Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:50, шпаргалка

Описание работы

Қазіргі кезеңде психология ғылымы алдында тұрған теориялық және практикалық міндеттердің сан қилылығына орай үлкен қарқынмен дамуда.Психологияның негізгі міндеті психикалық іс әрекеттіі оның даму барысымен байланысты зерттеп,тану.Осы заңдар арқылы объектив дүниенің адам миында қалай бейнеленетіні,осыған орай оның әрекеттері қалай реттелетіні,психикалық қызметтің дамуы мен жеке адамның психикалық қасиеттері қалай қалыптасқандығы айқындалады.

Содержание


Сұрақ
1
Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістері.
2
Психологияның даму тарихы
3
Психология ғылымның негізгі салалары.
4
Психология ғылымының дамуындағы негізгі кезеңдер.
5
Индивид, субъект, тұлға ұғымдарын түсіндіріңіз.
6
Психологиялық зерттеудің негізгі әдістері.
7
Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы.
8
Түйсіктердің жіктелуі.
9
Қабылдау, оның түрлері және заңдылықтары.
10
Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері.
11
Ес. Естің негізгі түрлері.
12
Естің механизмдері мен негізгі процестері
13
Ойлау. Оның түрлері және ерекшеліктері
14
Ойлаудың қасиеттері.
15
Сөйлеудің түрлері
16
Сөйлеудің шығуы және дамуы.
17
Сөйлеу және оның қызметтері
18
Зейін, оның қызметтері және түрлері
19
Қиял және оның түрлері
20
Қиял және шығармашылық
21
Эмоция түсінігі. Эмоция қызметтері
22
Эмоцияның негізгі түрлері
23
Ерік. Еріктің негізгі қызметтері.
24
Адамның еріктік қасиеті және олардың дамуы
25
Темперамент туралы түсінік.
26
Гиппократтың темперамент туралы теориясы
27
Темперамент типтері
28
Мінездің қалыптасу ерекшелігі
29
Темперамент және мінез
30
Қабілет. Қабілеттің түрлері.
31
Эмоцияның негізгі қызметтеріне сіз қандай талдау жасар едіңіз
32
Жоғары деңгейдегі сезімдерді қалай түсіндіресіз?
33
Ерік.Еріктің қандай негізгі қызметтерін анықтай аласыз?
34
Ерік туралы Сіз қандай теорияларды шынайы деп табасыз?
35
Адамның еріктік қасиеттері мен дамуы қандай жолдармен жүреді деп ойлайсыз?
36
Темперамент өмір барысында өзгермейді деген тұжырыммен келісесізбе,келіссеңіз мысал келтіріңіз?
37
Гиппократтың темперамент туралы теориясына қазіргі ғылыми тұрғыдан талдау жасағанда,нені қолдауға болады?
38
Ойлауды дамытуға арналған әдістердің ішінде С8із қайсысын қолданып жүрсіз?
39
Неміс философиіясы И.Канттың темперамент туралы теориясын сіз қолдайсызба?
40
Темперамент типтеріне Сіз қандай мінездеме бере аласыз?
41
Темпераменті қандай психологиялық әдістермен немесе тесттермен анықтауға болады?
42
Мінездің
қалыптасуына әсер ететін қандай заңдылықтарды білесіз?
43
Жақсы мінездің негізін қандай ерекшеліктер құрастырады деп ойлайсыз?
44
Темперамент пен мінездің айырмашылығын сызба түрінде көрсетіңіз?
45
Мінез адамның дене құрылымына байланысты деп есептейтін Кречмер мен Шелдонның теориясымен келісесіз бе?
46
А.Е.Личко бойынша мінез акцентуци түрлерінің кайсысына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
47
К.Леонград бойынша мінез типтерінің қайсысына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
48
Мінездің қалыптасу ерекшеліктері жайлы эссе жазыңыз?
49
Сіздің маман болып шығуыңыз үшін қабілеттің қай түрі қажет деп ойлайсыз?
50
Қарым қатынаста комплимент айтудыңі қажеттілігі бар ма?
51
Сізде өмір қиындықтарын жеңуде қандай сапаңыз көмектеседі деп есептейсіз?
52
Мен «Психология жайлы қызықты және маңызды нені білдім?» тақырыбына эссе жазыңыз.
53
Сіздің тұлғалық даму деңгейлеріңізді сызба түрінде көрсетіңіз
54
Ерік жігерді шыңдаудың жолдары туралы эссе жазыңыз
55
«ХХІ ғасырдың психологиясы» тақырыбында эссе жазыңыз
56
Мінезді өзгертуге байланысты қандай шаралар жасауға болады
57
Логикалық ойларды дамытуға арналған қандай техникаларды білесіз?
58
Сіз болашақ маман ретінде қандай психологиялық білімдерді пайдалана аласыз?
59
Өзіңіздің студенттік тобыңызға қандай психологиялық мінездеме бере аласыз?
60
Адам қабілеттерін дамытуға арналған қандай психологиялық практикалық әдістер білесіз?

Работа содержит 1 файл

Психология Айзада.docx

— 175.25 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8.Түйсiктердiң жiктелуi

В. Вундтың энергетикалық жiктеуi. 1898 жылы В. Вундпен рецепторлардың адекватты тiтiркендiргiштердiң энергиясынан тәуелдiлiк бойынша классификациясы ұсынылды. Ол механикалық, химиялық және жарықтық сезгiштiктi қабылдауға арналған рецепторлардың келесi үш типiн бөлiп шығарды:

  1. механорецепторлар ткандердiң деформациясының, жиырылуының немесе жылжуының механикалық энергиясын қабылдайды. Олар бүкiл дененiң бетiнде және iшiнде орналасқан: терiде, бұлшықетте, сiңiрлерде, тамыр қабырғаларында т.с.с. Механорецепторлардың сан-алуан түрлерi белгiлi. Жоғарғы дамыған механорецепторларға iшкi құлақта орналасқан, ұзындығы 0,03-0,04 мм. қылдық клеткалар жатады. Олардың бiр түрi дененiң жылдам қозғалыстарын және салмақ күшiнiң бағытын тiркеуге арналған, ал екiншiсi ауаның толқуын тiркеуге арналған.
  2. хеморецепторлар – рецепторлардың анағұрлым ежелгi тобы. Химиялық заттарға сезгiштiк бiрклеткалық организмдерде де болады. Жоғары дамыған сезгiштiк насекомдардың хеморецепциясына тән. Олардың кейбiр түрi аналықтарын екi километр қашықтықта тауып ала алады. Балықтардың хеморецепторлары терiде орналасқан. Құрлықтағы жануарларда олар тұмсықтық және ауыздық қуыста орналасқан. Хеморецепторлардың кейбiр ерекше түрлерi iшкi мүшелерде де кездеседi.

     3) фоторецепторлар жарықтық энергияны қабылдайды. Жарықтық тiтiркендiргiштерге сезгiштiк филогенезде прогрессивтi түрде дамыған. Оның эволюциясы көру мүшесi – көздiң өзгеруiмен байланысты болды. Көздiң жетiлуi iшекқуыстылардың жарық сезгiш пластиналарынан бастап, насекомдардың күрделi фасеталық көздерiне дейiн, одан әрi қарай омыртқалардың камералық көзiне дейiн жүзеге асты. Соңғысы екi-ақ фоторецептордан тұрады – таяқшалар мен шақшалар. Олардың әрқайсысы жарықты қабылдауда өзiнiң арнайы қызметiн атқарады. Едәуiр күрделi әрi жоғары дамыған жарықсезгiш клеткалар – ол шақшалар. Олар күндiзгi көру қызметiн ақарады және объектiнiң анағұрлым жiтi әрi дәл қабылдануын қамтамасыз етедi. Таяқшалар көру қабығының (фовеаның) шетiнде орналасып, ымырттық көрудi қамтамасыз етедi.

×. Шерингтон бойынша рецепторлар жiктеуi. 1906 жылы ағылшын физиологы ×. Шерингтонмен организмде орналасуы мен атқаратын қызметi бойынша сенсорлық процестердiң жiктеуi шығарылды. Ол сезгiштiктiң үш тобын бөлiп көрсеттi: интероцепция, экстероцепция және проприоцепция.

