Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:50, шпаргалка

Описание работы

Қазіргі кезеңде психология ғылымы алдында тұрған теориялық және практикалық міндеттердің сан қилылығына орай үлкен қарқынмен дамуда.Психологияның негізгі міндеті психикалық іс әрекеттіі оның даму барысымен байланысты зерттеп,тану.Осы заңдар арқылы объектив дүниенің адам миында қалай бейнеленетіні,осыған орай оның әрекеттері қалай реттелетіні,психикалық қызметтің дамуы мен жеке адамның психикалық қасиеттері қалай қалыптасқандығы айқындалады.

Содержание


Сұрақ
1
Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістері.
2
Психологияның даму тарихы
3
Психология ғылымның негізгі салалары.
4
Психология ғылымының дамуындағы негізгі кезеңдер.
5
Индивид, субъект, тұлға ұғымдарын түсіндіріңіз.
6
Психологиялық зерттеудің негізгі әдістері.
7
Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы.
8
Түйсіктердің жіктелуі.
9
Қабылдау, оның түрлері және заңдылықтары.
10
Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері.
11
Ес. Естің негізгі түрлері.
12
Естің механизмдері мен негізгі процестері
13
Ойлау. Оның түрлері және ерекшеліктері
14
Ойлаудың қасиеттері.
15
Сөйлеудің түрлері
16
Сөйлеудің шығуы және дамуы.
17
Сөйлеу және оның қызметтері
18
Зейін, оның қызметтері және түрлері
19
Қиял және оның түрлері
20
Қиял және шығармашылық
21
Эмоция түсінігі. Эмоция қызметтері
22
Эмоцияның негізгі түрлері
23
Ерік. Еріктің негізгі қызметтері.
24
Адамның еріктік қасиеті және олардың дамуы
25
Темперамент туралы түсінік.
26
Гиппократтың темперамент туралы теориясы
27
Темперамент типтері
28
Мінездің қалыптасу ерекшелігі
29
Темперамент және мінез
30
Қабілет. Қабілеттің түрлері.
31
Эмоцияның негізгі қызметтеріне сіз қандай талдау жасар едіңіз
32
Жоғары деңгейдегі сезімдерді қалай түсіндіресіз?
33
Ерік.Еріктің қандай негізгі қызметтерін анықтай аласыз?
34
Ерік туралы Сіз қандай теорияларды шынайы деп табасыз?
35
Адамның еріктік қасиеттері мен дамуы қандай жолдармен жүреді деп ойлайсыз?
36
Темперамент өмір барысында өзгермейді деген тұжырыммен келісесізбе,келіссеңіз мысал келтіріңіз?
37
Гиппократтың темперамент туралы теориясына қазіргі ғылыми тұрғыдан талдау жасағанда,нені қолдауға болады?
38
Ойлауды дамытуға арналған әдістердің ішінде С8із қайсысын қолданып жүрсіз?
39
Неміс философиіясы И.Канттың темперамент туралы теориясын сіз қолдайсызба?
40
Темперамент типтеріне Сіз қандай мінездеме бере аласыз?
41
Темпераменті қандай психологиялық әдістермен немесе тесттермен анықтауға болады?
42
Мінездің
қалыптасуына әсер ететін қандай заңдылықтарды білесіз?
43
Жақсы мінездің негізін қандай ерекшеліктер құрастырады деп ойлайсыз?
44
Темперамент пен мінездің айырмашылығын сызба түрінде көрсетіңіз?
45
Мінез адамның дене құрылымына байланысты деп есептейтін Кречмер мен Шелдонның теориясымен келісесіз бе?
46
А.Е.Личко бойынша мінез акцентуци түрлерінің кайсысына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
47
К.Леонград бойынша мінез типтерінің қайсысына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
48
Мінездің қалыптасу ерекшеліктері жайлы эссе жазыңыз?
49
Сіздің маман болып шығуыңыз үшін қабілеттің қай түрі қажет деп ойлайсыз?
50
Қарым қатынаста комплимент айтудыңі қажеттілігі бар ма?
51
Сізде өмір қиындықтарын жеңуде қандай сапаңыз көмектеседі деп есептейсіз?
52
Мен «Психология жайлы қызықты және маңызды нені білдім?» тақырыбына эссе жазыңыз.
53
Сіздің тұлғалық даму деңгейлеріңізді сызба түрінде көрсетіңіз
54
Ерік жігерді шыңдаудың жолдары туралы эссе жазыңыз
55
«ХХІ ғасырдың психологиясы» тақырыбында эссе жазыңыз
56
Мінезді өзгертуге байланысты қандай шаралар жасауға болады
57
Логикалық ойларды дамытуға арналған қандай техникаларды білесіз?
58
Сіз болашақ маман ретінде қандай психологиялық білімдерді пайдалана аласыз?
59
Өзіңіздің студенттік тобыңызға қандай психологиялық мінездеме бере аласыз?
60
Адам қабілеттерін дамытуға арналған қандай психологиялық практикалық әдістер білесіз?

Работа содержит 1 файл

Психология Айзада.docx

— 175.25 Кб (Скачать)

7. Орта ересек шақ (40-45 және 60 жас аралығы)  Шығармашылық. Өзімен өзі және басқа адамдармен өнімді және  шығармашылық жұмыстар жүргізу.  Толық құнды,  әр қилы  өмір.  Отбасылық қатынастармен  қанағаттану, өз балалары үшін риза болу. Жаңа ұрпақты  үйрету және тәрбиелеу. 

Тоқтап қалу. Эгоизм және эгоцентризм.  Жұмыстың өнімсіздігі.  Ерте мүгедек болу. Үнемі өзіне  кешірімді болып, тек өзіне ғана  күтім жасау.

8. Кеш ересек шақ (60 жастан жоғары)Өмірдің  түрлі   оқиғаларға бай болуы. Үнемі  өткенді ойлап, оған  саналы  баға беру.  Өткен өмірді өз  күйінде  қабылдау, оның пайдасын  түсіну.  Тағдырдың жазғанына  көну қабілеті.  Өлім қорқынышты  емес екендігін   ұғыну.       

Үміт үзу.  Өмір босқа  өткен деп, уақыт аз қалғандығын,  ол өте тез өтуде деп ойлау. Өмір сүруді мағынасыз деп    түсіну, өз күшіне, басқаға деген  сенімнің  жоғалуы. Қайта өмір  сүруді  тілеу, бұрын алғаннан да көбірек нәрсені қажет ету. Әлемде тәртіп жоқтығын,    жаман, санасыз  бастаманың көптігін  сезіну. Жақындап келе жатқан  өлімнен  қорқу.

 

 

54. Ерік –жігерді  шыңдаудың жолдары туралы эссе  жазыңыз.

Адамның еркi белгiлi бiр қасиеттермен, сапалармен сипатталады. Ендi жеке адамның  ерiктiк қасиеттерiнiң негiзгiлерiн  қарастырып көрейiк. Алға қойылған мақсатқа жету жолында туындайтын елеулi қиындықтарды жеңу қабiлетiнен көрiнетiн ерiк сапасын ерiк күшi д.а. Мақсатқа жету жолында сiздiң жеңген кедергi, бөгеттерiңiз неғұрлым күштi болса, соғұрлым сiздiң ерiк күшiңiз мықты. Ерiктiк күш салу арқылы жеңген кедергiлер ерiк күшiнiң объективтi көрсеткiшi боп табылады. Iс-әрекеттiң белгiлi бiр нәтижесiне жете бiлуден көрiнетiн, тұлғаның мақсатқа саналы және белсендi бағыттылығы мақсатқа ұмтылушылық д.а. Мақсатқа талпынған адам ұсақ-түйекке көңiл бөлмей, алған бетiнен қайтпай қайткен күнде де оған жетудi көздейдi. Мақсатты таңдау мен оған жету жолын анықтаудың шапшаңдығы мен ақылға сайлығынан көрiнетiн жеке адамның ерiктiк қасиетi батылдық д.а. Батыл адам әрекет мақсаттары мен оларға жету тәсiлдерiн жан-жақты және терең ойлап, қабылданатын шешiмнiң маңызын түсiнiп, олардың мүмкiн болар нәтижесi жөнiнде өзiне-өзi есеп берiп отырады. Батылдық - жеке адамның еркiнiң жоғары дәрежеде екендiгiн көрсететiн қасиет. Батылдық әсiресе мақсатқа бет алыс сәтiнде, сол сияқты, қабылданған шешiмдi жүзеге асыру барысында айқын көрiнедi.Мiнез-құлықты ұзақ уақыт бойы белгiлi бiр мақстқа сай бағыттап, бақылап отыру қабiлетiнен көрiнетiн жее адамның ерiктiк қасиетiн табандылық д.а. Мұндай қасиеттке ие адам, қойылған мiндеттi үнемi санасында ұстап, өз мiнез-құлқын соның шешiмiн тездететiндей етiп құрады. Табанды адам жағдайды дұрыс бағалайды., одан мақсатқа жетуге көмектесетiн нәрселердi таба бiледi. Ұстамдылық н/е сабырлылық деп мақсатқа жетуге бөгет жасайтын психикалық көңiл-күйдi ж/е шаршап-шалдығуды жеңе бiлу қабiлетiнен көрiнетiн жеке адамның ерiк сапасын айтады. Адамға кейде күрделi жағдайларда, мысалы денсаулығы мен өмiрiне зиян келтiретiн жеке басының және қоғамның намысын, абыройын қорғауға тура келетiн т.б. осындай жағдайда әрекет жасауға тура келедi. ұстамды адам мұндай кезде жағдайға сай келетiн ж/е өз қылығын ақтайтын белсендiлiк дәрежесiн таңдап алады. Өзi талаптанып алдына мақсат қоя, оған жету жолдарын таба бiлетiн және қабылданған шешiмдердi практикалық орындай алатын адамның ерiктiк қасиетi дербестiк д.а. Дербес адам мәселелердi бөтеннiң жетегiнде кетпей, өз бiлiмiмен, сенiм-қабiлетiмен шешуге тырысады. Дербес адам басқаның көмегiнсiз-ақ проблемалық жайттың бетiн ашады, оны ескере отырып, алдына мақсат қояды. Ол өзiне басқа адамдардың айтуын, нұсқауын күтiп отырмайды. Мұның үстiне ол өз көзқарасын, мiндет, мақсат ж/е оны жүзеге асыру жөнiндегi өз түсiнiгiн жалтақсыз дәлелдеп қорғай алады. Адамның еркi батылдық, ер жүректiлiк, ерлiк, төзiмдiлiк, тәртiптiлiк сияқты басқа да қасиеттермен сипатталады. Бiрақ олар, едәуiр дәрежеде жоғарыда қаралып өткен ерiк сапаларының даралана ұштасуы болып есептеледi. Ерiктiң дамуы мен оны тәрбиелеу адамның бүкiл өмiр iс-әрекетi процесiнде жүрiп отырады. Ерiк өзге де жоғары психикалық процестер сияқты адамның жас кезеңiне байланысты қалыптасады. Мәселен, жаңа туған балада шартсыз рефлектер түрiндегi ырықсыз қозғалыстар ғана болады. Сондықтан шын мәнiсiндегi ерiктi әрекеттер бұл кезеңде болмайды. Ерiктiк, саналы әрекеттер кейiн қалыптасады. Алғашқы кездерде баланың тiлектерi тұрақты болмайды, тез бiр-бiрiне алмасып отырады. Тек 4 жасқа қараған шағында баланың тiлегi азды-көптi тұрақты сипат ала бастайды. Баланың еркiн тәрбиелеудi неғұрлым жас кезiнен бастау қажет. Ерiк тәрбиесiнде баланы жастайынан еңбек сүюге баулу, еңбең адамдарын қастерлеп, сыйлауға үйретудiң маңызы зор. Ерiктi қалыптастырудың негiзгi жолдары қандай? Ең алдымен бұл процестiң табысы болуы ата-анаға байланысты. Зерттеулер көрсеткендей, баласының жан-жақты боп дамуына көңiл бөлген ата-аналар оларға жеткiлiктi жоғары талап қоя бiлетiнiн көрсеттi, нәтижеде балада iс-әрекеттi ерiктiк реттеуде еш қиын проблемалар болмайды. Отбасындағы терiс тәрбиеге байланысты бала да қыңырлық пен кiрпияздық, шолжаңдаған еркелiк қалыптасады. Бала тiлегiн қайтармай, құр мәпелей беру, iс-әрекетiн ұйымдастырып отырмаушылық ерiктiң жеткiлiксiз дамуына әкеп соғады. Баланы отбасында тәрбиелеудiң қажеттi шарты ода саналы тәртiптi қалыптастыру. Ата-ананың балада ерiктiк қасиеттердi дамытуы оның iшкi тәртiптiлiгi қалыптасуының алғы шарты боп табылды. Өзiнiң тiлегiн нақты жағдайлармен салыстыру, өзгелердiң ырқына бағындыра алу қабiлетi дамиды. Ерiктiк қасиеттiң дамуында маңызды рөлдi мектеп алады. Мектеп балаға оқыту процесi жүзеге асуға қажет бiрқатар талаптар қояды. Мәселен, мектеп оқушысы партада белгiлi бiр уақыт отыруға тиiстi, мұғалiмнiң рұқсатынсыз ол сыныптас жолдастарымен сөйлесе алмайды, орынан өз қалауынша тұрып далаға шығып кете алмайды. Осы талаптардың бәрi баладан ерiктiк қасиеттердiң жоғары деңгейде дамуына әсер етедi. Баланың еркi дамуында дене тәрбиесiнiң де маңызы зор. Спортқа әуестендiру, дене шынықтыру жұмыстары ретiне қарай жүрiп отыруы тиiс. Сонымен бiрге, өзiн-өзi тәрбиелеу қажеттiлiгiн ұғындыру, ұлы адамдардың өнегелерi мен iстерiне елiктеу ерiктi шыңдауға көмектеседi. Ерiктiк қасиеттердiң қалыптасуы адам есейген соң тоқтап қалмайды. Еңбек жолына дербес кiрiскен жас маманның ерiктiк қасиетi  осы еңбек iс-әрекетiнде жоғары даму дәрежесiне жетедi. Сөйтiп, ерiктi қалыптастыру адам өмiрiнде маңызды рөл алды екен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

55. «XXI ғасырдың психологиясы» тақырыбында эссе жазыңыз.

Салыстырып жазу

Осы заман психологиясы – басқа ғылымдармен тығыз  байланысқан қарқынды даму жолына түскен адамзат білімдерінің елеулі аймағы. Сондықтан да, дамудағы құбылыс ретінде  психология үздіксіз өзгерісте болады: жаңа ізденіс бағыттары, проблемалар  туындап отырады, жаңа жобалар іске асып жатады, нәтижеде психологияның  соны салалары ғылым қорына ене береді. Психология салаларының бәріне ортақ құбылыс – бұл пән біртектілігінің сақталуы: психология білімдерінің бәрі де психика деректерін, заңдылықтары мен тетіктерін жағдайға байланысты, іс-әрекет барысында, даму деңгейлеріне орайластырып, зерттеп отырады.

Психологияның негізі - жалпы психология. Бұл саланың атқаратын қызметі: психиканың жоғары жалпыланған заңдарын, заңдылықтары мен тетіктерін зерттейді. Аса маңызды психологиялық пәндердің бірі психология тарихы. Бұл пән өз назарын психологиялық білімдердің қалыптасуы мен дамуына байланысты тарихи үдерістердің мән-мағынасына аударып, оларға түсіндірме береді.

Көп түрлі психология салаларының өз алдына бөлінуінің негіздемелері де сан қилы. Әдетте, олардың жіктелуі мен топтасуына арқау болар жағдайлар келесідей:

1) нақты іс-әрекет (еңбек психологиясы, медициналық, педагогикалық психология, өнер, спорт және т.б. психологиясы);

2) даму (жануарлар психологиясы, салыстырмалы психология, даму психологиясы, балалар психологиясы және т.б.);

 

56. Мінезді өзгертуге байланысты қандай шаралар жасауға болады?

Мiнез өмiр барысында түзелетiн, қалыптасатын психикалық қасиет болып  табылады. Бұл мiнез бала туылғаннан кейiн қалыптасатынын бiлдiредi. Адам мiнезiнiң қайнар көзiн ж/е оның ең алғашқы белгiлерiнiң көрiнуiн  өмiрдiң алғашқы кездерiнен iздеу керек. Жалпы жеке адамның мiнезiнiң қалыптасуына, дамуына оның қоршаған ортамен,әсiресе адамдармен қарым-қатынасы өте үлкен әсер етедi ж/е оның ролi өте маңызды. Әсiресе, кiшкентай бала мiнезiнiң дамуында өз туған-туыстары, жақындары, оларға ұқсауға тырысулары мен елiктеулерi байқалады. Олар елiктеу арқылы үлкендердiң мiнез-құлқын үйренедi. Яғни бала мiнезiнiң қалыптасуы мен дамуына қоршаған адамдармен көп ж/е белсендi қарым-қатынас жасау да ықпал етедi. Үлкен адамдар балалар сенiмiне кiрiп, оған сөзбен, iс-әрекетпен әсер ете алса,бала мiнез-құлқының белгiлi бiр түрiнiң қалыптасуы мүмкiн.Үлкендердiң бiр бiрiмен қарым-қатынасы, қарым-қатынас жасау ерекшелiктерi бала мiнез-құлқының қалыптасуына әсер етедi. Сонымен адам мiнезi еңбекке, жұмысқа, басқа адамдарға деген қатынаста,өз iсiне деген қатынасында пайда болады. Мiнез қалыптасуында сензитивтi кезең 2-3 жастан 9-10 жасқа дейiнгi кезең болып табылады, себебi осы кезде бала өз құрбы-құрдастарымен, үлкендермен белсендi қатынасқа түседi. Осы кезеңде балаға әсер етуге болады, олар оны жақсы қабылдайды, елiктейдi. Осы уақытта үлкен адамдар баланың сенiмiне кiре отырып, мiнез-құлықтың керектi формаларының қалыптасуына сөзбен, әрекеттерiмен әсер ете алу мүмкiншiлiгi жоғары. Баланың мiнезiнiң қалыптасуына үлкендердiң бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасау стилi, сонымен қатар үлкендердiң баланың өзiмен қатынас жасау ерекшелiгi де өте маңызды. Ең 1-ден бұл ата-анаға, әсiресе анасының баласымен қатынасына байланысты болады. Ата-анасының баласымен қарым-қатынасы баланың өскен кездегi өз баласымен қатынас жасау ерекшелiгiне үлкен әсер етедi. Баланың мектепке дейiн кезеңiнде мiнездiң келесi қырлары қалыптасады: ақ көңiлдiлiк, көпшiлдiк, қайырымдылық ж/е оған қарама-қарсы өзiмшiлдiк, мейiрiмсiздiк, байыпсыздық. Ал, бастауыш сынып кезiнде адамдармен қарым-қатынас кезiнде көрiнетiн қырлар қалыптасады. Егер баланың мiнезiндегi белгiлi бiр қырлар отбасында қалыптасып, ол мектеп кезiнде қолдауға ие болса бұл мiнез қыры одан ары қарай дамып, тұрақталады. Егер қолдау таппаса мiнез қырларында өзгерiстер болады. Жасөспiрiмдiк шақта мiнездiң ерiктi қырлары, ал жастық шақта адамгершiлiктiк т.б. дамиды ж/е қалыптасады.  Мiнез адам өмiрiнiң барлық жолдарында қалыптасады ж/е өзгередi. Адам мiнезiнiң қалыптасуында ең үлкен орынды еңбек алады. Сондықтан да, мiнез басқа да тұлғаның қырлары сияқты iс-әрекет кезiнде қалыптасады д.а. Адамның мiнезiнiң өзгерiп отыруына әлеуметтiк жағдайдың үнемi ықпал етiп,оның жаңа сапаларын қалыптастырып отырғандығы ғылыми тұрғыдан анықталған тарихи шындық ж/е обьективтi фактор екендiгi еш дау тудырмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

57. Логикалық ойларды дамытуға арналған қандай техникаларды білесіз?

Логикалық ойлаудың ерекшелігі - қорытындылардың қисындылығы олардың шындыққа сай келуінде. Логикалық ойлауға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар  мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады.Бұл байланыстар мен қатынастардың  дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі. Пікір дегеніміз - ойлау формасы,мұнда бір нәрсе мақұлданады,не теріске шығарылады.Бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасы – ой қорытындылары деп аталады.

Логикалық жаттығуларды орындау  баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады.Бұл оқушылардың түрлі  мазмұнды есептерді шығаруда, есептің  шартын құра білуге қалыптастырылады.Бір  есептің бірнеше шешімдерін табуға жетелейді.Әрбір сабақ қызықты  есептер мен аяқталып,логикалық  есептер оқушылардыңжас ерекшелігіне қарай күрделене түсуі  қажет.

Оқу еңбегінің қаруы - ой. Логикалық жеке пікір мен өзіндік  талдау біртұтас.Бұл талаптар ой  мен  іс -әрекеттің негізгі өзегі  болып келеді.Ол үшін әр адам өз орынында еңбек өнімділігін арттырып қана қоймай ,оның сапасын қлай өсіру  керектігін ойластырғаны жөн.

 

 

 

 

 

 

 

59.  Өзіңіздің студенттік тобыңызға қандай психологиялық мінездеме бере аласыз?

Өзіңіздің тобыңызға  сипаттама  Менің тобым ұйымшыл.Әрдайым бір-біріне көмекке дайын тұрады.Кейде келіспеушілік болып қалса да ол тез шешіліп кетеді. Әрбіреуі өзінше дарынды,өзінің жеке көзқарасы қалыптасқан жандар.Ешқашан ештеңе жасырмайды ,бір-бірінің кемшілігін айтып түзеуге көмектеседі. Басым бөлігі қыздар болса да ұлдардың салмақты мінездері анық білінеді. Бәрі жан жақты дамыған, кез келген оқиға жайлы өзінің позициясын анық жеткізе алады. Әр жасаған істі жауапкершілікпен тындырады.Не жасаса да сапалы жасауға тырысады. «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын» деген мақалды өмірлік ұстаным етуде.

Жалпы біздің топтың атмосферасы  жақсы Әрқайсысының өзіне бір  тән ерекшелігі бар.Бізде өнерлі де талантты студенттер бар.Оқуға деген  ынталары,өмірге деген көзқарастары,қоғамдық жұмысқа араласуы,адамдармен қарым  қатынасы өте жақсы.Мысалға мен  басында кейбір тобымдағы достарымның  мінездерін түсінбей жүретінмін.Бірақ  кейін араласа құраласа келе олардың  жан дүниесін,өмірге деген көзқарасын,олардың  мен ойлағаннан да басқаша екендігін  байқадым.Және жақсы достар бола білетіндігін түсіндім.Міне,осындай мәселелерді  шешуге бір шетінен психология пәні көмектесіп те жатыр.Әрине психология пәні арқылы біздің топқа сипаттама  беру де қиынға соққан жоқ.Мысалға біздер осы пән арқылы адамдардарға сипаттама  беруді мінез түрлерін ажыратуды  үйрендік.Сонымен тобымызды сипаттай келе тобымыздың ұйымшыл,оқуға деген  ынтасы жақсы екендігін айтқым келеді.Мен  тобымды жақсы көремін!Осындай  топта оқығаным үшін әрі осындай  адамдармен дос болғаныма қуанамын!

60. Адам қабілеттерін  дамытуға арналған қандай психологиялық  практикалық әдістер білесіз?

Ұстаз еңбегінің күрделігі - әрбір оқушының жүрегіне жол табуда, әрбір баланың бойындағы қабылетті  дамыту үшін жағдай жасауда. Ең бастысы: мұғалім оқушының өзін тұлға ретінде  сезінуіне көмектесуі керек, оның бойында  өзін, өмірде, әлемді тануға деген қажеттілікті оята білуі керек, әрбір іс-әрекеті  үшін өзінің, жолдастарының, мектептің, қоғамның алдындағы жауапкершілікті, адамгершілік қадір-қасиетті сезінуді тәрбилеуі керек. Танымның қиын жолындағы  балалар жетістігі мұғалімнің әрбір  оқушы мүмкіндігіне сенім артуына, оның табандылығы мен шыдамдылығына, шәкіртіне дер кезінде көмекке  келе білуіне тікелей байланысты. Баланың қабілеттерін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының  тереңінен алады. Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ өз оқушыларының дамуына үнемі қамқорлық жасап  отырған.Адамның ақыл- ойын, қабілеттерін дамыту арқылы оны бақыт жолына жеткізу  мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған шығыстың әйгілі ойшылы Әл-Фараби болады.Бүкіл бір  халықтың ұстазы ұлы Абай өзінің қырық  үшінші қара сөзінде бала өмірге келгендегі қабілетті әрі қалай дамытуды, шыңдауды қажет ететінін, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал назардан тыс қалған қабілеттер бара-бара жойылып, жоқ болатынын айтқан. М.Жұмабаев өзінің педогогика оқулығында баланың  дамуының мәселелерін көтереді. Ол үшін оның танымын, ақылын, еркін, зейінін  қалыптастыру керек екенін жазады.Баланың  шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін  таңдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды  талап етеді.«Қабілеттер-білім алуға  қажетті адамның психологиялық  ерекшеліктері» дейді А. В. Петровский «Қабілет- іс-әрекеттің белгілі бір түйінін ойдағыдай, нәтижелі орындауға көрінетін адамның жеке қасиеті» деп жазады Т. Тәжібаев «Қабілеттер- адамның іс- әрекетінің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктері - деген де анықтама бар. Мүмкін білім де, дағды да емес. Ол адамның белгілі бір істі орындауға даярлығы»,- деп қарастырады Ә. Алдамұратов. Психология қабілеттердің 2 түрлі деңгейі болатындығын дәлелдейді.Репродуктивті (өнімсіз) – іс- әрекетті не білімді берілген үлгі бойынша қабылдай, меңгере алу деңгейі. Шығармашылық- жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.  Ал «шығармашылық» сөзінің мәні неде? «Шығармашылық сөзінің төркіні (этимологиясы) «шығару», «іздену», «ойлап табу»» дегенге келіп соғады. Демек бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап, жетістікке қол жеткізу деген сөз. Ал «шығармашылық» мәселесін терең зерттеген Я.Н.понаморев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интелектуалдық тұрғыдағы, баланы жаңа психологилық сапаға көтереді.Бұдан біз  «шығармашылық» ұғымының негізгісі белгісі  «жаңалық» болғанымен, ондағы тұлғаның, адамзаттың қоғамның дамуына әсер ететін ерекше күштің  бар екенін байқаймыз.Шығармашылық қабілет деген не? Қабілеттердің деңгейге көтерілуі неге байланысты? – деген сұрақтар әрбір ұстазды мазалайды деп ойлаймын. Шығармашылық әрекет өте күрделі процесс және ол адамға ғана тән. Шығармашылық- адамның іс- әрекетінің түрі. Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері 2 түрлі әрекетте дамиды:Біріншіден, кез келген бала адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақтаған тәжірбиесін меңгертуге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды, білімі, білік дағдыны қабылдайды,Екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы ол баланың өзін-өзі қалыптасуына, өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс- тәсілдер іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.Бүгінгі бастауыш  сынып оқушыларының кез-келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады Ол үшін мына төмендегі шарттар орындалуы тиіс:Біріншіден-баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін ерте бастан қолға алу. Мысалы; біз тіл үйрету үшін баланың туған сәтінен бастап сөйлесе бастаймыз ғой. Музыканттар жанұясында үнемі музыка естіп өскен баланың сол өнер қабілеті өте ерте ашылады. Осыны басқа қабілеттер дамытуға неге пайдаланбасқа? Екіншіден-баланың жүйелі, тұрақты ұйымдастырылған шығармашылық әрекеттер жағдайында болуы. Ерекше ойды талап ететін әлеуметтік қарым-қатынастар шығармашылық қабілеттерді дамытуға тиімді әсер етеді деп ойлаймыз.Үшіншіден-шығармашылық жұмыстар баланың ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жетуі керек. Осындай тынымсыз ой қызметі ғана бала дамуында үлкен нәтиже береді. Төртіншіден-және ең негізгі шарт-бала әрекетінің әр түрімен айналысуға , тыңдауға деген еркіндігінің болуы. Баланың жұмыспен айналысуға деген қызығушылығы, қанша уақыт айналысамын десе де өз еркі болуы керек. Мұндай қызығушылық, қажеттілік табысқа жетудің бірден-бір кепілі болып табылды. Міне, бұдан шығармашылық қабілеттердін дамытудың бесінші шарты шығады-еркіндік, ойға не келсе, соңы істеуге, ал қамқорлық, көмек бала үшін жұмыс істеуге айналмай, балаға елеусіз болса да, өз күшімен, өз ойымен, қиындықты жеңе отырып, «жаңалық» ашуға жағдай жасау керек.


Информация о работе Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістері