Болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби іс-әрекетінің әдіснамалық аспектілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 20:47, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің міндеттері:
1. «Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет» ұғымының мәнін зерттеудің теориялық негізі тұрғысында қарастыру.
2. Бастауыш мектеп мұғалімдерінің кәсіби іс-әрекетінің концептуалдық моделін жасау.
3. Бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби педагогикалық іс-әрекетті орындауға оқытудын әдістері мен құралдарын жүзеге асыру
4. Зерттеу барысында алынған тұжырымдардың тиімділігін тәжірибелі-эксперимент жұмысы арқылы тексеру.

Работа содержит 1 файл

ЗпИп Умит диплом.docx

— 205.03 Кб (Скачать)


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 8 – Дидактикалық жүйелердің оқушылардың технологиялық  мәдение-тін қалыптастыруға болашақ  мұғалімдерді даярлау үдерісіндегі көрінісі

Тұжырымдамалық бағыт-бағдар (Сурет 9) құрылымдық-мазмұндық модель дайындау және «болашақ мұғалімдерді оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға даярлау» ұғымының мәнін анықтауға септігін тигізді.

“Оқушылардың әр түрлі  іс-әрекеттерінде белгілі бір  материалды пайдалануға студенттердің  даярлығы”, “мектеп оқушыларын оқытуға  болашақ мұғалімнің даярлығы“ ұғымдарына берілген анықтамаларды талдау жасай  келіп, осы анықтамалар негізінде «болашақ технология пәні мұғалімдерінің оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға даярлығы деп, оқушылардың материалдық өндіріске сәйкес алған білімдерін

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 9 – Болашақ  мұғалімдерді оқушылардың технологиялық  мәдениетін қалыптастыруға даярлаудың тұжырымдамалық бағыт-бағдары

түрлендіруші  іс-әрекетке жарамды етуге, оқытуға  және сәйкесінше сапалық қасиеттерді  қалыптастырудағы іс-әрекеттерді ұйымдастыруға  және жүзеге асыруға, шығармашылық бастамасын дамытуға педагогикалық іскерліктер  жүйесін теориялық тұрғыдан меңгеруді  және практикада оларды жүзеге асыруға  дайындығы (үдеріс және нәтиже)» ретінде анықтадық.

Жалпы және жекелеген міндеттерді  шешудегі технология пәні мұғалімі моделін  әзірлеу: іс-әрекеттік және жеке тұлғалық тұрғыдан қарастырылады. Болашақ технология пәні мұғалімінің іс-әрекетін модельдеу  кезінде стандартты тізімнің төрт тобының  құрылымы пайдаланылады. Олар: міндет-

тер, функциялар, іс-әрекет түрлері  және міндеттерді шешудің тәсілдері  мен құралдары.

Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық үдеріс нәтижесі

оқушылардың технологиялық  мәдениетін қалыптастыруға негіз қалайтыны,  болашақ мұғалімнің технологиялық  мәдениеті мен педагогикалық  (әдістемелік) дайындығы. Зерттеп отырған дайындықты қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі берілді (Сурет 10).

Болашақ мұғалімдерде оқушылардың  технологиялық мәдениетін қалыптастыруға дайындығының қалыптастырылғандығының  критерийлері ретінде мотивациясы (қызығушылығы, ұмтылысы, т.б.), педагогикалық  және  еңбекке дайындық бағытына қатысты білімдері, педагогикалық  функцияларды орындауы алынды.

Осы критерийлерді басшылыққа ала отырып, модельдің негізінде  болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру даярлығының төрт деңгейі  анықталды, олар: жоғары, жеткілікті, орта, төменгі деңгей.

Болашақ мұғалімдердің оқушылардың  технологиялық мәдениетін қалыптастыруға дайындығы нәтижесін бағалау  үшін болжамды дайындық үлгісін әзірлеу  қажет. Оны біз төмендегідей етіп анықтадық .

Жоғары деңгейде: қарастырылатын дайындықты жүзеге асыруға қызығушылығы, ұмтылысы жоғары, педагогикалық және еңбекке дайындық бағытына қатысты білімі терең,  педагогикалық функцияны орындаудағы іс-әрекеттер педагогикалық үдерістің типтік және стандартты емес ситуацияларында тұрақты көрініс табады.

Бұл деңгейде болашақ технология пәні мұғалімдерінің технологиялық  дайындығы жоғары, оқу материалдарындағы  технологиялық ұғымдар мен категорияларды құрылымдау бойынша білім мен  іскерлігі өте жақсы, материалдық  және рухани өндіріс технологиясының  мазмұнын жүйелі аша алады, технологиялық  іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру әдістемесін толық мәнді сипаттайды. Оқытуда жоба әдісін әрі оның оқу-тәрбие үдерісіндегі дұрыс ықпалының бар  екенін жете түсінеді. Оқу материалдарын  толық біледі және нақты тақырыпқа, іс-әрекетке байланысты іріктей алады.