  1. Экстероцептивтi деп сыртқы тiтiркендiргiштердiң әсерлерiне сезгiштiктi айтады. Ол бес негiзгi модалдықтан тұрады – көру, есту, сипап сезу, иiс сезу және дәм сезу.  Экстероцептор маңызды бағдарлаушы және реттеушi қызмет атқарады. Объектiнiң рецепторға әсерi бойынша экстероцепторлардың екi түрiн бөлiп көрсетедi: контакттық және дистакттық. Контакттық рецепторлар, дистанттыққа қарағанда, филогенезде ертерек қалыптасқан. Оларға дәм сезу, сипап сезу рецепторлары жатады. Дистанттыққа көру, есту, иiс сезу рецепторлары кiредi. Бұлар құрылымы мен функциялары жағынан күрделi қызмет атқарады.
  2. Проприоцептивтi - дененiң немесе оның бөлiктерiнiң кеңiстiктегi орналасуы мен қозғалысына сезiмталдық. Қозғалысты қабылдауға арналған проприоцепцияның түрiн кинестезия деп атайды. Проприоцептивтiк түйсiктер, экстероцептивтiкпен салыстырғанда, жақсы байқалмайды. Проприоцепцияның негiзiнде пайда болатын дене бөлiктерiнiң бiрыңғай орналасуын дене схемасы деп атайды. Әсiресе, эфференттiк бұйрықтарды атқаруда проприоцепциядан келетiн дене схемасы жөнiндегi ақпаратты пайдалану маңызды   4) Интероцептивтi – организмнiң iшкi ортасында жүретiн алмасу процестерiне сезгiштiк. Интероцепторлар қатарына механо- және хеморецепторлар кiредi. Олар барлық iшкi мүшелерде кездеседi және сан-алуан органикалық процестерге - қанның химиялық құрамы мен қысымының өзгеруiне, ткандердiң температурасының өзгеруiне, асқазанның толуының және т.б. өзгеруiне жауап бередi. Интероцептивтi қызмет ету көбiнесе санадан тыс жүзеге асады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9.Қабылдау, оның түрлері және заңдылықтары

 

Қабылдау дегенiмiз – ақиқат дүниедегi заттар мен құбылыстардың сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етiп, тұтастай заттық түрде бейнеленуi.

Қабылдау түйсiктер сияқты негiзгi анализаторларға байланысты классификациясы бар. Қабылдауда жетекшi рөлдi қандай анализатордың түрi басым болуына байланысты көру, есту, сипап сезу, кинестетикалық, иiс сезу және дәм сезу қабылдауларын бөлiп көрсетедi.

Әдетте қабылдау процесi өзара әрекеттесетiн анализаторлар негiзiнде жүзеге асады. Қозғалыстық қабылдаулар белгiлi-бiр дәрежеде қабылдаулардың барлық түрлерiнде қатысады. Мысалы, сипап сезу қабылдауында тактилдiк және кинестезиялық  анализаторлар қатысады.

Қабылдаудың әр түрлерi таза күйде сирек кездеседi. Олар көбiнесе комбинацияланып, қабылдаудың күрделi түрлерiн құрайды. Мысалы, оқушының мәтiндi қабылдау әрекетiнде көру, есту және кинестезиялық қабылдаулар қатысады.

Қабылдаудың келесi классификациясында материяның тiршiлiк етуiнiң белгiлi бiр формалары – кеңiстiк, уақыт, қозғалыс негiзге алынады.

Қабылданатын объектiнiң ерекшелiктерiне байланысты қабылдаудың келесi түрлерiн бөлiп көрсетедi: заттарды қабылдау, сөйлеудi немесе музыканы қабылдау, адамның адамды қабылдауы. Соңғысы әлеуметтiк перцепция деп аталады. Бұл процесс әлеуметтiк кәсiптерде маңызды қасиет болып табылады.

Кеңiстiктi қабылдау: заттардың формасын, көлемiн, тереңдiгiн және алыстығын, бағытын қабылдау.

