Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 11:47, дипломная работа
Психология ғылымында кәсіби бейімделу процесін, кәсіби құндылықтарының дамуындағы студенттердің тұлғалық ерекшеліктерін, жоғарғы оқу орнындағы оқу процесінің спецификасын зерттеу ерекше мәнге ие бола тұрса да, бұл мәселе әлі күнге дейін толық қанды зерттелінбеген. Сондықтан, студенттердің кәсіпке бейімделуіндегі кәсіби мәнді құндылықтықтарының дамуын заман талабына сай зерттеуді, жүйелеуді қажет етеді.
Кіріспе-----------------------------------------------------------------------------------------3
1. Жалпы адамзаттық құндылықтар мен құндылықты бағыт-бағдарлар.
1.1 «Құндылық» ұғымының анықтамалары--------------------------------------------6
1.2 Білім жалпыадамзаттық құндылық ретінде---------------------------------------15
2.Психология ғылымындағы құндылықтар мәселесі.
2.1 Студенттердің құндылықтарының дамуы-----------------------------------------23
2.2 Құндылықтар және олардың қоғаммен мен адам өміріндегі рөлі-------------31
2.3Студенттердің мәдени құндылық бағыттануы ------------------------------------38
3. Студенттердің кәсіби құндылықтарының дамуын эксперименттік
Зерттеу-----------------------------------------------------------------------------------------46
Қорытынды------------------------------------------------------------------------------------56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі---------------------------------------------------------58
Қосымшалар-----------------------------------------------------------------------------------60
ХХІ ғасырдағы қазіргі философияда құндылықтарға қандай түсініктеме береді? Монографиялық зерттеулерде, философиялық, психологиялық, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде «құндылық», «адамгершілік құндылық», «жалпы адамзаттық құндылық» ұғымдарының мәні жайлы оларға әртүрлі анықтамалар берілген. Бірақ, құндылық ұғымының мәні, мағынасы әртүрлі болуынан ойлар, пікірлер де әртүрлі болған.
Бұл сұраққа құндылықтар теориясы, басқаша айтқанда аксиология жауап беруге ұмтылыс жасайды, грек тілінен «ахіс» - құндылық және «logos» - «ілім» деген мағынаны береді. Аксиология ғылымы құндылықтардың табиғатынан, орны мен мәнін, олардың байланыстар жайлы мәселелерге жауап береді.
Аксиология философиялық зерттеу мен және оны талдауы бойынша болмыс ұғымының екі элементке ыдырауынан туындап: құндылық және нақтылық, талап пен ұмтылыс нысаны ретінде қарастырылады. Аксиология ғылымының мақсаты – болмыстың, жалпы құрылымындағы құндылық мүмкіндігін және оның нақтылық ойының айғақтарына деген түсінігін, қатынасын, байланыстарын көрсетіп ұғымдарын қалыптастырады.
И.Кант және Г.Гегель – немістің ұлы
философтардың танымдары
Олай болса, құндылықтар теориясы алуан түрлі түсінік, ой, көріністер арқылы құрылым туындап, философиялық келбет, көрініс қалыптасады. Олардың зерттеулерімен танысу барысында құндылықтар теориясын өмірге алып келгендігі және оларды типтерге бөлуге арналған философиялық әлеуметтік тұжырымдары айқындалады. [32]
Мәдениетті деген ұғым әдепті, білімді, сауатты, түсінігі жеткілікті, өз заманның алдыңғы буыны екендігі туралы ойға келеді. Оның маңызды құрамдас бөлігі – адамның қиындықты шешуі, рухани-тәжірибені игеру негізі және реттеушісі сипатындағы құндылықтары теориялық тұрғыдан талдануы, философиялық, педагогикалық ой-пікірлер жиынтығы мен қалыптасу тарихындағы түрлі бағыттармен түсіндіріледі. Сол бағыттардың ішіндегі түрлеріне: натуралисті психологизм, трансцендализм, мәдени тарихи-релетивизм және социологизм жатады.
Шынайы дүниедегі кез-келген құбылыстың, заттың өзіндік қайталанбас құндылығы болуымен қатар, құндылықты феномен есебінде қарастыратын алғашқы типті – натуралистік психологизм дейміз. Натуралистік психологизм өкілдері құндылықтарды адамдардың биологиялық және жантану тұрғысынан байланыстырып, қайнар көзі есебінде түсінеді.
