Отбасы татулығы бағдарламасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 18:10, реферат

Описание работы

Бұл әдістемелік құралда отбасы татулығына бағытталған жұмыс нәтижелері берілген. Бұл еңбекте отбасы татулығы бағдарламасы мен тұжырымдамасы ұсынылды. Ата-ана мен бала және ерлі-зайыптылар қатынасында татулықты сақтауда қолданылған қажетті ұсыныстарда қарастырылып өткен.

Работа содержит 1 файл

отбасы багдарламасы.doc

— 1.28 Мб (Скачать)
  1. Сурет салу процесін талдау баланың отбасылық қарым-қатынасы жөнінде ақпарат беріп қана қоймай, оның жұмыс стилін де көрсетеді. Мектеп оқушылары мен жеткіншектер сурет сала алмайтындығын айтса, оны түсінуге болады. Психолог балаға түсіндіруі тиіс, бұл тапсырмада суретті әдемі салу мақсат емес, отбасы мүшелерінің қызметін ойлап табу мақсат.

Көптеген сылтаулар, қолмен салған суретін жабу, бұл баланың өзіне өзі сенбеуін, ересек адамнан көмек қажеттілігін көрсетеді.

Бала өзі  жақсы көретін отбасы  мүшесін  бірінші салады. Бір тұлғаны салар  алдында біраз үзіліс те болады. Кейбір жағдайларда бұл баланың  ол отбасы мүшесіне негативті қатынасын білдіруі мүмкін. Түсінік берген кезде баланың отбасы мүшелеріне деген қарым-қатынасы айтылуы мүмкін, бірақ тестті орындау кезде психолог баламен әңгімелеспеуі жөн.

ЖКС үшін сандық мағалар жүйесі құрастырылған. 5 симптомдар айқындалады:  
1) қолайлы отбасылық жағдай; 2) үрейлік; 3) жанжалдық; 4) өзін толықтырылмағанын сезіну; 5) отбасы жағдайындағы дұшпандық.

Балдар сомасы қаншалықты көп болса, соншалықты белгінің айқын болғаны. Белгінің айқындалуы 0 ден 3 ке дейін мағаланады. Алынған  нәтижелер психолог үшін психокоррекциондық жұмысқа және бала мен отбасын ары қарай диагностикалауға негіз болады.

 

ЖКС нәтижелер бағаларын тіркеу бланкісі

Баланың аты-жөні_________________________________________

Туылған күні______________________________________________

Зерттеу мерзімі____________________________________________

Симптомокомплекстің балдар сомасы

қолайлы отбасылық жағдай

үрейлік

Жанжалдық

өзін  толықты-ылағанын

сезіну

отбасы  жағдайындағы дұшпандық

         

 

 

6.2. Балаларға   әлеуметтік – психологиялық зерттеуді жүргізу негіздері.

 

Балаға  зерттеу  жүргізу барысында келесі аспектілер бойынша мәлімет жинау керек:

    • өмір сүру шарттары:
    • отбасылық және әлеуметтік байланыстар;
    • дене және психикалық саулық ;
    • бала тұлғасының ерекшеліктері, мінез – құлық қасиеттері;
    • оқу іс - әрекетінің ерекшеліктері (оқуға қатынасы және оқудағы жетістіктері )
    • ересектер мен құрдастарымен қарым – қатынас ерекшеліктері;
    • өзі - өзіне қызмет көрсету дағдыларының деңгейлері;

Әлеуметтік  – психологиялық зерттеу нәтижелері бойынша балалардың жекелік және

мінез – құлықтық ерекшеліктері анықталады.

 

Баланың өзіндік санасы құрылымының ерекшеліктері:  

    • өз қасиеттері, қабілеттері және мүмкіндіктері жайлы түсініктері;
    • өзіндік баға деңгейі;
    • жыныстық – рольдік идентификация;

 

Эмоциялық даму ерекшеліктері:

    • сезімдері мен уайымдарын сөзбен сипаттай білу іскерлігі;
    • эмпатияға қабілеті;
    • әлеуметтік эмоциялардың қалыптасуы;
    • қобалжу деңгейі;
    • агрессия деңгейі(сөздік және дене агрессиясы);
    • қызбалылық деңгейі;

 

Қарым – қатынас ортасының ерекшеліктері:

    • коммуникативті хабардарлық деңгейі;
    • өз іс - әрекетін отбасы мүшелерінің іс - әрекетімен сәйкестендіре білу;
    • қақтығыстық  жағдайларды шешуге дағдылардың болуы;
    • отбасы жүйесіне бағыттала білу;

 

Бала  қажеттіліктері:

    • базалық физиологиялық қажеттіліктердің қанағаттандырылу деңгейі;
    • әлеуметтік қажеттіліктердің қанағаттандырылу деңгейі(сүйіспеншілікте,достықта,адамдармен қарым - қатынасында);
    • өзін - өзі жетілдіру қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы деңгейі(өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін дамыту).

 

6.2.1 Көркем  сурет әдістемесі

Бұл әдістеме сезімдік ерекшеліктерді айқындауға бағытталған. Баланың қолданатын түстер гаммасы  оның сезімдік күйі жөнінде көп нәрсені  айтып бере алады. Түстік қалауларды айқындау, көпке мәлім Люшер тестіне  негізделген. «Көркем сурет» тесті  арнайы құралдарды қажет етпейді. Бұл тест бастауыш мектеп оқушыларына арналған, өйткені оларға белгілі және табиғи бейнелеу қызметінде негізделген. Тестті орындау үшін бір парақ қағаз (баланың алдына қойылады) және түрлі-түсті қаламдар(он екі қаламнан аз болмасын, 24 түстен тұратын қаламдар жиынын қолданған өте жақсы) қажет.Түрлі түсті қаламдар фломастерлерден жақсы, өйткені түстің тығыздығын түрлендіруге мүмкіндік береді.

Нұсқау. «Түрлі түсті қаламдармен өзің қалаған  бір әдемі сурет сал». Сурет  салу кезінде баланың түрлі түстердің қолдану ретін жазып отыру қажет.

 

Нәтижелер интерпретациясы (түсіндіру)

Нәтижелерді интерпретациялау кезінде суреттің жалпы түстердің  үндестігі бағаланады. Жұмыс басында  баланың қолданған түстері, ең көрнекі  түстер. Қараңғы түстерді қолдануы көңіл күйінің төмендеуінің белгісі. Үнемі тек қараңғы түстерді қолдануы депрессияның клиникалық түрі кезінде байқалады. Осы жерде қара түстің үйлесімдері қоңыр мен сия көк түстері қолданылатыны көрінеді.

Түстер гаммасының кедейленгені түстің

 

6.2.2.«Шварцландердің моторлық сынау» әдістемесі

Мақсаты – талаптану  деңгейін анықтау.

НұсқауТапсырма  моторлық үйлестік тест ретінде беріледі. Зерттелушіге тәжірибе сынау санына байланысты төрт төртбұрыш секциясы бар іс-қағаз беріледі. Берілген уақытта төртбұрыштардың біреуінің ішіндегі квадраттардың көбін бегілеп шығу қажет. Зерттеленушіден 10 секундтың ішінде қанша квадрат белгілей алатынын атауын сұрайды. Ол жауабын бірінші төртбұрыштың жоғарғы үлкен ұяшығына жазады.

Зерттеушідің  айтуымен басталатын және бітетін сынаудан кейін зерттеленушінің қанша квадрат белгілегені саналады және бірінші төртбұрыштың астыңғы үлкен ұяшығына жазылады. Осы жүйе сияқты қалған сынаулар жүргізіледі, үшінші сынауда уақыт 8 секундқа азаяды. Бұл тапсырма мақсаттық айырмашылықты зерттеуге арналған.

 

І.

 

 

 

 

 

 

 

УП1

                     
                   

 

 

 

 

 

 

 

УД1

 
                   

 

ІI.

 

 

 

 

 

 

 

УП2

                     
                   

 

 

 

 

 

 

 

УД2

 
                   

 

ІII.

 

 

 

 

 

 

 

УП3

                     
                   

 

 

 

 

 

 

 

УД3

 
                   

 

ІV.

 

 

 

 

 

 

 

УП4

                     
                   

 

 

 

 

 

 

 

УД4

 
                   

 

V.

 

 

 

 

 

 

 

УП5

                     
                   

 

 

 

 

 

 

 

УД5

 
                   

 

 

Нәтижелер талдауы

Мақсаттық айырмашылықтың орташа көлемі талаптану деңгейі (ТД) мен жетістік деңгейін (ЖД) салыстыруды топшалайтын формула бойынша есептеледі.

 

МА=((ТД2-ЖД1)+(ТД3-ЖД2)+(ТД4-ЖД3))/3

 

Мақсаттық айырмашылық  стандарты : 5 және одан жоғары болса, талаптанудың мүмкін емес өте жоғары деңгейі.

