзi сүйрей алмаған жәшiктiң iшiндегi нәрселердi көрiп, бiртiндеп оларды азайта бастайды, сонаң соң оны жылжытатын болады. Тiлдiң шығуы бала ойлауының дамуында елеулi кезең болып табылады. Мектепке барғанға дейiн бала ойлауы ұзақ даму жолынан өтедi. Ойлау бұл кезеңде нақтылы-бейнелi болып, әрекетпен тығыз байланысып жатады. Балалардың ойлауын дамытуда мектептегi оқу-тәрбие процесi шешушi рөл атқарады. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтарға келетiн болсақ, адам ойлауына тән жалпы заңдылықтар болғанымен, тұлғаның ойлау әрекетi жекедара ерекшелiктерге толы. Әрбiр адам бiрiнен-бiрi ойының кеңдiгi н/е тарлығы, орамдылығы, ұшқырлығы, дербестiлiгi, логикалық жүйелiлiгi, сыншылдығы ж/е т.б. сапалармен ажыратылады. Ой өрiсi кең адам еркiн ойлайды, мәселенi ескi әдетпен, үйреншiктi жолмен шешпейдi. Ақыл-парасаты кең адам мәселенi түрлiше әдiстермен шешедi, бұрын қате деп сыналып табылған әдiске жоламайды. Кейбiр адамдар мәселенiң барлық жақтарын көре бiледi, оны тез шеше алады, ойы аса сергек ж/е белсендi келедi. Мұндай адамдар орынсыз асып-саспайды, жағдаймен санасады. Осындай қасиеттi ойдың ұшқырлығы д.а. Бұған қарама-қарсы қасиет – ойдың асығыстық түрi. Мұндай адам ой жұмысымен онша басын ауыртпай ауырдың үстiмен, жеңiлдiң астымен жүредi. Бұл адамдар енжар ойлыққа әдеттенген, дайын тұжырымға жармасқыш, жеңiл ойлауға, мәселенi үстiртiн шешуге бейiм келедi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

39. Неміс философы  И.Канттың темперамент туралы теориясын Сіз қолдайсыз ба?

Орта ғасырдағы  ғалымдар темпераментті организмдегі химмиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейіннен темперамент  организмнің түрліше физиологиялық  өзгешеліктеріне, атап айтқанда, қан  жолы жүйесінің құрылысына, зат алмасуға, ішкі секреция бездеріне тағы басқасына  байланысты деген пікірлер де тарады. И.Кант (1724-1804) өзінің «Антропрлогия» деген еңбегінде темпераменттің төрт түрі туралы толық психологиялық сипаттама берді. Темперамент түрлері физиологиялық емес психикалық қасиеттердің пропорциясына байланысты сипатталады. Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымынын бір біріне балама ретінде қарастырады. Канттың бұл пікірін қате деп ойлаймын.Кант темпераментті әртүрлі сезімдердің және іс-әрекеттің әртүрлі деңгейдегі белсенділігінің арақатынасы ретінде қарастырды.  

Информация о работе Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістері