Болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби іс-әрекетінің әдіснамалық аспектілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 20:47, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің міндеттері:
1. «Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет» ұғымының мәнін зерттеудің теориялық негізі тұрғысында қарастыру.
2. Бастауыш мектеп мұғалімдерінің кәсіби іс-әрекетінің концептуалдық моделін жасау.
3. Бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби педагогикалық іс-әрекетті орындауға оқытудын әдістері мен құралдарын жүзеге асыру
4. Зерттеу барысында алынған тұжырымдардың тиімділігін тәжірибелі-эксперимент жұмысы арқылы тексеру.

Работа содержит 1 файл

ЗпИп Умит диплом.docx

— 205.03 Кб (Скачать)

 

Зерттеудің көкейкестілігі. Жоғары педагогикалық білім беруді реформалау, педагогикалық кадрлардың көп деңгейлік дайындығына көшу, парасатты еңбек нарығында мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жағдайларында болашақ мұғалімдерді кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке дайындау мәселесінің өзектілігі зор.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылғаннан  бері қоғамды ақпараттандырудан  туындаған өзгерістер оның  барлық  салаларымен қатар мұғалімдік кәсіби – іс-әрекет  деңгейіне, өндіріс  пен әлеуметтік саладағы ғылымдардың  жетістіктеріне және прогрессивті технологияны енгізу мерзімінің қысқартылуына  қойылатын  талаптар күшеюде. Елбасының 2010 жылғы жолдауындағы: «Жоғары білім саласы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс. Елдегі ЖОО-лар әлемінің жетекші  университеттерінің рейтингіне енуге  ұмтылулары керек. 2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толық қанды жұмыс істеп, 2020 жылға қарай елде енгізілетін талдаулар, патенттер мен дайын технологиялар  түрінде өз нәтежелерін беруге тиіс»- деген сөзі дәлел болады. Осы  бағытта жасалып жатқан іс-шаралардың бірі – Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етіп отырған 2010 жылы, еуропалық жоғары білім беру аймағына енуді көздейтін Болон процесіне қосылу туралы шешімнің қабылдануы  да айрықша мәнді шара. Бұл оқиғаны білім беру жүйесінде көрініс алған елеулі тарихи оқиға  десе болады.

Жалпы білім беретін мекемелердің іс-әрекетінің нәтижелігі, ең алдымен, мұғалімге байланысты. Оның жеке тұлғалық қасиеттері, педагогикалық біліктілігі, адамгершілік және ақыл-ой парасаты, педагогикалық мәселелерді шешуде шығармашылық ізденіске бой алдыруы, есеюі, өнегелілі, денсаулығы мен рухани байлығы қоғамның әлеуметтік алғышарты болып табылады.

Бүгінгі күнгі Қазақстанның педагогикалық білім беру жүйесі дүниедегі алдыңғы қатарлардан  бірі болып саналады. Ол кәсіби іс-әрекетті қалыптастыру процесінің технологиялық  бағыттылығымен мықты, оның негізгі  мазмұны дайын білімді, дайын  ұйғарымдарды меңгеру болып табылады.

Мұғалімді дайындауда, ең алдымен, әрбір педагог-маманның бойында  жеке тұлғаны қалыптастыруды талап  етеді. Бұл ұзақ та күрделі процесс. Алайда, оның негізі педагогикалық  оқу орнында қаланады.

Зерттеудің өзектілігі қоғам  жаңаруының динамикалық үрдістері  жағдайындағы педагогикалық теория мен тәжірибені дамыту қажеттілігімен анықталып, оған төмендегі жағдайлар  себепші болған.

Біріншіден, кәсіби-педагогикалық  іс-әрекеттің қалыптасу деңгейінің түбегейлі мәні бар. Педагогикалық  мамандарды дайындау процесінің әлеуметтік маңызының ұлғаюы мұғалімдердің  кәсіби дайындығы жүйесін реформалаудың  өзара байланысты процестері мен  олардың жоғары оқу орнындағы  дайындығына деген талаптардың  өсуіне тәуелділігі себеп болды.

Екіншіден, әр түрлі оқу-тәрбиелік  жағдайлардағы педагогикалық іс-әрекеттің  ерекшеліктеріне ие болған, білім  берудің мақсатына жетудің қандай да бір тәсілінің тиімділігін  анықтайтын себеп-салдарлық байланыстың  жалпы заңдылықтарын түсінетін  мұғалімнің белсенді шығармашылық жеке тұлғасының рөлінің өсуі.

Үшіншіден, мұғалімнің кәсіби жете білушілігі рөлінің, оның кәсіби білім деңгейінің, тәжірибесі мен  жеке-дара қабілетінің, оның өзінше білім  алуға және өзін өзі жетілдіруге, өз ісіне шығармашылықпен және жауапкершілікпен қарауға  деген уәждемелік ұмтылысының  өсуі.

Төртіншіден, жаңа педагогикалық  түсініктерді енгізу, олардың мәнін  анықтау, педагогикада белгілі басқа да түсініктермен қатынасын айқындау арқылы педагогиканың түсініктемелік аппаратын дамыту маңыздылығы.

Бесіншіден, болашақ мұғалімдерді кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке дайындаудың  жүйесін құру қажеттілігі.

Соңғы жылдары ТМД мен  Қазақстанда орындалған ғылыми еңбектерге жасаған талдау оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзекті бағыттарының болашақ  мамандарды кәсіби даярлаудың теориясы мен практикасының (Р.Ж. Ержанова, К.К. Жампейісова, А.В. Иващенко,А.П.Сейтешев, А.Г.Казмагамбетов, Г.Ж.Меңлібекова, А.А. Қалыбекова Н.Д. Хмель, Б.Г.Сарсенбаева, В.К. Шабельников, Э.И. Шнибекова, Н.Н. Хан, А.Ж.Қайдарова және т.б.) кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттерде байланыстырыла отырып, қарастырылғанын көрсетеді. Жеке тұлғаның қазақ этнопедагогикасы негізінде жан-жақты дамуының (К.Б. Жарықбаев, Р.К. Толеубекова, Ә.Н. Көшербаева) ең маңызды жақтарын қарастырған.

Бірқатар зерттеулерде мұғалімнің кәсіби дайындығының заңдылықтары (Ф.Н. Гоноболин, Н.В. Кузьмина, Л.И. Рувинский, В.А. Сластенин, А.И. Щербаков және т.б.); педагогикалық іс-әрекет мәні,  және құрылымы (С.И. Архангельский, Н.А. Половникова, Т.С. Полякова және т.б.); жалпы педагогикалық  біліктердің қалыптасу әдістемесі (О.А. Абдуллина, И.Я. Томин, Н.М. Яковлева және т.б.); мұғалімді дайындауда жаңа тәсілдемелер іздеу (З.М. Большакова, А.А. Вербицкий, В.И. Загвязинский, А.Я. Найн, М.М. Поташник, Л.Ф. Спирин, В.А. Черкасов, А.И. Щербаков, Н.М. Яковлева және т.б.).

Психологиялық-педагогикалық  әдебиеттерді сараптау кәсіби-педагогикалық  дайындықтың педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінде қалыптастыруға қажетті мынадай ең маңызды жақтарын бөліп қарастыруға мүмкіндік  береді: педагогикалық іс-әрекеттің  әр түрлі компоненттері (Ф.Н. Гоноболин, Н.В. Кузьмина, В.А. Сластенин және т.б.); зерттеу біліктері мен дағдылары (О.А. Абдуллина, А.И. Щербаков, Н.М. Яковлева және т.б.); оқу процесінде тәрбие міндеттерін  шешуге даярлық (Н.Ф. Белокур, С.Е.

Педагогика теориясындағы  мәселенің жай-күйін сараптау оның зерттеу аумағындағы білімдерді жүйелеуге және оларды кәсіби-педагогикалық  іс-әрекетке дайындаудың негізін  тану процесін әрдайым байытып отыру  деп қарастыруға мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылғандарға  орай, педагогикалық жоғары оқу орнында  кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке дайындаудың  мұғалім-шебер дайындығын қарқындандыруды, мұғалім жеке тұлғасының үздіксіз кәсіби-әдістемелік  тұрғыдан өзін өзі жетілдіруді іске асыруды қамтамасыз ететін теориялық  негізінің жоқтығы зерттеу мәселесі болып отыр. Негізгі қарама-қайшылық педагогикалық жоғары оқу орнын  бітірушінің кәсіби шеберлігін көтеру қажеттілігі мен оның теориялық  негіздерінің жеткіліксіз зерттелуінде.

Сонымен, жоғары оқу орнында бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби іс-әрекетке даярлау жүйесі мен оның компонеттерінің өзара әркетін, құрылымдық принциптері мен жүзеге асыру жолдарын іздестіру зерттеу проблемасын айқындауда: «Бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби іс-әрекетке даярлаудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері» тақырыбын тандауымызға негіз болды.

Зерттеу объектісі –бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби  даярлау жүйесі.

Зерттеу пәні –бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби-іс-әрекетке даярлау үрдісі.

Зерттеудің мақсаты бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби-іс-әрекетке даярлаудың негіздерін әдіснамалық-теориялық  тұрғыда дамыту және осы даярлық үрдісін оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыздандыру.

        Зерттеудің міндеттері:

        1. «Кәсіби-педагогикалық  іс-әрекет» ұғымының мәнін зерттеудің  теориялық негізі тұрғысында  қарастыру.

2. Бастауыш мектеп мұғалімдерінің  кәсіби іс-әрекетінің концептуалдық моделін жасау.

3. Бастауыш мектеп мұғалімдерін  кәсіби педагогикалық іс-әрекетті орындауға оқытудын әдістері мен құралдарын жүзеге асыру

       4. Зерттеу барысында алынған тұжырымдардың тиімділігін тәжірибелі-эксперимент жұмысы арқылы тексеру.

Зерттеудің болжамы. Егер бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби педагогикалық іс-әрекетін қалыптастыруда қолданатын  ерекше инновациялық технологиялық тапсырмаларды пайдалануға негіздеу – жүзеге асырылса, бұл олардың кәсіби педагогикалық іс-әрекетке  даярлық үрдісінің тиімділігін арттырады, өйткені бастауыш мектеп мұғалімдерінің  кәсіби-іс-әрекетке даярлығы күрделі жүйе болып табылады. 

       Жетекші идея: бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби іс-әрекетке  даярлаудың педагогикалық негіздерін  теориялық және эксперименталдық тұрғыда дамыту  болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін, біліктілігі мен шығармашылық қабілетін қалыптастырады.

Зерттеудің теориялық  және әдіснамалық негіздері: теория мен практиканың бірлігі туралы философиялық идеялар, қоғамдық даму құбылыстарын зерделеудегі кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мазмұны мен ерекшеліктері анықтауға мүмкіндік береді. Аталған әдіснамалық тәсілдемелердің өзара байланысы теория мен тәжірибе арасындағы тығыз байланыстың салдары, бұл зерттеудің негізгі теориялық нәтижелерін айқындауға мүмкіндік береді.

Зерттеудің көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, әлеуметтанушылардың, педагогтардың, психологтардың еңбектері; ҚР Үкіметінің  ресми  материалдары; Білім және ғылым министрлігінің жоғары мектептің білім беру мәселелеріне қатысты нормативті құжаттары мен оқу-әдістемелік кешендері ( стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары және т.б); педагогтардың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері; автордың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі.

Зерттеу әдістері: Алға қойған міндеттерді шешу үшін және бастапқы жорамалдарды тексеру үшін табиғаты жағынан зерттелініп отырған құбылысқа жақын зерттеу әдістері мен әдістемелердің жиынтығы пайдаланған: педагогикалық білім беру жүйесінің даму бағытын айқындауға мүмкіндік беретін отандық және шет елдік әдебиеттердің әдіснамалық және теориялық сараптамасы; студенттердегі кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің білігі мен дағдыларының жай-күйі мен дамуын тексеру үшін қолданылатын бақылау, сауалнама, тесттер; анықтау және қалыптастыру эксперименттерінен тұратын эмпирикалық әдістер.

Тәжірибелік-эксперименталды  және теориялық әдістер әр түрлі  педагогикалық эксперименттерді, олардың  сараптамасын жүргізуге және нәтижелерін  талқылауға мүмкіндік берді.

Зерттеудің  ғылыми жаңалығы және теориялық мәні:

        1. Зерттеудің  теориялық негізі тұрғысында  «Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет»  ұғымының мәні нақтыланды.

        2.Білім беру жағдайындағы кәзіргі бастауыш мектептің даму тенденциялары анықталды.

        3. Кәсіби-педагогикалық  іс-әрекеттің қалыптасуының концептуалды  моделі жасалды. 

       4. Бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке даярлау үрдісінде алынған ғылыми тұжырымдардың тиімділігі тәжірибелі-эксперимент арқылы дәлелденді.

Зерттеудің практикалық  мәні болашақ мұғалімдердің шығармашылық кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің қалыптасуын қамтамасыз ететін оқу құралдарын, әдістемелік ұсыныстар мен дидактикалық материалдар жасау және оларды енгізумен анықталады. Аталған материалдар тек педагогикалық қана емес, басқа да оқытушылар дайындайтын жоғары оқу орындарында, педагогикалық училищелер мен колледждерде, білім жетілдіру институттарында да қолданыла алады.

Зерттеудің негізгі  кезеңдері. Алға қойылған міндеттерге сәйкес зерттеу екі негізгі кезеңде жүргізілді.

Бірінші кезеңде (2010-2011) қарастырылып отырған проблеманың зерттелу деңгейі анықталды, Отандық, шетелдік ғалымдардың ғылыми- теориялық, әдістемелік еңбектеріне және философия, психология, педагогика ғылымындағы зерттеу проблемасына қатысты іргелі ғылыми зерттеулерді талдау мен жоғары және жалпы білім беретін мектептегі оқыту тәжірибесінің жай-күйі, жетістіктері мен қайшылықтары сараланды, тақырып бойынша ғылыми аппарат құрылды.

Екінші  кезеңде (2011-2012) тақырып бойынша тәжірибелік-эксперименттің анықтау және қалыптастыру кезеңдері жүзеге асырылды. Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет ұғымының мәні анықталды, кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті қалыптастыруға методологиялық тұрғыдан келу қарастырылды. Жинақталған материалдар сұрыпталып жүйеге келтірілді, зерттеу нәтижелері өңдеуден өтті, зерттеу жұмысы қорытындыланып, ғылыми ұсыныстар даярланды.

Зерттеу базасы: Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Болашақ бастауыш  мектеп мұғалімінің  кәсіби  іс-әрекетінің әдіснамалық аспектілері

1.1 Болашақ   мұғалімдерді  кәсіби педагогикалық-психологиялық

 іс-әрекеттің   қалыптасуы

 

Қазіргі білім беру жүйесіндегі  парадигмалар жағдайында мұғалімдердің  кәсіби шеберлігін көтеру маңызды болып  отыр. Кәсіби шеберлікті арттыруда  мұғалімдердің шығармашылықпен  жұмыс істеуіне, жаңа технологияның  ғылыми негіздерін үйреніп, насихаттауына  жол ашу керек. Кәсіптік шеберлігін жүзеге асыруда мұғалім тиімді нәтижеге жеткізетін жоспарлы жұмыс атқаруы  тиіс. Атап айтқанда, диагностика қояды, алдын ала болжайды, жаңа технологияны қолданады, нәтижені тексереді, сараптап, баға қояды. Мұғалімнің кәсіби білім деңгейіне қойылатын талаптар өз еңбегінің   нәтижелілігіне жауапкершілік күрделене түсуде. Бұл жағдайда педагогикалық шеберлікті жетілдіру, мұғалімнің шығармашылық потенциалын дамыту мәселесі әлеуметтік талап қана емес, сонымен бірге мұғалімнің кәсіби қарым-қатынасын шыңдауға деген талапқа ұласады. Білім беру мекемелерінде негізгі психологиялық-педагогикалық дайындықты игерген, өз пәнін жете меңгерген, әдістемелік құралдармен қаруланған, студенттерді түсінетін және олармен жоғары деңгейде қарым-қатынасқа түсе алатын, мәдениетті, эрудициясы жоғары, еңбекке құлшынысы бар шебер мұғалімдер  қажет. Жоғары мектептегі тұтас оқыту-тәрбиелеу процесінің табысты болуы мұғалімнің жеке басын жетілдірумен байланысты  болып  отыр.

Информация о работе Болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби іс-әрекетінің әдіснамалық аспектілері