4,99-3 – талаптанудың  жоғары деңгейі

2,99-1 – талаптанудың  орташа деңгейі

0,99-(-1,49) – талаптанудың  төмен деңгейі

(-1,50) және төмен  – талаптанудың мүмкін емес  өте төменгі деңгейі

 

Нұсқау

Талаптанудың  деңгейі дегеніміз, қиыншылықтарға қарамастан адамның қабілеті жететін  мақсатқа жетуге тырысу. Баланы тірбиелегенде  талаптану деңгейін ескеру қажет, өйткені оның баланың қабілетіне сай болуы – жеке тұлғаның үйлесімді жетілуінің бір шарты. Оның сәйкес болмауы, баланың өзімен және басқа да адамдармен жанжалдасуының қайнар көзі болып табылады, бұл баланың жетілуінің ауытқуына әкеліп соғады.

Бұл тест талаптану  деңгейін жылдам диагностикалау болып  табылады.  Әдістеме зерттенушілердің көбіне қолданылуы мүмкін, оның ішіне  өзінің уақытын секінд ішінде жоспарлай  білетін ересек адамдар мен жас  балалар.

 

6.2.3. Тұлғалық қасиеттерді анықтауға арналған балалар сұрақнамасы

(Холл  және Халберштат)

 

Мақсаты – мектеп жасындағы балалардың жыныстық ерекшелікке даралығын анықтау, ер және әйелдік көрсеткіштердің қатынасы.

Нұсқау

Берілген тұжырымдар бойынша өзіңізге қатыстылықты бес  балдық шкаламен бағалаңыз.

  1. Менің ойлап тапқаным әрдайым ерекше және қайталанбас болып келеді.
  2. Мен басқа адамдарға көп көмектеспеймін.
  3. Мен басқа адамдарға қатты тілектес боламын.
  4. Мен басқа адамдарға қатысты әрдайым мейіріммен қараймын.
  5. Мен өзіме маңызды адамдарға қолымнан келгеннің барлығын істеуге тырысамын.
  6. Мен мейірімді адаммын.
  7. Мен өнер мен музыканы қатты ұнатамын.
  8. Мен кішкене балаларды қатты ұнатамын.

 

 

  1. Маған шешім қабылдау қиын тудырады.
  2. Барлық жағынан, көптеген құрдастарыма қарағанда, мен мықтымын.
  3. Мен барлығын өзім істеуге, ересектер мен басқа балалардан көмек сұрамауға тырысамын.
  4. Қиын жағдайларда әрдайым іс - әрекетті ойластыруға бейім боламын.
  5. Мен оңай жеңіле саламын.
  6. Өз достарымның арасында әрдайым алда жүруге тырысамын.
  7. Мен өзім сенетін нәрсені қорғап шығуға тырысамын.
  8. Басқа адамдардың ықпалымен өз пікірімді жеңіл ауыстыра саламын.

 

 

Алғашқы сегіз  сұрақ  әйелдік сипаттағы сұрақтарды мазмұндайды.2 пунктен басқасының барлығынан жоғары бағалар әйелдік сипатқа  қарсы келеді. 2 пунктінің төмен  бағасы әйелдік сипаттың көрсеткішін береді.

Келесі сегіз  сұрақ тобы – ерлік шкаласы. Ерлік  көрсеткіштері ретінде 1,5,8 пункттер бойынша төмен бағалар және сұрақнаманың қалған пункттері бойынша жоғары бағалар сипатталады.

Ерлік және әйелдік  қасиеттер шкалалары бойынша  бағалар өзара байланыста болады. Бұл дегеніміз, егер әйелдік сипат бойынша  бағалар жоғары болса, онда ерлік сипат  бойынша бағалар міндетті түрде төмен болуы қажет емес. Балаларда екі шкала бойынша да жоғары немесе төмен  көрсеткіш болуы мүмкін, және де бір шкала бойынша төмен көрсеткіш болса, екінші шкала бойынша жоғары көрсеткіш те көрінуі мүмкін.Екі шкала бойынша да төмен немесе жоғары көрсеткіш алған баланы андрогенді деп атайды.Тұлға қасиеттерінің психологиялық саулыққа  қосатын үлесі оның мәдени топтардағы бейімделген құндылықтары мен нақты әлеуметтік шарттарымен анықталады.

6.2.4. Айзенк сауалнамасы (жеткіншектер-12-17 жас аралығына)

Мақсаты – бала темпераментінің ерекшеліктерін айқындау.

Нұсқау:Сіздің іс-әрекеттеріңіздің ерекшеліктері  жөнінде сізге бірнеше сұрақтар беріледі. Егер сұрақтың жауабы келісетін болса, «+» белгісін қой, егер келіспеймін болса, «-» белгісін қой. Жауапты ойланбай тез беру керек, өйткені бірінші әрекетіңіз маңызды.

Информация о работе Отбасы татулығы бағдарламасы