Ақиқат, еркіндік, сұлулық, игілік тәрізді рухани әлемнің құндылықтарын табиғи әлеммен байланыстыра қалыптасуымен бірге нақты әсерлермен түсіндіруге ұмтылғандар, екінші тип – аксилогиялық трансцендентализм, тәжірибеден тыс, ақыл-ой санасын түсініп білуге болмайды деген идеалистік философия еді. Трансцендентализмнің өкілдері В.Виндельбант, Г.Риккерт сананың қатпарларындағы туындаған қалыптардың әртүрлі формасы болатындығын айтқан.
Келесі, үшінші тип - әрбір құбылыстың көпжақтылы құндылығы болуы, оның салдары, жалғасы сияқты бағдары болатындығын мойындауда. Оны тарихи релятивизм әрбір тарихи кезеңде мәні артуы мүмкін деген бағыттың өкілдері А.Тойнби, П.А.Соркиндер болатын.
Әлеуметтік тип құндылықтардың әлеуметтік қажеттілігі бар, маңыздылығы айқындалған қалып деп еспетейді. Бұл бағытқа М.Вебер еңбек сіңірген, ол төртінші тип деп айтылуда. Сонымен аксиологияның ілім есебінде қалыптасуына үлес қосқан Ф.Ницще өзінің «мораль генеологиясы» атты шығармасы адамдарды «жақсы және жаман», «игілік пен зұлымдық» тәрізді түсініктерді, қарама-қайшылық, қарсы пікірге бөліп, болмыс пен құндылықты бірімен-бірін қатар қарастырып салыстыру философтардың үлесі деген ойды білдіреді. Философ Ф.Ницще құндылықты мәндік категория емес, тек бағалау немесе субъектінің әлемді таңдауындағы ішкі тәжірибесі деп пайымдайды.
Синергетикалық, герменетиканың жаңа жүйе, тарихи оқиғалар, құбылыстар, мәтіндер мағынасын өткен және қазіргі біртұтас дүние деп есептеу арқылы жалғасын тауып отырады. Мәселен, Х.Гадамер герменевтиканы қазіргі кезеңнің әмбебап философиясы деп ойласа, Х.Гадамердің пайымы бойынша құндылықтарды түсіну үшін жеке адамды, халықты, мемлекетті түсіну жеткіліксіз, олардың даму, қалыптасу, өзгерулер себептері, жалпы тарихына терең зер салу қажеттілігін айтып, «ақиқат» деп сонда айта аламыз, сырын түсініп жолын, әдісін табамыз.
Қоғамда дәстүрлі құндылықтармен қатар әрбір тарихи кезеңде пайда болған, әрбір әлеуметтік қауымдастық үшін маңызды құндылықтар өмір сүрді. Этникалық қауымдастықтар өзіндік ұлттық құндылықтарды түзесе, жалпы адамзатқа ортақ құндылықтар барлық адамдарды біріктіреді. Қоғамда даму, жылдардың өтуі, ғасырларға ұласуына сәйкес құндылықтар қоғамда адамға маңыздылығы жағынан өзгеріп, орын ауыстыруы тарихтан белгілі. Қоғамдағы үрдістердің даму қисынына байланысты тіршілікте, әрине, құндылық мәнін жоғалтуы мүмкін емес, тек мән берілмеуі ықтимал. Құндылық өте сирек кездесетін құбылыс, ол парасаттылықтан байқалады, рухани дамудың биік белестеріне деткен адамдардың қасиеті.
Сайып келгенде, адам үшін ең басты құндылық, ең бағалы мәселе - өмір. Өмір – адамның күнделікті және өмір бойында жалғасатын тіршілік. Тіршілік иесі ертеңін ойлап еңбек етеді, білім алады, тәжірибе жинақтауды, өмірдің мәні де сонда, жалғасы, ізбасары, көмекшісі болуында, қуаныш пен қайғы, бақыт пен бақытсыздық, тыныштық пен мазасыздық, бар мен жоқ сияқты құбылыстар алмасуын есепке алып, болжам жасап, шыдамдылық көрсетеді.
В.Франкл айтқандай өмір мәнін адам жаны ұмтылатын рухани деп түсіндіреді. Өмір мәнін түсіну әр түрлі жас кезеңінде және әртүрлі жағдайда пайда болуы мүмкін, сондықтан адам өз тіршілігіне өзі мән беруі тиіс, әйтпесе оған сырттан келер көмек жоқ. Өмірдің мәні жазылып, құрастырыла салмайды, ол өмір бойы жинақталады. Өмір мәнін іздестіру адам үшін табиғи құбылыс болып саналады.
Сонымен адам өмірінің мәні жоғары құндылық жүйесін түзеді:
1.Тәжірибеден ақыл-санадан тыс құндылық. Оған жаратушы ием туралы әлем дүниесіндегі абсолютті ұстанымдар, моральді абсолют жүйесі енеді. Бұл құндылықтар адамды өлім туралы ойлауға, оған мән беруге әкеледі. Олар идеологиялық жүйені біріктіреді, құрайды, қоғамды біріктіреді, адамның тіршілігіне әсері бар.
2.Әлеуметтік – мәдени құндылықтар: саяси мұраттар, мемлекет мәдениеті, мемлекет тарихы, мемлекеттік шекара; дәстүрлер, аймақ, т.б. қасиеттері бар адамды тапқандай боады.
Сонымен, құндылық дегеніміз –
«идеал» және «мәнділік», олардың
ерекшеліктері субъектілер
Бүгінгі таңда тұлғаның дамуын, қалыптасуын зерттеу басты орынға қойылған мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселе көптеген ғылымдар аясында және салалас ғылымдар құрылымындағы «құндылық бағдарлар» ерекшеліктерді, әлеуметтік-психологиялық маңыздылықты, оның тұлға дамуындағы, қалыптасуындағы рөлін айқындап ашуды көздеп отырмыз. Кімнің де болмасын жоғары сатыдағы тіршілік иесі болғандықтан алдында белгілі бір мұрат тұратыны айқын. Сол мұрат қаншалықты қымбат болса, соншалықты құнды болады және осы құндылыққа сәйкес бағдарлар да айқындалады. Сондықтан, тұлғаның қалыптасуы оның құндылықтық бағдарларының қандай екендігіне байланысты десек артық болмас еді. Сонымен қатар қазіргі таңда бәсекеге қабілеттілік мәселесі ерекше назарға алынып отыр. Тұлға қоғамда өмір сүре отырып, ондағы құндылықтарды бойына сіңіреді және де бәсекелестік сипаты көрініс береді.
Тұлғаны білгілі-бір іс-әрекет тәсіліне дайындық күйлерін реттейтін функциялар өте көп. Осындай функцияларды атқаратындар қатарында өмірлік ұстанымды, қызығушылықтар бағыттылығын, құндылықтық бағдарларды, әлеуметтік бағдарларды, субьективтік қатынастарды, жетекші мотивті қарастыруға болады. Кеңестік психологияда индивидпен саналатын және мойындалатын барлық әлеуметтік құндылықтар оның өмірі барысында ассимиляцияланып, даралық құндылықтарға айналатыны жөнінде пікір айтылған.
Құндылықтық бағдарлар - бұл бекітілген бағдарлардың жүйесі. Олар тұлғаны берілген мәдениеттің құндылықтарына көңіл аудартады және тұлғаның өмірлік, мінез-құлықтық таңдауларын анықтайды. Осы бағдарларға сүйене отырып, индивид белгілі-бір мінез-құлықты атқарады. Құндылықтарда әрбір адамның қайталанбас өмірлік тәжірибесінің, қызығушылықтары мен қажеттіліктерінің, әдеттерінің ерекшеліктері жинақталған.
Құндылықтардың табиғаты және олардың қоғамдық өмірдегі рөлі туралы мәселе көптеген осыған дейінгі қарастырылған адам мен қоғам, мәдениет пен өркениет, табиғат пен қоғам арасындағы қарым – қатынастар және басқа мәселелермен тікелей байланысты.
Құндылық құрылымдары қоғамның тарихи даму процесінде қалыптасып және өзгерістерге отырады. Бұл жай адам өмірінің түрліше өрістеріндегі өзгерістерге байланысты, оның уақытты қарқыны (масштабы) әлеуметтік саяси және басқа өзгерістердің қарқынына сай келмейді.
Құндылық нысаналарының дамуы жеке тұлғаның дамуының белгісі, ол оның әлеуметтік өлшемінің көрсеткіші. Бұл – индивидтің санасы мен сана сезімінің арасындағы байланыстың тууына ықпал ететін, сыртқы және ішкі дүниені қабылдаушы призмасы, өмірдің мәні туралы мәселені шешу үшін психологиялық негіз.
Шын мәнісінде ұжым құндылықтар бірлігіне біріккен белсенді іс-әрекет нәтижесі арқылы жетеді. Құндылықтар бірлігі дегеніміз – іс-әрекет мақсаты және міндеттеріне жетудегі ұжым үшін маңызды адамгершілік және іскерлік аймағындағы позициялардың және бағалаулардың жақындағы.
Сонымен қатар, кәсіби құндылықтарының дамуын зерттеуде студенттердің оқу мотивациясының қалыптасуына мынадай ерекшеліктер қатары әсер ететіні белгілі болды:
- өмірдегі өз орнын табу және болашаққа жоспар құру қажеттілігі;
- азаматтық борышқа
байланысты әлеуметтік
- өзін-өзі дамытудың
барлық формаларына деген
- қоршаған адамдардың
пікіріне тәуелсіз
- мамандыққа байланысты
нақты мотивтер мен
- тек өзіне ғана емес, басқаларға да қатысты шешім қабылдауы;
- мамандықты таңдаудағы өз мүмкіншіліктерін бағалауы, өмірлік позициясын түсінуі;
- әлеуметтік және танымдық
мотивтердің қоспасы ретінде
студенттің өз дүниетанымын
Құндылықтардың табиғаты және олардың қоғамдық өмірдегі рөлі туралы мәселе көптеген осыған дейінгі қарастырылған адам мен қоғам, мәдениет пен өркениет, табиғат пен қоғам арасындағы қарым – қатынастар және басқа проблемалармен тікелей байланысты.
« Құндылық » философиялық және социологиялық әдебиетте белгілі бір болмыс құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мағынасын көрсету үшін кең түрде қолданылатын термин. Тиісті құбылыстарды бағалау әрекетін іске асырудың тәсілдері мен белгілері қоғамдық сана мен мәдениетке адамның қызметінің нысаналарын көрсететін «субъектілік құндылықтар » (нұсқаулар және бағалар, бұйрықтар және тиым салулар, мақсаттар және жобалар) ретінде байқалады. Сөйтіп, «заттық» және «субъектілік» құндылықтар, қалай болғанда да, адамның дүниемен құндылық тұрғысынан қарым – қатынасының екі жағы сияқтанып көрінеді.
Адам әрекетінің құбылысындағы құндылықтар аспектілері жеке тұлғаны сияқтанып көрінеді. Адам әрекетінің құбылысындағы құндылықтар аспектілері жеке тұлғаның танымдық және жігер сапаларымен тікелей байланысты; құндылық категорияларының өздерінде білім нысаналарының, түрліше қоғамдық топтардың және жеке тұлғалардың мүдделері мен танып – ұнату шекаралары байқалып тұрады.
Диалектикалық материализм өмірдің құндылығын, адам мұраттары мен нормаларының тарихилығын және қоғамдық – практикалық мәнен, оларды тануға болатындығын атап көрсетеді. Адамзаттың бай прогессивті мұраларын, құндылықтарын игерген жеке тұлғалардың мүдделері мен нормаларының тарихилығын және қоғамдық – практикалық мәнін, оларды тануға болатындығын атап көрсетеді. Адамзаттың бай прогрессивті мұраларын, құндылықтарын игерген жеке адам да, бірлестіктер де көздеген мақсаттарына табысты жетері сөзсіз. Құндылықтарға негізделген іс бағыты үнемі оңға баспақ.
Индивидтің (жеке адамның, кісінің) өмір тәжірибесімен баянды етілген құндылықтардың бағыттары жеке тұлғаның ішкі дүниесінің құрамды бөліктеріне (элементтеріне) айналып, оның әсерленушілігінің бүкіл жиынтығы болары хақ. Әрбір адам үшін олар мәнді мен мағыналыны, мәнсіз бен мағынасызды ажырата білуге көмектеседі.
Құндылық нысаналарының негізгі мазмұны адамның саяси, философиялық (дүние танымдық), құқықтылық сенімдері, терең және түрақты құштарлықтарды, жұріс – тұрыс бет алысының құлықтық принциптері негізінде құралады. Сондықтан, кез – келген қоғамда жеке тұлғаның құндылықтық бағыттары субъектінің мақсаттылықпен әсер ету, тәрбиелеу объектісі болады.
Құндылық құрылымдары қоғамның тарихи даму процесінде қалыптасып және қзгерістерге отырады. Бұл жай адам өмірінің тұрліше өрістеріндегі өзгерістерге байланысты, оның уақытты қарқыны (масштабы) әлеуметтік саяси және басқа өзгерістердің қарқынына сай келмейді. Мысалы, антика заманының эстетикалық құндылықтары өз мәнін оны туғызған өркениеттің (цивилизацияның) құлауынан кейін де жоғалттқан жоқ; бастауын антикалық және эллиндік мәдениеттерден алған европалық ағартушылықтың гуманистік және демократиялық мұраттарының ықпалының қаншалықты ұзақ уақытқа созылғаны да белгілі. Диалектикалықматериалистік философия оларды қарастыра отырып,әрдайым түрліше субьектілер үшін жалпы мәнге ие болғандарын ғана талқыға салады.
Информация о работе Қазіргі студенттердің құндылық бағыттануы