Жеткілікті деңгейде: қарастырылатын дайындықты жүзеге асыруға қызығушылығы, ұмтылысы жақсы, педагогикалық және еңбекке дайындық бағытына қатысты білімі айтарлықтай терең, педагогикалық іс-әрекеттер оқу-тәрбие жұмыстарын орындауға бағытталған көріністе белгілі типтік ситуацияларда жиі орындалады.

Бұл деңгейде студенттердің  технологиялық дайындығы өте  жақсы, оқу материалдарындағы технологиялық  ұғымдар мен категорияларды құрылымдау бойынша білімі жақсы, материалдық  және рухани өндіріс технологиясының  мазмұнын жүйелі аша алуда кейбір қателіктер жібереді, технологиялық  іскерлік пен дағдыларды қалыптастырудың  әдістемесін сипаттауы жақсы. Оқу-тәрбие үдерісінде жоба әдісін қолдану іскерлігі  бар. Оқу материалдарын және оқыту  әдістері мен тәсілдерін көрсете  біледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби іс-әрекетке даярлау жолдарын зерттеу

 

2.1 Педагогикалық тәжірибе арқылы кәсіби іс-әрекетке даярлау Педагогикалық практикада студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштерін ажыратуға мүмкіндік береді. Алғашқы өлшем мамандығына қызығуы, яғни кәсіби қызығуы болып, төмендегі көрсеткіштер арқылы анықталады: мұғалім мамандығы туралы білімі, жүмыс істеуге қажеттілігі, мамандығына қызығуы, мамандығын таңдау мотиві; екінші өлшем педагогикалық құзырлығы: қоғамның әрбір мүшесін оқыту және тәрбиелеу туралы білімі, талдау, жобалау, құрастыру, ұйымдастыра білуі, коммуникативтік біліктіліктері; үшінші өлшем ғылыми-шығармашылық қабілеті: психология, педагогика, әдістемелерден білімі, өздігімен ізденуі, зерттеушілік қабілетінің болуы.

Студенттердің педагогикалық  практикасының педагогикалық мүмкіндіктеріне  негіздеме жасай отырып, біз оның сандық және сапалық сипатын көрсететін теориялық нобайын ұсынамыз (Сурет 2).

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2- Педагогикалық  практикада студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру  нобайы

 

Студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру мәселесін  зерделегенде кәсіби қарым-қатынас  ұғымына тоқталмай кетуге болмайды.

Кәсіби–педагогикалық  қарым–қатынасты қалыптастыру мәселесіне талдау жасағанда кері қатынас барысында  рефликсивтік жағдай төмендеп және диагностика  нақты болмай қалуы мүмкін, бірақ  бұл көбінесе ескеріле  бермейді. Сол себепті педагогикалық қарым–қатынастың технологиясын толық шешу үшін коммуникативтік  міндеттердің орындалу сатысы төмендегідей болуы мүмкін: қарым–қатынас жағдайына  бейімделу; сырттағы адамдарды өзіне  қарату; нысанның жан дүниесін жаулап алу; сөзіндік қарым-  қатынасты іске асыру; эмоционалды және мазмұнды байланысты іске асыру;

Кәсіби бағыттылық ең алдымен теориялық материалдарды  меңгеруге негізделуге тиіс. Себебі, теориялық материалдар негізінде  ғана практикалық іс-әрекетке оның нәтижесін қолдану жүзеге аспақ. Педагогикалық пәндерге байланысты теориялық материалдар ең алдымен  педагогикалық мамандық- тың басты  шарттарын, оған қойылатын талаптарды үйретсе, одан әрі сол пәннің даму тарихы және оның оқытушыға беретін  сапаларын талдайды. Кез келген педагогикалық  жағдаятты шешудің жолымен, әдіс–тәсілімен таныстырады. Сондықтан да студент  осы арқылы нені шешетінін, оның неге керектігін, не үшін қажет екенін, оны  орындаудың әдіс-тәсілін меңгеріп, педагогикалық мәнін түсінеді.

Тұлға бағыттылығы  оның психикалық өмір бейнесінің мазмұнымен байланысты неғұрлым жалпы категория болып табылады. Бұл тұлғаның жүйе құраушы қасиеті. Тұлға бағыттылығы қоғамдык индивид ретінде онын позициясын анықтайды.

Бағыттылық- бұл адамның шындыққа таңдамалы қатынасты өзінше бастан кешіруін, оның әрекетіне әсер етуін сипаттайды.

Бағыттылық  тұлға кұрылымында жетекші компонент  бола отырып оның барлық құрылымдық мазмұнына әсер етеді: қабілеттер, психикалык процестер, эмоция, сезім. Кәсіби бағыттылықтың арқасында кәсіби  оқу  үрдісінде тұрақты мотив пен студенттерге сәйкес кабілеттер қалыптасады. Студент тұлғасында кәсіби бағыттылықтың қалыптасуы қажеттіліктер, мотив, құмарлық, жүріс-тұрыс нормасын іштей қайта құрумен, қазіргі маманға қойылатын талаптарды саналы игерумен жүреді. Студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру мынандай тұлғалық сипаттардан тұрады: табандылық, тұрақтылык, адалдық, болашақ мамандығына берілу қайта құрылады.

 «Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман» ,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.

 

2.2 Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелері

 Зерттеуде көрсетілгендей, бірінші курста студенттердің 18,3%-ы ғана кәсіби дайындықтың міндеттерін түсінсе, төртінші курста ондай студенттердің мөлшері 60%. Яғни, өз іс-әрекеттерін саналы түрде түсінетін студенттердің барлығы емес екен. Педагогикалық жоғары оқу орнын бітірерде студенттердің 40%-ға жуығы кәсіби дайындық міндеттері қаншалықты маңызды екенін аңғармайды, қалыптасу мен кәсіби іс-әрекеттің міндеттерінің кәсіби және жеке тұлғалық маңыздылығын, педагогикалық біліктерді меңгеруді түсінбейді. Міне, сондықтан студенттердің бұл тобына ұйымдастырушылық-тәрбиелік ықпал етудің белгілі бір шараларын жасау қажет. Мұндай түсінік мектепте жұмыс істеген кезде келетін болар? Бұл сұраққа жауап беру үшін бастауыш мектептің әр түрлі жұмыс тәжірибесі бар мұғалімдері арасындағы біз жүргізген сауалнаманың нәтижелеріне тоқталайық.

Сауалнамаға жұмыс тәжірибесі 5 жылдан 39 жылға дейінгі бастауыш мектептегі пәндер бойынша 54 мұғалім қатысты. Сауалнама сұрақтарына жауап бере отырып, мұғалімдердің 72% тақырыптың жалпы мақсаты мен міндеттерін анықтап, оны әрбір сабаққа арнап нақтылайтынын айтты. Алайда мұғалімдердің 48% әрбір сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтаған жеткілікті деп санайды. Сондай-ақ, мұғалімдердің 24% тақырыптың жалпы мақсаты мен міндеттерін анықтап, кейін оларды әрбір сабаққа арнап нақтылайтынын айтты, алайда әрбір сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтаған жеткілікті деп санайды. Ал мұғалімдердің 4% әрбір сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтаған жеткілікті емес деп есептейді, алайда дидактикалық бірлік болып келетін тақырыптың мақсаты мен міндеттерін анықтамайды екен. Бұл нәтижелер бойынша мұғалімдердің жартысына жуығы (48%) оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін анықтай отырып, оларды белгілі бір өрлеу сатысы, бірізділігі, бір біріне тәуелділігі бойынша реттейді. Мұғалімдердің барлығы дерлік (96%) барлық тақырыптың болмаса да, әрбір сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтайды.

 Мұғалімдердің 24% олар  анықтаған сабақтың мақсаты мен  міндеттерінің оқушылар үшін  жеке бастық маңыздылығы барын  айтты Мұғалімдердің 64% олар анықтаған  сабақтың мақсаты мен міндеттерінің  оқушылардың барлығы үшін емес, тек кейбір мықты, қызығушылығы  мол оқушылар үшін жеке бастық  маңыздылығы барын айтады. Болашақ  мұғалімдердің 12% олар анықтаған  сабақтың мақсаты мен міндеттерінің  оқушылар үшін жеке бастық  маңыздылығы жоқ деп жауап  берді.

 Мұғалімдердің 40% оларда  оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін  анықтау ережесінің қалыптасқанын  пайымдайд, алайда тек 20% ғана  бұл жұмысты дұрыс айтып бере  алды.

«Оқу пәнінің мақсаты  мен міндеттерін анықтауда мұғалімдер нені басшылыққа алу керек?» деген  сұраққа Болашақ мұғалімдердің 92% бұл процеске әсер ететін кейбір факторларды атап бере алды, ал 8% жауап бере алмады. Бұл сұраққа жауап беру кезінде студенттер көптеген әр түрлі факторларды атады:

  • оқушылар білімінің даму деңгейі (28%);
  • оқушылардың теориялық материалды игеруін қамтамасыз ету (28%);
  • оқушыларды үйрету (28%);
  • тақырып маңыздылығы (20%); 
  • мазмұнның тәжірибелік құндылығы (20%);
  • әдістемелік әдебиет (20%);
  • бағдарлама талаптары (16%);
  • сынып ерекшеліктері (12%);
  • пәнге деген қызығушылығын дамыту (8%);
  • әрбір оқушының жеке ерекшеліктері (8%);
  • жеке жұмыс тәжірибесі (8%);
  • оқытудағы сабақтастық (8%);
  • емтихан сұрақтары (8%);
  • оқушылардың жас ерекшеліктері (8%);
  • логикалық ойлаудың дамыту (4%);
  • шығармашылық белсенділікті, дербестікті қалыптастыру (4%);
  • ішкі түйсік (4%);
  • әрбір тақырыпқа жеке қарау (4%);
  • пәнаралық байланыс (4%);
  • материал мазмұны (4%);
  • сабақтың тақырыптағы орны (4%);
  • оқушылардың психологиялық ерекшеліктері (4%);
  • таза ой (4%).

Информация о работе Болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби іс-әрекетінің әдіснамалық аспектілері