Кеңiстiктi қабылдау адамның ортамен өзара әрекеттесуiнде үлкен рөл атқарады және адамның онда бағдарлауының қажеттi шарты болып табылады. Кеңiстiктi қабылдау кеңiстiктiң объективтi көрiнiсiнiң бейнеленуi болып табылады және объекттердiң формасын, көлемiн және өзара орналасуын, олардың рельефiн, қашықтығын және олардың бағытын қабылдаудан тұрады.

Функциялық ассиметрия анализатордың бiр жағының жетекшi, доминантты болып табылатынын бiлдiредi.

Заттардың көлемi мен түрiн қабылдау. Заттардың көлемi мен түрiн қабылдауда олардың көздiң тор қабығында бейнеленуiнiң үлкен маңызы бар. Үлкен заттарға үлкен кескiн, кiшi заттарға кiшi кескiн сәйкес келедi. Адамның көз құрылысының ерекшелiгiне байланысты алыста орналасқан зат, көлемi жағынан бiрдей болғанымен, жақын қашықтықтағы затқа қарағанда, кiшi болып бейнеленедi. Заттардың көлемi мен түрiн қабылдау көру, сипап сезу және бұлшықеттiк-қимылдық түйсiктердiң күрделi үйлесiмi негiзiнде жүзеге асады.

Заттардың аумақтылығы  мен қашықтығын қабылдау. Заттардың аумақтылығын немесе тереңдiгiн қабылдауда бинокулярлық көру (немесе екi көзбен көре қабылдау) негiзгi рөл атқарады.

Монокулярлық  көру (бiр көзбен қарау) қашықтықты белгiлi-бiр шек маңында ғана дұрыс анықтай алады. Егер шамалы қашықтықта керулi тұрған жiңiшке жiпке бiр көзбен қарасақ, жоғарыдан тасталған кiшкентай шардың оның алдынан немесе артынан өткенiн айыру қиын. Ал егер екi көзбен қарайтын болсақ, дәл осы құбылысты дұрыс қабылдау бiзге қиын соқпайды.

Бинокулярлық көруде заттың кескiнi диспаранттық нүктелерге, яғни оң және сол көздiң тор қабықтарының толық сәйкес емес нүктелерге келiп түседi. Кескiн сәулесi бiртектес нүктелерге, яғни тор қабықтың  бiр-бiрiне толық дәл келетiн нүктелерiне келiп түссе, онда кескiн жалпақ болып қабылданады. Егер зат бейнесiнiң диспаранттылығы тым үлкен болса, онда бейне қосарлана бастайды. Диспаранттылық белгiлi мөлшерден аспаған жағдайда тереңдiктi қабылдау пайда болады.

Тереңдiктi қабылдауда  көз бұлшықеттерiнiң жиырылуы мен жазылуынан пайда болатын бұлшықеттiк-қозғалыстық түйсiктердiң маңызы аз емес. Саусақты ақырындап мұрынға жақындату, көз бұлшықеттерiнiң тартылуының нәтижесi болатын проприоцептивтiк түйсiктер туғызады. Бұл түйсiктер көз остерiн жақындататын (конвергенция құбылысы), ажырататын (дивергенция құбылысы) бұлшықеттерден және көз бұршағының шапыраштануын өзгертетiн бұлшықеттен шығады.

Заттар қашықтаған сайын  кеңiстiктi қабылдауда заттардың орналасуына қарай туатын жарық пен көлеңкенiң өзара орналасуының маңызы үлкен болады. Адам мұндай ерекшелiктердi байқайды да заттың кеңiстiктегi орнын жарық пен көлеңкеге сүйенiп-ақ, дұрыс анықтап берудi үйренедi.

Уақытты қабылдау. Уақытты қабылдау – бұл құбылыстар мен оқиғалардың ұзақтығы мен тiзбегiн бейнелендiру.

И.П. Павлов пен оның iзбасарлары тәжiрибе жүзiнде дәлелдеген адамдарда үнемi жасалынып отыратын уақытқа деген шартты рефлекстер уақытты қабылдау процесiнiң физиологиялық негiзi болып табылады. Уақыттық аралықтар адам организмiнде болатын ырғақты процестермен анықталады. Уақытты дәл, тiкелей қабылдауға көнетiн тек қысқа мерзiмдi интервалдар ғана. Уақыттық аралықтарды дәл бағалауға есту және қимылдық түйсiктер себепшi болатындығы анықталған.

Қозғалысты қабылдау – бұл объектiлердiң кеңiстiктегi орны мен қалпының өзгерiсiн бейнелеу. Қозғалысты қабылдау өмiрлiк маңызға ие. Қоғалысқа көру жүйесiнiң перифериялық бөлiмi сезiмтал келедi. Объект табылғанда, көру аумағының шет жағында оның түскен бейнесi  көздiң рефлекторлық  бұрылысын тудырады, нәтижесiнде объект бейнесi көру аумағының орталығына ауысады, осы жерде бұл обектiнi ажырату мен тану жүзеге асады. Заттың қозғалысын қабылдау, негiзiнен, оның қандай да бiр фонда орын ауыстыру немесе жылжи отырып, көз торының түрлi клеткаларының кезектi қозуын тудырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10.Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері 

 

Қабылдаудың тұтастылығы деп объектiнiң кейбiр қабылданатын элементтерiнiң жиынтығын сенсорлық түрде және ойша тұтас бейне күйiне толықтыруды айтады.

Қабылдаудың объектiсi кейбiр  жеке қасиеттерден, жеке бөлiктерден  тұрғанымен, бiз оларды бүтiндей, тұтастай қабылдаймыз. Қабылдаудың нәтижесiнде  қалыптасатын тұтас бейне түйсiну түрiнде алынатын заттың жеке қасиеттерi мен сапалары жөнiндегi бiлiмдердi жалпылау негiзiнде құрылады.

Қабылдаудың құрылымдылығы қабылдаудың тұтастылығымен тығыз байланысты. Бiз белгiлi бiр объектiнi жеке элементтермен емес, ал тұтас құрылым ретiнде қабылдаймыз. Мысалы, музыканы қабылдағанда, бiз оны жеке ноталар бойынша емес, ал тұтас әуен ретiнде қабылдап, қайта жаңғырта аламыз.

Қабылдаудың заттылығы  – қабылдаудың көрнекi бейнесiн сыртқы дүниенiң белгiлi бiр заттарына жатқызу. Бұл объективация актiнде жақсы көрiнiс табады. Осындай объективациялық қасиетiнсiз қабылдау өзiнiң бағдарлаушы және реттеушi қызметiн атқара алмайды. Қабылдаудың заттылығының дамуында адамның практикалық iс-әрекетi маңызды рөл атқарады. Бiз заттарды олардың тәжiрибеде қолданылу қызметi негiзiнде ажыратамыз. Мысалы: ересек адам кiрпiштi жарғыштан оңай ажырата алады. Бұлардың сыртқы пiшiнi бiрдей көрiнгенiмен, олардың кейбiр айрықша қасиеттерiнiң болатынын бiз өткен тәжiрибемiзден бiлуiмiздiң арқасында оларды әр түрлi екi зат ретiнде қабылдаймыз.

Қабылдаудың мағыналылығы. Бұл ерекшелiкте қабылдаудың түйсiктерден негiзгi айырмашылығы жақсы көрiнедi. Объектiлердiң мазмұнын жақсылап түсiнбейiнше, оларды белгiлi тұжырымдар мен сөз арқылы атамайынша, олар толық қабылданбайды. Егер объектiнiң аты сөзбен берiлсе, ол қандай нәрсе болса да, оңай және тез қабылданады.

Қабылдаудың тұрақтылығы  немесе константтылығы деп сыртқы жағдайдың өзгеруiне қарамастан, заттардың мөлшерi, формасы, түсi және т.б. қасиеттерiнiң салыстырмалы бiр қалыпты болып қабылдануын айтады. Мысалы, ақ қағаз қараңғы бөлмеде қара болып көрiнсе де, бiз оны ақ түстi ретiнде қабылдаймыз. Сондай-ақ мысалы, құрылысшылар биiк объектiнiң үстiне шығып тұрғанда, адамдардың құмырсқадай кiшкентай болып көрiнгенiмен, олардың мөлшерiн тұрақты қабылдай алады.

Қабылдаудағы  иллюзия. Түрлi себептерге байланысты шындықтағы объектiлердi қате қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзиялар сан-алуан себептерге байланысты пайда болады. Мысалы, шай құйылған стақанға салынған қасықтың сынған сияқты көрiнуi физикалық қасиеттермен түсiндiрiлсе, кейбiр нәрсе жөнiндегi жаңсақ пiкiрлер әр түрлi ерекшелiктерiне байланысты. 

Иллюзияларды адамның  жүйке жүйесiнiң ауруға шалдығуына байланысты туатын заттардың жалған, терiс бейнелерi -  галлюцинациялардан ажырату қажет.

Апперцепция. Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжiрибесiнiң мазмұнына байланыстылығын апперцепция дейдi. Бұл адамға қабылданатын заттар немесе құбылыстар таныс болып, оның бұрыңғы тәжiрибесiнде кездескен болса, онда адам оларды дұрысырақ, тереңiрек қабылдайды.

Апперцепция тұрақты және уақытша болып екi түрге бөлiнедi. Тұрақты апперцепция адамның қызығуы мен мамандығы, бiлiмi мен дүниетанымына байланысты болып отырады. Апперцепция затты түрлi жағынан бағалай алу, адамның оны өзiнше талқылап, өзiнше өз көзқарасын бiлдiре алуы. Әртүрлi иллюзиялардың негiзiнде адам жаңсақ пiкiрде болады. Оны уақытша апперцепция дейдi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11. Ес. Естің негізгі түрлері.

 

Ес дегеніміз бір бірімен  ұштасқан дара бөлектерден құралған күрделі психикалық процесс.Ес адамға өте қажет жан құбылысы.Оның арқасында  субъекті жеке басының өмірілік тәжрибесін жинақтап,сақтап,соңғы пайдасына  жаратады.

Естiң негiзгi процестерi: есте қалдыру, есте сақтау, қайта жаңғырту, тану және ұмыту. Есте қалдыру дегенiмiз - жаңадан қабылданған бейнелер мен мәлiметтердi және олардың мәнiн есте бұрыңғы сақталғандармен байланыстырып отыруды айтамыз. Жаңа бiлiмдердi алуда және iс-әрекеттердiң жаңа түрлерiне ие болуда ол орын алады. Бiрақ есте қалдыруда әр нәрсе сақтала бермейдi. Бiр экспериментте адамдарға карточкалар берiлдi. Ол жерде сүреттер мен сандар болған. Бiрiншi зерттелiнүшiлiрге сол сүреттерде заттарды танысын деп тапсырма бердi, ал екiншiлерге сандарға қарап карточкаларды реттерiмен қойсын деген.  Тапсырма бiткеннен кейi, карточкадағыны  есiңiзге түсiрiңiзшi дегенде, бiрiншiлер тек сүреттердi, екiншiлер сандарды ғана түсiрiптi. Осыған орай, еске қалдыру әрекеттердiң мақсаттарыменен, мотивтерiменен және тәсiлдерменен айқындалынып отырады. Бұл есте қалдырудың таңдамалығын көрсетедi. Өйткенi адам бастан көшiргеннен және болмыстан өмiр мен тiршiлiкке қажеттi әсерлердi, бiлiмдердi және мәлiметтердi жадысына қалдыруды мақсаттайды. Арнайы есте үшiн мынадай шарттар қажет:Мұндай талаптарды орындау адамның есте сақтауын дамытып отыруына ықпалын көрсетедi. Психологияда естi дамытуға арналған жаттау тәсiлдерiн – мнемоника немесе мнемотехникалар деп атайды. Солардың кейбiреулерi тақырыптың соңында берiледi.

Есте сақтаудың ерекшелiктерi болады. Психологтардың зерттеулерi бойынша мәлiметтiң басындағысы мен аяқталғандағысы есте жақсы сақталады екен. Сол үшiн маңызды және керектi нәрселердi жақсы есте қалдыру үшiн, мысалы, баяндаманың  басына немесе соңына қою керек.

Информация о работе Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістері