Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:50, шпаргалка

Описание работы

Қазіргі кезеңде психология ғылымы алдында тұрған теориялық және практикалық міндеттердің сан қилылығына орай үлкен қарқынмен дамуда.Психологияның негізгі міндеті психикалық іс әрекеттіі оның даму барысымен байланысты зерттеп,тану.Осы заңдар арқылы объектив дүниенің адам миында қалай бейнеленетіні,осыған орай оның әрекеттері қалай реттелетіні,психикалық қызметтің дамуы мен жеке адамның психикалық қасиеттері қалай қалыптасқандығы айқындалады.

Содержание


Сұрақ
1
Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістері.
2
Психологияның даму тарихы
3
Психология ғылымның негізгі салалары.
4
Психология ғылымының дамуындағы негізгі кезеңдер.
5
Индивид, субъект, тұлға ұғымдарын түсіндіріңіз.
6
Психологиялық зерттеудің негізгі әдістері.
7
Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы.
8
Түйсіктердің жіктелуі.
9
Қабылдау, оның түрлері және заңдылықтары.
10
Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері.
11
Ес. Естің негізгі түрлері.
12
Естің механизмдері мен негізгі процестері
13
Ойлау. Оның түрлері және ерекшеліктері
14
Ойлаудың қасиеттері.
15
Сөйлеудің түрлері
16
Сөйлеудің шығуы және дамуы.
17
Сөйлеу және оның қызметтері
18
Зейін, оның қызметтері және түрлері
19
Қиял және оның түрлері
20
Қиял және шығармашылық
21
Эмоция түсінігі. Эмоция қызметтері
22
Эмоцияның негізгі түрлері
23
Ерік. Еріктің негізгі қызметтері.
24
Адамның еріктік қасиеті және олардың дамуы
25
Темперамент туралы түсінік.
26
Гиппократтың темперамент туралы теориясы
27
Темперамент типтері
28
Мінездің қалыптасу ерекшелігі
29
Темперамент және мінез
30
Қабілет. Қабілеттің түрлері.
31
Эмоцияның негізгі қызметтеріне сіз қандай талдау жасар едіңіз
32
Жоғары деңгейдегі сезімдерді қалай түсіндіресіз?
33
Ерік.Еріктің қандай негізгі қызметтерін анықтай аласыз?
34
Ерік туралы Сіз қандай теорияларды шынайы деп табасыз?
35
Адамның еріктік қасиеттері мен дамуы қандай жолдармен жүреді деп ойлайсыз?
36
Темперамент өмір барысында өзгермейді деген тұжырыммен келісесізбе,келіссеңіз мысал келтіріңіз?
37
Гиппократтың темперамент туралы теориясына қазіргі ғылыми тұрғыдан талдау жасағанда,нені қолдауға болады?
38
Ойлауды дамытуға арналған әдістердің ішінде С8із қайсысын қолданып жүрсіз?
39
Неміс философиіясы И.Канттың темперамент туралы теориясын сіз қолдайсызба?
40
Темперамент типтеріне Сіз қандай мінездеме бере аласыз?
41
Темпераменті қандай психологиялық әдістермен немесе тесттермен анықтауға болады?
42
Мінездің
қалыптасуына әсер ететін қандай заңдылықтарды білесіз?
43
Жақсы мінездің негізін қандай ерекшеліктер құрастырады деп ойлайсыз?
44
Темперамент пен мінездің айырмашылығын сызба түрінде көрсетіңіз?
45
Мінез адамның дене құрылымына байланысты деп есептейтін Кречмер мен Шелдонның теориясымен келісесіз бе?
46
А.Е.Личко бойынша мінез акцентуци түрлерінің кайсысына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
47
К.Леонград бойынша мінез типтерінің қайсысына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
48
Мінездің қалыптасу ерекшеліктері жайлы эссе жазыңыз?
49
Сіздің маман болып шығуыңыз үшін қабілеттің қай түрі қажет деп ойлайсыз?
50
Қарым қатынаста комплимент айтудыңі қажеттілігі бар ма?
51
Сізде өмір қиындықтарын жеңуде қандай сапаңыз көмектеседі деп есептейсіз?
52
Мен «Психология жайлы қызықты және маңызды нені білдім?» тақырыбына эссе жазыңыз.
53
Сіздің тұлғалық даму деңгейлеріңізді сызба түрінде көрсетіңіз
54
Ерік жігерді шыңдаудың жолдары туралы эссе жазыңыз
55
«ХХІ ғасырдың психологиясы» тақырыбында эссе жазыңыз
56
Мінезді өзгертуге байланысты қандай шаралар жасауға болады
57
Логикалық ойларды дамытуға арналған қандай техникаларды білесіз?
58
Сіз болашақ маман ретінде қандай психологиялық білімдерді пайдалана аласыз?
59
Өзіңіздің студенттік тобыңызға қандай психологиялық мінездеме бере аласыз?
60
Адам қабілеттерін дамытуға арналған қандай психологиялық практикалық әдістер білесіз?

Работа содержит 1 файл

Психология Айзада.docx

— 175.25 Кб (Скачать)

         Мінез түсінігі, оның сипаттамасы.  Мінездің түрлері, типтері, көріну  формалары. Мінез құбылысын топтастыру: табиғи, биологиялық, әлеуметтік, жасанды.  Мінездің негізгі қасиеттері  және жалпы заңдылықтары. Мінездің  құрылымы. Мінездің этникалық ерекшеліктері.  Мінез деңгейлері. К.Леонгард және  А.Е.Личко концепциясы. Мінез акцентуациясы  /қозғыш, аффективті, тұрақсыз, шыдамсыз/. Мінез сапалары. К.Юнг бойынша  мінез типтері. Мінез типтері/тұтас  үйлесімді тип, іштей қайшылықты, бірақ  сырттай сыртқы ортамен  үйлесімді, қарама-қайшылықты бейімделгіштігі  төмен, вариативті тип/. Мінездің  даму, қалыптасу сатылары. Мінезді  тәрбиелеу маңызы.

 

 

 

 

30. Қабілет. Қабілеттің түрлері.

 Əрқандай iс-əрекетке  байланысты   адам  қандайда  қызметтi  орындауы   қажет  жəне сол iстiң тиiмдi  нəтижесiн  қамтамасыз етуге жəрдем  беретiн  сапаларға ие болуы тиiс. Мұндай дара  психологиялық  ерекшелiктер мiндеттi  түрде ,  бiр жағынан ,өзiндi к  психикалық табиғатына ие болудан , екiншiден əркiмде өз алдына, қайталанбас көрiнiсiнен жеке  адам  қабiлетi деп аталады.1Қабiлет- бiр адамды екiншi сiнен ажырататын дара психологиялық ерекшелiк . Баршаға бiрдей тəн қасиеттерi  қабiлет бола алмайды.2Қабiлет-барша тұлғаға тəн болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған   қандайда бiрне бiрнеше iс-əрекеттi табысты орындауға   жарайтын өзара ептiлiк.3.Қабiлет -нақты адамда топталған   бiлiм, ептiлiк жəнедағдылардан  оқшау ,қажет əрекеттi игеру  желiсiнде ғана көрiнедi.  Адам  қабiлетiндегi  айырмашылық  iс- əрекеттiң нəти- жесiнен,яғни оның  сəттi не сəтсiздiгiнен байқалады.Қызығушылық адамда объектi жан-жақты танып бiлуге ұмтылудан туындайды.Ал бейiмдiлiк нақты iс-əрекетт орындауға талпыну .Қызығушылық  пен бей iмдiлiк  сапаларының үнемi өзара үйлесiм тауып,бiр бағытта тоғысып  отыруы мүмкiн емес7Оған түрлi жағдайлар   себепшi,мысалы,адам көркем- өнертуындыларын тамашалауы  ықтимал, бiрақ ол осы саладағы  өнер  түрлерiмен   шұғылдануға  бейiмсiз болуы  мүмкiн. Дегенмен , белгiлi бiр iс-əрекет түрiне  қабiлет бар  адамдардың  қызығушылығымен  бейiмдiлiгi  бiр-бiрiмен  үйлесiм  таба  алады . Iс-əрекетпен айналысқанда  адамның  табысқа жетуi  үшiн қабiлет,қызығушылық , бейiмдiлiктен тыс оның мiнез -құлқында келесі  сапалық көрiнiстер болуы қажет:ең алдымен - еңбексүйгiштiк ,табандылық ,батылдық Бiрақ,  осындай  ерекше  қабiлетiбар  адамның  өзi  де айтарлықтай   өнiмге қол   жеткiзе  бермейдi.  Негiзi,  адам  өзiнiң iс-əрекетiне,жеке басына сын  көзi мен қарап мiнезiнiң  ұнамды , ұнамсыз сапаларын айқын ажыратааларлық деңгейде  болуы   керек .Адам  қабiлетiнiң даралық ерекшелiктерiне дарындылық шеберлiк,талант, данышпандық ,шабыт кiредi. 

Əртүрлi iс- əрекеттер  аймағына қажет бiлiм, ептiлiк дағдылар бiрлiгiн жеңiл əрi нəтижелi  игерудi  қамтамасыз   етушi  жалпы қабiлеттер ерекшелiгiн  дарындылық деп 

атайды. Дарындылық  əрбiр адамның ақыл- сана,оқу,  шығармашылық ,көркемөнер ,адамаралық   қатынастар түзу   жəне  психо -моторлық  қызметтерiнде   көрiнiс бередi.

Дарынды  адамдарға тəн қасиеттер: зейiндiлiк,жинақылық,  тұрақтылық,əрқашан қызметке дайын болу;мұндай тұлғалар, сонымен бiрге,мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа 

ие,еңбекте шаршап шалдығуды  бiлмейдi,басқалармен салыстырғанда  интеллекттiк деңгейi  анағұрлым жоғары. 

             Өз  қызығулары  бағытында дарынды  адамдар  қайтпас қажырлылық таныта алады .Бұл қасиеттiң  адамдағы   көрiнiсi 2-3жасар баланың бiрiспен  үзбей шұғылдана алу 

уақыты. Дарындылық дəрежесiнiң  артуы қажеттi  бiлiмдер мен ептiлiк дағдыларды игерiп əрiжетiлдiрiп баруғатiкелей тəуелдi.   Дарындылықтың өзiндiк ерекшелiгi ең алдымен қызығушылық бағдарға

байланысты .Осыдан, бiреу  математикаға құмар, екiншi тарихқа ,жəне бiреулер  қоғамдық жұмыстарға  бас ( лидер )  болуда өз дарындылығын iске қосып,оны нақты iс-əрекетте  кейiн дамыта түседi.Мысалы,мұғалiм дарындылығының  көрсеткiштерi  келесiдей :1)оқу материалын  шəкiрттерге  түсiнiктi күйге келтiру;2)оқушы көңiл-күйiн қалтқысыз   тану; 3)жұмыста  шығармашыл болу; 4)  балаларды  өз  еркiне  көндi ре  алу ; 5)  балалар   ұжымын 

бiрiктiруге қабiлеттiлiк 6)сөз  мəнерлiгi мен   мазмұндылығы; 7)сөйлеу көркемдiлiгi мен нанымдылығы ; 8)  педагогикалық   əдептiлiк; 9)оқу материалын тұрмыспен  байланыстыра алу ; 10)шəкiрттерге қаратылған байқағыштық;11)педагогикалық   талапшаңдық.

             Қабiлеттер өз деңгейлерi  мен  ауқымы жағынан   ажыра-тылады.Нақты  iс-əрекет аймағында өтежоғары  деңгейге көтерiлген қабiлет-шеберлiк деп аталады.  Шеберлiк,яғни  бiр iс-əрекет аймағында жоғары жетiлгендiк  үлкен  деқажырлы еңбек негiзiнде пайда болады.Шеберлiк  көбiне өндiрiстiк  қайта жасау қызметтерi мен байланысты келедi. Алайда,бұл  шеберлiктiң дайын   ептілiктер  мен   дағдылар  бiрлiгiнен туындайтынын 

бiлiдiрмейдi. Əрқандай  кəсiптегi (мұғалiм,дəрiгер,ұшқыш,  спортшы  т .б .)  шеберлiк  кез   келген жаңа  мəселелерд i  шешуге  қажет   болған  психологиялық   дайындықты   қажет   етедi.  Шебер маман  үшiн  шығармашылық мiндеттi түсiну  мен оны   орындау  жолдарын табу,  екеуi өзара 

байланыста қабылданады,iске асады ,яғни "неiстеу"жəне " қалай  iстеу"  арасында жiк болмайды . 

             Шеберлiк деңгейi -өзгермелi,дамудағы құрылым.Iс- əрекет барысында адамның қабiлет түзiлiмi,  тұлғалық  мəнi  қалыптасып,бiр деңгейден екiншiсiне  көтерiлумен ұдайы

Ауысып барады.  Өте  дарынды адамдар да  қарапайым  елiктеуден  бастап,  кейiн бiрте-бiрте тəжiрибе жинақтаудан  жасампаздық  дəрежесiне  көтерiледi.  Адам  қабiлетiнiң ерекше даралық сипатын көрсететiн  психологиялық   құбылыс -талант. " Талант"  сөзiнiң  төркiн  мəнi:ежелгi  грек   қауымында бай -манап өзi жоқта жұмыстан қашқақтамасын  деп ерiншек құлына  беретiн күмiс ақша  бiрлiгi-талант  аталады  екен,ақылдан жұта  құл оны алудан,пайдалы  айналымға жiберудiң орнына,  топыраққа  көмiп, Жасыратын болған.Осыдан халықта "таланты   құм   болды", " таланты көмiлдi" деген ұғымдар сақталып  қалған.Қазiргi  күнде талант  арнайы  қаб i леттерд i ң (музыкалық,

суреткерлiк, əдеби  шығармашылық  т.б.) жоғары  деңгейлi дамуын бiлдiредi.Қабiлеттер сияқты талантта iс-əрекетте көрiнiп ,өрiстейдi.Талантты адамның қызметi өзiнiң

жаңашылдығымен,қайталанба смəнерiмен ажыралады.   Таланттың оянуы   тiкелей   қоғамдық  болмысқа   тəуелдi. 

Мемлекеттiң  дамуы инженерлiк жəне конструкторлық   таланттардың  жетiлуiнен,мемлекеттiң  көркейген  кезеңiнде   əн-күй ,əдебиет таланттары  шығады,  ал соғыс   уақытында - талантты  əскери  қолбасшы   дүниеге   келед i.  Осыдан,  қазақ арасынан шыққан  Қ.Сатпаев ,М .Əуезов, Б .  Момышұлы, Қажымұқан,Р.Рымбаева - əрбiрi  өз дəуiрiнiң саңлақтары. 

    Қабілеттердiң  даму  барысындағы  ең  жоғары,  шыңдалу деңгейi -данышпандық деп аталады. Шығармашылық  қызметi қоғам өмiрiнiң бiр дəуiрiнде ,адамзат   мəдениетiнiң

тарихында  белгiл i iз  қалдырған   адам  ғана  данышпан   бола  алады .  Өркениетт iң 5000 жылдық  тарихында мұндай  шыңға  400кемеңгер көтерiл iптi. XX ғ саңлақтары

атанған ,  арамызда   жүрген  замандастарымыз ақын  Олжас  Сүлейменов,сынаушы- ұшқыш, ғарышкер Тоқтар  Əубакiров   қазақ данышпан -дарының бiрiншi ондығынан.  Адамның  шығармашылық iс- əрекетiнiң  аса  табысты болуына  себепшi рухи көтерiңкiлiк пен ерекше күш–қуат туындайтын кезеңдер болады . Шабыт шығарма-шыл тұлғаның  жоғары  белсендiлiгiнен , оның iс-əрекетiнiң  жемiстiлiгiнен ,жасампаздық ептiлiгiнен,жаңалық ойлап табу қызметiне толық берiлуiнен көрiнедi. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

31.Эмоцияның қызметтерi

Эмоциялар адамның әлеуметтiк болмысын қамтамасыз ететiн маңызды психологиялық  құрал болып табылады. Сондықтан  да олар адамда оның iшкi (жан) дүниесiнiң  қажеттi жағы ретiнде пайда болады және онда өмiр сүредi. Эмоциялар  мынадай функцияларды атқарады: бағалаушы, сигналдық, оятушы және коммуникативтi, сонымен қатар физиологиялық  және танымдық процестерге әсер ету  функциясын атқарады.

Эмоцияның алгашқы және маңызды  функциясы адам үшiн қоршаған заттардың, құбылыстардың адамдардың әсерлi оқиғалардың  өз ойларының жоспарларының шешiмдерiнiң  және т.б. субъективтi мәнiн бастапқы бағалау болып табылады. Эмоциялар адам үшiн әртүрлi өмiрдегi оқиғаларда, адамдарға және өзiне, заттар мен құбылыстарға жылдам және сенiмдi бағдар жасауға мүмкiндiк беретiн өзiнше бiр iштегi компас ролiн атқарады. Бiзге эмоциялық бағалаулар интеллектуалды бағалауға қарағанда сенiмдiрек және жеке мәнге ие болады. Сондықтан да бiз оларға сенуге және бағынуға  бейiмбiз. Мысалы, кез-келген темекi шегетiн адам никотиннiң зияндығын бiле тұрса да, темекiнi тастамайды. Бұл бiлiмi оған қатысы жоқ абстракция сияқты болады. Адамның темекiге деген қарым-қатынасын өзгерту үшiн сол адам темекiнiң зияндығын эмоциялық тұрғыда басынан кешiру керек.

Эмоциялар адамға оның қажеттiлiгiнiң күйi туралы сигнал берiп тұрады. Бiр нәрсеге деген мәжбүрлiк өзектiлiгiнен, сәйкесiнше эмоциялық күйзелiстер (ашығу, қызығу) туады. Олар қажеттiлiктер деп аталады. Қажеттiлiктiң күйiне байланысты күшеюi, азаюы, мүлдем жоғалып кетуi, белгiсi бойынша қарама-қарсыға ауысуы мұмкiн. Қажеттiлiктiң өмiр сүруiнiң эмоциялық негiзi мен субъективтi формасын құрайды.

Эмоциялар оятушы фукцияларды да атқарады, яғни белсендiлiктiң қайнар көзi болып табылады. Эмоциялардың оятушы мүмкiндiктерi тiкелей олардың күшi мен белгiсiне байланысты. Мысалы, бұл жерде қатты және жай ауруды, үрейдi, ұятты және кез-келген басқа эмоцияларды салыстыруға болады. Белсендiлiктiң бағыты эмоцияның белгiсiмен анықталады. Жағымды эмоциялар эмоциялық жағдайға бағытталған әрекеттердi оятады.

 Әсiресе қуаныш эмоциясы осы  жөнiнде ғалым Р.Х.Шакуров өте жақсы айтып кеткен. (Психология эмоции. Новый подход – журнал ңМир психологииң, 2002, N4). Бiздiң бойымызда қуанышымыз өмiрге деген қызығушылығымызды шақырады және сол арқылы дем бередi. Қоғамға пайдалы шындық бiздiң бойымызға қуаныш әкеледi.

Жағымды эмоциялар адам өмiр жолын  таңдау барысында өмiрлiк бағдар бередi (×уприкова Н.И. Эмоциональные  сигналы, Определяющий выбор жизненного пути. Журнал ңМир психологииң, 2002, N4, стр. 44-47).

Жағымсыз эмоциялар керiсiнше ояту функцияларын орындайды.

Эмоциялар адамның физиологиялық  функцияларына өте қатты әсер етедi, себебi эмоция олармен қосылып ортақ психофизиологиялық жүйенi құрайды. Сондықтан да эмоциялар әрқашанда ағзаның азды-көптi өзгерiстерiмен бiрге жүредi. Физиологиялық фукнцияларды эмоция арқылы реттеу мүмкiндiктерi өте көп. Олар әртүрлi бағытта ондаған, жүздеген есе өзгеруi мүмкiн: күшеюi, әлсiреуi, тiптен толық өшiп қалуға дейiн, жақсаруы, паталогияға дейiн нашарлауы, жылдамдауы, баяулауы және т.б. Көптеген аурулар және уақытынан бұрын қартаю немесе жасару эмоциялық негiзде пайда болады.

Эмоциялар адамның санасы мен танымдық процестерiне де дәл осылай әсер етедi. Эмоциялардың әсерiмен олардың мүмкiндiктерi мен фукнциялық сипаттамалары қатты өзгерiске үшырай алады (жақсарады немесе нашарлайды). Мысалы, адам қатты стрестiң әсерiнен ойлауы, есте сақтауы, зейiнiн тұрақтандыруы, нашарлауы, өзi әрекеттерiн саналы бақылауының төмендеуi мүмкiн. Эмоциялық механизмдердiң негiзiнде творчествалық ойлау мен қиял жұмыс iстейдi. Эмоциялық  күйде болмаған оқиғалар бейтарапқа қарағанда жақсырақ есте сақталады.

Эмоцияның бұл функциялық ерекшелiктерiнiң практикалық мәнi маңызды.

Эмоциялар iшкi психикалық процестер болып табылады. Бiрақта олар сырттай жақсы көрiнедi: мимикадан, көзқарасынан, әрекеттерден, қимылдан, елестен, интонациядан  және сөйлеудiң басқа да ерекшелiктерiнен.  Бұл басқа адамдардың эмоциялық күйiн түсiнуге және олармен нәтижелi қарым-қатынас жасауға мүмкiндiк бередi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

32. Жоғары деңгейдегі  сезімдерді қалай түсіндіресіз?

Жоғарғы сезімдер адамға ғана тән. Осы топқа адамгершілік, эстетикалық, интеллектік деп аталатын сезімдер кіреді.

Қоғамдық өмірдің талабына сәйкес адам мінез-құлқынан жиі көрінетін  сезімдердің бірі адамгершілік сезімдер.

Адамгершілік немесе имандылық  сезімдердің мазмұны да, құрылым  да күрделі келеді. Бұлар ең алдымен  қоғамдық мәнді және жеке көңіл күйге  байланысты моральдық сезімдер болып  бөлінеді. Бұл екеуі бір-біріне қайшы  келіп қалуы да мүмкін. Бірақ сана-сезімі жетілген, дүниетанымы мен сенімі қалыптасқан адамда мұның біріншісі  басым болып отырады. Осындай  сезімдердің тобына: достық, жолдастық, адалдық, ар-намыс, борыш, жауапкершілік, ұят т.б. жатады. Ар-намысты қорғау- адамға аса жарасымды сипат. Сезімнің осы түрі, көбінесе, қайсар, өжет, табанды  әрі көздеген мақсатына жетпей тынбайтын  адамдарда жиі байқалады. Өз мініне іштей күйіну, өзін жазғырып, жазалау- адамның тек өз басын қадір  тұтқаннан туындамайды. Ар-намысты  қорғау дегеніміз, сонымен бірге, айналадағы адамдарды да сыйлай білу деген сөз. Ар-ұятты қастерле, намысқа тырысушылық- екінің бірінен кездесе бермейтін  қасиет. Мұның адам психологиясына қатты әсер етіп, терең із қалдыратындығы сонша- кісі кейде «кірерге жер таппай, кісі бетіне қарай алмай...ұйқыдан, тамақтан қалатыны да боалыд ». К.Маркс ұятты  адамның іштей ашулануы, өзінше ашу  шығаруы деген екен. Ал абай ұяттың екі түрі бар дейді: оның бірі- надандықтан  туатын, екіншісі- жағымсыз іске, теріс  қылыққа ұялу. Оның ұғымынша, қялмас нәрседен ұялу бұл надандық, ынжықтық, жігер-қайрат осалдығы, білім мен  тәжірибенің саяздығы. Шын ұят  ақыл-парасаттың ісі. «Өлімнен ұят күшті» деп халқымыз тегін айтпаған. Эстетикалық сезім дегеніміз адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезінуі. Бұл текті сезімдер сұлу, сымбатты, өмірге үйлесімді, әдемі көріністерді тамашалау немесе табиғаттағы, көркем-өнердегі, әсірісе  , өмірдегі шынайы әсем нәрселерден ләззат алу кездерінде байқалады. «сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу, ләззат ізденуіне, сұлу нәрсеге сүйініп, керексіз нәрседен жиренуіне... жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тыйылуына көп көмек көрсетеді »(М. Жұмабаев). Эстетикалық сезімдер, сондай-ақ , сурет полотноларынан, скульптуралық, архитектуралық, музыкалық немесе сахналық шығармалардың шебер орындалуынан ләззат алуға байланысты да туып отырады. «Адамзатқа тән ерекше бір қасиет,-дейді әл-Фараби, өзін қоршаған дүниенің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ету». Жоғарғы сезімдердің бұдан басқа бір түрі- интеллектік сезімдер, интеллектік сезімдер адамның тану процестерімен, ақыл-ой әрекетімен тығыз байланысып жатады. Интеллектік сезімнің түрлеріне таңсықтау, білуге құмарлық, күдіктену, сенімділік, интуиция ықтималдық, жаңашылдық, болжау т.б.сезімдер жатады. Мұғалімнің басты міндеттерінің бірі- оқушылар санасында интеллектік сезімдерді қалыптастыру болып табылады. Ол үшін көп оқу қажеттігін, оқусыз ешбір мақсатқа жете алмайтынымызды түсінуіміз керек. «Оқу инемен құдық қазғандай», ол оңайлықпен қолға түспейді. Оған жан-тәніңмен берілмесең, тиянақты еңбек етіп, қатты зейңн қоймасаң болмайды. Оны үнемі толықтырып отыру қажет, «Адамның көңілі шын мейірленсе,-дейді Абай,-білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі». Өйткені ғылым өзіне түгелдей берілуді қажет етеді. Интеллектік сезімдер адамның сана-сезімінен орын алса, кісінің шындықта аша түсуге құмары арта түседі, мұндайда ол асыл мұрат үшін күреске белді бекем байлайды.

Информация о работе Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістері