Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:50, шпаргалка

Описание работы

Қазіргі кезеңде психология ғылымы алдында тұрған теориялық және практикалық міндеттердің сан қилылығына орай үлкен қарқынмен дамуда.Психологияның негізгі міндеті психикалық іс әрекеттіі оның даму барысымен байланысты зерттеп,тану.Осы заңдар арқылы объектив дүниенің адам миында қалай бейнеленетіні,осыған орай оның әрекеттері қалай реттелетіні,психикалық қызметтің дамуы мен жеке адамның психикалық қасиеттері қалай қалыптасқандығы айқындалады.

Содержание


Сұрақ
1
Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістері.
2
Психологияның даму тарихы
3
Психология ғылымның негізгі салалары.
4
Психология ғылымының дамуындағы негізгі кезеңдер.
5
Индивид, субъект, тұлға ұғымдарын түсіндіріңіз.
6
Психологиялық зерттеудің негізгі әдістері.
7
Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы.
8
Түйсіктердің жіктелуі.
9
Қабылдау, оның түрлері және заңдылықтары.
10
Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері.
11
Ес. Естің негізгі түрлері.
12
Естің механизмдері мен негізгі процестері
13
Ойлау. Оның түрлері және ерекшеліктері
14
Ойлаудың қасиеттері.
15
Сөйлеудің түрлері
16
Сөйлеудің шығуы және дамуы.
17
Сөйлеу және оның қызметтері
18
Зейін, оның қызметтері және түрлері
19
Қиял және оның түрлері
20
Қиял және шығармашылық
21
Эмоция түсінігі. Эмоция қызметтері
22
Эмоцияның негізгі түрлері
23
Ерік. Еріктің негізгі қызметтері.
24
Адамның еріктік қасиеті және олардың дамуы
25
Темперамент туралы түсінік.
26
Гиппократтың темперамент туралы теориясы
27
Темперамент типтері
28
Мінездің қалыптасу ерекшелігі
29
Темперамент және мінез
30
Қабілет. Қабілеттің түрлері.
31
Эмоцияның негізгі қызметтеріне сіз қандай талдау жасар едіңіз
32
Жоғары деңгейдегі сезімдерді қалай түсіндіресіз?
33
Ерік.Еріктің қандай негізгі қызметтерін анықтай аласыз?
34
Ерік туралы Сіз қандай теорияларды шынайы деп табасыз?
35
Адамның еріктік қасиеттері мен дамуы қандай жолдармен жүреді деп ойлайсыз?
36
Темперамент өмір барысында өзгермейді деген тұжырыммен келісесізбе,келіссеңіз мысал келтіріңіз?
37
Гиппократтың темперамент туралы теориясына қазіргі ғылыми тұрғыдан талдау жасағанда,нені қолдауға болады?
38
Ойлауды дамытуға арналған әдістердің ішінде С8із қайсысын қолданып жүрсіз?
39
Неміс философиіясы И.Канттың темперамент туралы теориясын сіз қолдайсызба?
40
Темперамент типтеріне Сіз қандай мінездеме бере аласыз?
41
Темпераменті қандай психологиялық әдістермен немесе тесттермен анықтауға болады?
42
Мінездің
қалыптасуына әсер ететін қандай заңдылықтарды білесіз?
43
Жақсы мінездің негізін қандай ерекшеліктер құрастырады деп ойлайсыз?
44
Темперамент пен мінездің айырмашылығын сызба түрінде көрсетіңіз?
45
Мінез адамның дене құрылымына байланысты деп есептейтін Кречмер мен Шелдонның теориясымен келісесіз бе?
46
А.Е.Личко бойынша мінез акцентуци түрлерінің кайсысына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
47
К.Леонград бойынша мінез типтерінің қайсысына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
48
Мінездің қалыптасу ерекшеліктері жайлы эссе жазыңыз?
49
Сіздің маман болып шығуыңыз үшін қабілеттің қай түрі қажет деп ойлайсыз?
50
Қарым қатынаста комплимент айтудыңі қажеттілігі бар ма?
51
Сізде өмір қиындықтарын жеңуде қандай сапаңыз көмектеседі деп есептейсіз?
52
Мен «Психология жайлы қызықты және маңызды нені білдім?» тақырыбына эссе жазыңыз.
53
Сіздің тұлғалық даму деңгейлеріңізді сызба түрінде көрсетіңіз
54
Ерік жігерді шыңдаудың жолдары туралы эссе жазыңыз
55
«ХХІ ғасырдың психологиясы» тақырыбында эссе жазыңыз
56
Мінезді өзгертуге байланысты қандай шаралар жасауға болады
57
Логикалық ойларды дамытуға арналған қандай техникаларды білесіз?
58
Сіз болашақ маман ретінде қандай психологиялық білімдерді пайдалана аласыз?
59
Өзіңіздің студенттік тобыңызға қандай психологиялық мінездеме бере аласыз?
60
Адам қабілеттерін дамытуға арналған қандай психологиялық практикалық әдістер білесіз?

Работа содержит 1 файл

Психология Айзада.docx

— 175.25 Кб (Скачать)

     Ғарышкерлік  психология – адамның салмаќсыздыќ пен әлем кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу сәтіндегі аса ќиыншылыќ жағдайлардағы психологиясын, оның шектен тыс әсерден кейінгі көңіл – күйі мен төзімділік көрсету шараларын зерттейді.

     Еңбек психологиясында  арнайы зерттелуге тиісті күрделі  тармаќтар да бар. Олар ауыл  шаруашылығына ќатысты болып  келеді.

      Медициналық психология – дәрігерлердің ќызметі мен аурулардың мінез – ќұлќын зерттейді. Бұл сала бірнеше тармаќќа бөлінеді, әрбір тармаќтың адам психикасын зерттеуге ќатысты маќсат – міндеттері бар. а) Нейропсихология психикалыќ ќұбылыстыр мен жоғары жүйке ќұрылысының физиологиясын жєне олардың өзара ќатынасын зерттейді; є) Психотерапия – ауру адамға психикалыќ әдіс – айла және емдік тєсілдер ќолдану мәселелерін ќарастырады; в) Психопрофилактика және гигиена адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның єдіс – тәсілдерін айќындаумен шұғылданады.     Әскери психологияның ең басты міндеті – азаматты ел – жұрты мен Отанын ќорғайтын ќалќан болуға психологиялыќ тұрғыдан даярлау. Мұнда жауынгердің мінез – ќұлќы мен отаншылдыќ ќасиетін тәрбиелеп ќалыптатыру жағдайлары, бастыќтар мен бағынушылар арасындағы ќарым – ќатынастар, үгіт – насихат жұмыстарын жүргізу, дұшпанға деген өшпенділік сезімдерінің оянып, оған ќарсы барлау істерін ұйымдастыру және соғыс техникасын меңгеру мен басќару әдістері зерттеледі.

Әлеуметтік психология - адам мен ќоғам арасындағы ќатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасќан топтары мен кездейсоќ топтары арасындағы өзара ќарым – ќатынастағы психологиялыќ ќұбылыстардың сырын зерттейді. Ќазіргі кезде әлеуметтік психология шеңберінде мынандай үш түрлі мәселе ќамтылды:

Спорт психологиясы - спортшылардың іс – әрекетіндегі психологиялыќ ерекшеліктерін ќарастырады. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара ќарым – ќатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, ќұрал- жабдыќтармен ќамтамасыз етілуін, психологиялыќ даярлығын іздестіре келе, оларды жаттыќтыру және күш – ќуатын  жинаќтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің психологиялыќ факторларын зарттейді.      Сауда психологиясы – ќазіргі заманда кеңінен дамып отырған сала. Бұл сала бойынша әрбір елдің саяси – экономикалыќ және мєдени – материалдыќ ќажеттіліктерін өтеу маќсаттарына ќарай дамыту шаралары белгіленеді. Сонымен ќатар, әсіресе, жарнамалардың психологиялыќ ыќпалы, елдегі адамдардың жас ерекшеліктері, сатып алушылардың мұќтаждығы, оларға ќызмет көрсетудің факторлары ќарастырылады.

    Ғылыми – шығармашылыќ психологиясы – соңғы кездерде зерттеле бастаған сала. Бұл салада шығармашылыќ адамның жасампаздыќ ќызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айќын көрініп, ғылыми жаңалыќтарды ашудағы интуициясы, сезімдік рөлі т.б. сипаттары зерттеледі. Осы бағыттағы ерекше маңызды заңдылыќ – эвристика тәсілі.

     Көркемөнер, әдебиет пен шығармашылыќќа ќатысты  психология -бұл сала бойынша ќарастырылатын мәселелер – әсемдікті ќабылдау және оның адам жан дүниесін байытуға ыќпал ету факторлары. Бұл саланың өзекті мәселелері әлі күнге дейін жүйелі түрде өз дәрежесінде зерттеле ќойған жоќ.

     Салыстырмалы  психология психиканың филогенетикалыќ түрлерін ќарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылыќтары мен ерекшеліктері ажыратылады. Заң психологиясы хұќыќќа ќатысты мєселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде ќолданудың психологиялыќ мәселелерін зерттейді. Бұл сала сот психологиясы, ќылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын тармаќтардан ќұралады. Сот психологиясы сот, айыпталушылар, куєлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.Психология ғылымының  дамуындағы негізгі кезеңдер

 

Бірінші кезеңде психология  “жан туралы ғылым” болғандықтан ежелгі замандардан бері, біріншіден психика бейнесі “рух” пен материяның өзара байланысынының жалпы проблемасын шешу барысында да қалыптасты. “Рух” материядан тыс бола ала ма, “жан” денеден бөлек өмір сүре ала ма? Осындай және осы тектес философиялық және идеологиялық проблемаларды талдау барысында психикаға адамдардың қиялында бейнеленетін қасиеттерді басқа қасиеттерге байланысты анықтаса, екінші жағынан нақты осы қасиеті арқылы барша табиғатты мифологиялық тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндіктер ашады.

Екінші кезеңде  психологияның зерттеу объектісі – сана деп қарастырылып  мұнда ұзақ уақыт интроспекция әдістемесі негізгі ғана емес жалғыз психологиялық әдіс болды. Ол екі негізгі бағытпен тұжырымдалады; біріншіден,  сана процесі сыртқы бақылау үшін “жабық”, ал екіншіден сана процесі субъектінің өзінде ашылады. Бұл тұжырымдардан сана  процесі басқаға түсініксіз  нақты адамның өзінде  ғана  оқылады. Осы интроспекция әдісінің  негізін қалаған Дж. Локк.  Психология ғылымының дамуы үшін интроспектифті психология  айтарлықтай мәнді әсер қалдыра отырып, мынандай теориялар қатарын ұсынды;

  • В.Вундт және Э.Титченер негізін қалаған сана элементтерінің теориясы;
  • Ф.Брентано  атымен байланысты дамыған сана актілерінің психологиясы;
  • У.Джемсом  құрған  сана қарқыны теорясы;
  • В.Дильтеяның түсіндірмелік психологиясы.

Қазіргі психологияда интроспекция  ұғымын өзін-өзі бақылау әдістемесі ретінде қолданылып жүр.

      Үшінші кезеңде – психолгияның зерттеу объектісі мінез-құлық деп қарастырылып, сонымен бірге американ психологы Джон Уотсон (1878-1958) негізін салған бихевиоризім бағыты еді. Олар “психология бихевиористің” көзқарасы тұрғысында деген еңбегінде ескі псиология тіліндегі сана, ерік, эмоция, қабылдау, бейнелеу, т..с.с. терминдерден бас тарту дұрыс деп есептеді. Оның орнына “бихевиоур” –ағылшын сөзі, қазақша ”мінез –құлық” деген мағынаны білдіреді. Бихевиористер психиканы мінез-құлықтың әр түрлі көріністері, организімнің  сыртқы әсерге (ұ) стимул қайраттан жауап (R) реакцияларының  жиынтығы деп түсіндіреді. Бихевиористер мынадай анайы тұжырымға келді: мінез-құлықта белгілі бір стимулдар жинағына қатаң белгіленген реакциялар сәйкес келеді, түптеп келгенде, стимул мен реакциялардың арасындағы өзара байланысты дәл сипаттауға болады. Сол арқылы адамның мінез-құлқын зерттеу мәселесі шешіледі.

      Төртінші кезеңде – психикалық құбылыстардың  механизмдері мен заңдылықтарын  зерттелінеді. Қазіргі психология ғылымының негізін қалаған атақты ғалымдар  С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский, А.Р.Лурия  зерттеулері айрықша айтылса және  XX ғ-дың 30-60-шы  жылдардағы психологтар Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин; А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин т.б. еңбектерімен  байланысты қаралады.

 

 

 

 

 

5.Индивид, субъект,  тұлға ұғымдарын түсіндіріңіз «Индивид» түсінігінің бірнеше мәні бар. Алдымен,

 «индивид»- ол табиғи  жалғыз тіршілік иесі, адам. Homosapiens түрінің өкілі. Мұнда адамның биологиялық жағы айтылған. Кейде бұл түсінікте адамды – адамзат қауымының өкілі, еңбек құралдарын пайдаланатын әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қолданады. Алайда бұл жағдайда да адамның билологиялық  тұрғысы  ұмытылмайды.  
Жаңа туған нәресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. өйткені кісі болып ер жету үшін бала оңы мен солын, өзінің «менің» басқа «мендерден», яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс.  
Тұлғаның түрткілері мен қасиеттері. Қызығу, дүинетану, сенім, мұрат. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасытек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.  
Тұлға түсінігі. Адамға қатысты басқа категория (индивид, даралық, субьект, жеке даралық). Тұлғаның ғылыми – психологиялық бағытының тұлғаны танудағы философия, дін, өнерден айырмашылық ерекшеліктері.  
Тұлға туралы түсінік. Тұлғаның негізгі көрсеткіштері: белсенділік, саналылық, дербестік, жеке даралық. Тұлға - әлеуметтік индивид. Тұлға – қоғамдық жүріс-тұрыстың, өмірлік жолдың субъектісі. Тұлға писхикалық құбылыстардң интеграторы.

 

 

 

 

6. Психологиялық зерттеудің негізгі әдістері.

 

Бақылау әдісі психологиядағы ескі және бір қарағанда өте қарапайым әдіс секілді. Ол әдеттегі өмір сүру жағдайындағы адамның қызметіне бақылаушы кіріспей,  жүргізілетін жоспарлы бақылауға негізделеді.  Бұған психологияда бақыланатын құбылыстарды  толық және дәл сипаттау, сонымен бірге оларды психологиялық тұрғыдан түсіндіру жатады. Міне психологиялық бақылаудың басты мақсаты осы: ол деректерге сүйене отырып, олардың психологиялық мазмұнын ашу. Ауызша сауал, әдетте зерттелушінің реакциясы мен мінез-құлқына бақылау жасау үшін қолданылады.  Сауалдың  бұл түрі жазбашаға қарағанда адам психологиясына терең бойлатады,  себебі  зерттеушінің қоятын сұрақтары зерттелушінің мінезіне қарай түзетіле алады.  Мұндай нұсқа көп уақытты, арнайы дайындықты қажет етеді, өйткені жауаптардың объективтілігі зерттеушінің мінезі мен тұлғалық ерекшеліктеріне де байланысты.

Жазбаша сауал,  аз уақыттың ішінде көптеген адам санын қамти алады.  Мұның ең көп тараған түрі – анкета. Оның кемшілігі мынада,  қойылған сұрақтарға зерттелушілердің реакциясын біле алмайсың және зерттеу барысында оның мазмұнын өзгерте алмайсың.

Еркін сауал, жазбаша және ауызша саулнаманың бір түрі, мұнда қойылатын сұрақтар алдын ала белгілі болмайды. Мұндай сауалнамада зерттеудің тактикасы мен мазмұнын  оңай өзгертуге болады, онда зерттелуші  жайлы әртүрлі ақпарат алуға болады.

Стандарттанудың негізгі  мәні мынада  екі адамның немесе бірнеше топтың психологиялық зерттеулерінің нәтижелерін  салыстырғанда қате аз болуын қамтамасыз ету үшін, бірдей әдістерді  яғни сыртқы жағдайға қарамай  бірдей психологиялық  мінезді өлшейтін әдісті қолдану керек.

Мұндай психологиялық  әдістерге тест жатады. Бұл әдіс жиі қолданылады.  Ол  психологиялық құбылысқа дәл және сапалы мінездеме бере  алатындықтан, сонымен қатар алдымен шешілуі қажет практикалық мәні бар нәтижелерді салыстыруға болатындықтан тиімді. Объективті мәліметтерді зерттелетін қасиет бөлініп, дұрыс бағаланатын жасанды жағдай жасалуға негізделген эксперимент - әдістің көмегі арқылы алуға болады. Зерттелетін феноменнің басқа феномендермен себептік байланысы жайлы, құбылыстың пайда болуы мен дамуын ғылыми тұрғыдан түсіндіретін басқа психологиялық әдістерге қарағанда, эксперимент ең сенімдісі.  Эксперименттің екі түрі бар: зертханалық және табиғи.  Олар бір-бірінен эксперимент жүргізудегі жағдайлармен ажыратылады.

Басқа әдістерге қарағанда  тесттер мәліметтерді жинау мен  оларды өңдеу, оларды психологиялық  түсінуге болатындығымен ажыратылады. Психологиялық әдістердің бірі – моделдеу. Ол дербес әдіске жатады. Ол басқа әдістерді қолдану қиындағанда ғана жүргізіледі.  Олардың ерекшелікгі белгілі бір психологиялық құбылыс жайлы ақпаратқа сүйенетіндігінде, екінші жағынан оны қолданғанда сыналушы қатыспайды немесе  нақты жағдай есепке алынады.  Сондықтан моделдеудің әр түрлі әдістерін объективті  немесе субъективті әдістерге жатқызу қиын.

Көрсетілген әдістерден басқа  психикалық құбылысты зерттейтін басқа  да әдістер де бар. Мысалы, әңгімелесу - сауалнаманың бір нұсқасы. Сауалнамаға қарағанда әңгімелесу әдісі процедураны жүргізудің еркіндігімен ерекшеленеді.  Әдетте әңгімелесу жайлы жағдайда өтеді, ал сұрақтар сыналушының  жағдайы мен ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады. Басқа әдіске құжаттарды зерттеу әдісі немесе адамның қызметін талдау әдісі жатады. Психикалық құбылыстарды зерттеу барысында әр түрлі әдістерді кешенді түрде қолданғаннан зерттеу тиімді болатынын ескерген жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7.Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы.

     Адам тұлға  болып туылмайды, ал қалыптасады  деген  көзқараспен  қазіргі  психологтардың көбісі  келісуде.  Бірақ  тұлғаның  дамуы қандай  заңдарға  бағынатыны жөніндегі  көзқарастар сан  алуан.  Өйткені   тұлға дамуы үшін қоғам мен  әлеуметтік  топтардың мәні,   дамудың  заңдылықтары мен   кезеңдері, тұлға дамуының дағдарыстары(кризис), даму процесін тездету  мүмкіндіктері   әрқилы  түсіндіріледі. 

Кең тараған тұлға теорияларының  әрқайсысында  тұлғаның даму  мәселесі   өздігінше  қарастырылады. Мысалы, психоаналитикалық  теория даму деп  адамның  биологиялық  табиғатының қоғамда  өмір сүруге  бейімделуін, белгілі қорғаныс механизмдерінің  пайда болуын,  қажеттіліктерді  қанағаттандыру жолдарын   түсіндіреді. Қырлар теориясы (теория черт) бойынша  тұлғаның барлық қырлары   өмір  сүру барысында қалыптасады,  олардың  туындау, қайта түзілу және  тұрақтану  процестері биологиялық емес заңдылықтарға  бағынады.   Әлеуметтік үйрету теориясы   тұлғаның даму процесін  адамдардың белгілі тұлғааралық өзара әрекеттерінің  қалыптасу жолдары ретінде түсендірсе, гуманистік және басқа  феноменологиялық  теориялар оны “ Мен” деген  түсініктің қалыптасуымен ұштастырады.

     Дегенмен, тұлғаны  барлық теориялар позициясынан  шоғырланған, біртұтас  етіп  қарастыру  тенденциясы бар. 

     Адам тұлға  ретінде қалыптасып, дами келе  кемшіліктерді де иеленеді. Бір  теорияда   оң және теріс  қасиеттердің  үйлесімін жан-жақты  көрсету мүмкін емес.  Сондықтан  Эриксон  өз концепциясында  тұлға дамуының  екі шекті   желісін бейнелеген:  қалыпты  және аномалды. Олар таза күйінде  өмірде кезпегенімен  адамның  тұлғалық дамуының  барлық аралық  варианттарын елестетуге мүмкіндік береді ( 1 кестеде  көрсетілген).

     Психологтарға   үйреншікті ой бойынша  тұлға   әлеуметтік ортада  өмір сүріп,  тәрбиеленуі кезінде дамиды.  Адам әлеуметтік тіршілік иесі  болғандықтан   әлеуметтік өзара   әрекеттерге түседі. Ең бірінші  араласу тәжірибесін  бала  сөйлемей тұрып-ақ өз жанұясында  алса, кейін  үнемі субъективті  тәжірибе жинайды. Ол тәжірибе  тұлғаның ажырамас бөлігі. Осы  процесс, сондай-ақ  кейін индивидтің  әлеуметтік тәжірибесін  белсенді  жандандырылып   әлеуметтену деп   аталады. 

Информация о работе Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістері