Болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби іс-әрекетінің әдіснамалық аспектілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 20:47, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің міндеттері:
1. «Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет» ұғымының мәнін зерттеудің теориялық негізі тұрғысында қарастыру.
2. Бастауыш мектеп мұғалімдерінің кәсіби іс-әрекетінің концептуалдық моделін жасау.
3. Бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби педагогикалық іс-әрекетті орындауға оқытудын әдістері мен құралдарын жүзеге асыру
4. Зерттеу барысында алынған тұжырымдардың тиімділігін тәжірибелі-эксперимент жұмысы арқылы тексеру.

Работа содержит 1 файл

ЗпИп Умит диплом.docx

— 205.03 Кб (Скачать)

Аталған факторлар арасынан біз төрт топты бөліп қарастырамыз:

  1. Оқу пәнінің мазмұны (маңыздылығы, тәжірибелік құндылығы, әрбір тақырыпты жеке қарастыру, сабықтың барлық тақырыпты оқытудағы орны).
  2. Жеке оқушылардың және барлық сыныптың жай-күйі (оқушылар білімінің даму деңгейі, сынып ерекшеліктері, оқушының дербес ерекшеліктері, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктері).
  3. Мұғалім (жеке жұмыс тәжірибесі, ішкі түйсік, таза ой, әдістемелік әдебиетті білуі, оқытудағы сабақтастықты және пәнаралық байланысты жүзеге асыру).
  4. Мұғалім мен оқушының өзара байланысы (оқушылардың теориялық материалды игеруін қамтамасыз ету, оқушыларды үйрету, пәнге деген қызығушылығын дамыту, шығармашылық белсенділік пен дербестікті қалыптастыру, логикалық ойлауды қалыптастыру, дамыту).

Болашақ оқытушының жеке тұлғалық қажетті-мотивациялық саласын қалыптастыру қажетті болып саналады, бірақ  оның толық кәсіби-педагогикалық  дайындығының жеткіліксіз шарты  болып табылады. Кәсіби-педагогикалық  қызметті меңгеру процесінің тиімділігін  айтарлықтай арттыратын шарттар  тізіміне арнайы білімді – қызметтің  нақты түрлері туралы ауыстырылатын кәсіби-педагогикалық қызмет мазмұны мен құрылымын қорыта отырып меңгеруді жатқызамыз.

Осы шартты жүзе асыру мақсатында біз іс-шаралар жүйесін ойлап  таптық, оған кіретіндер:

1. Нақты бір педагогикалық  шеберлік бойынша кәсіби-педагогикалық  қызметтің құрылу деңгейін анықтау  бойынша диагностикалық тапсырмаларды  орындау және талдау жасау.

2. Білімді түзеу жолдарын  және нақты бір студенттердің  шеберлігін анықтайтын жеке кеңес  беру жұмыстары.

3. Кәсіби-педагогикалық қызметтің  мазмұны мен құрылымын меңгеру  бойынша мақсатқа бағытталған  жұмыс жүргізу.

4. Студенттердің әртүрлі  сабақ конспектілерін қызметтің  нақты бір түрін өңдеу мақсатында  дайындауы (сабақтың мақсаты мен  міндетін тұжырымдау, үйрету және  оқытудың оңтайлы әдіс-тәсілдерін, оқушылар мен оқытушылар және  т.б. қарым-қатынасының формаларын  таңдау).

5.  Студенттердің танымдық  қызметке шынайы оқыту-тәрбиелік  процестерді кәсіби танымдық  қызметті жүзеге асыру арқылы  қосуы (іскерлік ойын әдісін  қолдану, кәсіби мұғалімдер мен  студенттердің жүргізген сабақтарын  бейнежазбаларға және т.б. түсіру).

6. Педагогикалық қызмет  құрылымын әртүрлі моделдерде  анықтау (алгоритм, алгоритмдік нұсқамалар, эвристикалық нұсқамалар, эвристика).

7. Әрбір студенттің шынайы  кәсіби-педагогикалық қызметті тәжірибе  кезінде жүзеге асыруы.

8. Шығармашылық тапсырмаларды  орындау (мысалы, «Оқыту сабағын  дайындау және өткізу ережелері  (алгоритмдер мен эвристикалар)»  тақырыбына шығарма жазу).

Эксперимент жасау барысында  біз студенттердің кәсіби-педагогикалық  қалыптасу деңгейлерін оқыту  сабағының мақсаты мен міндетін анықтау шеберлігін талдау негізінде  анықтадық.  Әрбір деңгей параметрлердің жиынтығымен (үш кесімді орындау) сипатталған. Сонымен қатар, бақылау және эксперименталды  топтардағы кәсіби-педагогикалық іс- әрекеттің қалыптасу деңгейін өзгерту  тенденциясы анықталған.

Эксперименталды жұмыстың айтарлықтай  бөлігі студенттердің кәсіби-педагогикалық  іс- әрекет мазмұнын меңгеру заңдылығын қадағалау болып табылады. Белгіленгендей, басында мазмұнның айтарлықтай  маңызды белгілері меңгеріледі. Іс- әрекет басында репродуктивті  деңгейде орындалады, одан кейін олардың  әрқайсысының қайта түрлену және бағалану нұсқаларын қарау қажеттілігі  туындайды.

Педагогикалық іс-әрекетті меңгеру қажеттілігі, оның мән-мағынасын  жете түсіну; педагогикалық іс-әрекеттің  мотивациялық саласын қалыптастыру; аталған іс-әрекет түрін жете түсіну дидактикалық алғышарттарын меңгеру  орын алды.

Кәсіби педагогикалық  іс- әрекетті қалыптастырудың екінші кезеңінде  болашақ мамандар іс- әрекет құрылымын іс- әрекеттің бағдарлық  негізінің басты операцияларынан  тұратын оның сипаттамасының ұзындық  алгоритмі арқылы меңгереді. Мұндай әдіс педагогикалық шеберлікті репродуктивтік деңгейде меңгеруді білдіреді.

Келесі деңгейде педагогикалық  іс- әрекеттің бағдарлық негіз  құрылымы түсінігі эвристикалық және алгоритмдік құралдар арқылы жүзеге асырылады, яғни қызметті жабық нақты  алгоритм арқылы  сипаттау; алгоритм өлшемін оған басқарушы қызмет әрекеттерін  қосу арқылы кеңейту; толық емес нақты-жеке алгоритм пайда болуы (басқарушы  қызметтер қайта құрушы операциялармен берілген); қызметттің функционалдық  сипаттамасын білдіретін тармақталған құрылымды толық алгоритмге шығу; операциялардың функционалдық және маңыздылық сипаттамасын білдіретін толық  алгоритмді меңгеру.  

Педагогикалық жоғары оқу  орнында кәсіби педагогикалық іс-әрекетті қалыптастырудың соңғы кезеңінде  студенттер кәсіби педагогикалық іс- әрекеттің нақты түрлерін жүзеге асыруда оның құрылымы мен инварианттық маңыздылығын пайдаланады.   

Студенттердің оқу сабағының  мақсаты мен міндеттерін анықтау  бойынша қызметінің құрылымын меңгеру  процесін бағалау мына көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылды:

1. Кейбір операцияларды  орындау.

2. Белгілі бір жүйедегі  маңызды операцияларды орындау. 

3. Маңызды операциялар  жүйесінің кеңейтілген құрылымын  танып-білу.

4.Жалпылама құрылымды  игеру, маңызды операциялармен  бірге функционалдық операциялар  қолданылады. 

Эксперименттік және бақылау  топ студенттерінің оқу сабағының  мақсаты мен міндеттерін анықтауда  педагогикалық іскерліктерін қалыптастыру бойынша іс-әрекеттердің бағытталған негізінің құрылымын меңгеру серпінін қарастыру (8-кесте,).

 

8-кесте - Эксперименттік  және бақылау топ студенттерінің  іс-әрекеттердің бағытталған негізінің  құрылымын меңгеру көрсеткіштері  (%)

 

Срез нөмірі

Топ түрі

Студенттер саны

ҚБН белгілі бір құрылымн игерген студенттер %

нөлдік

төменгі

орташа 

жоғарғы

1

Эксперименттік 

45

60,0

30,0

10,0

0,0

Бақылаулық

50

58,0

34,0

8,0

0,0

2

Эксперименттік

45

26,0

50,0

16,0

8,0

Бақылаулық

50

54,0

36,0

10,0

0,0

3

Эксперименттік

45

18,0

22,0

30,0

30,0

Бақылаулық

50

34,0

34,0

26,0

0,0


 

 

 

 

 

 

 

 

 

студенттердің саны

         
                             
                         

эксперименттік 

топ

70

 

60

                       

60

   

58

                 

Бақылаулық

 топ

50

       

54

               

40

           

40

         

30

   

26

               

20

       

16

         

10

                 

0

               
     

1

 

2

 

3

         
     

срездер

         

 

2-сурет – Болашақ бастауыш  мектеп мұғалімін кәсіби іс-әрекетке  даярлығын қалыптастыру деңгейінің  қорытынды динамикасы.

 

Кәсіби-педагогикалық іс- әрекетті жалпы түрде орындау  шеберлігіне ие мұғалімнің тұлға  ретінде қалыптасу процесінің жүзеге асырылған механизмі педагогикалық  экспериментте растауын былай тапты: студенттердің 30 % маңызды операциялар  жүйесін орындайды, ал тағы 30 % қызметтің  функционалдық моделін игеру  деңгейіне жетті. Бұл студенттер кәсіби-педагогикалық іс- әрекеттің  нақты түрлерін өз бетінше модельдеуге  дайын.

Кәсіби-педагогикалық іс- әрекеттің меңгеру осы іс- әрекетті орындауға саналы екендігін білдіреді. Бұл жағдайда оның мазмұнын нақты  бөліп көрсету қажет. Кәсіби-педагогикалық  іс- әрекеттің  мазмұнын, оның жаңа нақты  түрлерін түсіну педагогикалық шеберлікті топтастыруға мүмкіндік береді.

Іс- әрекеттің құрылымын  анықтау кезінде тұлғаның дамушы (өзін-өзі дамыту) қағидаларын және белгілі бір шамаға дейін нақтылай алатын және абстрактылы (жалпылама) түрде  берілуі мүмкін, осындай құрылымды  құру қажеттігін негізге аламыз. Мұның  бәрі бізге кәсіби-педагогикалық  іс-әрекетте бірбеткей іс-әрекеттерін  бөліп көрсетуге мүмкіндік береді: алға қойылған мақсатқа жетудің оңтайлы  жолын табу, мақсатқа жету процесін жүзеге асыру, қол жеткен нәтижені талдау және бағалау, салыстырып тексеру және жағдай туғызатын, мұғалім орындайтын операциялар.

Мұғалім кәсіби-педагогикалық  іс- әрекеттің қай түрін орындаса да оны жүзеге асырудың қағидаларын, әдістемесін білуі тиіс. Осындай  қағидалардың бірі педагогикалық іс- әрекет туралы және оны орындау кезеңдері  туралы әдіснамалық білімді игеру  қағидасы.

Осыған байланысты оқу  сабақтарының мақсаты мен міндеттерін  анықтау процесі педагогикалық  іс- әрекетті жүзеге асырудың бір кезеңі болып саналады. Мұнда  құрылымдық элементтерді анықтау қағидасы қолданылған: абстрактылы іс-әрекеттерді және нақты қалыптасқан операцияларды  бөлу.

Оқушылардың технологиялық  мәдениетін қалыптастыруға болашақ  мұғалімдер дайындығында жоғарыда көрсетілген  критерийлер назарға алынды. Бағалау  анықталған деңгейлер бойынша жүзеге асырылды.

Болашақ мұғалімінің  оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру-дағы кәсіби іс-әрекетін, оқушылардың технологиялық  мәдениетін қалыптастыруға дайындығының мотивациясын, педагогикалық білімі мен іскерліктерін модельдеудегі және олардың қалыптасуының деңгейін бағалау бойынша жүргізілген эксперимент нәтижелері ұсынылған әдістеменің оңтайлылығын көрсетеді.

Біздің зерттеу жұмысымыздағы  оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға болашақ мұғалімдерді даярлаудың теориялық моделіне және деңгейлерді топтастыру үлгісіне сәйкес жіктеу нәтижелері кесте 2-ден және сурет 12-ден көруге болады.

 

Кесте 2 – Болашақ мұғалімдердің  оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға даярлығы деңгейінің көрсеткіштері (%)

Деңгейлері

Бақылау тобы

Эксперимент

басы

соңы

басы

Соңы

Жоғары 

-

-

1, 4%

17,5%

Жеткілікті 

7,3%

12,1%

6,9%

43,5%

Орта 

56,8%

54,7%

55,1%

31,4%

Төмен

35,9%

33,2%

36,6%

7,6%


 

1. Бақылау тобы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


2. Эксперимент тобы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 12 – Болашақ мұғалімдердің  оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға даярлығы деңгейінің қорытынды  динамикасы %

 

Суреттегі көрініс: эксперимент  басында жоғары деңгейді алғашында  студенттің 1,4%-ы көрсетсе, эксперимент  соңында 17,5%-ға жоғарылады; орта деңгейді алғашында 55,1% студент көрсетсе, соңында 31,4%–ға төмендеді; төменгі деңгейді 36,6% көрсетсе, эксперимент соңында 7,6% көрсетті. Бақылау тобында айтарлықтай  өзгеріс болған жоқ.

Қорыта айтқанда, тәжірибелік-педагогикалық  жұмыс нәтижелері біздің болжамымыздың  дұрыстығын, болашақ мұғалімдерді оқушылардың  технологиялық мәдениетін қалыптастыруға даярлаудың құрылымдық-мазмұндық моделінің, оның өлшемдері мен көрсеткіштері  деңгейлерінің дұрыстығын, ұсынған  әдістеменің эксперимент барысында  тиімділігі дәлелденген тәжірибеге негізделеді және болашақ маманның кәсіби іскерлігін қалыптастыруға бағытталады.

Мұғалімдердің басым  көпшілігінің өз мамандығына деген  көзқарасы дұрыс, дегенмен педагогикалық  жоғары оқу орындары түлектерінің бестен бір бөлігі мектепте жұмыс істеуге  ынта білдірмейді.  Педагогикалық  жоғары оқу орындарын табысты  бітірген, дегенмен анық кәсіби қызығушылықтары  болмаған  мұғалімдер  басқа жұмысқа  ауысады немесе жуық арада оған ниет білдірмейді. Нәтижесінде педагогикалық  жоғары оқу орындары  түлектерінің тек жартысы ғана мектепте жұмыс  істейді, ал 10 жылдан соң төрттен  бір бөлігі ғана қалады.

Информация о работе Болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби іс-әрекетінің әдіснамалық аспектілері